daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Караганде қаласындағы Танакан Таблеткалары 40 Мг №90 | Бофур Ипсен

Караганде қаласындағы Танакан Таблеткалары 40 Мг №90 | Бофур Ипсен

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, кірпіш түстес қызыл қабықпен қапталған таблеткалар, сындырылған жері – сарғыш түсті. Өзіне тән иісі бар.

Өндіруші:

Бофур Ипсен

Өндіруші ел:

Французская Республика

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза, микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремний, тальк, магний стеараты; қабығының құрамы: макрогол 400, гипромелоза, макрогол 6000, титанның қостотығы (Е171), темірдің қызыл тотығы (Е172) Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, кірпіш түстес қызыл қабықпен қапталған таблеткалар, сындырылған жері – сарғыш түсті. Өзіне тән иісі бар.

Белсенді заттың дозасы:

40 мг

Қаптамадағы саны:

90 шт

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

ДП ересектерге қолдануға арналған

- егде жастағы адамдардағы когнитивті бұзылыстардың симптоматикалық емдеу кезінде расталған деменциясы, Паркинсон ауруы, шығу тегі ятрогендік немесе депрессияға немесе зат алмасудың бұзылуына қатысты салдарлы когнитивті бұзылыстары бар пациенттерді қоспағанда.

Қарсы көрсеткіштер

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі (мәліметтердің жоқтығына байланысты)

- тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза – галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Патологиялық қанағыштыққа бейімділіктің жоғарылауы (геморрагиялық диатез) бар және қатарлас антикоагулянттық және тромбоцитке қарсы ем қабылдап жүрген пациенттерде Танакан® EGb761 препаратын тек дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдану керек.

Құрамында гинкго бар препараттар, қан кетулерге сезімталдықты арттыруы мүмкін. Сондықтан, сақтық шарасы ретінде, Танакан® EGb761 қабылдауды жоспарлы операцияға дейін 3-4 апта бұрын тоқтату керек.

Эпилепсиясы бар пациенттерде Гинкго билоба препараттарын қабылдау түрткі болатын жаңа ұстамалардың пайда болуын жоққа шығаруға болмайды.

Құрамында Гинкго билоба және эфавиренз бар препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Құрамында Гинкго билоба бар препараттарды антикоагулянттармен (мысалы, фенпрокумон және варфарин) немесе тромбоцитке қарсы препараттармен (мысалы, клопидогрель, ацетилсалицил қышқылы және басқа, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар) бір мезгілде қолдану аталған препараттардың әсеріне ықпал етуі мүмкін.

Варфаринмен жүргізілген зерттеулер варфарин мен құрамында Гинкго билоба бар препараттар арасындағы өзара әрекеттестікті көрсетпейді, бірақ, құрамында гинкго бар препаратпен емдеу басталған кезде, Гинкго билоба препаратының дозасын өзгерткен кезде, гинкго препаратын қабылдауды тоқтатқан кезде немесе бір Гинкго билоба препаратын басқасымен алмастырған кезде талапқа сай мониторинг жүргізу ұсынылады.

Талинололмен өзара әрекеттесуін зерттеулер, Гинкго билоба ішек деңгейінде P-гликопротеинді тежеуі мүмкін екенін көрсетеді. Бұл Р-гликопротеин ішекте елеулі әсер ететін препараттардың (мысалы, дабигатран этексилатының) экспозициясының артуына алып келуі мүмкін. Гинкго билоба және дабигатран препараттарын бірге қолданғанда сақтық таныту ұсынылады.

Өзара әрекеттесуіне жүргізілген бір зерттеу, Гинкго билоба нифедипиннің Cmax артуына әсер етуі мүмкін екенін көрсетті. Кейбір пациенттерде 100 %-ға артқаны байқалған, бұл бас айналуына және қан кернеулер ауырлығының күшеюіне алып келген.

Гинкго билоба препараттары мен эфавирензді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды; CYP3A4 индукциясына байланысты, эфавиренздің плазмадағы концентрациялары төмендеуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Бұл дәрілік препараттың құрамында лактоза бар. Ол туа біткен галактозаны көтере алмаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза немесе галактоза мальабсорбциясы синдромы бар адамдарға қарсы көрсетілімді.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Гинкго билоба экстрактілері тромбоциттердің агрегацияға қабілеттілігін төмендетуі мүмкін, соның нәтижесінде қан кетуге үрдіс артуы мүмкін. Қолда бар мәліметтер ұрпақ өрбітудегі уыттылығына қатысты жеткіліксіз. Препаратты жүктілік кезінде қолдану қарсы көрсетілімді.

Емшек емізу

Гинкго билоба немесе оның метаболиттері адам сүтімен экскрецияланатын-экскрецияланбайтындығы белгісіз. Мәліметтер жеткілікті болмағандықтан, препаратты бала емізу кезінде қолдану ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсерін зерттеулер жүргізілген жоқ.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Күніне тамақтану кезінде 1 таблеткадан 3 рет, ½ стақан сумен ішу керек.

Енгізу әдісі және жолы

Пероральді.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсының ұзақтығы 1 айдан 3 айға дейін құрайды.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Препаратпен артық дозалану жағдайы белгісіз.

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін анықтау үшін медицина қызметкерінен кеңес алу ұсынылады

Жанама әсерлері

Жиі

- аса жоғары сезімталдық

- диспноэ

- бас айналуы

- бас ауыруы

- естен тану

- іштің ауыруы

- диарея

- диспепсия

- жүрек айнуы

- экзема

- қышыну

Жиі емес

- есекжем

- бөртпе

Сирек

- ангиоэдема (Квинке ісінуі)

Шығарылу түрі

15 таблеткадан ПВХ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 2 немесе 6 қаптамадан қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыТанакан таблеткалары 40 мг №90 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
7650

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 370

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Караганде:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

8020

7650

370

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтері

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube