daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Караганде қаласындағы Ампуладағы Кордиамин 25% 2 Мл №10 | Дарница ФФ ЗАО

Караганде қаласындағы Ампуладағы Кордиамин 25% 2 Мл №10 | Дарница ФФ ЗАО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Өзіне тән иісі бар мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыштау түсті ерітінді.

Халықаралық атауы:

Никетамид

Өндіруші:

Дарница ФФ ЗАО

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

қосымша зат - инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Өзіне тән иісі бар мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыштау түсті ерітінді.

Белсенді заттың дозасы:

25%

Қаптамадағы саны:

10 шт

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

коллапс және асфиксия (оның ішінде жаңа туған нәрестелердегі асфиксия);

хирургиялық операциялар кезіндегі және операциядан кейінгі кезеңдегі шок жағдайлары;

қан айналымының жедел және созылмалы бұзылулары;

қан тамырлары тонусының төмендеуі және инфекциялық аурулармен науқастарда және сауығу кезеңінде тыныс алудың бәсеңдеуі;

ұйықтататын және анальгетикалық дәрілермен улану (кешенді ем құрамында).

Қарсы көрсеткіштер

Никетамидке немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; құрысуға бейімділік, эпилепсия, эпилепсиялық ұстамалар (анамнезінде); порфирия; балалардың гипертермиясы; жүктілік және лактации кезеңі.

Өзара әрекеттесуі

Кордиаминнің аналептикалық әсері ПАСҚ, салюзид, фенотиазин туындылары (аминазин және т.б.) әсерінен азаяды. Аминазин мен резерпин кордиаминнің құрысу әсерін күшейтуі мүмкін. Препараттың нығыздау әсері МАО тежегіштерінің әсерімен жоғарылайды. Кордиамин фтивазидтің төзімділігінің дамуына ықпал етеді. Психостимуляторлардың, антидепрессанттардың әсерін күшейтеді. Есірткі анальгетиктерінің, ұйықтататын, антипсихоздық, дәрілердің, анксиолитиктердің, құрысуға қарсы дәрілердің әсерін төмендетеді.

Терең наркоздың аясында кордиамин әрекет етпейді.

Арнайы ескертулер

Вена ішіне енгізу кезінде қысқа мерзімді әсер етеді. Тері асты және бұлшықет ішілік кордиамин инъекциялары ауыр болғандықтан, инъекция орнына ауырсынуды бәсеңдету үшін алдын ала новокаин енгізген жөн (ересектерге – 1 мл 0,5% ерітінді, балаларға – жас ерекшелігіне байланысты дозаға сәйкес). Новокаинді енгізер алдында сынама жүргізу қажет. Новокаинді қолдану кезінде новокаин қауіпсіздігі туралы ақпаратты ескерген жөн.

Педиатрияда қолдану

Препаратты педиатриялық практикада жас ерекшелігініе байланысты ұсынылған дозаларда қолдануға рұқсат етіледі. Гипертермияда қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препаратты жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Емделу кезінде жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен (көлік құралдарын, механизмдерді басқару) айналысудан тартына тұру керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Бір реттік және тәуліктік дозалар, енгізу жиілігін пациенттің көрсеткіштері мен жасына қарай дәрігер жеке белгілейді.

Препарат тері астына, бұлшықет ішіне және вена ішіне енгізіледі.

Ересектер және 14 жастан бастап балаларға 1-2 мл тәулігіне 1-3 рет тағайындау керек.

Вена ішіне енгізу үшін препараттың бір реттік дозасын 10 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтады; 1-3 минут бойы енгізеді.

Ересектер үшін жоғары дозалар тері астына: бір реттік – 2 мл, тәуліктік – 6 мл. Уланған кезде ересектерге арналған препараттың жоғары бір реттік доза тері астына және вена ішіне – 5 мл.

Балаларға жасына байланысты тері астына мынадай бір реттік дозалар тағайындау керек:

1 жасқа дейін – 0,1 мл;

1- 4 жас – 0,15–0,25 мл;

5-6 жас – 0,3 мл;

7-9 жас – 0,5 мл;

10-14 жас – 0,75 мл.

Тәулігіне 1-3 рет енгізу керек.

Енгізу әдісі және жолы

Препаратты тері астына, бұлшықет ішіне, вена ішіне енгізеді.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Дәрілік зат емдеу мекемесі жағдайында қолдануға арналған. Препаратты әрдайым қосымша параққа немесе емдеуші дәрігердің ұсынымдарымен толық сәйкестікте қабылдаңыз.

Емдеу ұзақтығы

Дәрілік зат емдеу мекемесі жағдайында қолдануға арналған. Препаратты әрдайым қосымша параққа немесе емдеуші дәрігердің ұсынымдарымен толық сәйкестікте қабылдаңыз.

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерінің күшеюі; үлкен дозаларда препарат жайылған тонусты-клонусты құрысулар, сананың және тыныс алудың бұзылуының дамуы, құрысу кезінде апноэ тудыруы мүмкін; өліммен аяқталу жағдайы жоққа шығарылмайды.

Емі: құрысуға қарсы дәрілерді қолдану, күшейтілген диурез. Қажет болған жағдайда – басқарылатын тыныс алу.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Дәрілік зат емдеу мекемесі жағдайында қолдануға арналған. дәрілік затты өткізіп алған қабылдауының орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз. Препаратты қолдануға қатысты сұрақтар болса, емдеуші дәрігерге хабарласыңыз

Тоқтату синдромы қаупінің болуына көрсетілім

Бұл дәрілік затқа қолданылмайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Препаратты әрдайым қосымша параққа немесе емдеуші дәрігердің ұсынымдарымен толық сәйкестікте қабылдаңыз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда (қажет болғанда) қабылдау керек шаралар

Барлық дәрілік препараттар сияқты препарат жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін, алайда олар барлығында пайда болмайды.

Жиілік санаты жағымсыз реакцияның әрбір түрі үшін клиникалық зерттеулер деректерінің негізінде тіркелген жиілікке сәйкес анықталады: Өте жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін), Жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін), Сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін), Өте сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін)

Жиі:

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: тахикардия.

Жиі емес:

Орталық және шеткері жүйке жүйесі тарапынан: мазасыздық, үрейлену, қатты ашушаңдық.

Асқазан-ішек жолы тарапынан: жүрек айнуы.

Енгізген жердегі реакциялар: гиперемия, енгізген жердегі теріні күйдіруін сезіну.

Сирек:

Асқазан-ішек жолы тарапынан: құсу.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: аритмия, артериялық гипертензия.

Енгізген жердегі реакциялар: инфильтрация, ауырсыну, қышыну.

Өте сирек:

Тірек-қимыл аппараты тарапынан: бұлшықеттің тартылуы, олар ауыз айналасы бұлшықетінен басталады, тремор, бұлшықеттің сіресуі.

Дерматологиялық бұзылулар: беттің қызаруы, домбығуы, терінің қышуы, терінің қабыршақтануы.

Жалпы организм тарапынан бұзылулар: гипертермия, қатты терлеу.

Аллергиялық реакциялар: аса жоғары сезімталдық реакциялары, оның ішінде есекжем, ангионевроздық ісіну, жайылған папулезді бөртпелер.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК ШЖҚ

Шығарылу түрі

2 мл шыны ампулаларда.

Ампулаға өзі жабысатын жабыны бар қағаздан жасалған заттаңба жапсыруға немесе шыны бұйымдарға арналған терең баспа бояумен жазуға жол беріледі.

10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампулаларды ашуға арналған пышақпен бірге гофрлеуге арналған қағаздан жасалған гофрленген қосымша парағы бар картон қорапқа салынады.

Түрлі-түсті сындыру сақинасы бар немесе түрлі-түсті сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптау кезінде ампуланы ашуға арналған пышақ салынбайды.

Қораптарды заттаңбалық қағаздан немесе офсеттік қағаздан жасалған бандероль-заттаңбамен желімдейді.

Қораптарды медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен бірге қаптауға жол беріледі.

5 ампуладан ампулаларды ашуға арналған пышақпен бірге пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Түрлі-түсті сындыру сақинасы бар немесе түрлі-түсті сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптау кезінде ампуланы ашуға арналған пышақ салынбайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

2 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыампуладағы Кордиамин 25% 2 мл №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube