daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Караганде қаласындағы Милгамма Моно Таблеткалары 300 Мг №30 | Верваг фарма ГмбХ

Караганде қаласындағы Милгамма Моно Таблеткалары 300 Мг №30 | Верваг фарма ГмбХ

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ұзынша пішінді, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жағында сызығы бар таблеткалар.

Өндіруші:

Верваг фарма ГмбХ

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Белсенді ингредиент:

- 300 мг бенфотиамин (В1 дәруменінің майда еритін туындысы); қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармелозасы, повидон К 30, тальк, ішінара ұзын тізбегі бар глицеридтер үлбірлі жабын: Опадрай ақ (Opadry tm white (07F28588)): гипромеллоза, тальк, титанның қостотығы (Е 171), макрогол, натрий сахаринаты

Белсенді заттың дозасы:

300 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 300 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт.
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында

белсенді зат:

- 300 мг бенфотиамин (В1 дәруменінің майда еритін туындысы);

қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармелозасы, повидон К 30, тальк, ішінара ұзын тізбегі бар глицеридтер

үлбірлі жабын: Опадрай ақ (Opadry tm white (07F28588)): гипромеллоза, тальк, титанның қостотығы (Е 171), макрогол, натрий сахаринаты

Қолдану көрсеткіштері

- тамақтанудың жеткіліксіздігі немесе тойып жей алмау кезінде (мысалы, бери-бери ауруы), ұзақ парентеральді тамақтану, аштық, гемодиализ, мальабсорбция синдромы, созылмалы алгоголизм (алкогольді уытты кардиомиопатия, Вернике энцефалопатиясы, Корсаков синдромы), жүктілік/лактация кезінде дәруменге қажеттіліктің жоғарылауы, қант диабеті кезінде дамитын B1 дәруменінің тапшылығы;

- В1 дәрумені жеткіліксіздігінен туындаған нейропатия және жүрек-қантамыр жүйесі аурулары.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Арнайы нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы. Қатысты емес.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік кезінде В1 дәруменін екінші триместрде 1,2 мг және үшінші триместрде 1,3 мг дозада күнделікті қолдану ұсынылады. Жүктілік кезінде бұл доза, егер пациент В1 дәруменінің айқын тапшылығын көрсетсе, арттырылуы мүмкін, дегенмен, ұсынылғаннан жоғары дозаларды қолдану қауіпсіздігі қазіргі уақытта құжатпен расталмаған және жоғары дозаларды енгізу қауіпсіздігі тексерілмегендіктен, препарат жүктілік кезеңінде қарсы көрсетілген.

Лактация кезеңінде В1 дәруменінің ұсынылатын тәуліктік дозасы 1,3 мг құрайды. В1 дәрумені емшек сүтіне енеді, осыған байланысты препарат лактация кезеңінде қарсы көрсетілген.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ерекше сақтық шараларын сақтаудың қажеті жоқ.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Ересектер. Емнің ұзақтығы

Егер басқасы тағайындалмаса, В1 дәруменінің клиникалық тапшылығын емдеу кезінде препарат 3 апта бойы күніне бір рет 1 таблеткадан (300 мг) қабылданады.

Нейропатияны Милгамма® Моно 300 препаратымен күніне 1 таблеткадан кем дегенде 3 апта бойы емдеу керек.

Енгізу әдісі және жолы

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларды сұйықтықтың аздаған мөлшерімен іше отырып, шайнамай жұту керек.

Қабылдау уақытын көрсетумен қолдану жиілігі

Таблеткаларды күннің кез келген уақытында қабылдауға болады. Таблеткаларды қажет болған жағдайда ғана екі тең бөлікке бөлуге болады.

Емдеу ұзақтығы

Емнің ұзақтығы байқалған емдік реакцияға байланысты. Препаратты қолданғаннан кейін 4 аптадан кейін тиімділігі немесе жеткіліксіз емдік әсері болмаған жағдайда, ем қайта қаралуы тиіс.

Егде жастағы адамдар

Әдеттегі доза ұсынылады, дозаны түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер үшін ұсынылатын доза бойынша жеткілікті деректер жоқ.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Бенфотиаминді тиісті түрде емдік қолданған кезде артық дозаланудың білінуі екіталай. Пероральді қолданғанда және емдік қолданудың кең ауқымына байланысты артық дозалану жағдайлары белгісіз.

Балалар

Препаратты кездейсоқ қолданған жағдайда емдеуді тағайындау үшін дәрігермен кеңесу керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Қажет болған жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

Артық дозалану

Бенфотиаминді тиісті түрде емдік қолданған кезде артық дозаланудың білінуі екіталай. Пероральді қолданғанда және емдік қолданудың кең ауқымына байланысты артық дозалану жағдайлары белгісіз.

Балалар

Препаратты кездейсоқ қолданған жағдайда емдеуді тағайындау үшін дәрігермен кеңесу керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Қажет болған жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлорид/поливинилиденхлорид (ПВХ/ПВДХ) мөлдір үлбірінен және ыстықтай тығыздаумен лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

3 немесе 10 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыМилгамма моно таблеткалары 300 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
5.00/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
4 бағалау
1
star
0
2
star
0
3
star
0
4
star
0
5
star
4
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
28 Мая 2024
Комментарий: Беру постоянно для предотвращения нейропатии.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
24 Ноября 2023
Комментарий: Хорошая цена. Еще раз закажу. Спасибо!
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
3 Октября 2023
Комментарий: Очень быстро получил.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
8 Августа 2023
Достоинства: Хорошая форма витамина В1 и дозировка.
10600

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 248

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Караганде:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

10848

10600

248

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтеріБағалаулар және пікірлер

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube