Қолдану көрсеткіштері
Золид препараты төменде сипатталғандай емнің екінші немесе үшінші желісі ретінде 2 типті қант диабетін емдеуге арналған:
Монотерапия ретінде:
- көтере алмаушылық немесе қарсы көрсетілімдердің болуына байланысты метформинді қолдану мүмкіндігі жоқ, диета және физикалық жаттығулардың көмегімен талапқа сай бақылауға қол жетпеген, ересек пациенттерде монотерапия түрінде (атап айтқанда артық салмағы бар пациенттерде)
Қосарланған пероральді ем ретінде мыналармен біріктіріп:
- метформинмен монотерапияда ең жоғары көтерімді дозасына қарамастан, гликемиялық бақылау жеткіліксіздігі болған ересек пациенттерде (атап айтқанда артық салмағы бар пациенттерде) метформинмен
- сульфонилмочевинамен монотерапияда ең жоғары көтерімді дозасына қарамастан, метформинді көтере алмаушылығын көрсеткен немесе гликемиялық бақылау жеткіліксіздігімен метформинге қарсы көрсетілімдері бар ересек пациенттерде ғана сульфонилмочевинамен бірге
Үштік пероральді ем ретінде мыналармен біріктіріп:
- қосарланған пероральді емге қарамастан гликемиялық бақылау жеткіліксіздігі болған ересек пациенттерде (атап айтқанда артық салмақты пациенттерде) метформинмен және сульфонилмочевинамен бірге
Инсулинмен біріктірілген ем ретінде:
Пиоглитазон көтере алмаушылықтың немесе қарсы көрсетілімдердің болуына байланысты метформинді қолдану жарамайтын, инсулинмен емдеуде гликемиялық бақылау жеткіліксіздігі болған ересек пациенттерде инсулинмен біріктірілген ем түрінде де қолданылады.
Пиоглитазонмен ем басталғаннан кейін пациенттер 3–6 айдан соң емдеуге жауаптың (мысалы, HbA1c деңгейінің төмендеуі) талапқа сайлығына баға беру үшін тексерілуі тиіс. Талапқа сай жауап көрсетпеген пациенттер пиоглитазон қабылдауды тоқтатуы керек.
Ұзақ емдеген кезде пайда болатын әлеуетті қауіптерге байланысты, препаратты тағайындаушы мамандар пиоглитазонның пайдасы сақталатынын кейінгі жүйелі тексерулер кезінде дәлелдеуі тиіс.