daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Акридоферон Ерітіндісі 125 Мг/мл 2мл №5 | Ромфарм Компании С.Р.Л.

Алматы қаласындағы Акридоферон Ерітіндісі 125 Мг/мл 2мл №5 | Ромфарм Компании С.Р.Л.
Сипаттама:

Жасылдау-сары түсті мөлдір ерітінді.

Өндіруші:

Ромфарм Компании С.Р.Л.

Өндіруші ел:

Румыния

Белсенді ингредиент:

Қосымша заттар: меглюмин, меглюмин 10 % ерітіндісі (рН түзету үшін), инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Жасылдау-сары түсті мөлдір ерітінді.

Белсенді заттың дозасы:

125 мг/мл

Дәрілік түрі:

Вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді, 125 мг/мл

Қаптамадағы саны:

5 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ересектерде кешенді ем құрамында

созылмалы В және С вирустық гепатиттерінде

герпестік және цитомегаловирусты инфекцияда

созылмалы бактериялық және зеңдік инфекциялармен астасқан, салдарлы иммунитет тапшылығында

хламидиялы инфекцияда

дәнекер тіндердің ревматизмдік және жүйелік ауруларында (ревматоидты артрит)

буындардың дегенеративтік-дистрофиялық ауруларында:

деформацияланатын остеоартроз және т.б.

4 жастағы балаларда кешенді ем құрамында

созылмалы В және С вирустық гепатиттерінде

герпестік инфекцияларда

Қарсы көрсеткіштер

– әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары

сезімталдық

бауырдың ауыр аурулары

– бауыр жеткіліксіздігі

– жүктілік және бала емізу кезеңі

– 4 жасқа дейінгі балалар

Өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесуге зерттеулер жүргізілген жоқ.

Акридоферон аталған ауруларды емдеген кезде дәстүрлі түрде қолданылатын барлық дәрілік препараттармен (интерферондармен, химиотерапиялық және т.б.) біріктіріледі және жақсы үйлеседі.

Интерферондар мен нуклеозидтер аналогтарының әсерін күшейтеді. Химиотерапияның, интерферонмен емдеудің жағымсыз әсерлерін азайтады.

Арнайы ескертулер

Қалқанша без аурулары

Қалқанша без ауруларында аутоиммунды бұзылулардың туындау мүмкіндігін жоққа шығару үшін дәрігер-эндокринологтың кеңесі қажет.

Несептің күлгін-көк түске (люминесценция) боялуы мүмкін.

Гипертониялық ерітінді болғандықтан, инъекцияға арналған ерітіндіні бұлшықет ішіне немесе вена ішіне баяу енгізген дұрыс.

Ерітіндінің түсі өзгерген кезде және тұнба түзген кезде препаратты қолдануға болмайды.

Педиатрияда қолдану

4 жастан кіші балаларға қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде

Жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Акридоферон автокөлікті жүргізу немесе механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз түрде әсер етеді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектерге

Акридоферонды негізгі сызба бойынша тәулігіне бір рет бұлшықет ішіне немесе вена ішіне: күнара қолданады. Емдеу курсының ұзақтығы ауруға байланысты болады.

Герпестік және цитомегаловирустық инфекцияларда препаратты негізгі сызба бойынша – 0,25 г 10 инъекция енгізеді. Жиынтық дозасы – . Ем ауру өрши бастаған кезде анағұрлым тиімді.

Хламидия инфекциялары кезінде препаратты негізгі сызба бойынша енгізеді. Емделу курсы – 0,25 г 10 инъекция. Жиынтық дозасы – 2,5 г. Емдеу курсын 10-14 күннен кейін қайталап жүргізеді. Акридоферонды антибиотиктермен біріктіріп қолданған дұрыс.

Созылмалы В және С вирустық гепатиттерінде препаратты негізгі сызба бойынша – 0,5 г-нан 10 инъекция, әрі қарай кешенді ем құрамында демеуші үлгі бойынша – үш ай бойы аптасына 3 рет енгізеді. Интерферондармен және химиотерапиямен біріктіру ұсынылады. Демеуші курс жүргізгеннен кейін 10-14 күннен соң емдеу курсы қайталанады.

Созылмалы бактериялық және зеңдік инфекциялармен астасқан салдарлы иммун тапшылығы кезінде емдеу курсы негізгі сызба бойынша –бір реттік 0,25 г дозада 10 бұлшықетішілік инъекция. Жиынтық дозасы – . Қайталау курсы 6–12 айдан соң жүргізіледі.

Дәнекер тіндердің ревматизмдік және жүйелік ауруларында 10–14 күндік үзіліспен негізгі сызба бойынша – 0,25 г бір реттік дозада 5 инъекциядан 4 курс. Курс дәрігердің ұсынымы бойынша қайталанады.

Буындардың дегенеративті-дистрофиялық ауруларында 10–14 күндік үзіліспен 0,25 г негізгі сызба бойынша 5 инъекциядан 2 курс. Курс дәрігердің ұсынымы бойынша қайталанады.

Балаларға 4 жасынан бастап

Педиатриялық тәжірибеде Акридоферонды негізгі сызба бойынша тәулігіне бір рет бұлшықет ішіне немесе вена ішіне қолданады: күнара. Тәуліктік емдік доза 1 кг дене салмағына шаққанда 6-10 мг құрайды.

Созылмалы В және С вирусты гепатиттерде препаратты негізгі сызба бойынша 10 инъекция және әрі қарай кешенді ем құрамында демеуші үлгі бойынша үш ай бойы аптасына 3 рет енгізеді. Интерферондармен және химиотерапиямен қосу ұсынылады.

Герпеc инфекциясы кезінде негізгі сызба бойынша 10 инъекциядан тұратын курс. Вирустың репликациялық белсенділігі сақталған кезде емдеу курсын демеуші үлгі бойынша төрт апта бойы үш күнде бір рет енгізумен жалғастырады.

Қолдану тәсілі

Препарат бұлшықет ішіне немесе вена ішіне қолданылады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерден кеңес алу бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.

Шығарылу түрі

2 мл препараттан сындыру сақинасы бар І типті янтарь шыныдан жасалған ампулаға құйылады.

5 ампуладан ПВХ үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

Бір пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

2 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАкридоферон ерітіндісі 125 мг/мл 2мл №5 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube