daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Караганде қаласындағы Muscomed Капсулалары 4 Мг №20 | Уорлд Медицин Илач Сан.ве Тидж

Караганде қаласындағы Muscomed Капсулалары 4 Мг №20 | Уорлд Медицин Илач Сан.ве Тидж

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Көлемі № 2, қақпақшасы және корпусы ақ күңгірт түсті қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі - сары түсті ұнтақ.

Халықаралық атауы:

Тиоколхикозид

Өндіруші:

Уорлд Медицин Илач Сан.ве Тидж

Өндіруші ел:

Турецкая Республика

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар:лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, магний стеараты, тазартылған су*, капсуланың құрамы: титанның қостотығы (Е171), желатин. *- дайын өнімде болмайды Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Көлемі № 2, қақпақшасы және корпусы ақ күңгірт түсті қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі - сары түсті ұнтақ.

Белсенді заттың дозасы:

4 мг

Қаптамадағы саны:

20 шт.

Нұсқаулық

Құрамы

1 капсула құрамында

белсенді зат – тиоколхикозид 4 мг,

қосымша заттар:лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, магний стеараты, тазартылған су*,

капсуланың құрамы: титанның қостотығы (Е171), желатин.

*- дайын өнімде болмайды

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Көлемі № 2, қақпақшасы және корпусы ақ күңгірт түсті қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі - сары түсті ұнтақ.

Қолдану көрсеткіштері

Ересектер мен 16 жастан асқан жасөспірімдерде тірек-қимыл аппаратымен байланысты ауырсынатын бұлшықет түйілулерін симптоматикалық емдеуде.

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

шеткері салдану, бұлшықет гипотониясы

жүктілік

бала емізу кезеңі

контрацепцияны пайдаланбайтын бала туу жасындағы әйелдер

16 жасқа дейінгі балалар

тұқым қуалайтын фруктоза, галактоза көтере алмаушылығы, галактоземия немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Арнайы нұсқаулар

Қабылдағаннан кейін диарея пайда болса, препараттың дозасын азайту керек.

Тиоколхикозидті қолдануға байланысты постмаркетингтік есептерде бауырдың зақымдануы туралы хабарланды. Тиоколхикозидпен бір мезгілде қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді немесе парацетамолды қабылдаған пациенттерде ауыр жағдайлар (мысалы, шұғыл дамыған гепатит) тіркелді. Бауыр зақымдануының симптомдары пайда болған жағдайда пациенттер емдеуді тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.

Тиоколхикозид эпилепсиясы бар пациенттерде немесе эпилепсиялық ұстамалар қаупі бар пациенттерде құрысуды туындатуы мүмкін.

Ең жоғары тәуліктік пероральді дозадан (16 мг) асып кетпеу керек және ол 12 сағаттық аралықпен 2 қабылдауға бөлінуі тиіс.

Дозаны өткізіп алған жағдайда өткізіп алған дозаны қабылдамай, келесі дозаны қабылдау қажет.

Клиникаға дейінгі зерттеулерде тиоколхикозид метаболиттерінің (SL59.0955) бірі тәулігіне 2 рет 8 мг дозаны қолданғанда организмде қол жеткізілген деңгейден көп емес әсер ету деңгейінде анеуплоидиямен (бөлінетін жасушалардағы хромосомалар санының өзгеруі) байланысты болуы мүмкін екендігі көрсетілген. Анеуплоидия тератогендіктің, эмбриоуыттылықтың/фетоуыттылықтың, түсіктің өздігінен түсуін, сондай-ақ ерлердің фертильділік бұзылуының анықталған қауіп факторы болып табылады. Теориялық тұрғыдан обырдың даму қаупі де артады. Сондықтан сақтық шарасы ретінде дозаны асырудан және/немесе ұзаққа созылатын емдеуден аулақ болу керек.

Жүктілік кезіндегі ықтимал қауіп туралы және контрацепцияның тиімді әдістерін қолдану қажеттілігі жайлы пациенттер хабардар болуы керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүкті әйелдерде тиоколхикозидті қолдану туралы мәліметтер шектеулі. Эмбрион мен шарана үшін әлеуетті қауіп белгісіз. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде тератогендік әсерлер байқалды. Мускомед препараты жүктілік кезінде және контрацепцияны қолданбайтын бала туу жасындағы әйелдерге қарсы көрсетілімді.

Тиоколхикозид емшек сүтіне енетіндіктен, оны лактация кезінде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың автокөлікті жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы зерттеулер жүргізілген жоқ. Препаратты қолдану кезінде ұйқышылдықтың пайда болу мүмкіндігіне байланысты автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару кезінде сақ болу керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ұсынылатын ең жоғары тәуліктік доза 2 қабылдауға бөлінген 16 мг құрайды. Препаратты әр 12 сағат сайын (тәулігіне 2 рет) 2 капсуладан қабылдайды.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Қауіпсіздік жөніндегі деректердің болмауына байланысты препаратты балалар мен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға болмайды.

Емдеу ұзақтығы

Үздіксіз жүргізілетін емнің жалпы ұзақтығы 7 күннен аспауы тиіс. Ұсынылған дозалардан асып кетуден және препаратты ұзақ уақыт қолданудан аулақ болу керек.

Енгізу әдісі және жолы

Мускомед препаратын сумен іше отырып, ішке қабылдайды. Препаратты қарыншалық бандажы бар пациенттерде қолдануға болады.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Тиоколхикозид қабылдаған пациенттерде артық дозалану жағдайлары тіркелген жоқ.

Емі: симптоматикалық және мұқият медициналық бақылау.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкердің кеңесіне жүгіну ұсынылды.

Артық дозалану

Тиоколхикозид қабылдаған пациенттерде артық дозалану жағдайлары тіркелген жоқ.

Емі: симптоматикалық және мұқият медициналық бақылау.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкердің кеңесіне жүгіну ұсынылды.

Жанама әсерлері

Иммундық жүйе тарапынан: анафилаксиялық реакциялар, мысалы: жиі емес - қышыну; сирек - есекжем; өте сирек - гипотензия; жиілігі белгісіз - ангионевроздық ісіну және анафилаксиялық шокты қоса, анафилаксиялық реакциялар.

Тері және теріасты тіндері тарапынан: жиі емес - терінің аллергиялық реакциялары.

Жүйке жүйесі тарапынан: жиі - ұйқышылдық; сирек - ажитация және сананың шатасуы; жиілігі белгісіз - әдетте бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін бірнеше минут ішінде болатын вазовагальді естен танумен байланысты немесе байланысты емес дімкәстік, құрысулар.

Асқазан-ішек жолы тарапынан: жиі - диарея, гастралгия; жиі емес - жүрек айнуы, құсу; сирек - қыжыл.

Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан: жиілігі белгісіз-бауырдың дәрілік зақымдануы.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Шығарылу түрі

10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Караганда қаласындағы «Muscomed капсулалары 4 мг №20» бағасының өзгеру диаграммасы

0500100015002000250012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-077-0712-07
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыMuscomed капсулалары 4 мг №20 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube