daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Караганде қаласындағы Эспа Липон Таблеткалары 600 Мг №30 | Advance Pharma GmbH

Караганде қаласындағы Эспа Липон Таблеткалары 600 Мг №30 | Advance Pharma GmbH

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Ұзынша пішінді, екі беті дөңес, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында сызығы бар таблеткалар.

Производитель:

Advance Pharma GmbH

Страна производитель:

Германия

Действующее вещество:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, повидон (коллидон 25), микрокристалды целлюлоза, целлюлоза ұнтағы, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, кремнийдің шөктірілген қостотығы, натрий крахмалы гликоляты (А типі), магний стеараты, қабығының құрамы: гипромеллоза, макрогол 6000, тальк, титанның қостотығы (Е171), хинолинді сары (Е104). Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ұзынша пішінді, екі беті дөңес, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында сызығы бар таблеткалар.

Дозировка активного вещества:

600 мг

Количество в упаковке:

30 шт
...loading

Инструкция

Показания к применению

- шеткері (сенсорлық-моторлық) диабеттік полинейропатияда.

Противопоказания

әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

жүктілік және бала емізу кезеңі

балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Диабеттік полинейропатияның негізгі емі диабеттің оңтайлы бақылануы болып табылады.

Диабетпен науқастар үшін ескертпе: үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблетканың құрамында 289 мг лактоза моногидраты бар (0.02 көмірсу алмасу бірлігіне баламалы).

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Цисплатинді Эспа-Липон, 600 мг бір мезгілде тағайындағанда, цисплатиннің тиімділігі төмендегені білінген.

Тиокт қышқылы металдардың хелаторы болып табылады, және сондықтан да оны құрамында металдар (мысалы, құрамында темір немесе магний бар қоспалар, құрамында кальций бар болғандықтан, сүт өнімдері) бар препараттармен және өнімдермен бір мезгілде қолдануға болмайды. Эспа-Липон препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар түріндегі 600 мг құрайтын жалпы тәуліктік дозасын, таңғы асқа дейін 30 минут бұрын қабылдау қажеттігі фактісін ескерсек, онда құрамында темір мен магний бар препараттарды күннің ортасында немесе кешкілік қабылдауға болады.

Эспа-Липон препаратын инсулинмен және диабетке қарсы пероральді дәрілермен бір мезгілде қолданғанда, соңғыларының гипогликемиялық әсері күшейеді.

Сәйкесінше, әсіресе, тиокт қышқылымен емдеудің алғашқы фазаларында, қандағы қант деңгейін мұқият бақылау қажет. Жекелеген жағдайларда гипогликемиялық көріністердің алдын алу үшін инсулиннің дозасын немесе диабетке қарсы оральді дәрілердің дозасын төмендетуге болады.

Алкогольді жүйелі түрде тұтыну нейропатиялық синдромдардың дамуы және үдеуі үшін елеулі қауіп факторы болып табылады және сол себепті, Эспа-Липон 600 мг дәрілік препаратымен емдеудің тиімділігіне де әсер етуі мүмкін. Осыған орай, диабеттік полинейропатиясы бар пациенттерге бар мүмкіндігінше, алкогольді қолданбау ұсынылады. Сонымен қатар бұл ем жүргізілмейтін аралықтарға да қатысты.

Арнайы ескертулер

Тиокт қышқылымен емдеу кезінде инсулиндік аутоиммундық синдром (ИАС) жағдайлары туралы хабарланған. HLA-DRB1*04:06 және HLA-DRB1*04:03 аллельдері сияқты, адамның лейкоциттік антигені (АЛА немесе HLA) жүйесінің белгілі бір генотипі бар пациенттер тиокт қышқылымен емдеу кезінде ИАС бейімірек келеді. HLA-DRB1*04:03 аллелі (ИАС-қа бейімділіктің салыстырмалы қаупі: 1.6) негізінен, еуропа халықтарының өкілдерінде анықталады, және оның таралуы Солтүстік Еуропадағыға қарағанда, Оңтүстік Еуропада жоғары; HLA-DRB1*04:06 аллелі (ИАС-қа бейімділіктің салыстырмалы қаупі: 56.6) негізінен, Жапониялық және Кореялық пациенттерде анықталады.

Тиокт қышқылымен емделіп жүрген пациенттерде күтілмеген гипогликемияның дифференциалды диагностикасы кезінде ИАС болуы мүмкіндігін ескеру қажет.

Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактазасы тапшылығы (лактазаның туа біткен тапшылығы) немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл дәрілік препаратты қабылдамауы тиіс.

Дәрілік препаратты қабылдағаннан кейін несеп иісінің өзгергені сезілуі мүмкін, ол клиникалық тұрғыдан маңызды емес.

Взаимодействие

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Күніне бір рет, үлбірлі қабықпен қапталған Эспа-Липон (600 мг тиокт қышқылына баламалы) 1 таблеткасын алғашқы ас ішкенге дейін 30 минут бұрын қабылдау керек.

Ауыр диабеттік полинейропатия аясындағы ауыр дизестезия кезінде бастапқы емін Эспа-Липон препаратының инфузияға арналған ерітіндісін парентеральді енгізумен қамтамасыз етуге болады.

Енгізу әдісі және жолы

Препаратты аш қарынға, шайнамай және жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішіп қабылдайды. Бір мезгілде ас ішу сіңірілуінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Сондықтан, әсіресе, асқазанының босауы ұзаққа созылатын пациенттер үшін таңғы асқа дейін жарты сағат бұрын қабылдауы маңызды.

Емдеу ұзақтығы

Диабеттік полинейропатия созылмалы ауру болғандықтан, ұзақ уақыт емдеу қажет болуы мүмкін.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Симптомдары: бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу.

Артық дозалануы ОЖЖ тарапынан өзгерістермен (психомоторлық қозу және жайылған құрысулар), лактатацидозбен, гипогликемиямен, ДТІҰ синдромының дамуымен жүретін айқын уыттанудың клиникалық көріністерін туғызуы мүмкін.

Тиокт қышқылының 10-нан 40 г дейінгі оральді дозалары алкогольмен біріктірілімп, байқаусызда немесе суицид мақсатында ішке қабылданған жағдайда, ауыр уыттанулар, атап айтқанда, өлімге соқтырған жағдайлар байқалған. Уыттанудың клинкалық көрінісі алдымен психомоторлық қозумен немесе сананың шатасуымен көрініс беруі мүмкін және кейінірек, әдетте, жайылған ұстамалармен және лактатацидоздың туындауымен астасады. Тиокт қышқылының жоғары дозаларымен уыттанудың салдарлары сипатталған – гипогликемия, шок, рабдомиолиз, гемолиз, диссеминацияланған тамырішілік ұю (ДТІҰ синдромы), сүйек кемігінің бәсеңдеуі және көп ағзалық жеткіліксіздік.

Емі: симптоматикалық, арнайы антидоты жоқ.

Эспа-Липон дәрілік препаратымен елеулі уыттануға күдіктенген жағдайда (мысалы, ересектерде 600 мг-ден > 10 бірлік және балаларда кг дене салмағына > 50 мг), дереу ауруханаға жатқызу және улану жағдайларын емдеудің жалпы қағидаттарына сәйкес шараларды (мысалы, құстыру, асқазанды шаю, белсендірілген көмір және т.б.) қолдану ұсынылады. Жайылған ұстамаларды, лактатацидозды емдеу және уыттану кезінде құтқарып қалудың басқа барлық шаралары заманауи қарқынды емдеу қағидаттарына негізделуі тиіс және симптомдарына қарай жүргізуге болады. Қазіргі кезде тиокт қышқылын мәжбүрлі түрде шығару үшін гемодиализ, гемоперфузия немесе гемофильтрация әдістерін қолданудың артықшылықтары дәлелденбеген.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіріп беруі үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар

Эспа–Липон препаратын қолданар алдында осы дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіріп беруі үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну ұсынылады.

Форма выпуска

10 таблеткадан ПВХ/ПВДХ және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

Пішінді ұяшықты 3 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Условия хранения

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

...loading

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаЭспа липон таблеткалары 600 мг №30 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube