daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Павлодаре қаласындағы Нолакс Таблеткалары 25/25мг №20 | Лаборатория Бэйли-Креат

Павлодаре қаласындағы Нолакс Таблеткалары 25/25мг №20 | Лаборатория Бэйли-Креат

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Қызыл сары түсті қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде «NOLX» өрнегі бар және басқа жақ беті тегіс дөңгелек таблеткалар.

Өндіруші:

Лаборатория Бэйли-Креат

Өндіруші ел:

Турция

Белсенді заттың дозасы:

25/25мг

Қаптамадағы саны:

20 шт.

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

Белсенді заттар: 25 мг спиронолактон, 25 мг гидрохлортиазид,

Қосымша заттар: жүгері крахмалы, лактоза , микрокристалды целлюлоза, повидон (К30), натрий крахмалгликоляты, магний стеараты.

Қабықтың құрамы: гипромеллоза (Е15), титанның қостотығы (Е171), сансет сары лагы (Е110), тальк, пропиленгликоль.

Қолдану көрсеткіштері

Нолаксен мыналарды емдеу үшін қолданылады:

- генезі әртүрлі ісіну синдромы:

- жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігінде (басқа дәрілік заттармен емдеуге ішінара ғана жауап беретін немесе оларға жағымсыздық дамитын пациенттерде ісінуді және организмдегі натрийдің шамадан тыс мөлшерін жою үшін; жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі бар пациенттерде диуретиктердің әсерінен туындаған гипокалиемияны жою үшін басқа дәрілік заттарды пайдалану мақсатқа сай емес болған кезде; жүрек гликозидтерін қабылдап жүрген, жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде, басқа дәрілік заттардың тиімділігі жеткіліксіз немесе оларды қолдану мақсатқа сай емес болған кезде);

- ісінумен және/немесе асцитпен қатар жүретін бауыр циррозында (осы жағдайда қан плазмасындағы альдостерон деңгейі едәуір жоғарылауы мүмкін; Нолаксенмен демеуші еммен қатар пациенттерге төсектік режим және сұйықтық пен натрийді пайдалануды шектеу көрсетілген);

- нефроздық синдромда (глюкокортикоидтармен немесе басқа диуретиктермен емдеуге жауап бермейтін, нефроздық синдромы бар пациенттерде). Спиронолактон мен гидрохлортиазид біріктірілімі негізгі патологиялық үдеріске ықпалын тигізбейді.

- артериялық (эссенциальді) гипертензияда (эссенциальді гипертензиясы бар пациенттерде басқа дәрілік заттарды пайдаланудың тиімділігі жеткіліксіз немесе оларды пайдалану мақсатқа сай емес болған кезде); гипертензиясы бар пациенттерде диуретиктердің әсерінен туындаған гипокалиемияны жою үшін, басқа дәрілік заттарды қолдану мақсатқа сай емес болған кезде.

Қарсы көрсеткіштер

- спиронолактонға, тиазидті туындыларға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- сульфонамид туындыларына аллергиялық реакциялар

- анурия

- жедел гломерулонефрит

- Аддисон ауруы

- бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылулары (шумақтық сүзілу жылдамдығы (ШСЖ) <30 мл/мин/1,73 м2)

- гиперкалиемия

- гиперкальциемия

- ауыр гипонатриемия

- жүктілік кезеңі

- лактация кезеңі

- эплеренонмен бірге қолдану

- гепаринмен, төмен молекулалы гепариндермен бірге қолдану

- бауырдың ауыр немесе үдемелі аурулары

- симптоматикалық гиперурикемия (подагра)

- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге (таблетка қабығының құрамында балалар үшін тыйым салынған бояғыш заттардың болуымен байланысты).

Өзара әрекеттесуі

Алкоголь, барбитураттар және есірткілік заттар

Ортостатикалық гипотензия алкогольді, барбитураттарды және есірткілік заттарды қабылдау аясында күшеюі мүмкін. Алкогольді, барбитураттарды және есірткілік заттарды, әсіресе Нолаксенмен емдеудің бастапқы кезеңінде, пайдалануға жол бермеу керек.

Амфотерицин В

Амфотерицин В тиазидтік диуретиктерді қабылдаумен жүзеге асатын гипокалиемияның даму қаупін арттырады. Нолаксенмен бірге қолданғанда қан плазмасындағы калий концентрациясын бақылау керек.

Диабетке қарсы дәрілер (мысалы, инсулин және пероральді гипогликемиялық дәрілер)

Тиазидтік диуретиктерді қабылдау қан плазмасында глюкоза концентрациясының өзгеруіне әкелуі мүмкін. Тиазидтік диуретиктерді пайдалану себепші болуы мүмкін калий концентрациясының қан плазмасындағы төмендеуі, глюкозаның шеткері тіндермен утилизациясының төмендеуіне әкеледі. Диабеті бар пациенттерде инсулиннің және пероральді гипогликемиялық препараттардың дозаларын арттыру жағына да, сонымен қатар азайту жағына да түзету қажеттілігі туындауы мүмкін. Спиронолактон мен гидрохлортиазид біріктірілімін глибенкламидпен бір мезгілде қолдағанда мультиформалы эритеманың даму жағдайлары білінді.

Пациенттерде жасырын өтетін қант диабеті гипергликемияның және глюкозурияның дамуымен көрініс беруі мүмкін.

Қажет болған кезде қан плазмасындағы глюкоза деңгейін бақылау, қан плазмасында оның деңгейін қалыпты мәндер шегінде сақтау үшін құрамында калий бар препараттарды пайдалану, сондай-ақ диабетке қарсы препараттардың дозасын оларды Нолаксенмен бір мезгілде қолданғанда бақылау керек.

Циклофосфамидті және метотрексатты қоса, ісікке қарсы препараттар

Тиазидтік диуретиктер цитоуыттық препараттардың бүйректік экскрециясын төмендетуі және олардың миелосупрессиялық әсерін күшейтуі мүмкін. Цитоуыттық препараттардың дозаларын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Нолаксенді ісікке қарсы препараттармен бірге қабылдап жүрген пациенттерде қанды жалпы талдау нәтижелеріне мұқият мониторинг қажет.

Антипирин

Спиронолактон антипириннің метаболизмін күшейтеді.

Аторвастатин + фуросемид + ацетилсалицил қышқылы

Спиронолактон мен гидрохлортиазид біріктірілімімен бір мезгілде қолданғанда гепатит, панкреатит және өліммен аяқталу жағдайлары білінді.

Өт қышқылдарының секвестранттары (мысалы, колестирамин, колестипол және аммоний хлориді)

Өт қышқылдарының секвестранттары ішекте тиазидтік диуретиктермен байланысады және олардың асқазан-ішек жолындағы абсорбциясын 43-85%-ға төмендетеді. Өт қышқылдарының секвестранттарын қабылдағаннан кейін 4 сағаттан соң гидрохлортиазидті қолданғанда оның абсорбциясы 30-35%-ға төмендейді.

Спиронолактонды аммоний хлоридімен немесе колестираминмен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде гиперкалиемиямен жиі қатар жүретін гиперхлоремиялық метаболиздік ацидоз жағдайлары тіркелді.

Өт қышқылдарының секвестранттарын қабылдаудан 2-4 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін 6 сағаттан соң тиазидтік диуретиктерді қабылдау керек. Қабылдаудың бірізділігін қатаң сақтау қажет. Қажет болған кезде тиазидтік диуретиктің дозасын арттыру, сондай-ақ артериялық қысымды бақылау керек.

Құрамында кальций және D дәрумені бар препараттар

Тиазидтік диуретиктер кальцийдің бүйректік экскрециясын төмендетеді және сүйек кемігінен кальцийдің шығарылуына мүмкіндік береді. Дозаны төмендету немесе кальций және/немесе D дәрумені препараттарын қабылдауды тоқтату қажет етілуі мүмкін.

Қан плазмасындағы, әсіресе құрамында жоғары дозалардағы кальций бар препараттарды Нолаксенмен бірге қолдағанда, кальций деңгейін бақылау керек.

Карбамазепин

Карбамазепин клиникалық тұрғыдан маңызды гипонатриемияны туындатуы мүмкін. Тиазидтік диуретиктермен бір мезгілде қабылдау гипонатриемияны күшейтуі мүмкін. Карбамазепинді Нолаксенмен бірге қолданғанда қан плазмасында натрий концентрациясын бақылау және бірге қолданған кезде сақтық таныту керек.

Глюкокортикоидтар және АКТГ

Глюкокортикоидтарды немесе АКТГ-ні спиронолактон мен гидрохлортиазид біріктірілімімен бірге тағайындағанда қан плазмасындағы әртүрлі иондардың, атап айтқанда, калий иондары деңгейлерінің төмендеуі байқалуы мүмкін. Осыған байланысты қан плазмасында калий концентрациясын бақылау және қажет болғанда бірге тағайындалатын препараттардың дозалану режимдерін түзету керек.

Дигоксин

Спиронолактон дигоксиннің жартылай шығарылу кезеңін арттыруы мүмкін екендігі анықталды. Бұл қан плазмасында дигоксин деңгейінің жоғарылауына, кейіннен оның уытты әсерлерінің дамуына әкелуі мүмкін. Дәрілік заттардың ықтимал өзара әрекеттесуінің екі механизмі бар: спиронолактон және оның метаболиттері қан плазмасында дигоксин концентрациясын анықтағанда радиоиммундық талдау нәтижелерін өзгертуге, сондай-ақ оның фармакокинетикалық параметрлерін өзгертуге қабілетті. Жоғарыда аталған үдерістер қан плазмасындағы дигоксин деңгейін анықтауға қатысты зерттеу нәтижелерінің интерпретациясын қиындатуы мүмкін.

Тиазидтік диуретиктерді қабылаудан туындаған электролиттік теңгерімнің, мысалы, гипокалиемия және гипомагниемия сияқты бұзылулары дигоксиннің уытты әсерлерінің туындау қаупін арттырады, бұл ауыр, соның ішінде өліммен аяқталатын аритмиялардың дамуымен қатар жүруі мүмкін.

Дигоксинді Нолаксенмен бірге қолданғанда препараттардың демеуші дозаларын түзету талап етілуі мүмкін. Пациенттерде дигоксиннің уытты әсерлеріне, сондай-ақ оны тиімді емес дозаларда пайдалану жағдайларына жол бермеу үшін қан плазмасындағы электролиттердің және дигоксиннің деңгейлерін мұқият бақылау қажет. Қажет болғанда құрамында калий бар препараттарды пайдалану керек.

Диуретиктер және гипертензияға қарсы дәрілер

Гидрохлортиазид гипертензияға қарсы басқа препараттардың (мысалы, гуанетидиннің, метилдопаның, бета-блокаторлардың, вазодилататорлардың, кальций өзектері блокаторларының, АӨФт, ангиотензин II антагонистерінің, рениннің тікелей тежегіштерінің) әсерлерін күшейтуі мүмкін.

Спиронолактонды АӨФт, ҚҚСД, ангиотензин II антагонистерімен және альдостерон антагонистерімен бірге қолданғанда гиперкалиемия дамуы мүмкін.

Нолаксенді гипертензияға қарсы дәрілермен бірге қолданғанда препараттардың дозаларын төмендету ұсынылады. Атап айтқанда, ганглиоблокаторлардың дозасын емдеу сызбасына спиронолактон және гидрохлортиазид біріктірілімін қосқан кезде кем дегенде 50%-ға төмендету керек.

Гиперкалиемияның дамуына мүмкіндік беретін препараттар

Спиронолактонды гиперкалиемияның дамуына мүмкіндік беретін препараттармен бір мезгілде қолдану ауыр гиперкалиемияның туындауымен қатар жүруі мүмкін.

АІЖ моторикасына ықпал ететін препараттар, яғни атропин сияқты антихолинергиялық препараттар, және метоклопрамид, домперидон сияқты прокинетикалық препараттар

Тиазидтік диуретиктердің биожетімділігі асқазан-ішек жолы моторикасының және асқазанның босау жылдамдығының төмендеуі салдарынан антихолинергиялық дәрілердің ықпал етуімен жоғарылауы мүмкін. Прокинетикалық препараттар, керісінше, тиазидтік диуретиктердің биожетімділігін төмендетуі мүмкін. АІЖ моторикасына ықпал ететін препараттармен бірге қолданғанда гидрохлортиазидтің дозаларын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Эплеренон

Нолаксенді альдостерон антагонистерімен бірге қолданғанда ауыр гиперкалиемия дамуы мүмкін.

Подаграға қарсы дәрілер (аллопуринол, урикозуриялық препараттар, ксантиноксидаза тежегіштері)

Аллопуринолды және пробенецидті қабылдаған кезде тиазидтік диуретиктерді пайдаланудан қан плазмасында несеп қышқылы деңгейлерінің жоғарылау аясында подагра ұстамасы дамуы мүмкін. Гидрохлортиазидті және аллопуринолды бір мезгілде қолдану аллопуринолға аса жоғары сезімталдық реакциялардың туындау жиілігін арттыруы мүмкін. Нолаксенмен бірге қолданғанда подаграға қарсы дәрілердің дозаларын түзету қажет болуы мүмкін.

Гепарин, төмен молекулалы гепариндер

Спиронолактонды гепаринмен немесе төмен молекулалы гепариндермен бір мезгілде қолдану ауыр гиперкалиемияның дамуымен қатар жүруі мүмкін.

Құрамында литий бар препараттар

Тиазидтік диуретиктер литийдің бүйректік клиренсін төмендетеді және оның уытты әсерлерінің даму қаупін арттырады. Литий препараттарын және спиронолактон мен гидрохлортиазид біріктірілімін бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі, кейде өліммен аяқталу жағдайлары байқалды. Нолаксенді литий препараттарымен бірге пайдалану, әдеттегідей, ұсынылмайды. Егер ол емдеу үшін қажетті жағдай болып табылса, литий препараттарының дозасын 50%-ға төмендету және қан плазмасындағы литий концентрациясын мұқият бақылау керек.

Норэпинефрин

Гидрохлортиазид те, және спиронолактон да норэпинефринге қантамырлардың сезімталдығын төмендетеді. Нолаксен қабылдап жүрген пациенттерде аумақтық және жалпы анестезия жүргізген кезде сақтық таныту қажет. Жоспарлы хирургиялық араласымдар жүргізген кезде оны қабылдауды тоқтату мүмкіндігін де қарастыру керек.

ҚҚСД

Ацетилсалицил қышқылы, мефенам қышқылы және индометацин сияқты ҚҚСД бүйректерде простагландиндер синтезінің тежелуі салдарынан диуретиктердің натрийурездік әсерін әлсіретуі мүмкін екендігі анықталды.

Индометациннің калий сақтаушы диуретиктермен біріктірілімін қолданған кезде гиперкалиемия дамуы мүмкін.

ҚҚСД қабылдауынан организмде натрийдің және судың іркілуі тиазидтік диуретиктердің диурездік және гипертензияға қарсы әсерін төмендетеді.

ҚҚСД қабылдаған кезде бүйректерде простагландиндер синтезінің тежелуінен бүйректің қан ағынының төмендеуі, сондай-ақ тиазидтік диуретиктерден шумақтық сүзілу жылдамдығының төмендеуі бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігінің дамуына себеп болуы мүмкін, мұндайда жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін аса жоғары қауіп тән.

Дегенмен, артериялық гипертензиясы бар пациенттерде ацетилсалицил қышқылының артериялық қысымға, электролиттердің және қандағы мочевина азотының деңгейлеріне, сондай-ақ қан плазмасындағы рениннің белсенділігіне қатысты спиронолактонның әсерлеріне ықпалын тигізбейтіні анықталды.

ҚҚСД-ні Нолаксенмен бірге пайдаланғанда бүйрек функциясын, қан плазмасындағы калий концентрациясын және артериялық қысымды мұқият бақылау керек, препараттардың дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Серотонинді кері қармап қалатын селективті тежегіштері (СКҚСТ, мысалы, циталопрам, эсциталопрам, сертралин)

СКҚСТ-ті тиазидтік диуретиктермен бір мезгілде қолдану гипонатриемияның күшеюіне әкелуі мүмкін. Қан плазмасындағы натрий концентрациясын бақылау және Нолаксенді СКҚСТ-пен бірге сақтықпен қолдану қажет.

Кураре тәріздес топқа жататын шеткері әсер беретін миорелаксанттар, мысалы, тубокурарин

Тиазидтік диуретиктер кураре тәріздес дәрілер сияқты шеткері әсер беретін кейбір миорелаксанттарға қаңқа бұлшықеттерінің сезімталдығын арттыруы мүмкін.

Топирамат

Тиазидтік диуретиктер қан плазмасында топираматтың концентрациясын арттыруы мүмкін. Гипокалиемия дамуы мүмкін. Нолаксенмен бірге қолданған кезде қан плазмасындағы калий және топирамат концентрациясын бақылау, ал қажет болғанда құрамында калий бар препараттарды пайдалану, және топираматтың дозасын түзету керек.

Тамақпен өзара әрекеттесуі

Тамақпен бір мезгілде ішу спиронолактонның да, сонымен қатар оның белсенді метаболиті канренонның да қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясының (Cmax) және концентрация-уақыт қисығы астындағы ауданының (AUC) орташа мәндерінің артуына мүмкіндік беретіні анықталды. Нолаксенді тамақпен бірге қабылдап жүрген пациенттердің жағдайларына, мысалы, калий деңгейлерінің жоғарылау белгілерінің, және әсіресе егде жастағы пациенттерде, бүйрек және бауыр функциялары бұзылған пациенттерде, жүктілік және лактация кезеңіндегі әйелдерде қан плазмасында препарат компоненттері концентрацияларының жоғарылауы себепші болуы мүмкін басқа да ауыр симптомдардың бар-жоқтығына мониторинг жүргізу керек.

Зертханалық және диагностикалық тестілердің нәтижелеріне ықпалы

Қалқанша без жанындағы без функциясына зерттеу жүргізер алдында диуретиктер қабылдауды тоқтату керек. Тиазидтік диуретиктер қан плазмасында, қалқанша без функциясының бұзылу белгілерінсіз, ақуыздармен байланысты йод фракциясын төмендетуі мүмкін. Гидрохлортиазидтің 24 сағат ішінде 131I қармап қалу жылдамдығын арттыруға және қалқанша бездің қалдық тіндеріндегі қалып қойған 131I мөлшерін ұлғайтуға қабілетті екендігі көрсетілді.

Қан плазмасындағы дигоксиннің концентрациясын анықтаған кезде радиоиммундық талдау нәтижелерін өзгертуге спиронолактонның және оның метаболиттерінің қабілетті туралы хабарланды. Дигоксинді қабылдағаннан кейін спиронолактон концентрациясының жоғарылайтындығы анықталды. Сондай-ақ қан плазмасында дигоксин деңгейінің, оны спиронолактонмен бірге қолданғанда, жоғарылағаны білінеді. Сондықтан Нолаксенді дигоксинмен біріктіріп тағайындағанда препараттардың дозаларын дер кезінде түзету және пациенттердің жағдайын мұқият бақылауды жүзеге асыру қажет.

Шығарылу түрі

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты 2 қаптама медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладынолакс таблеткалары 25/25мг №20 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
5.00/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
4 бағалау
1
star
0
2
star
0
3
star
0
4
star
0
5
star
4
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
20 Апреля 2023
Достоинства: Отличное средство, папе помогло уменьшить давление.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
19 Октября 2022
Комментарий: Спасибо за оперативность. Нам препарат назначил врач-невролог. Принимаем его уже 2 недели и он нам нравится.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
14 Сентября 2022
Достоинства: Все прекрасно!
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
19 Апреля 2022
Достоинства: Отличное противоотечное средство.

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube