daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Караганде қаласындағы Меристат Сановель Суспензия 125мг / 5мл 70мл | Фармако-индустриальная торговая компания «Сановель»

Сипаттама:

Ақ немесе ақ дерлік түсті хош иісті түйіршіктері бар ұнтақ тәрізді қоспа

Халықаралық атауы:

Кларитромицин

Өндіруші:

Фармако-индустриальная торговая компания «Сановель»

Өндіруші ел:

Турция

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: калий сорбаты, мальтодекстрин, ксантан шайыры, лимон қышқылы (сусыз), Тутти фрутти хош иістендіргіші, коллоидты кремнийдің қостотығы, титанның қостотығы (Е171), қант ұнтағы Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ немесе ақ дерлік түсті хош иісті түйіршіктері бар ұнтақ тәрізді қоспа

Белсенді заттың дозасы:

125 мг/5 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

МЕРИСТАТ-сановель125 6 айдан 12 жасқа дейінгі балаларда сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:

- жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары (синусит, фарингит)

- төменгі тыныс жолдарының инфекциялары (бронхит, пневмония)

- ортаңғы құлақтың жедел қабынуы

- тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары (фолликулит, целлюлит/флегмона, тілмелі қабыну)

Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдануға қатысты ресми ұлттық ұсыныстарды ескеру керек.

Қарсы көрсеткіштер

- макролидтер тобының антибиотиктеріне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- кларитромицинді және келесі препараттардың қандай да болсын біреуін бір мезгілде қолдану:

астемизол, цизаприд, домперидон, пимозид, терфенадин (бұл QT аралығының ұзаруына және қарыншалық тахикардияны, қарыншалардың фибрилляциясын және пируэттік қарыншалық тахикардияны (torsade de pointes) қоса, жүрек аритмиясының пайда болуына әкеп соғуы мүмкіндігінен)

эрготамин немесе дигидроэрготамин (себебі эргоуыттылыққа әкеп соғуы мүмкіндігінен)

CYP3P4 арқылы едәуір дәрежеде метаболизденетін ГМК-КоА-редуктаза тежегіштері (ловастатин, симвастатин), рабдомиолизді қоса, миопатияның даму қаупіне орай

тикагрелор немесе ранолазин

колхицин

ішу арқылы қолданылатын мидазоламмен

ломитапид

- анамнезінде QT аралығының ұзаруы немесе пируэттік қарыншалық тахикардияны (torsade de pointes) қоса, қарыншалық жүрек аритмиясы бар пациенттер

- креатинин клиренсі 30 мл/мин кем пациенттер (препараттың бұл түрінде дозаны күніне 500 мг төмендету мүмкін болмағандықтан)

- электролиттік бұзылулары бар пациенттерге (QT аралығының ұзару қаупіне байланысты гипокалиемия немесе гипомагниемия)

- бүйрек жеткіліксіздігімен бір мезгілде жүретін бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- тұқым қуалайтын фруктозаның жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы

- 6 айға дейінгі балалар.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Кларитромицинді жүкті әйелдерге пайда/қауіп арақатынасына мұқият баға беріп алмай, әсіресе, жүктіліктің алғашқы үш айында тағайындауға болмайды.

Антибиотикті ұзақ немесе қайтара пайдалану сезімтал емес бактериялар мен зеңдердің шамадан тыс өсуін туындатуы мүмкін. Суперинфекция пайда болған жағдайда кларитромицинді қолдануды тоқтатқан және тиісті ем жүргізуді бастаған жөн.

Кларитромицинді ЖИА, ауыр жүрек жеткіліксіздігі, айқын брадикардиясы (50 мин/соғу аз) бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Кларитромицин ең алдымен, бауырмен шығарылады. Сондықтан препаратты бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде, сондай-ақ бүйрек функциясының орташа немесе ауыр дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерде қолданғанда сақ болу керек.

Препаратты бүйректің ауыр және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Кларитромицинді қолданғанда бауыр ферменттерінің жоғары деңгейін қоса, бауыр функциясының бұзылуы жөнінде және сарғаюмен немесе онсыз болатын гепатоцеллюлярлық және/немесе холестаздық гепатит жөнінде мәлімделді. Бауыр функциясының бұл бұзылуы ауыр дәрежеде болуы мүмкін және ол әдетте қайтымды болады. Кейбір жағдайларда негізінен күрделі негізгі аурулармен және/немесе қатар қолданылатын дәрі-дәрмектік еммен астасқан, өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігі жөнінде мәлімделді. Анорексия, сарғаю, несептің күңгірттенуі, қышыну немесе іштің ауыруы сияқты гепатит біліністері мен симптомдары пайда болғанда кларитромицин қабылдауды дереу тоқтату қажет. Созылмалы бауыр ауруы болғанда қан сарысуындағы ферменттерді ұдайы бақылау жүргізу керек.

Макролидтерді қоса, бактерияға қарсы препараттардың бәрін дерлік қолданғанда ауырлығы жағынан жеңілден өмірге қатерлі дәрежеге дейін өзгеріп тұратын жалған жарғақшалы колит туралы хабарламалар келіп түсті. Бактерияға қарсы препараттардың бәрін дерлік, оның ішінде кларитромицинді пайдаланғанда, Clostridium difficile (CDAD) туғызған және ауырлығы жағынан жеңіл дәрежедегі диареядан өліммен аяқталатын колитке дейін ауытқып тұратын диареяның дамуы хабарланды.

Бактерияға қарсы препараттарды қабылдау ішектің қалыпты флорасын өзгертеді, бұл C. difficile өсуінің көбеюіне әкеледі. Антибиотиктер қабылдаудан кейінгі диареядан зардап шегіп жүрген пациенттердің бәрінде CDAD туындау мүмкіндігін ескеру қажет. Бактерияға қарсы препараттарды қабылдаудан кейін екі ай өткен соң CDAD туындау жағдайлары тіркелгендіктен, мұқият анамнез жинау қажет. Қолдануға көрсетілімдерге қарамастан кларитромицинмен емдеуді тоқтату туралы мәселені қарау керек. Микробиологиялық зерттеу жүргізіп, тиісті емдеуді бастау керек. Перистальтиканы тежейтін препараттарды қабылдауды болдырмау керек.

Колхицин

Кларитромицин және колхицинді бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімде.

Кларитромициннің линкомицинге, клиндамицинге, сондай-ақ басқа да макролидтерге айқаспалы төзімділігі бар.

Жүрек-қантамыр қызметі

Кларитромицинді қоса, макролидтермен емделу кезінде, жүрек аритмиясы мен «пируэт» типті (torsades de pointes) қарыншалық тахикардияның даму қаупімен қатарласқан, миокард реполяризациясының және QT аралығының ұзаруы байқалды. Кейінгі жағдайлар вентрикулярлық аритмияның («пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса) даму қаупінің артуына әкелуі мүмкін болғандықтан, кларитромицин келесі пациенттерде қолдануға болмайды: гипокалиемия немесе гипомагниемия сияқты электролиттік бұзылулары бар пациенттерде; QT ұзаруын туғыза алатын басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде; астемизолмен, цизапридпен, домперидонмен, пимозидпен және терфенадинмен бір мезгілде тағайындау. Кларитромицинді туа біткен немесе жүре пайда болғаны анықталған QT аралығының ұзаруы немесе анамнезінде қарыншалық аритмиясы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Сонымен қатар, келесі жағдайларда: жүректің ишемиялық ауруы, жүректің ауыр жеткіліксіздігі, өткізгіштік бұзылулары немесе клиникалық мәнді брадикардиясы бар пациенттерде абайлап пайдалану қажет.

Пневмония
Streptococcus pneumoniae-нің макролидтерге төзімділігінің бар болуы мүмкін екендігіне байланысты ауруханалық емес пневмонияны емдеу үшін кларитромицинді тағайындағанда сезімталдыққа тест жүргізу маңызды. Ауруханалық пневмония жағдайында кларитромицинді басқа тиісті антибиотиктермен біріктіріп қолдану керек.

Тері мен жұмсақ тіндердің ауырлығы жеңіл және орта дәрежелі инфекциялары

Сезімталдығына тест жүргізу маңызды. Бета-лактамдық антибиотиктер қолдану мүмкін болмаған жағдайда (мысалы, аллергия), бірінші таңдап алынатын препараттар ретінде басқа антибиотиктер, мысалы, клиндамицин қолданылуы мүмкін. Қазіргі таңда макролидтер тері мен жұмсақ тіндердің кейбір инфекцияларын емдеуде ғана, мысалы: Corynebacterium minutissimum (эритразма) туындаған инфекцияларда, acne vulgaris, тілме қабынуы; және пенициллинмен ем алуға болмайтын жағдайларда ғана рөл атқарады.

Анафилаксия, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, DRESS, Шенлейн-Генох ауруы сияқты аса жоғары сезімталдықтың жедел ауыр реакциялары пайда болғанда кларитромицинмен емдеуді дереу тоқтатқан және тиісті емді бірден бастаған жөн.

Кларитромицинді СYP3A4 цитохромы ферментінің индукторларымен бір уақытта тағайындағанда сақтықпен қолдану керек.

Пероральді гипогликемиялық препараттар/инсулин.

Кларитромицинді және пероральді гипогликемиялық препараттарды (сульфонилмочевина туындылары сияқты) және инсулинді бір мезгілде қолдану айқын гипогликемияға алып келуі мүмкін. Қандағы глюкоза деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу керек

Пероральді антикоагулянттар

Кларитромицин мен варфаринді бір мезгілде қолданғанда ауыр қан кетулер, ХҚҚ айқын ұлғаюы және протромбиндік уақыттың едәуір жоғарылау қаупі бар. Кларитромицин мен ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттарды біріктіріп қолданғанда ХҚҚ және протромбиндік уақытты мұқият бақылауға алған жөн.

Кларитромицинді дабигатран, ривароксабан және апиксабан сияқты тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек, әсіресе қан кету қаупі жоғары пациенттерде.

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері

Кларитромицинді ловастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қолдануға болмайды. Кларитромицинді статиндермен бірге тағайындалғанда сақ болу керек. Кларитромицин пен статиндерді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде рабдомиолиз туындауы туралы мәліметтер бар. Миопатия белгілері мен симптомдарын анықтау мақсатында пациенттердің жай-күйіне мониторинг өткізу қажет. Егер кларитромицин мен статиндерді бір мезгілде қолданбауға болмаған жағдайда статиннің тіркелген ең төмен дозасын тағайындау ұсынылады. CYP3A метаболизміне тәуелді емес статинді, мысалы, флувастатинді тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Келесі препараттарды кларитромицинмен бір мезгілде қолдану күрделі жағымсыз әсерлер дамуы мүмкіндігінен қарсы көрсетілімде:

цизаприд, пимозид, домперидон, терфенадин және астемизол

қастауыш алкалоидтары

пероральді қолдануға арналған мидазолам

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер)

ломитапид.

Кларитромицинге басқа дәрілік препараттардың әсері

CYP3A индукторлары болып табылатын препараттар (мысалы, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шілтерлі шайқурай), кларитромицин метаболизмін индукциялауы мүмкін. Бұдан басқа, кларитромицинмен CYP3A тежелуінен жоғарылауы мүмкін қан плазмасындағы СYР3А изоферментінің индукторының концентрациясын бақылау керек. Рифабутин және кларитромицинді бір мезгілде қолданғанда рифабутиннің плазмалық концентрациясы жоғарылағаны және увеит даму қаупі жоғарылауы бар кларитромициннің сарысулық концентрациясы төмендегені байқалды.

Келесі препараттардың қан плазмасындағы кларитромицин концентрациясына дәлелденген және болжамды әсері бар; оларды кларитромицинмен бірге қолданған жағдайда доза түзету немесе баламалы емге көшу талап етілуі мүмкін.

Эфавиренз, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин

Эфавиренз, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин сияқты цитохром Р450 жүйесінің қуатты индукторлары кларитромициннің метаболизмін жеделдетуі мүмкін және осылайша плазмадағы кларитромицин концентрациясын төмендетуі және емдік әсерін әлсіретуі мүмкін және сонымен бірге микробиологиялық белсенді болып табылатын 14-ОН-кларитромицин – метаболитінің концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Кларитромицин және 14-ОН-кларитромициннің, микробиологиялық белсенділігі әртүрлі бактерияларға қатысты айырмашылығы болатындықтан, емдік әсері кларитромицин және фермент индукторларын бір мезгілде қолданғанда төмендеуі мүмкін.

Этравирин

Кларитромицин концентрациясы этравирин пайдаланғанда төмендейді, бірақ 14-ОН-кларитромициннің белсенді метаболитінің концентрациясы жоғарылайды. Өйткені 14-ОН-кларитромицин МАС инфекцияларына қатысты төмен белсенділікке ие, олардың қоздырғыштарына қатысты жалпы белсенділігі өзгеруі мүмкін, сондықтан МАС емдеу үшін баламалы емді қарастыру керек.

Флуконазол

Флуконазолмен бір мезгілде қолданған жағдайда кларитромицин дозасын түзету талап етілмейді.

Ритонавир

Кларитромициннің емдік кең диапазонына байланысты, ритонавирмен бір мезгілде қабылдағанда, оның дозасының бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде азайтылуы талап етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (КК 30-60 мл/мин) дозаны 50% азайту керек. КК < 30 мл/мин пациенттер үшін кларитромициннің дозасын 75% төмендету қажет. Ритонавирді тәулігіне 1 г астам болатын дозадағы кларитромицинмен бір мезгілде қолдануға болмайды. Атазанавир мен саквинавирді қоса, басқа АИТВ-протеаза тежегіштерімен бірге фармакокинетикалық күшейткіш ретінде ритонавирді қолданғанда, бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде осыған ұқсас доза түзетулерін жүргізген жөн.

Кларитромициннің басқа дәрілік препараттарға әсері

Аритмияға қарсы препараттар

Кларитромицин және хинидинді немесе дизопирамидті бір мезгілде қабылдағанда "пируэт" типті қарыншалық тахикардия туындау мүмкіндігі бар. Кларитромицинді осы препараттармен бір мезгілде қабылдағанда QT аралығы ұзаруына ЭКГ бақылау ұдайы жүргізу керек, сондай-ақ бұл препараттардың сарысулық концентрациясын бақылау керек. Кларитромицинмен ем қабылдағанда аталған препараттардың қан сарысуындағы концентрацияларын қадағалау керек.

Кларитромицин мен дизопирамидті бір мезгілде қабылданғанда қандағы глюкоза деңгейіне мониторинг жүргізу керек.

Пероральді гипогликемиялық дәрілер және инсулин

Натеглинид және репаглинид сияқты белгілі бір гипогликемиялық дәрілермен кларитромицинді бір мезгілде қолданғанда CYP3A энзимінің тежелуі байқалуы мүмкін, бұл гипогликемияны туғызуы мүмкін. Глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.

CYP3A изоферментімен шартталған өзара әрекеттесулер

CYP3A изоферментін тежейтіні белгілі кларитромицинді және CYP3A біріншілік метаболизденетін препараттармен бірге қабылдағанда олардың концентрациясының өзара жоғарылауымен астасуы мүмкін, бұл олардың емдік, сондай-ақ жағымсыз әсерлерін де күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін. Кларитромицинді CYP3A изоферментінің субстраттары болып табылатын препараттар қабылдайтын пациенттерге, әсіресе егер бұл препараттардың емдік диапазоны тар болса (мысалы, карбамазепин), және/немесе осы ферментпен қарқынды метаболизденсе, сақтықпен қолдану керек. Қажет болған жағдайда кларитромицинмен бірге қабылданатын препараттың дозасын түзету жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ мүмкіндігінше CYP3A біріншілік метаболизденетін препараттардың сарысулық концентрациясының мониторингі жүргізілуі тиіс.

Келесі препараттардың/класстардың метаболизмі кларитромицин метаболизміндегі сияқты CYP3A изоферменттермен жүзеге асырылады, мысалы, алпразолам, карбамазепин, цилостазол, циклоспорин, дизопирамид, ибрутиниб, метадон, метилпреднизолон, мидазолам (в/і), омепразол, пероральді антикоагулянттар (мысалы, варфарин, ривораксобан, апиксабан), атипті антипсихоздық препараттар (мысалы, кветиапин), хинидин, рифабутин, силденафил, сиролимус, такролимус, триазолам және винбластин. Сонымен қатар, кларитромицинмен бірге қолдануға қарсы көрсетілген, CYP3A изоэнзимінің агонистеріне келесі препараттар жатады: астемизол, цизаприд, домперидон, пимозид, терфенадин, ловастатин, симвастатин және қастауыш алкалоидтары, колхицин, тикагрелор, ранолазин, ломитапид, пероральді мидазолам. Цитохром Р450 жүйесі аясындағы басқа изоферменттер арқылы осыған ұқсас түрдегі өзара әрекеттесетін перпараттарға фенитоин, теофиллин және вальпрой қышқылы жатады.

Теофиллин, карбамазепин

Осы препараттардың кез келгенін кларитромицинмен бір мезгілде қабылдағанда теофиллин немесе карбамазепиннің айналымдағы концентрациясының аздаған жоғарылауы болатынын көрсетеді. Дозаны азайтуды қарастыру қажет болуы мүмкін.

Омепразол

Дені сау ерікті ересектерде кларитромицин (әрбір 8 сағатта 500 мг) омепразолмен (күн сайын 40 мг) біріктірілімде зерттелді. Кларитромицин және омепразолды бір мезгілде қабылдағанда омепразолдың тепе-теңдік плазмалық концентрациясы (Cmax, AUC0-24, және T1/ тиісінше 30%, 89% және 34% ұлғайған) ұлғайды. Асқазанның рН орташа мәні 24 сағат ішінде омепразолды жеке қабылдағанда 5.2 құрады және омепразолды кларитромицинмен бір мезгілде қабылдағанда 5.7 құрады.

Силденафил, тадалафил және варденафил

Кларитромицинді силденафилмен, тадалафилмен немесе варденафилмен бір мезгілде қолдану фосфодиэстеразаны тежейтін әсері артуына әкелуі мүмкін. Бұл препараттар кларитромицинмен бірге қолданылғанда силденафил, тадалафил және варденафилдің дозасын азайту мүмкіндігін қарастыру керек.

Толтеродин

Толтеродиннің біріншілік метаболизмі цитохром Р450 (CYP2D6) 2D6 изоформасы арқылы жүзеге асырылады. Алайда CYP2D6 жоқ популяциялардың бір бөлігінде метаболизм CYP3A арқылы жүреді. Тұрғын халықтың бұл тобында CYP3A бәсеңдету сарысудағы толтеродиннің елеулі жоғарырақ концентрациясына әкелуі мүмкін. CYP2D6 арқылы метаболизм деңгейі төмен популяцияда кларитромицин сияқты CYP3А тежегіштері қатысуында толтеродин дозасының төмендеуі талап етілуі мүмкін.

Триазолобензодиазепиндер (мысалы, алпразолам, мидазолам, триазолам)

Мидазолам және кларитромицинді ішу арқылы бір мезгілде қабылдаудан аулақ болу керек. Егер кларитромицинмен бірге в/і енгізуге арналған мидазолам қолданылса болжамды доза түзетілуі үшін пациент жай-күйін мұқият бақылау керек. Сақтықтың бұндай шараларын триазолам және алпразоламды қоса, CYP3A метаболизденетін басқа да бензодиазепиндерге қолдану керек. Шығарылуы CYP3A (темазепам, нитразепам, лоразепам) тәуелді емес бензодиазепиндер үшін кларитромицинмен клиникалық елеулі өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Кларитромицинді және триазоламды бірге қолданғанда ОЖЖ әсер етуі мүмкін, мысалы ұйқышылдық және сананың шатасуы. Осыған байланысты бір мезгілде қолданған жағдайда ОЖЖ симптомдары бұзылуын қарау ұсынылады.

Пероральді антикоагулянттар (мысалы, варфарин, ривароксабан, апиксабан). Тікелей әсер ететін пероральді антикоагулянттар (DOAC)

Дабигатран P-qp тасымалдағышының субстраты болып табылады. Ривароксабан мен апиксабан CYP3A4 арқылы метаболизденеді және P-qp үшін субстрат болып табылады. Кларитромицинді осы препараттармен бір мезгілде қолданғанда, әсіресе қан кету қаупі жоғары пациенттерде сақ болу керек.

Басқа препараттармен өзара әрекеттесуі

Дигоксин

Кларитромицин және дигоксинді бірге қабылдағанда сарысудағы дигоксин концентрациясын мұқият бақылау керек.

Зидовудин

Кларитромицин мен зидовудиннің таблеткаларын АИТВ-инфекциясын жұқтырған ересек пациенттер бір мезгілде қолданғанда зидовудиннің Css төмендеуіне әкелуі мүмкін. Кларитромицин ішу арқылы қабылдағанда зидовудин сіңуіне әсер ететіндіктен, кларитромицин мен зидовудинді 4 сағат аралықпен қабылдай отырып, өзара әрекеттесуінен елеулі дәрежеде аулақ болуға болады.

Фенитоин және вальпрой қышқылы

Кларитромицинмен бір мезгілде қабылдағанда бұл препараттардың сарысулық концентрациясының деректерін анықтау ұсынылады, өйткені олардың жоғарылайтыны туралы хабарламалар бар.

Дәрілердің екі бағытты өзара әрекеттесулері

Атазанавир

Кларитромицин және атазанавир CYP3A субстраты, сондай-ақ тежегіштері де болып табылады. Бұл препараттардың екі бағытты өзара әрекеттесулерінің айғағы бар.

Кларитромицинді (тәулігіне 2 рет 500 мг) және атазанавирді (400 мг тәулігіне 1 рет) бір мезгілде қолдану кларитромицин әсерінің екі есе артуына және атазанавирдің AUC 28%-ға ұлғайта отырып, 14-ОН-кларитромицинге әсерінің 70%-ға азаюына әкелуі мүмкін. Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде кларитромициннің ауқымды емдік диапазоны болуына орай оның дозасын азайту талап етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі орташа дәрежелі (КК 30-60 мл/мин) пациенттерде кларитромицин дозасы 50% азайтылуы тиіс. КК 30 мл/мин аз пациенттерде, бұл үшін кларитромициннің сәйкес дәрілік түрін пайдалана отырып, кларитромицин дозасын 75% азайту керек. Тәулігіне 1000 мг асатын дозадағы кларитромицинді протеаза тежегіштерімен бірге қолдануға болмайды.

Баяу кальций өзекшелерінің блокаторлары

Кларитромицинді және CYP3A4 изоферментімен метаболизденетін (мысалы, верапамил, амлодипин, дилтиазем) баяу кальций өзекшелерінің блокаторларын бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек, өйткені артериялық гипотензия туындауының қаупі бар. Кларитромициннің плазмалық концентрациясы, баяу кальций өзекшелерінің блокаторлары сияқты бір мезгілде қолданғанда жоғарылауы мүмкін. Кларитромицин және верапамилді бір мезгілде қолданғанда артериялық гипотензия, брадиаритмия және лактацидоз болуы мүмкін.

Итраконазол

Кларитромицин және итраконазол CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады, бұл препараттардың екі бағытты өзара әрекеттесулерін анықтайды. Кларитромицин плазмадағы итраконазол концентрациясын жоғарылатуы мүмкін, бұл арада итраконазол кларитромициннің плазмалық концентрациясын арттыруы мүмкін. Итраконазол және кларитромицинді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерді бұл препараттардың фармакологиялық әсерінің күшею немесе ұзақтығы артуы симптомдары болуына мұқият зерттеу керек.

Саквинавир

Бұл екі препаратты шектеулі уақыт ішінде жоғарыда келтірілген дозаларда/құрамда бір мезгілде қолданғанда доза түзету талап етілмейді. Саквинавирді ритонавирмен бірге қолданғанда ритонавирдің кларитромицинге потенциалды әсерін ескеру керек.

Сақтық шаралары

Арнайы нұсқаулар

Сахароза

МЕРИСТАТ–сановель 125 препаратын тұқым қуалайтын фруктозаның жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы немесе сахароза-изомальтоза тапшылығы бар науқастарда қабылдау қарсы көрсетілімде.

Диабетке шалдыққан пациенттерге тағайындағанда сахароза мөлшерін ескеру қажет.

Натрий

МЕРИСТАТ– сановель 125 құрамында 20 мг/дозасына аз натрий бар, бұны натрий бақыланатын диетадағы пациенттерде ескеру керек.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде

Жүктілік кезінде қолдану үшін кларитромициннің қауіпсіздігі анықталмаған. Кларитромицинді жүкті әйелдерге пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалаусыз қолдану ұсынылмайды.

Бала емізу кезеңінде нәрестелер үшін кларитромицинді қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Кларитромицин адамның емшек сүтімен аз мөлшерде бөлінеді.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсері туралы деректер жоқ. Препараттың осы түрі 6 айдан 12 жасқа дейінгі балаларда қолдануға арналған.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

6 айдан 12 жасқа дейінгі балаларда кларитромицинді суспензия түрінде қолдану қажет.

Өмірінің бірінші күнінен бастап 12 жасқа дейінгі балаларға ұсынылатын тәуліктік доза: қабылдау арасындағы интервал 12 сағатты құрайтын 2 қабылдауға бөлінген 15 мг/кг.

Қазіргі уақытта шала туған нәрестелерде дозалау туралы деректер жеткіліксіз. Фармакокинетикалық зерттеу нәтижелері клиникалық жағдайға байланысты шала туған нәрестелердегі кларитромициннің тәуліктік дозасын дене салмағына 30 мг/кг дейін арттыру қажет болуы мүмкін деп болжауға мүмкіндік береді.

Ең жоғары тәуліктік доза: тәулігіне 2 рет 500 мг-ден.

Емдеуді ауру симптомдары басылғаннан кейін кемінде 2 күн жалғастыру керек. Емдеу курсы қоздырғышына және аурудың ауырлығына қарай әдетте 5-10 күнге созылады. Стрептококк инфекцияларында емдеудің ең қысқа мерзімі 10 күннен кем болмайды. Емдеу ұзақтығы 14 күннен аспауы тиіс.

Суспензияны ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады, сүтпен ішуге болады.

Кестеде баланың дене салмағына негізделген дозаны белгілеу жөніндегі нұсқаулар бар.

Артық дозалану

Симптомдары: Ағымдағы есептер кларитромициннің көп мөлшерін ішу арқылы қабылдағанда асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз реакциялар күтуге болатынын көрсетті. Анамнезінде биполярлық бұзылысы бар, 8 грамм кларитромицин қабылдаған, одан кейін психикалық күй өзгерісі, параноидальді мінез-құлқы, гипокалиемия және гипоксемия туындаған бір пациент туралы мәліметтер бар.

Емі: Артық дозаланумен қатар жүретін жағымсыз реакцияларды сіңірілмеген препаратты шұғыл элиминациялау және демеуші ем арқылы емдеу керек. Басқа макролидтерге қатысы сияқты, гемодиализ немесе перитонеальді диализдің қан сарысуындағы кларитромицин мөлшеріне елеулі ықпал ету ықтималдығы аз.

Препаратты қабылдауға кіріспес бұрын, препаратты қолдану бойынша ұсынымдар туралы түсіндірме алу үшін медицина қызметкерімен кеңесіңіз.

Сақтау шарттары

Препарат – 25°С -ден аспайтын температурада, дайындалған суспензия –

25°С -ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл. Дайындалған суспензияның сақталу кезеңі – 14 күн

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Препарат – 25°С -ден аспайтын температурада, дайындалған суспензия –

25°С -ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

70 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыМеристат Сановель суспензия 125мг / 5мл 70мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube