daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Павлодаре қаласындағы 0,75 Мг Таблетка Постиноры №2 | Гедеон Рихтер ОАО

Павлодаре қаласындағы 0,75 Мг Таблетка Постиноры №2 | Гедеон Рихтер ОАО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, беті жайпақ, ақ немесе ақ дерлік түсті, сызығы бар, бір бетінде «INOR•» таңбаланған таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Левоноргестрел

Өндіруші:

Гедеон Рихтер ОАО

Өндіруші ел:

Венгрия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, картоп крахмалы, магний стеараты, тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек пішінді, беті жайпақ, ақ немесе ақ дерлік түсті, сызығы бар, бір бетінде «INOR•» таңбаланған таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

0,75 мг

Дәрілік түрі:

Таблеткалар, 0,75 мг

Қаптамадағы саны:

2 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат – левоноргестрел 0,75 мг;

қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, картоп крахмалы, магний стеараты, тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, беті жайпақ, ақ немесе ақ дерлік түсті, сызығы бар, бір бетінде «INOR•» таңбаланған таблеткалар.

Қолдану көрсеткіштері

Қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін 72 сағаттың ішінде немесе қолданылған контрацепция әдісі сенімсіз болғанда шұғыл контрацепцияда.

Қарсы көрсеткіштер

левоноргестрелге немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, толық лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Шұғыл контрацепция эпизодтық түрде қолдануға арналған. Ол ешбір жағдайда тұрақты контрацепция әдісін ауыстыруға тиіс емес.

Шұғыл контрацепция әрдайым жүкті болудың алдын ала бермейді.

Егер қорғалмаған жыныстық қатынас уақытына қатысты күмән болса, немесе әйелде қорғалмаған қатынас осы етеккір оралымының ішінде 72 сағаттан астам уақыт бұрын орын алса, онда аналық жасушаның ұрықтануы жүзеге асып қойған болуы ықтимал. Сондықтан, екінші жыныстық қатынастан кейін Постинор препаратын қолдану жүктіліктің алдын алуға қатысты тиімді болмауы мүмкін. Етеккір 5 күннен аса кешіксе, сондай-ақ етеккір күтілетін күндері әдеттегіден тыс қан кету орын алса немесе әлдебір басқа себептерден жүкті болуға қатысты күдік бар болса, жүктіліктің жоқ екеніне көз жеткізу қажет.

Егер жүктілік Постинор препаратын қабылдағаннан кейін басталса, эктопиялық (жатырдан тыс) жүктіліктің ықтималдығын қарастыру керек. Жатырдан тыс жүктіліктің абсолютті қаупі төмен болатыны анық, себебі левоноргестрел овуляцияны және ұрықтануды басады. Жатырдан қан кетудің пайда болуына қарамастан, эктопиялық жүктілік дамуы мүмкін. Осыған байланысты, эктопиялық жүктіліктің даму қаупі бар (анамнезінде сальпингит немесе эктопиялық жүктілік болса) әйелдерде левоноргестрелді үлкен сақтықпен қолданған жөн.

Постинорды бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар әйелдерге қолдану ұсынылмайды. Мальабсорбцияның ауыр синдромдары, мысалы, Крон ауруы Постинор препаратының тиімділігін азайтуы мүмкін. Мұндай аурулардан зардап шегетін әйелдер шұғыл контрацепция жүргізу қажет болғанда дәрігерге қаралуы тиіс.

Постинор препаратын қабылдағаннан кейін етеккір әдетте қалыпты өтіп, күтілген мерзімінде келеді. Кейбір жағдайларда етеккір күтілген күнінен бірнеше күн бұрын немесе кейін басталуы мүмкін.

Әйелдерге тұрақты контрацепция әдісін бастау немесе таңдап алу үшін, дәрігердің қабылдауына жазылуды ұсыну қажет. Егер Постинор препараты тұрақты гормональді контрацепция аясында қолданылған болса, бірақ контрацепция қабылдаудағы келесі үзіліс кезеңінде күтілген «тоқтату» қан кетуі орын алмаса, жүкті емес екенін анықтау қажет.

Оралымның бұзылуы мүмкін болғандықтан, етеккірдің бір оралымы ішінде препаратты қайталап қабылдау ұсынылмайды.

Дене салмағы немесе дене салмағының индексі (ДСИ) артқан кезде Постинор препаратының контрацептивтік тиімділігі төмендеуі мүмкін екені туралы одан әрі растауды талап ететін шектеулі деректер бар. Барлық әйелдер дене салмағына немесе ДСИ қарамастан, қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін шұғыл контрацепция дәрілерін мүмкіндігінше ертерек қабылдауға тиіс.

Постинор тұрақты контрацепция әдісі ретінде тиімсіз және шұғыл шара ретінде ғана пайдалануға болады. Шұғыл контрацепцияны бірнеше рет қолданатын әйелдерге жоспарлы контрацепция әдістерін қолдануды ұсыну керек.

Шұғыл контрацепцияны қолдану жыныстық жолмен берілетін аурулардан қорғаумен байланысты қажетті сақтық шараларын алмастырмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Бауыр ферменттерінің индуктор-препараттарын, ең алдымен CYP3A4 ферментінің индукторларын бір мезгілде қолданған кезде левоноргестрелдің метаболизмі жылдамдайды. Эфавирензді бір мезгілде қолданған кезде левоноргестрелдің қан плазмасындағы мөлшері (AUC) шамамен 50 %-ға төмендейді.

Бауыр ферменттерінің келесі индуктор-препараттары левоноргестрелдің қан плазмасындағы мөлшерін азайтуы мүмкін: барбитураттар (примидонды қоса), фенитоин, карбамазепин, құрамында шілтерлі шайқурай (Hypericum perforatum) бар өсімдік препараттары, рифампицин, ритонавир, рифабутин және гризеофульвин.

Соңғы 4 аптаның ішінде микросомалық бауыр ферменттерінің индукторларына жататын препараттарды қабылдаған әйелдерге, шұғыл контрацепция қажет болған кезде шұғыл контрацепцияның гормональді емес әдістерін (мысалы, құрамында мыс бар жатырішілік спираль (ЖІС)) пайдалану ұсынылады. Құрамында мыс бар ЖІС пайдалана алмайтын немесе қаламайтын әйелдер балама ретінде левоноргестрелдің екі есе дозасын (яғни, қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін 72 сағаттың ішінде 3000 мкг) қабылдауына болады, әйтсе де бұл нақты біріктірілім (ферменттердің индукторын бір мезгілде қабылдау аясында левоноргестрелдің екі есе дозасы) зерттелген жоқ.

Құрамында левоноргестрел бар препараттар циклоспориннің метаболизмін тежеу мүмкіндігі салдарынан оның уыттылық қаупін жоғарылатуы мүмкін.

Арнайы сақтандырулар

Балалар

Препубертатты жастағы балаларда Постинор препаратын шұғыл контрацепция үшін қолдану көрсетілімі жоқ.

Қосымша заттар

Постинор препаратының құрамында лактоза моногидраты бар. Бұл препаратты галактоза жақпаушылығы, толық лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер қабылдамауы керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Постинорды жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Препарат жүктілікті тоқтатуға әкеліп соқпайды.

Шектеулі эпидемиологиялық деректер жүктіліктің жалғасуы кезінде шаранаға қолайсыз ықпалы жоқ екенін көрсетеді, бірақ левоноргестрелді 1,5 мг-ден асатын дозада қабылдаудың ықтимал салдарларына қатысты қандай да бір клиникалық деректер жоқ.

Емшек емізу

Левоноргестрел емшек сүтіне өтеді. Егер бала емізуші әйел емізуден кейін таблетканы дереу қабылдаса және Постинор препаратын қабылдаудан кейін кем дегенде 8 сағат бойы емшек емізуден бас тартса, левоноргестрелдің балаға тигізуі мүмкін әсері азаюы ықтимал.

Фертильділік

Левоноргестрел оралымның бұзылуының даму қаупін арттырады, бұл кейбір жағдайларда біршама ерте немесе біршама кеш овуляцияға әкелуі мүмкін. Бұл өзгерістер фертильділікке ықпал етуі мүмкін, алайда ұзақ қолдану кезінде фертильділікке ықпалы туралы деректер жоқ.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпалы зерттелген жоқ.

Арнайы нұсқаулар

Балалар

Препубертатты жастағы балаларда Постинор препаратын шұғыл контрацепция үшін қолдану көрсетілімі жоқ.

Қосымша заттар

Постинор препаратының құрамында лактоза моногидраты бар. Бұл препаратты галактоза жақпаушылығы, толық лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер қабылдамауы керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Постинорды жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Препарат жүктілікті тоқтатуға әкеліп соқпайды.

Шектеулі эпидемиологиялық деректер жүктіліктің жалғасуы кезінде шаранаға қолайсыз ықпалы жоқ екенін көрсетеді, бірақ левоноргестрелді 1,5 мг-ден асатын дозада қабылдаудың ықтимал салдарларына қатысты қандай да бір клиникалық деректер жоқ.

Емшек емізу

Левоноргестрел емшек сүтіне өтеді. Егер бала емізуші әйел емізуден кейін таблетканы дереу қабылдаса және Постинор препаратын қабылдаудан кейін кем дегенде 8 сағат бойы емшек емізуден бас тартса, левоноргестрелдің балаға тигізуі мүмкін әсері азаюы ықтимал.

Фертильділік

Левоноргестрел оралымның бұзылуының даму қаупін арттырады, бұл кейбір жағдайларда біршама ерте немесе біршама кеш овуляцияға әкелуі мүмкін. Бұл өзгерістер фертильділікке ықпал етуі мүмкін, алайда ұзақ қолдану кезінде фертильділікке ықпалы туралы деректер жоқ.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпалы зерттелген жоқ.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Екі таблетканы бір мезгілде қабылдау қажет.

Қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін екі таблетканы да бір мезгілде мүмкіндігінше тезірек, дұрысы 12 сағаттың ішінде, бірақ 72 сағаттан кешіктірмей қабылдау керек.

Егер таблеткаларды қабылдаудан кейін үш сағаттың ішінде құсу болса, тез арада тағы да 2 таблетканы қабылдау керек.

Соңғы 4 аптаның ішінде микросомалық бауыр ферменттерінің индукторларына жататын препараттарды қабылдаған әйелдерге, шұғыл контрацепция қажет болған кезде шұғыл контрацепцияның гормональді емес әдістерін, мысалы, құрамында мыс бар ЖІС пайдалану, немесе әйел құрамында мыс бар ЖІС пайдалана алмайтын немесе қаламайтын жағдайда левоноргестрелдің екі есе дозасын (яғни, бір сәтте 4 таблетканы бірге) қабылдау ұсынылады.

Постинорды етеккірлік қан кетудің кешігуі болмаған жағдайда етеккір оралымының кез келген кезеңінде қабылдауға болады.

Шұғыл контрацепцияны қолданғаннан кейін келесі етеккір басталғанға дейін жергілікті бөгет әдістерін (мысалы, мүшеқап, диафрагма, спермицидтер, цервикальді қалпақшаны) пайдалану ұсынылады. Постинор препаратын қолдану тұрақты гормональді контрацепцияны жалғастыру үшін қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Енгізу әдісі және жолы

Таблеткаларды ішке қабылдау керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Бірнеше таблетканы бір мезгілде қабылдаудың зияны туралы хабарламалар болмаса да, Сізде жүрек айну, құсу немесе қынаптан қан кету пайда болуы мүмкін. Әсіресе Сізді жүрек айнуы мазаласа, Сіз дәрігеріңізден кеңес алуыңызға болады, өйткені препарат дұрыс әсер етпеген болуы мүмкін.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар.

Егер сізде осы препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар болса, емдеуші дәрігерден кеңес алуыңыз сұралады.

Артық дозалану

Бірнеше таблетканы бір мезгілде қабылдаудың зияны туралы хабарламалар болмаса да, Сізде жүрек айну, құсу немесе қынаптан қан кету пайда болуы мүмкін. Әсіресе Сізді жүрек айнуы мазаласа, Сіз дәрігеріңізден кеңес алуыңызға болады, өйткені препарат дұрыс әсер етпеген болуы мүмкін.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар.

Егер сізде осы препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар болса, емдеуші дәрігерден кеңес алуыңыз сұралады.

Жанама әсерлері

Левоноргестрелді қолдану кезінде ең жиі кездескен жағымсыз реакция жүрек айнуы болды.

Өте жиі

- бас ауыруы

- жүрек айнуы, іштің төменгі бөлігінің ауыруы

- етеккірмен байланысты емес қан кету

- қатты қажу

Жиі

- бас айналуы

- диарея, құсу

- етеккірдің 7 күннен артық кешігуі, тұрақсыз етеккірлік қан кетулер және қан аралас бөлінділер, сүт бездерінің қатаюы және ауырғыштығы

Өте сирек

- іштің ауыруы

- бөртпе, есекжем, қышыну

- жамбастың ауыруы, дисменорея

- беттің ісінуі

Шығарылу түрі

2 таблеткадан поливинилхлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

30 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Павлодар қаласындағы «0,75 мг таблетка Постиноры №2» бағасының өзгеру диаграммасы

0700140021002800350018-0223-0228-0205-0310-0315-0320-0325-0330-034-049-0414-0419-0424-0429-044-059-0514-0519-0524-0529-053-068-0613-0618-0623-0628-063-078-0713-07
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға болады0,75 мг таблетка Постиноры №2 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
4.67/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
12 бағалау
1
star
0
2
star
1
3
star
0
4
star
1
5
star
10
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
empty star
empty star
24 Мая 2024
Комментарий: Бұл дәріден кейін қан кету болды, гормоналды препараттар өздеріне тән. Күшті иісі бар. Өкініп қалдым алғаныма.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
4 Января 2024
Комментарий: Можно при грудном вскармливании
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
27 Декабря 2023
Комментарий: Прошло без проблем.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
12 Ноября 2023
Комментарий: Не беременна, так что хорошо работает, удобно что в упаковке 2 штуки.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
1 Октября 2023
Комментарий: Приняла в течение 6 часов согласно инструкции, и все хорошо.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
7 Сентября 2023
Комментарий: Очень быстро, спасибо.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
27 Августа 2023
Комментарий: Помогает)
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
10 Августа 2023
Достоинства: Эффективно
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
24 Июля 2023
Достоинства: Волновалась после приема таблетки, думала не подействует, но все прошло отлично, через две недели все нормализовалось, советую, никаких болей не было.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
24 Января 2023
Достоинства: Не вызывает тошноту, в отличие от некоторых контрацептивов.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
15 Ноября 2022
Недостатки: Побаливает печень.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
5 Сентября 2022
Достоинства: Эффективное средство.
3040

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 115

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Павлодаре:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

3155

3040

115

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашабойынша дәріханалардағы бағаларды салыстыруАналогтарыНұсқаулықСатып алу мәліметтеріПавлодар қаласындағы «0,75 мг таблетка Постиноры №2» бағасының өзгеру диаграммасыБағалаулар және пікірлер

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube