Қолдану көрсеткіштері
- ұйқының бұзылуы, оның ішінде егде жастағы пациенттерде
"ұйқы-сергек жүру" режимінің, оның ішінде десинхроноз кезінде (уақыт белдеулерінің күрт өзгеруі) бұзылуынан туындаған қалыпты тәуліктік (циркадты) ырғақтың бұзылуында
- ұйқының бұзылуы, оның ішінде егде жастағы пациенттерде
"ұйқы-сергек жүру" режимінің, оның ішінде десинхроноз кезінде (уақыт белдеулерінің күрт өзгеруі) бұзылуынан туындаған қалыпты тәуліктік (циркадты) ырғақтың бұзылуында
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
бауыр функциясының айқын бұзылуы, бауырдың созылмалы жеткіліксіздігі
аутоиммунды аурулар
жүктілік және лактация кезеңі
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Өзара әрекеттесуді зерттеу тек ересектерде жүргізілді.
Мелатонин аса жоғары емдік концентрацияларда CYP3A in vitro индукциялайтыны атап өтілді. Бұл зерттеудің клиникалық маңыздылығы белгісіз. Егер индукция жүретін болса, онда бұл бір мезгілде енгізілетін дәрілік заттардың плазмадағы концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Мелатонин метаболизмі негізінен CYP1A ферменттерімен байланысты. Сондықтан мелатонин мен басқа да белсенді заттар арасында олардың
CYP1A ферменттеріне әсер етуі салдарынан өзара әрекеттесуі мүмкін.
Флувоксамин қабылдайтын пациенттерде сақтық таныту керек, ол осы біріктірілімнің мелатонин деңгейін арттырады.
Мелатонин деңгейін жоғарылататын 5-немесе 8-метоксипсорален (5 және 8-MOP) қабылдайтын пациенттерде сақ болу керек.
-Қан плазмасындағы мелатонин деңгейін жоғарылататын CYP2D тежегіші- циметидинді қабылдайтын пациенттерде сақ болу керек.
Шылым шегу мелатонин деңгейін төмендетуі мүмкін.
Мелатонин деңгейін жоғарылататын эстрогендерді (мысалы, ұрықтануға қарсы дәрілер немесе гормондық орын басу емі) қабылдайтын пациенттерде сақ болу керек.
Хинолондар сияқты CYP1A2 тежегіштері мелатониннің жоғары әсерін тудыруы мүмкін.
Карбамазепин және рифампицин сияқты CYP1A2 индукторлары плазмадағы мелатонин концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Алкогольді мелатонинмен бірге қабылдауға болмайды, өйткені ол ұйқы кезінде мелатониннің тиімділігін төмендетеді.
Мелатонин залеплон, золпиден және зопиклон сияқты бензодиазепиндер мен бензодиазепиндік емес ұйықтайтын таблеткалардың тыныштандыратын қасиеттерін күшейте алады. Бір мезгілде қолдану тек бір золпидеммен салыстырғанда зейін қоюдың, жадының және қимыл үйлесімінің бұзылуына әкелді.
Зерттеулерде мелатонин тиоридазинмен және имипраминмен, орталық жүйке жүйесіне әсер ететін белсенді заттармен бірге қолданылады. Мелатонинді бірге енгізу бір имипраминмен салыстырғанда тыныштық сезімі мен тапсырмаларды орындауда қиындық туындатты, сондай-ақ бір тиоридазинмен салыстырғанда «бас айналу» сезімін арттырды.
Педиатрияда қолдану
0-ден 18 жасқа дейінгі балалардағы мелатониннің қауіпсіздігі мен тиімділігі әлі анықталған жоқ.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Мұндай пациенттерге мелатонин қабылдау кезінде сақ болу керек.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге препарат қабылдау ұсынылмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүкті әйелдер мен жүкті болғысы келетін әйелдерге қолдану ұсынылмайды.
Мелатонинмен ем қабылдаған әйелдерге емшек емізу ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Мелатонин ұйқышылдықты туындатуы мүмкін, сондықтан ұйқышылдықтың салдары қауіпсіздік қаупімен байланысты болса, препаратты сақтықпен қолдану керек.
7 немесе 10 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған негізі бар поливинилхлорид/поливинилдихлоридтен (ПВХ/ПВДХ) жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
Үш пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.
Жарықтан қорғалған жерде, түпнұсқалық қаптамасында, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, түпнұсқалық қаптамасында, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 503₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Алматы:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
3943₸
3440₸
503₸