daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Моксимак Таблеткалары 400 Мг №5 | Маклеодс Фармасьютикалс

Алматы қаласындағы Моксимак Таблеткалары 400 Мг №5 | Маклеодс Фармасьютикалс

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage

Халықаралық атауы:

Моксифлоксацин

Өндіруші:

Маклеодс Фармасьютикалс

Өндіруші ел:

Республика Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (рН101), лактоза моногидраты, L-гидроксипропилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза (рН102), натрий кроскармеллозасы (Ac-di-sol), магний стеараты, қабықтың құрамы: гидроксипропилцеллюлоза, полиэтиленгликоль 6000, титанның қостотығы (Е171), тальк, темірдің (III) қызыл тотығы (Е172).

Белсенді заттың дозасы:

400 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 400 мг

Қаптамадағы саны:

5 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Моксимак 18 және одан жоғары жастағы пациенттерде моксифлоксацинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған мынадай бактериялық инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген.

Келесі қолдану көрсетілімдерде моксифлоксацинді, егер аталған инфекцияларды бастапқы емдеу үшін әдетте ұсынылатын бактерияға қарсы препараттарды пайдалану орынсыз болып көрінген жағдайда ғана қолдану қажет:

жедел бактериялық синусит;

өкпенің созылмалы обструктивті ауруының, оның ішінде бронхиттің өршуі);

Келесі қолдану көрсетілімдерде моксифлоксацинді, егер аталған инфекцияларды бастапқы емдеу үшін әдетте ұсынылатын бактерияға қарсы препараттарды пайдалану орынсыз болып көрінген не тиімсіз болып шыққан жағдайда ғана қолдану қажет:

ауруханадан тыс пневмония, ауыр жағдайларды қоспағанда;

жеңілден орташа ауырлыққа дейінгі кіші жамбас мүшелерінің қабыну ауруы (сальпингит пен эндометритті қоса, әйелдің жыныс жолдарының жоғарғы бөліктерінің инфекциялары), тубовариальді немесе жамбас абсцессімен асқынбаған.

Моксимак жеңілден орташа ауырлыққа дейінгі кіші жамбас ағзаларының қабыну ауруларын монотерапия ретінде қолдану үшін ұсынылмайды және Neisseria gonorrhoea моксифлоксацинге төзімділігінің артуы салдарынан төзімділік жоққа шығарылған жағдайларды қоспағанда, басқа тиісті бактерияға қарсы препаратпен (мысалы, цефалоспоринмен) біріктірілімде қолданылуы тиіс.

Моксимак моксифлоксацинмен бастапқы ем аясында вена ішіне енгізу үшін жақсаруы бар пациенттерді емдеу курсын аяқтау үшін мынадай көрсетілімдерде де қолдануға болады:

ауруханадан тыс пневмония

тері мен тері асты шелінің асқынған инфекциялары

Моксимак терінің және тері асты шелінің кез келген инфекциясында немесе ауруханадан тыс күрделі пневмонияда бастапқы ем ретінде қолданбаған жөн

Бактерияға қарсы препараттарды тиісінше пайдалану жөніндегі ресми ұсынымдарды назарға алу керек.

Қарсы көрсеткіштер

- моксифлоксацинге, басқа хинолондарға немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық;

- анамнезінде хинолондармен емдеу байланысты сіңірлер тарапынан аурулары және бұзылулары бар пациенттер

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- галактоза жақпаушылығы, Lapp лактазаның жалпы тапшылығы немесе глюкоза мен галактоза мальабсорбциясы синдромы сияқты сирек тұқым қуалайтын бұзылыстары бар пациенттер

- бауыр функциясы бұзылған (Чайлд-Пью бойынша С класы) және трансаминаза деңгейі норманың жоғарғы шегінен 5 есе асатын пациенттер (шектеулі клиникалық деректерге байланысты)

- QT аралығының туа біткен немесе расталған ұзаруымен;

- электролиттік бұзылулармен, мысалы, емделмеген гипокалиемиямен;

- клиникалық маңызы бар брадикардиямен;

- сол жақ қарынша лықсыту фракциясы төмендеген клиникалық мәнді жүрек жеткіліксіздігімен;

- анамнезінде симптоматикалық аритмиямен.

Моксимак, үлбірлі қабықпен қапталған 400 мг таблеткаларды QT аралығын ұзартатын басқа препараттармен бірге қолдануға болмайды.

Өзара әрекеттесуі

Моксифлоксациннің QT аралығының ұзаруына және QT аралығын ұзартатын басқа да дәрілік препараттардың аддитивті әсерін жоққа шығаруға болмайды, бұл қарыншалық аритмияның, оның ішінде «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияның даму қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты моксифлоксацинді төменде аталған препараттардың кез келгенімен тағайындауға болмайды:
- IA класындағы аритмияға қарсы препараттар (мысалы, хинидин, гидрохинидин, дизопирамид)

- III класты аритмияға қарсы препараттар (мысалы, амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид)

- психозға қарсы дәрілер (мысалы, фенотиазиндер, пимозид, сертиндол, галоперидол, сультоприд)

- трициклді антидепрессанттар;

- кейбір микробқа қарсы препараттар (саквинавир, спарфлоксацин, вена ішіне енгізуге арналған эритромицин, пентамидин, безгекке қарсы дәрілер, атап айтқанда галофантрин)

- кейбір антигистаминдік препараттар (терфенадин, астемизол, мизоластин)
- басқалары (цизаприд, вена ішіне енгізуге арналған винкамин, бепридил, дифеманил).

Моксифлоксацинді калий деңгейін төмендетуі мүмкін дәрілік заттарды (мысалы, ілмекті және тиазидті диуретиктер, іш жүргізетін және клизмалар (жоғары дозаларда), кортикостероидтар, амфотерицин В) немесе клиникалық маңызды брадикардиямен астасқан препараттарды қабылдайтын пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Құрамында екі валентті немесе үш валентті катиондары (мысалы, магний - немесе құрамында антацидтер бар алюминий, диданозин таблеткалары, сукральфат және құрамында темір немесе мырыш бар дәрілер) және моксифлоксацин бар препараттарды қабылдау арасында 6 сағатқа жуық үзілісті сақтау керек.

Белсендірілген көмір мен моксифлоксацинді 400 мг дозада бір мезгілде ішке қабылдау сіңудің айқын тежелуіне және препараттың жүйелік биожетімділігінің 80% - дан астамға төмендеуіне әкелді. Сондықтан осы екі препаратты бірге қолдану ұсынылмайды (артық дозалану жағдайларын қоспағанда).

Дені сау адамдар моксифлоксацинді қайта қабылдағанда дигоксиннің ең жоғары концентрациясы «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданның (AUC) немесе дигоксиннің ең аз концентрациясының тарапынан өзгеріссіз, шамамен 30%-ға артты. Дигоксинді қолдану үшін арнайы сақтық шаралары қажет емес.

Қант диабеті бар еріктілерге жүргізілген зерттеулерде моксифлоксацинді ішке және глибенкламидті бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы глибенкламидтің ең жоғары концентрациясының шамамен 21%-ға төмендеуіне әкелді. Моксифлоксацин мен глибенкламид біріктірілімі теориялық тұрғыдан жеңіл, транзиторлы гипергликемияға әкелуі мүмкін. Алайда, байқалған фармакокинетикалық өзгерістер фармакодинамикалық параметрлердің (қандағы глюкоза, инсулин) өзгеруіне әкелмеді. Демек, моксифлоксацин мен глибенкламид арасында клиникалық маңызды өзара әрекеттесу байқалған жоқ.

ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) өзгеруі

Бактерияға қарсы дәрілер, әсіресе фторхинолондар, макролидтер, тетрациклиндер, ко-тримоксазол және кейбір цефалоспориндер қабылдаған пациенттерде пероральді антикоагулянт белсенділігінің арту жағдайларының көп саны туралы хабарланды. Шамасы, инфекциялық және қабыну процестері, пациенттің жасы және жалпы жағдайы қауіп факторлары болып табылады. Мұндай жағдайларда ХҚҚ–ның өзгеруіне - инфекция немесе емдеу себеп болғанын анықтау қиын. Сақтық шаралары ретінде ХҚҚ жиі бақылау жүргізу және қажет болған жағдайда пероральді антикоагулянт дозасын түзету қажет.

Клиникалық зерттеулерде моксифлоксацинді келесі препараттармен бір мезгілде қолданғанда өзара әрекеттесудің болмауы көрсетілген: ранитидин, пробеницид, оральді контрацептивтер, құрамында кальций бар қоспалар, парентеральді қолдануға арналған морфин, теофиллин, циклоспорин немесе итраконазол.

In vitro адамның Р450 цитохром жүйесін зерттеу кезінде бұл нәтижелер расталды. Осы нәтижелерге сүйене отырып, Р450 цитохромы ферменттері арқылы болатын метаболизмдік өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Тамақпен өзара әрекеттесу

Моксифлоксациннің ас қабылдаумен (сүт өнімдерін қоса) клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі білінбейді.

Артық дозалану

Симптомдары - артық дозалану туралы шектеулі деректер бар.

Емі - артық дозалану жағдайында клиникалық көрініске байқап қарау және ЭКГ-мониторингпен симптоматикалық демеуші ем жүргізу керек. Таблеткаларды қабылдаудан кейін дереу белсендірілген көмір қабылдау моксифлоксациннің жүйелі әсерінің шамадан тыс ұлғаюының алдын алуға көмектеседі.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын қолдану әдісін түсіндіру үшін дәрігерге хабарласыңыз.

Шығарылу түрі

5 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты немесе ұяшықсыз қаптамаға салынады.

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Алматы қаласындағы «Моксимак таблеткалары 400 мг №5» бағасының өзгеру диаграммасы

0900180027003600450012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-077-07
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыМоксимак таблеткалары 400 мг №5 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
3785

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 472

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Алматы:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

4257

3785

472

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаАналогтарыНұсқаулықСатып алу мәліметтеріАлматы қаласындағы «Моксимак таблеткалары 400 мг №5» бағасының өзгеру диаграммасы

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube