Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат — 500 мг магний оротатының дигидраты,
қосымша заттар: сусыз коллоидты кремний диоксиді, натрий кроскармеллозасы, микрокристаллды целлюлоза, жүгері крахмалы, повидон К 30, лактоза моногидраты, натрий цикламаты, тальк, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішінді, бір жақ бетінде ойығы мен сызығы бар, ақ түсті таблеткалар.
Сызық таблетканы тең бөліктерге бөлу үшін емес, тек қана сындыруды оңайлатуға және оны жұтуды жеңілдетуге арналған.