Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат - изотретиноин, 8.00 мг немесе 16.00 мг
қосымша заттар: стеароил макроголглицеридтері (Gélucire® 50/13), рaфинадталған соя майы, сорбитан олеаты (Span 80®),
№3 желатин капсулалар құрамы (қақпағы және корпусы): желатин, темірдің қызыл тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171),
№1 желатин капсулалар құрамы:
қақпағы: желатин, темірдің сары тотығы (Е 172), индигокармин (Е 132), титанның қостотығы (Е 171),
корпусы: желатин, титанның қостотығы (Е 171).
Сыртқы түрінің сипаттамасы
Қызғылтым-қоңыр түсті қақпағы және корпусы бар №3 желатин капсулалар (8 мг доза үшін).
Жасыл түсті қақпағы және ақ түсті корпусы бар №1 желатин капсулалар (16 мг доза үшін).
Капсулалар ішінде – қызғылт-сары түсті балауыз тәрізді паста.