daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Караганде қаласындағы Левомицетин-Дарница Таблеткалары 500 Мг №10 | ЧАО "Фармацевтическая фирма "Дарница"

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage

Халықаралық атауы:

Хлорамфеникол

Өндіруші:

ЧАО "Фармацевтическая фирма "Дарница"

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: картоп крахмалы, гидроксипропилцеллюлоза, стеарин қышқылы. Сыртқы пішінінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ түсті немесе сәл сарғыш реңді ақ түсті, жалпақ цилиндр пішінді, сызығы және кертігі бар таблеткалар. Сұрғылт немесе сарғыш түсті теңбілдерінің болуына жол беріледі.

Белсенді заттың дозасы:

500 мг

Дәрілік түрі:

500 мг таблеткалар

Қаптамадағы саны:

10 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық-қабыну ауруларында: іш сүзегінде, паратифтерде, иерсиниозда, бруцеллезде, шигеллезде, сальмонеллезде, туляремияда, риккетсиоздарда, хламидиоздарда, іріңді перитонитте, бактериялық менингитте, өт шығару жолдарының инфекцияларында

- препарат, айқын жағымсыз әсерлердің дамуы мүмкін екендігін ескере отырып, микробтарға қарсы басқа дәрілер тиімсіз болған жағдайларда қолданылады

Қарсы көрсеткіштер

- хлорамфениколға, басқа амфениколдарға және/немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық (аллергия)

- инфекциялардың жеңіл түрлерінің профилактикасында және емдеуде қолдануға болмайды

- белсенді иммунизация кезеңінде

- қан аурулары, соның ішінде қан түзудің бәсеңдеуі

- бауыр және/немесе бүйрек функцияларының айқын бұзылулары

- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа ферментінің тапшылығы

- тері аурлары (псориаз, экзема, зеңдік аурулар)

- порфирия

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Левомицетинді жедел респираторлық ауруларда, баспада, сондай-ақ бактериялық инфекциялар профилактикасы мақсатында тағайындамаған жөн.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Қолданылмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Бауыр ферменттерінің тежегіші болып табылатын левомицетинді операция алдындағы кезеңде немесе операция барысында ұзақ қолдану клиренсті азайтуы және алфентанилдің әсер ету ұзақтығын арттыруы мүмкін.

Хлорамфеникол Р450 цитохромының ферменттік жүйесін басады, сондықтан оны эпилепсияға қарсы препараттармен (фенобарбиталмен, фенитоинмен), әсер етуі тікелей емес антикоагулянттармен (дикумаринмен, варфаринмен) және осы оксидазалық жүйемен метаболизденетін басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда осы препараттардың метаболизмінің әлсірегені, шығарылуының баяулағаны, олардың қан плазмасындағы концентрацияларының жоғарылағаны және олардың уыттылығының ұлғайғаны білінеді.

Пероральді гипогликемиялық препараттар (хлорпропамид, толбутамид). Хлорамфениколмен бір мезгілде қолданғанда ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялық препараттардың әсерлерінің күшейгені (бауырда метаболизмнің басылуы және қан плазмасында олардың концентрацияларының жоғарылауы есебінен) байқалады, бұл дозаны түзетуді қажет етеді.

Фенобарбитал, рифампицин, рифабутин – қан плазмасында хлорамфениколдың концентрациясын оның бауырдағы метаболизмін тездету жолымен төмендетеді.

Парацетамол - бір мезгілде қолданғанда хлорамфениколдың жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруы байқалуы мүмкін.

Фенитоин. Бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы хлорамфеникол концентрациясының төмендегені де, сонымен қатар жоғарылағаны да білінеді.

Циклоспорин – хлорамфениколмен бір мезгілде қолданғанда қан плазмасында циклоспорин деңгейі жоғарылауы мүмкін. Осы препараттарды бір мезгілде қолданғанда циклоспориннің концентрациясына мониторинг жүргізу қажет.

Циклофосфамид – бір мезгілде қолдану циклофосфамидтің жартылай шығарылу кезеңін 7,5-тен 11,5 сағатқа дейін ұзартады.

Такролимус – хлорамфениколмен бір мезгілде қолданғанда қан плазмасында такролимустың деңгейі жоғарылауы мүмкін. Бір мезгілде қолданғанда такролимустың дозасын түзету қажет.

Левомицетин пенициллиндердің және цефалоспориндердің бактерияларға қарсы әсерін төмендетеді.

Макролидтер (эритромицин, олеандомицин, клиндамицин), линкозамидтер (линкомицин), полиенді антибиотиктер (нистатин, леворин) – хлорамфениколды осы препараттармен бір мезгілде қолдағанда, хлорамфеникол осы препараттарды байланысқан күйінен ығыстырып шығаруы немесе олардың бактериялық рибосомалардың 50S суббірлігімен байланысуына кедергі жасауы есебінен, әсерлерінің өзара әлсізденуі байқалады. Сондықтан оларды бір мезгілде қолдануға жол бермеген жөн.

Циклосерин – бір мезгілде қолдану хлорамфениколдың нейроуыттылығын күшейтеді.

Қан түзуді басатын дәрілік заттар (сульфаниламидтер, карбамазепин, фенилбутазон, пеницилламин, кейбір антипсихотиктер, оның ішінде клозапин, прокаинамид, кері транскриптаза тежегіштері, пропилтиоурацил, цитостатиктер, циметидин, ристомицин), сәулемен емдеу – бір мезгілде қолдану сүйек кемігі функциясының бәсеңдеу қаупін және олардың көрініс беру ауырлығын арттыруы мүмкін. Сондықтан оларды бір мезгілде қолдануға жол бермеген жөн.

Құрамында эстрогені бар ішу арқылы қабылданатын контрацептивтер – ұзақ уақыт бір мезгілде қолдану контрацепция сенімділігінің төмендеуіне және лақылдап қан кету жиілігінің артуына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты хлорамфениколмен емдеу барысында контрацепцияның гормональді емес әдісін пайдалану ұсынылады.

Темір, фолий қышқылы, цианокобаламин препараттары– хлорамфеникол осы препараттардың тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Этанол – этанолды бір мезгілде қабылдағанда дисульфирам тәрізді реакциялар (тері жабындарының гиперемиясы, тахикардия, жүректің айнуы, құсу, рефлекторлы жөтел, құрысулар) дамуы мүмкін.

Құрысуға қарсы дәрілік заттар және антикоагулянттар: құрысуға қарсы және антикоагулянттық дәрілік заттардың дозасын, егер олар бір мезгілде қолданылса, түзету жүргізу ұсынылады.

Пенициллиндер және рифампицин: пенициллиндерді және рифампицинді бірге қолданғанда плазмадағы хлорамфеникол мөлшерін бақылауды қажет ететін кешенді әсерлер (қан плазмасындағы деңгейлерінің төмендеуі/жоғарылауы).

Парацетамол: парацетамолмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл хлорамфениколдың жартылай ыдырау кезеңін ұзартады.

Гидроксокобаламин: хлорамфеникол гидроксикобаламинге реакцияны төмендетеді.
Есірткілік дәрілер агранулоцитозды туындатады, осымен байланысты хлорамфениколды сүйек кемігінің функциясын басуға қабілетті есірткілік заттарды қабылдап жүрген пациенттерге қолдануға болмайды, оларға мыналар: карбамазепин, сульфамидтер, фенилбутазон, пеницилламин, цитостатиктер, психозға қарсы кейбір дәрілік заттар, клозапинді қоса, және әсіресе депо-нейролептиктер: прокаинамид, кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштері, пропилтиоурацил жатады.

Арнайы ескертулер

Препаратты егер басқа емдеу әдістері тиімсіз болғанда ғана пайдаланған жөн және оны пайдалану мұқият бақылануы тиіс.

Препараттың уыттық әсерінің нәтижесінде қан түзу ағзаларының ауыр зақымданулары дамуы мүмкін екендігін ескеріп, емдеу үдерісінде шеткері қан құрамын бақылаған, бауыр мен бүйректің жағдайын тексерген жөн.

Лейкопения, тромбоцитопения, анемия немесе қанның басқа да патологиялық өзгерулері пайда болған кезде препарат қабылдауды дереу тоқтату керек. Хлорамфениколмен емдеу барысында шеткері қан құрамы ұдайы бақыланса да, қан жүйесі тарапынан, олар қайтымды емес болса да, ерте өзгерулер (лейкопения, ретикулоцитопения немесе гранулоцитопения) байқалуы мүмкін, бұл сүйек кемігі депрессиясының дамуына байланысты апластикалық анемияның болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Апластикалық анемия, тромбоцитопения және гранулоцитопения әдетте емдеу аяқталғаннан кейін көрініс береді. Сондықтан терінің бозаруы, тамақтың ауыруы және дене температурасының жоғарылауы, әдеттен тыс қан кетулер, әлсіздік сияқты симптомдар (егер олар препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін пайда болса) шұғыл жәрдемді қажет етеді.

Бұрын цитостатикалық препараттармен емделген немесе сәулемен емді қолданған науқастарда, ауыр жағымсыз әсерлердің дамуы мүмкін екендігін ескере отырып, емдеудің потенциалды қаупі мен күтілетін пайдасын салыстырған жөн. Хлорамфениколды басқа дәрілік заттармен қолданудан аулақ болу керек, ол сүйек кемігі функциясының әлсіреуін туғызуы мүмкін. Емдеу қауіпсіздігін арттыру үшін хлорамфениколдың плазмалық концентрациясына барынша мониторинг жүргізу керек. Емдік диапазон 5–15 мкг/мл құрайды.

Бактерияларға қарсы препараттармен емдеу тоқ ішектің қалыпты флорасының бұзылуына әкеледі және уыты жалған жарғақшалы колиттің пайда болуына себеп болып табылатын Clostridium difficile-нің шамадан тыс өсуін туындатуы мүмкін. Жалған жарғақшалы колит препаратты қабылдау кезінде де, сонымен қатар бактерияларға қарсы емдеуді аяқтағаннан кейін 2 ай ішінде де пайда болады. Жалған жарғақшалы колиттің жеңіл түрден өмірге қауіп төндіретін осындайға дейін даму жағдайлары жөнінде, хлорамфениколді қоса, бактерияларға қарсы барлық препараттарды дерлік қолданған кезде мәлімделді. Сондықтан бактерияларға қарсы препараттарды қабылдағаннан кейін диареясы бар пациенттердегі диагнозды нақтылау маңызды. Қажетті ем жоқ болған кезде уыттық мегаколон, перитонит, шок дамуы мүмкін. Колиттің дамуы егде жастағы пациенттердегі, сондай-ақ әлсіз пациенттердегі ауыр ауруларда көбірек болуы мүмкін екендігін ескеру керек.

Бактерияларға қарсы препараттарды қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің, атап айтқанда зеңдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін. Егер емдеу барысында сезімтал емес микроорганизмдерден туындаған инфекциялар дамыса, тиісті шараларды қабылдау қажет.

Бауыр немесе бүйрек функциялары бұзылған пациенттерде қан сарысуында левомицетиннің деңгейі және осы препаратқа уыттық реакциялардың даму қаупі жоғарылауы мүмкін, сондықтан дозасы тиісінше түзетілуі тиіс. Бауыр және бүйрек функцияларын тексере отырып, қандағы препарат концентрациясын мезгіл-мезгіл анықтап отырған дұрыс.

Клиникалық тәжірибеде әртүрлі жас санатындағы пациенттер арасында левомицетинмен емдеуге жауаптарында айырмашылықтар байқалған жоқ. Алайда бүйрек, бауыр, жүрек-қантамыр жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктерін, қатар жүретін ауруларының бар екендігін, басқа дәрілерді қолданғанын ескере отырып, егде жастағы пациенттерде препарат дозасын сақтықпен, әдеттегідей, дозалау ауқымының төменгі шегінен бастап анықтау қажет.

Левомицетинді аллергиялық реакцияларға бейімділігі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет.

Этанолды бір мезгілде қабылдағанда дисульфирам тәрізді реакциялар (тері жабындарының гиперемиясы, тахикардия, жүректің айнуы, құсу, рефлекторлы жөтел, құрысулар) дамуына мүмкін

Препаратты бақылаусыз тағайындауға және оны инфекциялық үдерістердің жеңіл түрлерінде, жедел респираторлық ауруларда немесе бактериялық инфекцияларға жол бермеу үшін, әсіресе педиатриялық іс-тәжірибеде профилактикалық дәрі ретінде қолдануға жол берілмейді.

Хлорамфениколды тағайындау порфирияның жедел ұстамаларын өршітуі мүмкін. Дәрілік зат порфириясы бар пациенттерге қолдану үшін қауіпті.

Хлорамфеникол иммундық жауаптың дамуына ықпалын тигізуі мүмкін, оны белсенді иммунизация жүргізгенде тағайындауға болмайды.

Левомицетинмен емдеу курстарын қайталауға жол бермеген жөн, ем асқынулардың даму немесе аурулардың қайталану қаупінсіз оң нәтижелер алу үшін қажеттіден ұзаққа созылмауы тиіс.

Жүрек-қантамыр ауруларында сақтықпен қолдану керек.

Педиатрияда қолданылуы

Дәрілік затты 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация уақытында

Жүктілік кезеңінде және лактация кезеңінде хлорамфениколды қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Пациенттің препаратқа жекелей реакциясы айғақталмайынша, левомицетинмен емдеу барысында жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар байқалуы мүмкін екендігін ескеріп, автокөлікті немесе басқа да механизмдерді басқаруды тоқтата тұрған жөн.

Өзара әрекеттесуі

Шығарылу түрі

Жарықтан қорғайтын поливинилхлоридті үлбірден және лакталған баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан. Пішінді ұяшықты қаптамаларды медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісті санымен топтық қаптамаға салуға жол беріледі.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЛевомицетин-Дарница таблеткалары 500 мг №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube