daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Караганде қаласындағы Микразим Капсулалары 25 000 Бірлік №50 | АВВА РУС ОАО

Караганде қаласындағы Микразим Капсулалары 25 000 Бірлік №50 | АВВА РУС ОАО
Сипаттама:

Корпусы мөлдір және қоңыр түсті қақпағы бар № 2 қатты желатинді капсулалар (10000 ӘБ дозасы үшін) немесе корпусы мөлдір және күңгірт-қызғылт түсті қақпағы бар № 00 (25000 ӘБ дозасы үшін). Капсуланың ішіндегісі – цилиндр немесе шар тәрізді, немесе дұрыс емес пішінді ақшыл-қоңырдан қоңыр түске дейін өзіне тән иісі бар түйіршіктер. Түсінің біртекті болмауына жол беріледі.

Өндіруші:

АВВА РУС ОАО

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді ингредиент:

10000 ӘБ дозасы үшін: құрамында 125.0 мг панкреатин ұнтағы бар ішекте еритін 173.0 мг* түйіршіктер түріндегі панкреатин: 7500 ӘБ амилаза, 10000 ӘБ липаза, 520 ӘБ протеаза белсенділігіне баламалы; 25000 ӘБ дозасы үшін: құрамында 312.0 мг панкреатин ұнтағы бар ішекте еритін 432.0 мг* түйіршіктер түріндегі панкреатин: 19000 ӘБ амилаза, 25000 ӘБ липаза,1300 ӘБ протеаза белсенділігіне баламалы.

Белсенді заттың дозасы:

25000 ЕД

Дәрілік түрі:

Капсулалар, 10000 ӘБ және 25000 ӘБ

Қаптамадағы саны:

50 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- ұйқы безінің экзокриндік жеткіліксіздігін емдеу үшін

- муковисцидоз кезінде ұйқы безінің жеткіліксіз функциясын демеу

Қарсы көрсеткіштер

− панкреатинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

− жедел панкреатит (ерте кезеңдерде), созылмалы панкреатиттің асқынуы

Өзара әрекеттесуі

Тағамдық өзара әрекеттесулері

Дәріні ішу үшін сілтілі минералды суды пайдаланбау керек. Жұтынуға қиналатын ересектерге және балаларға препаратты қабылдау үшін капсуланы абайлап ашады, ал түйіршіктерді жұмсақ тағамға қосады немесе сусынмен бірге қабылдайды. Бұл ретте түйіршікттерді араластыратын тағамның немесе сусынның дәмі ферменттердің мерзімінен бұрын босап шығуы және бұзылуы болмас үшін қышқыл (рН 5.5-тен аз) болуы тиіс. Бұл алма езбесі, йогурт немесе жеміс шырыны, мысалы, ананас, алма немесе апельсин шырындары болуы мүмкін. Түйіршіктің тағаммен немесе сұйықтықпен кез келген қоспасы сақтауға жатпайды. Түйіршіктерді ұсақтау, шайнау немесе оларды рН 5.5-тен жоғары тамақпен немесе сұйықтықпен араластыру олардың қышқылға төзімді қабығының бұзылуына әкеледі, бұл ретте босап шыққан панкреатиндік ферменттер белсенділігін тез жоғалтады және бұдан басқа ауыздың және өңештің шырышты қабығының тітіркенуін туындатуы мүмкін. Сондықтан түйіршіктердің қабылдағаннан кейін ауыз қуысында қалмауын қадағалау керек.

Арнайы ескертулер

Панкреатин препараттарының жоғары дозаларын қабылдайтын, муковисцидозы бар пациенттерде мықын ішек және жуан ішек стриктураларының (фиброздаушы колонопатия) даму жағдайлары сипатталған. Сақтық шарасы ретінде асқазан-ішек жолы тарапынан барлық ерекше симптомдар немесе өзгерістерді жуан ішектің зақымдануын болдырмау мақсатында мұқият медициналық бағалауға ұшырату керек. Әсіресе, егер пациент тәулігіне кг дене массасына 10000 ӘБ астам липазаны қабылдаған жағдайда.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттер үшін ерекше қауіп анықталған жоқ, өйткені ферменттер асқазан-ішек жолында жергілікті әсер етеді. Өзі әсер ете отырып, ферменттер одан әрі ішекте протеолиздік қорытуға ұшырайды.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін ерекше қауіп анықталған жоқ, өйткені ферменттер асқазан-ішек жолында жергілікті әсер етеді. Өзі әсер ете отырып, ферменттер одан әрі ішекте протеолиздік қорытуға ұшырайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін ерекше қауіп анықталған жоқ, өйткені ферменттер асқазан-ішек жолында жергілікті әсер етеді. Өзі әсер ете отырып, ферменттер одан әрі ішекте протеолиздік қорытуға ұшырайды.

Педиатрияда қолданылуы

Балалар мен жасөспірімдер үшін ерекше қауіп анықталған жоқ, өйткені ферменттер асқазан-ішек жолында жергілікті әсер етеді. Өзі әсер ете отырып, ферменттер одан әрі ішекте протеолиздік қорытуға ұшырайды.

Балаларда қолданған кезде қандай да бір спецификалық жағымсыз реакциялар байқалған жоқ. Муковисцидозы бар балаларда жағымсыз реакциялардың жиілігі, типі және ауырлық дәрежесі ересектердегі реакцияларға ұқсас болды.

Әртүрлі жас тобындағы балаларға арналған Микразим® KZ дәрілік препаратының дозалары осы қосымша парақтың «Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімінде егжей-тегжейлі сипатталған.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүкті әйелдерді құрамында ұйқы безі ферменттері бар препараттармен емдеу туралы клиникалық деректер жоқ. Зерттеу барысында шошқаның ұйқы безінен алынған ферменттердің абсорбциясы анықталмады, сондықтан шарананың дамуына уытты әсері болжанбайды.

Препаратты жүкті әйелдерге сақтықпен тағайындау керек.

Панкреатиндік ферменттердің жүйелі әсерінің жоқтығына байланысты, емшек емізу кезеңінде Микразим® KZ препаратын жеткілікті тамақтану статусын қамтамасыз ету үшін қажетті дозаларда тағайындайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Микразим® KZ препараты көлік құралдарын және/немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне теріс әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүкті әйелдерді құрамында ұйқы безі ферменттері бар препараттармен емдеу туралы клиникалық деректер жоқ. Зерттеу барысында шошқаның ұйқы безінен алынған ферменттердің абсорбциясы анықталмады, сондықтан шарананың дамуына уытты әсері болжанбайды.

Препаратты жүкті әйелдерге сақтықпен тағайындау керек.

Панкреатиндік ферменттердің жүйелі әсерінің жоқтығына байланысты, емшек емізу кезеңінде Микразим® KZ препаратын жеткілікті тамақтану статусын қамтамасыз ету үшін қажетті дозаларда тағайындайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Микразим® KZ препараты көлік құралдарын және/немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне теріс әсер етпейді.

Шығарылу түрі

10000 ӘБ және 25000 ӘБ капсулалар

10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден немесе поливинилхлоридті/поливинилиденхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі орыс және қазақ тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында (қорапшасында) 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында (қорапшасында) 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыМикразим капсулалары 25 000 бірлік №50 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube