Қолдану көрсеткіштері
жыныстық жолмен берілетін (хламидиоз, уреаплазмоз, трихомониаз, соз, мерез, генитальді герпес және т.б.) инфекциялардың профилактикасы үшін – жыныстық қатынастан кейін екі сағаттан кешіктірмей қолдану керек
акушерлік-гинекологияда инфекциялық-қабыну асқынуларының профилактикасы үшін (гинекологиялық ауруларды операциялық емдеудің алдында, босанудың және жасанды аборттың алдында, жатырішілік спиральді (ЖІС) қойғанға дейін және кейін, жатыр мойынын диатермокоагуляциялағанға дейін және кейін, жатыр ішін тексеру алдында)
бактериялық вагинозды, кольпиттерді (оның ішінде спецификалық емес, аралас, трихомонадты), жатыр мойыны эрозиясын, вульва қышынуын, оның ішінде жүктілік және лактация кезеңінде емдеу үшін