daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Павлодаре қаласындағы Диана-35 Драже №21 | Байер Веймар ГмбХ и Ко.КГ

Павлодаре қаласындағы Диана-35 Драже №21 | Байер Веймар ГмбХ и Ко.КГ

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Дөңгелек, екі беті дөңес, сарғыш түсті драже

Өндіруші:

Байер Веймар ГмбХ и Ко.КГ

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Белсенді ингредиент:

препаратты қабылдаудың екінші аптасы Әйел өткізіліп алған соңғы дражені барынша тезірек – есіне түскен бойда қабылдауы тиіс (тіпті егер бұл, екі дражені бір мезгілде қабылдауды білдірсе де). Келесі дражені әдеттегі уақытында қабылдайды. Өткізіліп алған алғашқы драженің алдындағы 7 күн бойына дражелерді дұрыс қабылдаған жағдайда, қосымша контрацептивтік шаралар қажет емес. Керісінше жағдайда, сондай-ақ, екі немесе одан да көп драже өткізіліп алса, 7 күн бойы контрацепцияның қосымша бөгеттік әдістерін (мысалы, мүшеқапты) пайдалану қажет. препаратты қабылдаудың үшінші аптасы Дражелерді қабылдаудағы 7 күндік үзіліс таяп қалғандықтан, контрацепция сенімділігінің төмендеу қаупі зор. Екінші жағынан, дражелерді қабылдау кестесін түзету арқылы, контрацептивтік әсерін төмендеуінің алдын алуға болады. Екі шараның біреуі сақталса, алдыңғы 7 күн ішінде дражелер дұрыс қабылданған жағдайда, қосымша контрацепция шаралары қажет емес. Керісінше жағдайда, әйелге 1 нөмірмен сипатталған шараларды орындау және алдағы 7 күн бойына қосымша бөгеттік әдістерді пайдалану керек болады. Әйел өткізіліп алған соңғы дражені барынша тезірек, тіпті егер бұл, екі дражені бір мезгілде қабылдауды білдірсе де қабылдауы тиіс. Келесі дражені әдеттегі уақытында қабылдайды. Келесі қаптамасын ағымдағы қаптамасы аяқталған бойда бірден, яғни, екі қаптама арасындағы үзіліссіз бастау керек. Екінші қаптамасы аяқталмайынша, тоқтату қан кетуінің ықтималдығы аз, алайда, дражелерді қабылдау аясында жұғынды бөліністер немесе лақылдап қан кетулер байқалуы мүмкін. Сонымен қатар, ағымдағы қаптамадағы дражелерді қабылдауды драже өткізіліп алған күндерді қоса, алдағы 7 күндік үзіліспен тоқтатуды ұсынуға болады. Содан соң, жаңа қаптаманы қабылдау басталуы тиіс. Егер әйел дражені қабылдауды өткізіп алса, және содан соң, дражені қабылдаудағы үзіліс кезінде әйелде тоқтату қан кетуі болмаса, жүктіліктің бар-жоқтығын анықтау қажет. Тоқтату қан кетуінің болмауы Тоқтату қан кетуі болмаған жағдайда, препаратты қабылдауды жүктіліктің бар-жоғы анықталғанша тоқтата тұру керек. Етеккіраралық қан кету жағдайындағы әрекеттер Етеккір аралық қан кету жағдайында Диане 35 препаратын қабылдауды міндетті түрде жалғастыру қажет. Аздаған қан жағындылары әдетте, өздігінен тыйылады немесе қарқындылығы етеккірлік (лақылдап) қан кету сияқты – 25 – 50 мкг этинилэстрадиолды бір мезгілде қабылдағаннан кейін 4-5 күнге созылады (бірақ, Диане 35 қаптамасындағы соңғы драже қабылданғаннан кейін кешікпейді). Егер лақылдап қан кету тыйылмаса немесе қайталанса, қырнап тазалауды пайдалануды қоса, органикалық себебінің бар-жоқтығын анықтау қажет. Жоғарыда айтылғандар бірнеше цикл қатарынан жүйесіз орын алған немесе Диане 35 препаратын ұзақ уақыт қабылдаудан кейін алғаш болып тұрған қан жұғындыларына да қатысты. Мұндай жағдайларда, қан кету әдетте, дәрілік препараттың әсерінің емес, органикалық өзгерістердің салдары болып табылады. Құсу немесе ауыр диарея жағдайындағы әрекеттер Бауыр Вирустық гепатит жағдайында (бауыр функциясының көрсеткіштері нормаға қайта келген кезде), Диане 35 сияқты препараттарды қабылдауды алты айдан кейін бастау керек. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөніндегі нұсқаулар Осы дәріні пайдалану бойынша қандай да бір қосымша сұрақтар туындаған кезде дәрігерге жолығу қажет.

Дәрілік түрі:

Драже

Қаптамадағы саны:

21 шт.

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- Ұрпақ өрбітетін жастағы әйелдердегі андроген-тәуелді акненің орташа және ауыр түрлерін (себореясыз немесе себореямен қатар жүретін) және/немесе гирсутизмді емдеу үшін.

Акнені емдеу үшін Диане 35 препаратын, жергілікті ем немесе жүйелі антибиотиктермен емдеу тиімсіз болған жағдайларда қолдану керек.

Диане 35 препараты сондай-ақ гормональді контрацептив болғандықтан, оны басқа гормональді контрацептивтермен біріктіріп қолданбау керек.

Қарсы көрсеткіштер

Құрамында эстроген мен гестаген біріктірілімі бар препараттарды, төменде атап келтірілген жағдайлардың кез келгені аясында пайдаланбаған дұрыс. Препаратты қабылдау аясында алғаш туындаған бұл жағдайлардың кез келгенінде, препаратты дереу тоқтату керек.

басқа гормональді контрацептивтермен бірге қолдану

қазіргі кездегі немесе анамнезіндегі веналық тромбоз (мысалы, терең веналар тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы)

идиопатиялық веналық тромбоэмболия (ВТЭ) бойынша жеке немесе отбасылық ауыр анамнез (отбасылық ауыр анамнез туған аға-қарындастарындағы немесе ата-анасының жас кездеріндегі ВТЭ-мен байланысты болса)

қазіргі кездегі немесе анамнезіндегі артериялық тромбоз (мысалы, миокард инфарктісі) немесе анамнездегі бұзылулар (мысалы, стенокардия және транзиторлық ишемиялық шабуыл)

қазіргі кездегі немесе анамнезіндегі цереброваскулярлық оқиғалар

веналық немесе артериялық тромбоз дамуының ауыр немесе бірнеше қауіп факторлары, мысалы:

қантамырлық симптомдарымен қант диабеті

ауыр артериялық гипертензия

ауыр дислипопротеидемия

тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған веналық немесе артериялық тромбоэмболияға бейімділік (мысалы, белсендірілген С протеиніне резистенттілік (АРС резистенттлк), антитромбин III, протеин С, протеин S тапшылығы, гипергомоцистеинемия және антифосфолипидтік антиденелер (кардиолипинге антиденелер және қызылжегілік антикоагулянт)

орақтәрізді жасушалы анемия

бауырдың ауыр аурулары (соның ішінде, Дабин-Джонсон және Ротор синдромдары сияқты экскреторлық жүйенің бұзылулары) бауыр функциясының көрсеткіштері қалыпқа түскенше

қазіргі кездегі немесе анамнезіндегі бауыр ісіктері (қатерсіз немесе қатерлі)

диагностикаланбаған қынаптық қан кету

анамнездегі ошақтық неврологиялық симптомдарымен бас сақинасы

шылым шегу

анықталған, гормонға тәуелді қатерлі жаңа түзілімдер (мысалы, жыныс мүшелеріің немесе сүт бездерінің) немесе оларға күдіктену

қазіргі кездегі немесе анамнезіндегі менингиома

анамнезде жүкті әйелдердегі идиопатиялық сарғаюдың, жүкті әйелдердегі қатты қышыну немесе герпестің болуы, алдыңғы жүктілік кезеңінде отосклероздың асқынуы

жүктілікті жоспарлау, жүктілік және бала емізу

құрамында омбитасвир/паритапревир/ритонавир және дасабувир немесе глекапревир/пибрентасвир немесе софосбувир/велпатасвир/ воксилапревир бар дәрілік заттармен бірге қолдану

препараттың әсер етуші заттарына немесе қосымша заттардың кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық

Диане® 35 препараты ерлерде қолданылмайды.

Өзара әрекеттесуі

Қатар жүретін ем тағайындаған кезде әлеуетті өзара әрекеттесулерін анықтау үшін тағайындалатын препараттардың әрқайсысының дәрілік өзара әрекеттесу бөлімімен танысу қажет.

Басқа препараттардың Диане 35 препаратына әсері

Бауырдың микросомалық ферменттерін индукциялайтын дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі мүмкін, бұл жыныстық гормондардың клиренсін арттыруы және лақылдап қан кетулерге және/немесе препараттың контрацептивтік тиімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Ферменттер индукциясы бірнеше күн емдегеннен кейін-ақ байқалуы мүмкін. Ферменттердің ең жоғары индукциясы, әдетте, бірнеше аптаның ішінде байқалады. Препараттармен емдеуді тоқтатқаннан кейін ферменттер индукциясы 4 апта бойы сақталуы мүмкін.

Диане 35 препаратына қосымша мұндай препараттарды қабылдаған кезде әйел контрацепцияның қосымша әдісін пайдалануы керек. Контрацепцияның бөгеттік әдісін препараттарды бір мезгілде қабылдау кезеңі бойына түгел және қосымша 28 күн бойы пайдалану керек. Егер бөгеттік әдісті пайдалану Диане 35 қаптамасы аяқталғаннан кейін де жалғасып жатса, Диане 35 келесі қаптамасындағы таблеткаларды қабылдауды әдеттегі 7 күндік үзіліссіз жалғастыру керек.

Диане 35 препаратының клиренсін жоғарылататын (бауыр ферменттері индукциясының салдарынан Диане 35 тиімділігін төмендететін) дәрілер, мысалы:

барбитураттар, рифампицин және эпилепсияға қарсы препараттар (барбексаклон, карбамазепин, фенитоин, примидон сияқты); сонымен қатар окскарбазепин, топирамат, фелбамат, гризеофульвин және шілтерлі шайқурай препараттары.

Диане 35 клиренсіне әсерлері әртүрлі заттар

Диане 35 препаратын біріктіріп қолданғанда адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) протеазасы мен вирустық С гепатитінің (ВСГ) тежегіштері және кері транскриптазаның нуклеозидтік емес тежегіштері қан плазмасындағы эстрогендер немесе прогестиндер концентрациясының жоғарылауына немесе төмендеуіне алып келуі мүмкін. Бұл өзгерістер кей жағдайларда клиникалық тұрғыдан маңызды болуы мүмкін.

Эстроген-прогестаген біріктірілімдері клиренсін төмендететін заттар (фермент тежегіштері)

Ферменттердің тежегіштерімен потенциалды әрекеттесулердің клиникалық мәні белгісіз.

CYP3A4 күшті тежегіштерімен бірге қолдану эстрогендер немесе прогестагендер немесе екі заттың да қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Эторикоксиб күніне 60-тан 120 мг дейінгі дозасында құрамында 0,035 мг этинилэстрадиол бар гормональді контрацептивтермен бір уақытта қабылданғанда плазмадағы этинилэстрадиол концентрациясын 1,4-1,6 есе жоғарылататыны көрсетілген.

Эстроген мен прогестин біріктірілімдерінің басқа препараттарға әсері

Диане 35 сияқты эстроген мен прогестин бріктірілімдері, кейбір басқа препараттардың метаболизміне әсер етуі мүмкін, сонымен қатар олардың плазмадағы деңгейлері мен тіндердегі концентрациялары жоғарылауы (мысалы, циклоспориннің) немесе төмендеуі (мысалы, ламотриджиннің) мүмкін.

Глюкозға толеранттылықты ескере отырып, диабетке қарсы препараттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Клиникалық зерттеулер деректері этинилэстрадиол CYP1A2 субстраттарының клиренсін тежейтіні, бұл аздап (мысалы, теофиллин) немесе орташа (мысалы, тизанидин) олардың плазмадағы концентрациясының жоғарылауына әкелетіні туралы болжауға негіздеме береді.

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер

Клиникалық зерттеулерде вирусты С гепатитінен (ВCГ) құрамында омбитавир/ паритапревир/ритонавир және дасабувир бар дәрілік заттармен рибавиринмен немесе онсыз емделген пациент әйелдер арасында, трансаминаза (АЛТ) деңгейінің жоғары қалып шегінен 5 есе асатындай жоғарылауы құрамында этинилэстрадиол бар біріктірілген гормональді контрацептивтер (БГК) сияқты препараттарды қабылдайтын әйелдерде жиірек байқалды. Бұдан басқа глекапревир /пибрентасвир немесе софосбувир/велпатасвир/воксилапревирмен емделіп жүрген пациент әйелдерде АЛТ деңгейінің жоғарлауы БГК сияқты құрамында этинилэстрадиолы бар препараттарды қабылдайтын әйелдерде байқалды.

Осыған байланысты, Диане 35 препаратын қабылдайтын әйелдер препараттардың жоғарыда аталған біріктірілімі көмегімен ем басталғанға дейін контрацепцияның баламалы әдісіне (мысалы, прогестагенмен контрацепция немесе гормональді емес әдіс) ауысуы тиіс. Диане 35 препаратын қабылдауды осы біріктірілген ем сызбасының көмегімен емдеу аяқталғаннан кейін 2 аптадан соң қайта жаңғыртуға болады.

Басқа да өзара әрекеттесулер

Зертханалық зерттеулердің нәтижелері

Диане 35 сияқты препараттарды қабылдау бауыр функциясының, қалқанша бездің, бүйрекүсті бездері мен бүйректің биохимиялық көрсеткіштерін, сондай-ақ, плазмадағы ақуыздардың (тасымалдағыш), мысалы, кортикостероидтарды байланыстыратын глобулин деңгейлерін, және липидтер/липопротеидтер фракцияларын, көмірсу алмасуының көрсеткіштерін, қан ұюы мен фибринолиз көрсеткіштерін қоса, кейбір зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсер етуі мүмкін. Алайда, мұндай өзгерістер әдетте, қалыпты мәндерінің шектерінен аспайды.

Әйелге, Диане 35 препаратын басқа гормональді контрацептивтермен бір мезгілде қолдануға болмайтындығын ескерту керек. Аталған препараттарды қабылдауды Диане 35 препаратымен емдеу басталғанға дейін тоқтату керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Диане® 35 препараты овуляцияға бөгет болады және, сол арқылы, контрацептивтік әсер береді. Диане® 35 препаратын қабылдап жүрген пациент әйелдер қосымша гормональді контрацептивтерді пайдаланбауы тиіс, өйткені бұл гормондардың артық дозалануына алып келеді және контрацептивтік әсердің тиімділігі үшін қажет емес. Осы себептен жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге Диане® 35 препаратын қолдануға ұсынылмайды. Барабар емдік әсерге және орнықты контрацепциялық қорғанысқа жету үшін Диане® 35 препаратын жүйелі түрде қолдану керек.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке қабылдауға арналған.

Диане 35 препаратын қалай қабылдау керек

Дражені қаптамасында көрсетілген тәртіп бойынша, күн сайын шамамен белгілі бір уақытта, аздаған мөлшердегі сумен ішу керек. 21 күн бойы үздіксіз, тәулігіне бір дражеден қабылдайды. Әрбір келесі қаптамасын қабылдау 7 күндік үзілістен кейін басталады, ол кезде әдетте, тоқтату қан кетуі (етеккір тәрізді қан кету) байқалады. Ол әдетте, соңғы дражені қабылдағаннан кейінгі 2-3 күндері басталады және жаңа қаптамасын қабылдау басталғанша тоқтамауы мүмкін. Контрацептивтік қорғанысы дражені алғашқы қабылдаған күннен басталады және препарат қабылданбайтын 7 күн бойына сақталады. Сондықтан, гормональді контрацептивтерді бір мезгілде қабылдауды тоқтату керек.

Медициналық тексеру/дәрігердің кеңесі

Препаратты қолдануды бастар алдында толық жалпы медициналық тексеру (дене салмағын өлшеуді, артериялық қысымды, жүрек, аяқтар мен теріні тексеруді, диабетке несеп талдауын, қажеттілігіне қарай, бауыр тестілерін қоса); гинекологиялық тексеру (сүт бездерін тексеруді және жатыр мойнының қынаптық бөлігі мен жатыр мойнынан алынған цервикальді шырыштың цитологиялық зерттеуін қоса) жүргізу; емдеуді қажет ететін аурулар мен қауіп факторларын анықтау мақсатында, толыққанды отбасылық медициналық анамнез жинақтау ұсынылады. Жүктіліктің бар-жоғын анықтау қажет. Препаратты қолданғанда әр алты ай сайын бақылау тексерулерін жүргізу ұсынылады.

Пациент әйелдің қандас туыстарында жас кезінде тромбоэмболия (мысалы, терең веналар тромбозы, инсульт, миокард инфарктісі) болған жағдайда, қанның ұю жүйесі тарапынан бұзылулардың бар-жоқтығын анықтау керек.

Сонымен қатар, оральді контрацептивтерді қабылдау АИТВ-инфекциясы (ЖИТС) мен жыныстық жолмен берілетін басқа аурулардан қорғамайтынын ескеру қажет.

Диане 35 препаратын қабылдауды қалай бастау керек

алдыңғы айда гормональді контрацептивтер қабылданбаған жағдайда

Диане 35 препаратын қабылдау етеккір оралымының алғашқы күні (яғни, етеккірлік қан кетудің бірінші күні) басталады. Егер препаратты қабылдау етеккір оралымының 2-5 күндері басталса, бірінші қаптамадағы дражені қабылдаудың алғашқы 7 күні бойына контрацепцияның бөгеттік әдісін қосымша пайдалану ұсынылады.

Аменореясы бар әйелдер ғана препаратты қабылдауды дәрігер тағайындағаннан кейін бірден бастауына болады; мұндай жағдайда, алғашқы дражені қабылдау күні етеккір оралымының алғашқы күніне сәйкес келеді; ары қарай қабылдау ұсынымдарға сәйкес жалғасады.

біріктірілген оральді контрацептивтерден, қынап сақинасынан немесе трансдермальді бұласырдан ауысқан кезде

Диане 35 препаратын қабылдауды басқа біріктірілген гормональді препараттың алдыңғы қаптамасындағы, құрамында гормон бар соңғы дражені қабылдағаннан кейінгі келесі күні, бірақ ешбір жағдайда, қабылдаудағы әдеттегі 7 күндік үзілістен кейінгі келесі күннен (21 дражеден тұратын препараттар үшін) немесе соңғы плацебо таблетканы қабылдағаннан кейін (қаптамасында 28 драже бар препараттар үшін) кешіктірмей бастаған дұрыс. Циклдық қаптамадағы қынап сақинасынан немесе трансдермальді бұласырдан ауысқан кезде, Диане 35 препаратын оларды алып тастаған күні, бірақ, келесі сақина немесе бұласыр қолданылуы тиіс болған күннен кешіктірмей бастаған дұрыс.

таза прогестиндік контрацептивтік препараттардан (мини-пили, инъекциялық түрлері, имплантат) немесе жатырішілік жүйеден (ЖІЖ) ауысқан кезде.

Әйел мини-пилиден Диане 35 препаратына кез келген күні; прогестинді имплантаттан немесе ЖІЖ ауысу – алып тасталған күні, инъекциялық түрінен – келесі инъекция жоспарланған күні ауыса алады. Барлық жағдайларда, дражені қабылдаудың алғашқы 7 күні бойына контрацепцияның бөгеттік әдісін пайдалану қажет.

жүктіліктің алғашқы триместріндегі аборттан кейін

Дражені қабылдауды дереу бастауға болады. Бұл шарт сақталған жағдайда, әйелге қосымша контрацептивтік қорғаныс керек емес.

босанғаннан немесе жүктіліктің екінші триместріндегі өздігінен болған аборттан кейін

Дражені қабылдауды босанғаннан немесе жүктіліктің екінші триместріндегі аборттан кейін 21-28 күндері бастау керек. Егер дражені қабылдау кешірек басталса, дражені қабылдаудың алғашқы 7 күні бойына контрацепцияның бөгеттік әдісін қосымша пайдалану қажет. Алайда, егер жыныстық қатынас орын алса, Диане 35 препаратын қабылдауды бастағанға дейін жүктіліктің бар-жоғын анықтау немесе алғашқы етеккірді күту керек.

Қолдану ұзақтығы

Ауру симптомдары жеңілдегенге дейінгі уақыт кемінде үш айды құрайды. Емдеуші дәрігер емдеуді жалғастыру қажеттілігін анықтау үшін жүйелі түрде тексеру жүргізуі тиіс.

Диане 35 препаратын қабылдау ұзақтығы андрогенизация симптомдарының ауырлығы мен емдеудегі жауапқа байланысты анықталады. Акне мен себорея кезінде жауап гирсутизмдегіге қарағанда жылдамырақ басталады. Симптомдардың айқындығы азайғаннан кейін, Диане 35 препаратын кемінде тағы 3 немесе 4 цикл бойына қабылдау ұсынылады.

1. акне немесе себореяның ауыр түрлерін кемінде алты ай бойы, немесе

2. гирсутизмді кемінде 12 ай бойы емдеудің әсері болмаған немесе емге жауап жеткіліксіз болған жағдайда:

Диане 35 препараты мен Андрокур (10 мг немесе 50 мг) таблеткаларын біріктіріп қолдану мүмкіндігін қарастыру керек: немесе емді қайта қарастырған дұрыс.

Андрогенизация симптомдары әлсіреген, ал контрацепция қажеттілігі жалғасып жатқан кезде, төмен дозалы оральді контрацептивке көшкен дұрыс. Андрогендік симптомдар қайталанған жағдайда, Диане 35 препаратын қабылдауды қайта бастауға болады, бұл кезде (препаратты қабылдаулар арасындағы 4 апта немесе одан да ұзақ уақыт үзілістен кейін) вена тромбоэмболиясының даму қаупінің жоғарылығын ескеру керек.

Артық дозаланған жағдайдағы қажетті шаралар

Адамдарда артық дозаланғаны жөнінде мәліметтер жоқ. Біріктірілген оральді контрацептивтер бойынша жалпы ақпараттың негізінде, болуы мүмкін симптомдарына мыналар кіруі мүмкін: жүрек айнуы, құсу және тоқтату қан кетуі. Тоқтату қан кетуі, егер олар препаратты абайсызда қабылдап қойса, менархе басталғанға дейінгі қыз балаларда да болуы мүмкін. Антидоты жоқ; симптоматикалық ем жүргізу керек.

Дәрілік заттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алған жағдайдағы қажетті шаралар

Дражені қабылдауды өткізіп алған жағдайдағы әрекеттер

Егер әйел дражені әдеттегі уақытында қабылдауды ұмытып кетсе, дражені 12 сағат ішінде қабылдауы керек; контрацептивтік қорғаныс төмендемейді. Келесі дражелер әдеттегі уақытында қабылданады.

Егер дражені қабылдаудағы кешігу 12 сағаттан артықты құраса, контрацептивтік қорғаныс төмендеуі мүмкін. Бұл кезде келесі екі негізгі ережені басшылыққа алу керек:

Дражені қабылдауды ешқашан 7 күннен артық уақытқа үзуге болмайды.

Контрацептивтік қорғаныс талапқа сай болуы, яғни, гипоталамус-гипофиз-аналық без жүйесі бәсеңдеуі үшін, дражені үздіксіз 7 күн бойы қабылдау қажет.

Дағдылы тәжірибеге сәйкес, келесілерді ұсынуға болады:

препаратты қабылдаудың алғашқы аптасы

Әйел соңғы өткізіп алған дражені барынша тезірек – есіне түскен бойда қабылдауы тиіс (тіпті егер бұл, екі дражені бір мезгілде қабылдауды білдірсе де). Келесі дражені әдеттегі уақытында қабылдайды. Келесі 7 күн бойына контрацепцияның бөгеттік әдісін (мысалы, мүшеқапты) қосымша пайдалану керек. Егер жыныстық қатынастар дражені өткізіп алар алдындағы аптаның ішінде орын алса, жүктіліктің басталу ықтималдығын ескеру қажет.

Қаншалықты көп драже өткізіліп алса, және олар белсенді заттарын қабылдаудағы үзіліске қаншалықты жақын болса, жүктілік ықтималдығы соғұрлым жоғары.

препаратты қабылдаудың екінші аптасы

Әйел өткізіліп алған соңғы дражені барынша тезірек – есіне түскен бойда қабылдауы тиіс (тіпті егер бұл, екі дражені бір мезгілде қабылдауды білдірсе де). Келесі дражені әдеттегі уақытында қабылдайды.

Өткізіліп алған алғашқы драженің алдындағы 7 күн бойына дражелерді дұрыс қабылдаған жағдайда, қосымша контрацептивтік шаралар қажет емес. Керісінше жағдайда, сондай-ақ, екі немесе одан да көп драже өткізіліп алса, 7 күн бойы контрацепцияның қосымша бөгеттік әдістерін (мысалы, мүшеқапты) пайдалану қажет.

препаратты қабылдаудың үшінші аптасы

Дражелерді қабылдаудағы 7 күндік үзіліс таяп қалғандықтан, контрацепция сенімділігінің төмендеу қаупі зор. Екінші жағынан, дражелерді қабылдау кестесін түзету арқылы, контрацептивтік әсерін төмендеуінің алдын алуға болады. Екі шараның біреуі сақталса, алдыңғы 7 күн ішінде дражелер дұрыс қабылданған жағдайда, қосымша контрацепция шаралары қажет емес. Керісінше жағдайда, әйелге 1 нөмірмен сипатталған шараларды орындау және алдағы 7 күн бойына қосымша бөгеттік әдістерді пайдалану керек болады.

Әйел өткізіліп алған соңғы дражені барынша тезірек, тіпті егер бұл, екі дражені бір мезгілде қабылдауды білдірсе де қабылдауы тиіс. Келесі дражені әдеттегі уақытында қабылдайды. Келесі қаптамасын ағымдағы қаптамасы аяқталған бойда бірден, яғни, екі қаптама арасындағы үзіліссіз бастау керек. Екінші қаптамасы аяқталмайынша, тоқтату қан кетуінің ықтималдығы аз, алайда, дражелерді қабылдау аясында жұғынды бөліністер немесе лақылдап қан кетулер байқалуы мүмкін.

Сонымен қатар, ағымдағы қаптамадағы дражелерді қабылдауды драже өткізіліп алған күндерді қоса, алдағы 7 күндік үзіліспен тоқтатуды ұсынуға болады. Содан соң, жаңа қаптаманы қабылдау басталуы тиіс.

Егер әйел дражені қабылдауды өткізіп алса, және содан соң, дражені қабылдаудағы үзіліс кезінде әйелде тоқтату қан кетуі болмаса, жүктіліктің бар-жоқтығын анықтау қажет.

Тоқтату қан кетуінің болмауы

Тоқтату қан кетуі болмаған жағдайда, препаратты қабылдауды жүктіліктің бар-жоғы анықталғанша тоқтата тұру керек.

Етеккіраралық қан кету жағдайындағы әрекеттер

Етеккір аралық қан кету жағдайында Диане 35 препаратын қабылдауды міндетті түрде жалғастыру қажет. Аздаған қан жағындылары әдетте, өздігінен тыйылады немесе қарқындылығы етеккірлік (лақылдап) қан кету сияқты – 25 – 50 мкг этинилэстрадиолды бір мезгілде қабылдағаннан кейін 4-5 күнге созылады (бірақ, Диане 35 қаптамасындағы соңғы драже қабылданғаннан кейін кешікпейді).

Егер лақылдап қан кету тыйылмаса немесе қайталанса, қырнап тазалауды пайдалануды қоса, органикалық себебінің бар-жоқтығын анықтау қажет.

Жоғарыда айтылғандар бірнеше цикл қатарынан жүйесіз орын алған немесе Диане 35 препаратын ұзақ уақыт қабылдаудан кейін алғаш болып тұрған қан жұғындыларына да қатысты. Мұндай жағдайларда, қан кету әдетте, дәрілік препараттың әсерінің емес, органикалық өзгерістердің салдары болып табылады.

Құсу немесе ауыр диарея жағдайындағы әрекеттер

Құсу немесе ауыр диарея препараттың белсенді заттарының толық сіңірілмеуіне алып келуі мүмкін. Бұл жағдайда, қосымша гормоналдық емес контрацепция шараларын (ырғақты немесе температураны бақылау әдістерінен басқа) пайдалану керек. Егер құсу немесе ауыр диарея дражені қабылдағаннан кейінгі 3-4 сағат ішінде туындаса, дражені өткізіп алғандағыдай әрекет ету қажет. Егер әйел, препаратты қабылдаудың қалыпты режимін өзгерткісі келмесе, ол басқа қаптамадағы дражені (немесе бірнеше дражені) қабылдауы тиіс.

Бауыр

Вирустық гепатит жағдайында (бауыр функциясының көрсеткіштері нормаға қайта келген кезде), Диане 35 сияқты препараттарды қабылдауды алты айдан кейін бастау керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөніндегі нұсқаулар

Осы дәріні пайдалану бойынша қандай да бір қосымша сұрақтар туындаған кезде дәрігерге жолығу қажет.

Шығарылу түрі

21 дражеден поливинилхлорид үлбір мен баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

1 пішінді қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Павлодар қаласындағы «Диана-35 драже №21» бағасының өзгеру диаграммасы

0700140021002800350018-0223-0228-0205-0310-0315-0320-0325-0330-034-049-0414-0419-0424-0429-044-059-0514-0519-0524-0529-053-068-0613-0618-0623-0628-063-078-0713-0718-07
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыДиана-35 драже №21 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
3285

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 202

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Павлодаре:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

3487

3285

202

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашабойынша дәріханалардағы бағаларды салыстыруНұсқаулықСатып алу мәліметтеріПавлодар қаласындағы «Диана-35 драже №21» бағасының өзгеру диаграммасы

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube