daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Тафлотан Көз Тамшылары 15мкг/мл 0,3 Мл №30 | Santen

Алматы қаласындағы Тафлотан Көз Тамшылары 15мкг/мл 0,3 Мл №30 | Santen
Сипаттама:

Мөлдір, түссіз ерітінді

Халықаралық атауы:

Тафлупрост

Өндіруші:

Santen

Өндіруші ел:

Финляндская Республика

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: глицерол, натрий дигидрофосфаты дигидраты, динатрий эдетаты, полисорбат 80, хлорсутек қышқылы немесе натрий гидроксиді (pH мәнін түзету үшін), инъекцияға арналған су

Белсенді заттың дозасы:

15мкг/мл, 0,3мл

Дәрілік түрі:

Көзге тамызатын дәрі, 15 мкг/мл

Қаптамадағы саны:

30 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат –тафлупрост, 15 мкг

қосымша заттар: глицерол, натрий дигидрофосфаты дигидраты, динатрий эдетаты, полисорбат 80, хлорсутек қышқылы немесе натрий гидроксиді (pH мәнін түзету үшін), инъекцияға арналған су

Қолдану көрсеткіштері

- ашық бұрышты глаукомасы және офтальмогипертензиясы бар пациенттерде көзішілік қысым жоғары болғанда

- келесі пациенттерге монотерапия ретінде:

құрамында консервант жоқ көзге тамызатын дәрі ұсынылған

терапияның бірінші желісінің препараттарына жеткіліксіз реакциясы бар

терапияның бірінші желісіндегі препараттарға төзімсіз немесе осы препараттарға қарсы көрсетімдері бар

- бета-блокаторларға қосымша ем ретінде

Тафлотан 18 жастан асқан ересектерге қолданылады.

Қарсы көрсеткіштер

- тафлупростың әсер ететін затына немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

Сақтық шаралары

Емделуді бастамас бұрын пациенттер кірпіктің өсуі, қабақ терісінің қараюы және нұрлы қабықтың жоғары пигменттелуі мүмкін екендігі туралы хабардар болуы тиіс. Осы өзгерістердің кейбірі тұрақты болуы және тек бір көзді емдеу кезінде көздердің сыртқы түрінде айырмашылықтар болуы мүмкін.

Нұрлы қабық пигментациясының өзгеруі баяу жүреді және бірнеше ай бойы байқалмауы мүмкін. Көздің түсінің өзгеруі негізінен нұрлы қабығы аралас түсті пациенттерде байқалды, мысалы, егер көздер қоңыр-көк, сұр-қоңыр, сары-қоңыр немесе жасыл-қоңыр болса. Егер тек бір көз ғана емделсе, өмір бойы гетерохромия қаупі бар.

Тафлупрост ерітіндісі тері бетімен бірнеше рет байланысатын аймақтарда шаштың өсу ықтималдығы бар.

Тафлупросты неоваскулярлы, жабық бұрышты, тарбұрышты немесе туа біткен глаукома кезінде қолдану тәжірибесі жоқ. Афакиясы бар пациенттерде және пигментті немесе жалғанэксфолиативті глаукомада тафлупросты қолданудың шектеулі тәжірибесі бар.

Афакиясы, артифакиясы, көзбұршақтың артқы капсуласы зақымдалған немесе алдыңғы камераның линзалары немесе макуланың немесе ирит/увеиттің кистоидты ісінуінің даму қаупінің белгіленген факторлары бар пациенттерде тафлупросты пайдалану кезінде сақтықты сақтау ұсынылады.

Ауыр демікпесі бар пациенттерді сақтықпен емдеу керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттармен өзара әрекеттесу күтілмейді, өйткені препаратты көзге тамызғаннан кейін тафлупростың жүйелі концентрациясы өте төмен.

Тафлупросты тимололмен бір мезгілде қолданғанда айқаспалы өзара әрекеттесудің ешқандай белгілері байқалмады.

Арнайы сақтандырулар

Жүктілік немесе лактация кезінде

Бала көтеретін шақтағы әйелдер / контрацепция

Тафлотан препаратын егер контрацепцияның барабар шаралары қабылданбаса, бала туатын жастағы әйелдер мен бала туатын әлеуеті бар әйелдерге қолдануға болмайды.

Жүктілік

Тафлупрост жүктілікке және/немесе шаранаға/жаңа туған балаға зиянды фармакологиялық әсер етуі мүмкін. Тафлотан жүктілік кезінде қолдануға болмайды, бұл мүлдем қажет болған жағдайларды қоспағанда (емдеудің басқа нұсқалары болмаған жағдайда).

Бала емізу

Тафлупрост немесе оның метаболиттерінің адамның емшек сүтіне экскрецияланатыны белгісіз. Тафлотан емшек емізу кезінде қолдануға болмайды.

Арнайы нұсқаулар

Жүктілік немесе лактация кезінде

Бала көтеретін шақтағы әйелдер / контрацепция

Тафлотан препаратын егер контрацепцияның барабар шаралары қабылданбаса, бала туатын жастағы әйелдер мен бала туатын әлеуеті бар әйелдерге қолдануға болмайды.

Жүктілік

Тафлупрост жүктілікке және/немесе шаранаға/жаңа туған балаға зиянды фармакологиялық әсер етуі мүмкін. Тафлотан жүктілік кезінде қолдануға болмайды, бұл мүлдем қажет болған жағдайларды қоспағанда (емдеудің басқа нұсқалары болмаған жағдайда).

Бала емізу

Тафлупрост немесе оның метаболиттерінің адамның емшек сүтіне экскрецияланатыны белгісіз. Тафлотан емшек емізу кезінде қолдануға болмайды.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ұсынылған доза - Тафлотан препаратының бір тамшысын зақымданған көздің (көздердің) конъюнктивальды қапшығына күніне бір рет кешке.

Дозаны қатаң түрде күніне бір рет енгізу керек, өйткені жиі қолдану көзішілік қысымның төмендеуі әсерін азайтуы мүмкін.

Бір түбек-тамшылатқыштағы ерітінді тек бір рет пайдалануға арналған және оның мөлшері екі көзге қолдануға жеткілікті. Пайдаланылмаған ерітіндіні пайдаланғаннан кейін бірден утилизациялау керек.

Пациенттердің ерекше топтары

Балаларға қолдану

18 жасқа дейінгі балаларда тафлупростың қауіпсіздігі мен тиімділігі әлі анықталған жоқ. Қолжетімді деректер жоқ.

Егде жастағы пациенттерге қолдану

Егде жастағы пациенттерді емдеуде дозаны өзгертудің қажеті жоқ.

Бүйрек/бауыр функциясының бұзылуы кезінде қолдану

Бауыр/бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге тафлупрост әсері бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан пациенттердің осы санатын емдеуде сақ болу керек.

Енгізу әдісі мен жолы

Қабақ терісінің қараю қаупін азайту үшін пациенттер теріден артық ерітіндіні сүртіп тастауы керек. Көзге тамызатын басқа дәрілерді қолданғандағыдай, мұрынжасөзегінің окклюзиясы (көздің ішкі бұрышының аймағын сұқ саусақпен қысу) немесе препаратты тамызғаннан кейін қабақты абайлап жабу ұсынылады. Бұл көз арқылы енгізілетін дәрілік заттардың жүйелі сіңірілуін төмендетуі мүмкін.

Жергілікті әсер бар бірнеше офтальмологиялық препараттарды қолданған кезде оларды қолдану арасындағы аралықтар 5 минуттан кем болмауы тиіс.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Препаратты көзге тамызғаннан кейін артық дозалануы екіталай.

Артық дозаланғанда емдеу симптоматикалық болуы тиіс.

Дәрілік препаратты қолданбас бұрын дәрігер кеңес алуға жүгініңіз.

Артық дозалану

Препаратты көзге тамызғаннан кейін артық дозалануы екіталай.

Артық дозаланғанда емдеу симптоматикалық болуы тиіс.

Дәрілік препаратты қолданбас бұрын дәрігер кеңес алуға жүгініңіз.

Шығарылу түрі

0,3 мл препараттан полиэтиленнен жасалған түбек-тамшылатқышқа салынған.

10 түбек-тамшылатқыштан ламинацияланған алюминий фольгадан жасалған пакетке салынады.

3 пакеттен (30 түбек-тамшылатқыш) медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

ден 8°C-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Пакетті алғашқы ашқаннан кейін – 25 °С-ден аспайтын температурада 4 апта

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

0,3 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыТафлотан көз тамшылары 15мкг/мл 0,3 мл №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube