daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Караганде қаласындағы Беротек Н Аэрозоль 100 Мкг 10 Мл 200 Доза | Берингер Ингельхайм Австрия

Караганде қаласындағы Беротек Н Аэрозоль 100 Мкг 10 Мл 200 Доза | Берингер Ингельхайм  Австрия

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Мөлдір түссіз, сәл сарғыш немесе сәл қоңырлау түсті сұйықтық, этанол иісі бар, суспензияланған бөлшектерден бос.

Халықаралық атауы:

Фенотерол

Өндіруші:

Берингер Ингельхайм Австрия

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Белсенді ингредиент:

- демікпенің жедел ұстамаларының симптоматикалық емінде - дене жүктемесінен туындаған бронх демікпесінің профилактикасында - асқынған немесе асқынбаған эмфиземасы бар созылмалы обструкциялық бронхит сияқты тыныс алу жолдарының қайтымды обструкциясына байланысты шығу тегі аллергиялық немесе аллергиялық емес және/немесе басқа да жай-күйдегі бронх демікпесінің симптоматикалық емінде Ескерту Егер ұзақ емдеу талап етілсе, қатарлас қабынуға қарсы ем жүргізу мүмкіндігін қарастыру керек.

Белсенді заттың дозасы:

100 мкг/доза

Қаптамадағы саны:

1 шт.

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Фенотерол - бронх демікпесі мен бронхитпен байланысты жедел немесе созылмалы ентігу кезінде тыныс алу жолдарын тез кеңейтетін белсенді зат.

- демікпенің жедел ұстамаларының симптоматикалық емінде

- дене жүктемесінен туындаған бронх демікпесінің профилактикасында

- асқынған немесе асқынбаған эмфиземасы бар созылмалы обструкциялық бронхит сияқты тыныс алу жолдарының қайтымды обструкциясына байланысты шығу тегі аллергиялық немесе аллергиялық емес және/немесе басқа да жай-күйдегі бронх демікпесінің симптоматикалық емінде

Ескерту

Егер ұзақ емдеу талап етілсе, қатарлас қабынуға қарсы ем жүргізу мүмкіндігін қарастыру керек.

Қарсы көрсеткіштер

- фенотерол гидробромидіне немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық

- гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия

- тахиаритмия

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Беротек® Н препаратын келесі жағдайларда тек пайдасы мен қаупінің арақатынасын мұқият бағалаудан кейін пайдалану керек:

жүрек-қан тамыр жүйесінің ауыр аурулары, әсіресе жуырда өткерген инфарктен кейін және жүректің ишемиялық ауруында;

егер пациент жүрек гликозидтерін қабылдайтын болса;

ауыр және емделмеген гипертензияда;

аневризмада;

гипертиреозда;

нашар бақыланатын диабетте;

феохромоцитомаларда.

Бұл әсіресе ұсынылған ең жоғары доза пайдаланылған жағдайда өте маңызды.

Өзара әрекеттесуі

Дәрігерге немесе фармацевтке қазіргі уақытта қандай да бір басқа препараттарды қабылдап жатқаныңызды/пайдаланғаныңызды, жақында қабылдағаныңызды/пайдаланғаныңызды немесе қабылдауды/пайдалануды жоспарлап отырғаныңызды хабарлаңыз.

Басқа бета2-адреномиметиктермен (Беротек® Н препаратына қосымша), метилксантиндермен (мысалы, теофиллин), антихолинергиялық препараттармен (мысалы, дозаланған Атровент ингаляторы) және қабынуға қарсы препараттармен (кортикостероидтармен) қатарлас ем Беротек® Н препаратының әсерін күшейтуі мүмкін. Егер Беротек® Н басқа бета2-адреномиметиктермен, метилксантиндермен (мысалы, теофиллин) немесе жүйелі антихолинергиялық дәрілермен (мысалы, құрамында пирензепин бар препараттармен) бірге пайдаланса, жағымсыз реакциялардың (мысалы, тахикардия, аритмия) күшеюі мүмкін.

Беротек® Н препаратын және бета-блокаторларды (кейбір гипертензияға қарсы препараттарды) бір мезгілде қолдану бронх демікпесі бар пациенттерде ауыр бронх демікпесінің даму қаупімен әсердің өзара әлсіреуіне әкелуі мүмкін.

Ксантин туындыларымен (мысалы, теофиллин), кейбір қабынуға қарсы препараттармен (кортикостероидтармен) және суды шығаратын препараттармен (диуретиктермен) қатарлас емдеу есебінен бета2-адреномиметиктерден (олар Беротек® Н препаратының құрамында болады) туындаған қандағы калий деңгейінің төмендеуі (гипокалиемия). Мұндай жағдайларда электролиттердің тиісті деңгейін бақылау керек, әсіресе суды шығаратын препараттарды (диуретиктер) және оймақгүл гликозидтерін (кейбір жүрек препараттарын) бір мезгілде қабылдау кезінде (сондай-ақ «Арнайы ескертулер» қараңыз).

Бұдан басқа, Беротек® Н препаратымен емдеу диабетке қарсы препараттардың гипогликемиялық әсерін төмендетуі мүмкін. Алайда, әдетте, бұл әсер жүйелі енгізу үшін жиі пайдаланылатын жоғары дозаларды қолданғанда пайда болады (мысалы, таблетка немесе инъекция/инфузия).

Беротек® Н және моноаминоксидаза тежегіштерін немесе трициклді антидепрессанттарды бір мезгілде қолдану фенотеролдың жүрек-қантамыр жүйесіне әсерін күшейтуі мүмкін.

Галотан, метоксифлуран немесе энфлуран сияқты құрамында галоген бар анестетиктерді (жалпы анестезия үшін пайдаланылатын) қолданғанда, Беротек® Н препаратымен ем қабылдап жүрген пациенттерде жүрек ырғағының күрделі бұзылуларының және артериялық қысымның төмендеу қаупінің жоғарылауы байқалады.

Егер галогенделген анестетиктерді қолдану қажет болса, фенотеролды анестезия басталғанға дейін кем дегенде 6 сағат бұрын тоқтату керек екенін есте ұстаған жөн.

Арнайы ескертулер

Назар аударыңыз: егер сізде кенеттен, тез нашарлайтын ентігу пайда болса, дереу дәрігерге қаралыңыз.

Өкпе арқылы сіңетін басқа ингаляциялық препараттар сияқты, Беротек® Н өмірге қауіп төндіретін жағдайдың дамуына «парадоксальді» бронх түйілуіне (бронх бұлшықеттерінің түйілуі) әкелуі мүмкін. Парадоксальді бронх түйілуі дамыған жағдайда Беротек® Н қолдануды дереу тоқтатып, дәрігерге жүгіну керек.

Жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр негізгі ауруымен (мысалы, жүректің ишемиялық ауруы, аритмия немесе ауыр жүрек жеткіліксіздігі) Беротек® Н қабылдайтын адамдарға кеуде ауыруы немесе жүрек ауруының нашарлауының басқа симптомдары пайда болған кезде дереу дәрігерге бару туралы хабарлау қажет.

Мүмкін емдеу қандағы калий деңгейінің күрделі төмендеуін туындатуы мүмкін. Ауыр бронх демікпесі бар пациенттерде ксантин туындылары (мысалы, теофиллин), қабынуға қарсы препараттар (кортикостероидтар) немесе суды шығаратын препараттар (диуретиктер) сияқты демікпеден басқа препараттармен қатарлас емделетін пациенттерде ерекше сақ болу керек. Сонымен қатар, организм тіндеріндегі оттегінің жетіспеушілігі қандағы калий деңгейінің төмендеуінің жүректің жиырылу жиілігіне (ырғақ) әсерін күшейтуі мүмкін. Қандағы калий деңгейінің төмендеуі (гипокалиемия) құрамында дигоксин белсенді заты бар препараттарды (жүрек жеткіліксіздігіне қарсы препарат) қабылдайтын пациенттерде жүрек аритмиясына сезімталдықты арттыруы мүмкін.

Мұндай жағдайларда қан сарысуындағы калий деңгейін бақылау ұсынылады.

Беротек® Н сияқты бета2-симпатомиметиктерге қажеттіліктің артуы жағдайдың нашарлауының белгісі болып табылады. Мұндай жағдайда дәрігер пациенттің емдеу жоспарын қайта қарап, қабынуға қарсы емді бастау немесе оны күшейту немесе қосымша дәрілік препараттарды тағайындау туралы нұсқаны қарастыруы керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Доза аурудың сипатына және ауырлығына байланысты. Егер басқасы қарастырылмаса, ересектер және 6 жастан асқан балалар үшін келесі дозалар ұсынылады:

• Кенеттен туындаған бронх демікпесін және ентігу ұстамаларын басу үшін 100 мкг фенотерол гидробромидінің (1 ингаляция) бір ингаляциялық дозасы керек.

Әдетте жедел ентігу ұстамаларында тыныс алуды жылдам жеңілдету үшін бір ингаляция жеткілікті. Егер бірінші ингаляциядан кейін 5 минуттан соң тыныс алудың елеулі жақсаруы болмаса ингаляцияны қайталауға болады. Тұншығудың ауыр ұстамасы және екінші дозаның тиімсіз болуы қосымша доза қабылдау қажеттігін білдіруі мүмкін. Бұндай пациенттер дереу медициналық көмекке жүгінуі тиіс («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз).

• Бета2-симпатомиметиктермен ұзақ ем қажет болғанда, дозасы күніне 3-4 рет Беротек® Н препаратының 1 - 2 ингаляциялық дозасын құрауы тиіс. Беротек® Н препаратын әрбір қолданудың уақыты мен дозасын ентігудің (симптоматикалық) жиілігі мен ауырлығына қарай таңдау керек. Сондай-ақ қабынуға қарсы, әсіресе бронх демікпесі жағдайында ұзақ ем жүргізу керек. Ингаляциялар аралығы 3 сағаттан кем болмауы тиіс. Жалпы тәуліктік дозасы күніне 8 ингаляциядан аспауы тиіс, ал ең жоғары бір реттік доза 4 ингаляциядан аспауы тиіс, өйткені жоғарырақ дозаның әдетте қосымша емдік әсері болмайды, бірақ күрделі жағымсыз реакциялардың пайда болу ықтималдығын арттыруы мүмкін.

• Дене жүктемесінің бронх демікпесі ұстамаларының спецификалық профилактикасы үшін немесе аллергенмен болжамды жанасуларда, мүмкіндігінше болжамды дене жүктемесінің/аллергенмен жанасудың алдында 10-15 минут бұрын Беротек® Н препаратының 1 - 2 ингаляциялық дозасын енгізу керек.

Пациенттердің ерекше топтары

Бала жасындағы пациенттер

Егер басқаша қарастырылмаса, 4 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін келесі дозалар ұсынылады:

• Кенет туындаған бронх түйілуі мен тұншығу ұстамаларын басу үшін 100 мкг фенотерол гидробромидінің (1 ингаляция) бір реттік дозасын енгізу керек

• Ұзақ емдеу қажет болғанда күніне 4 рет 100 мкг фенотерол гидробромидінің (1 ингаляция) ингаляциясы керек. Беротек® Н препаратын әр қолданудың уақыты мен дозасын ентігудің (симптоматикалық) жиілігі мен ауырлығына байланысты таңдау керек. Сондай-ақ қабынуға қарсы, әсіресе бронх демікпесі жағдайында ұзақ ем жүргізу керек. Ингаляциялар аралығы 3 сағаттан кем болмауы тиіс. Жалпы тәуліктік дозасы күніне 4 ингаляциядан аспауы тиіс, ал ең жоғары бір реттік доза 2 ингаляциядан аспауы тиіс, өйткені жоғарырақ дозаның әдетте қосымша емдік әсері болмайды, бірақ күрделі жағымсыз реакциялардың пайда болу ықтималдығын арттыруы мүмкін.

• Дене жүктемесінің бронх демікпесі ұстамаларының спецификалық профилактикасы үшін немесе аллергенмен болжамды жанасуларда, мүмкіндігінше болжамды дене жүктемесінің/аллергенмен жанасудың алдында 10-15 минут бұрын 100 мкг фенотерол гидробромидінің (1  ингаляция) ингаляциясы керек.

Препаратты 4 жастан кіші балаларға пайдалануға болмайды.

Шығарылу түрі

Сақтандырғыш қалпақшасы және дозалайтын құрылғысы, ауыз арқылы пайдалануға арналған ингаляторы бар тот баспайтын болаттан жасалған баллонға 10 мл препараттан құйылған.

1 баллоннан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ингаляторымен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25○С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Баллонды ашуға және қыздыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

10 мл (200 доз)

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Караганда қаласындағы «беротек Н аэрозоль 100 мкг 10 мл 200 доза» бағасының өзгеру диаграммасы

0700140021002800350012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-077-07
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыберотек Н аэрозоль 100 мкг 10 мл 200 доза дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube