daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Агриппин Таблеткалары №10 | Жанафарм ТОО

Алматы қаласындағы Агриппин Таблеткалары №10 | Жанафарм ТОО
Сипаттама:

Ақшыл сары түсті, теңбілдері бар, бір жағында сызығы бар, диаметрі 12 мм жалпақ цилиндрлі таблеткалар.

Өндіруші:

Жанафарм ТОО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

- вирустық гепатит - қатерсіз гипербилирубинемия (соның ішінде Жильбер синдромы) қан аурулары бауыр және бүйрек функцияларының айқын бұзылулары гиперкальциемия саркоидоз жүктілік және лактация кезеңі - 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілік түрі:

Таблеткалар

Қаптамадағы саны:

10 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қарсы көрсеткіштер

- препараттың белсенді затына, препараттың құрамындағы қандай да бір қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық

- вирустық гепатит

- қатерсіз гипербилирубинемия (соның ішінде Жильбер синдромы)

қан аурулары

бауыр және бүйрек функцияларының айқын бұзылулары

гиперкальциемия

саркоидоз

жүктілік және лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балаларға

Арнайы нұсқаулар

Бауыр және бүйрек функциясының бұзылулары бар, қатерсіз гипербилирубинемиясы бар пациенттерде, сондай-ақ, егде жастағы науқастарда парацетамолды сақтықпен қолданады.

Парацетамолды қолдану қандағы глюкозаны оксидаза-пероксидаза реакциясы әдісімен және қандағы несеп қышқылын фосфор-вольфрам қышқылы пайдаланылатын әдіспен анықтау нәтижелеріне ықпал етуі мүмкін.

Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның генетикалық тапшылығынан (фавизм) зардап шегіп жүрген пациенттерде, парацетамолды енгізгеннен кейін глутатион таралуының төмендеуі салдарынан гемолиздік анемия туындауы мүмкін.

Парацетамол Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, жедел жайылған экзантемалық пустулез сияқты терінің ауыр реакцияларын туғызуы, олар өлімге соқтыруы мүмкін. Бөртпе немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа реакциялары алғаш пайда болған жағдайда, препаратты қолдану тоқтатылуы тиіс.

Жылдам пролиферациялайтын және қарқынды метастаза кететін ісіктері бар пациенттерге аскорбин қышқылын тағайындау үрдістің ағымын күшейуі мүмкін. Организмде темірдің құрамы жоғары пациенттерде аскорбин қышқылын ең аз дозада қабылдаған жөн. Қант диабеті, гипероксалурия, талассемия, гемохроматоза, сидеробласты анемия кезінде аскорбин қышқылының жоғары дозасын (500 мг-дан астам) қабылдамаған жөн. Құрамындағы аскорбин қышқылына байланысты қан ұюы жоғары, полицитемия, лейкемия, тромбофлебит немесе тромбоздарға бейімділік, гипероксалурия, бүйрек-тас ауруы бар пациенттерде ерекше сақтықпен тағайындау керек. Гипергликемиямен қатар жүруі мүмкін жағдайларда аскорбин қышқылын тек қана дәрігердің ұсынымы бойынша және ең төмен дозада қабылдауға болады. Аскорбин қышқылының жоғары дозасын қабылдау бүйректе оксалат кальций тастарының қалыптасуымен байланысты, сондықтан аскорбин қышқылын гиперсалуриясы бар пациенттерде сақтықпен қабылдаған жөн. Себебі аскорбин қышқылын құрамында алюминий бар антацидтермен бір мезгілде ққолдану алюминийдің несеппен шығарылуын арттыруы мүмкін, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде оларды бірге қабылдау ұсынылмайды.

Дифенгидраминді емдеу үшін гипертиреозы, өкпенің созылмалы обструктивті аурулары, көзішілік қысымы жоғары, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар пациенттерде, сондай-ақ егде жастағы тұлғаларда сақтықпен қолданады. Препарат көздің құрғауын туындатуы және жанаспалы линзаларды таққан кезде жайсыздықты тудыруы мүмкін. Препаратпен емдеу кезінде алкогольдік ішімдіктерді тұтыну қарсы көрсетілген.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде

Жүктілік

Агриппин препаратын жүкті әйелдерде тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы клиникалық деректердің болмауына байланысты жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Емшек емізу

Агриппин препаратын емізу кезеңінде әйелдерге қолдануға болмайды.

Фертильділік

Жүктілікті жоспарлау кезінде дәрілік препаратты қолдану бойынша қандай да бір ұсынымдар және емнің фертильділікке әсері жоқ.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Агриппин көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Ересектер мен 15 жастан асқан балаларға тамақтан кейін 1-2 таблеткадан күніне 3 рет. 6 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға тамақтан кейін күніне 3 рет 1 таблеткадан.

Дәрігердің кеңесінсіз қабылдау ұзақтығы ауыруды басатын дәрі ретінде қолдану кезінде 5 күннен және қызуды түсіретін дәрі ретінде 3 күннен аспауы тиіс.

Пациенттердің ерекше топтары

Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде препаратты қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 8 сағатты құрау керек.

Балалар

6 жасқа дейінгі балаларда қолдану қауіпсіздігі анықталмаған.

Қолдану тәсілі мен енгізілу жолы

Препарат ішке қабылданады. Таблетканы тұтастай жұту және жеткілікті сұйықтық мөлшерімен ішу керек.

Жанама әсерлері

Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

Өте сирек

- бас айналуы, ұйқының бұзылуы

- терінің аллергиялық реакциялары

- бронх түйілуі

- ұзақ уақыт бойы қолданған кезде гепатоуытты және нефроуытты әсердің дамуы.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан полимерлі жабынымен біріктірілген қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға салынады.

250 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың бірдей санымен бірге қораптық картоннан жасалған топтық қаптамаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАгриппин таблеткалары №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube