daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Актемра Шприц-түтік 162 Мг/0,9 Мл №4 | Веттер Фарма-Фертигунг ГмбХ и Ко.КГ

Алматы қаласындағы Актемра Шприц-түтік 162 Мг/0,9 Мл №4 | Веттер Фарма-Фертигунг ГмбХ и Ко.КГ

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage

Халықаралық атауы:

Тоцилизумаб

Өндіруші:

Веттер Фарма-Фертигунг ГмбХ и Ко.КГ

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Белсенді ингредиент:

белсенді сатыдағы ауыр инфекциялар. Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары Актемра® препаратының тері астына енгізуге арналған дәрілік түрі вена ішіне енгізуге арналмаған. Актемра® препаратының тері астына енгізуге арналған дәрілік түрі жүйелі ювенильді идиопатиялық артриті бар, дене салмағы 10 кг аз балаларды емдеуге арналмаған. Инфекциялар Иммунодепрессанттарды, соның ішінде, Актемра® препаратын қабылдаған пациенттерде, ауыр, кейде өлімге соқтырған инфекциялар дамыған жағдайлар туралы хабарланды. Туберкулез Басқа биологиялық препараттарды тағайындағандағы сияқты, Актемра® препаратымен емдеуді бастар алдында, РА, жЮИА немесе пЮИА пациенттер туберкулездің жасырын түріне қатысты тексеруден өтуі тиіс. Актемра препаратымен емдеуді бастар алдында жасырын ТБ бар пациенттерге микобактерияға қарсы емнің стандартты курсын жүргізу керек. Вирустық инфекциялардың реактивациясы Ревматоидтық артриті бар, биологиялық препараттармен ем қабылдаған пациенттерде вирустық инфекцияның (мысалы, вирустық В гепатитінің) реактивациясы жағдайлары туралы хабарланды. Дивертикулиттің асқынулары РА бар пациенттерде Актемра препаратын қолданғанда дивертикулиттің асқынулары сияқты, дивертикул тесілген жағдайлар туралы жиі хабарланбады. Аса жоғары сезімталдық реакциялары Актемра® препаратын қолдану аясында анафилаксияны қоса, аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары дамыған жағдайлар туралы хабарланды. Бауырдың белсенді ауруы және бауыр функциясының бұзылуы Актемра® препаратымен, әсіресе метотрексатпен бір мезгілде емдеу, бауыр трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауымен астасуы мүмкін, сондықтан, препаратты бауырдың белсенді ауруы немесе бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге тағайындағанда сақтық таныту керек. Гепатоуыттылық Актемра® препаратымен емдеу кезінде бауыр трансаминазалары белсенділігінің транзиторлық немесе интермиттирленетін жеңіл және орташа жоғарылауы туралы хабарланды. Актемра® препаратын қолданғанда бауырдың жедел жеткіліксіздігін, гепатит пен сарғаюды қоса, дәрі индукциялаған бауыр зақымдануы жағдайлары байқалды. Гематологиялық бұзылулар Тоцилизумабты метотрексатпен біріктіріп қолданғанда нейтрофилдер мен тромбоциттер санының азайғаны білінді. Бұрын ісік некрозы факторы антагонистерімен ем қабылдаған пациенттерде нейтропенияның даму қаупі жоғарылауы мүмкін. Липидтер алмасуының көрсеткіштері Актемра® препаратымен ем қабылдаған пациенттерде, липидтер алмасуы көрсеткіштерінің, соның ішінде жалпы холестериннің, тығыздығы төмен липопротеиндердің, тығыздығы жоғары липопротеиндердің және триглицеридтердің жоғарылағаны байқалды. Неврологиялық бұзылыстар Қазіргі уақытта Актемра® препаратының орталық жүйке жүйесінің миелинсіздендіретін ауруларын тудыруға қабілеттілігі белгісіз. Қатерлі жаңа түзілімдер Ревматоидтық артриті бар пациенттерде қатерлі жаңа түзілім қаупі жоғары. Иммуномодуляциялайтын препараттар қатерлі жаңа түзілімдердің даму қаупін арттыруы мүмкін. Вакцинация Тірі және әлсіретілген тірі вакциналармен иммунизациялауды Актемра® препаратымен емдеуді бір мезгілде жүргізбеу керек, өйткені, мұндай біріктірілімнің клиникалық қауіпсіздігі анықталмаған. Жүрек-қантамырлық асқынулар қаупі Ревматоидты артриті бар пациенттерде жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі жоғары. Ісік некрозы факторының (ІНФ) антагонистерімен біріктірілімі Актемра® препаратының ІНФ антагонистерімен немесе ревматоидтық артритті емдеуге арналған басқа биологиялық препараттармен қолданылу тәжірибесі жоқ. Алып жасушалы артериит Жедел қайталануларды емдеу үшін Актемра® препаратын монотерапия ретінде тағайындамау керек, өйткені препаратты бұл жағдайда қолданудың тиімділігі анықталмаған. Жүйелі ювенильді идиопатиялық артрит (жЮИА) жЮИА бар пациенттерде өмірге қауіп төндіретін ауыр жағдай макрофагтардың белсенуі синдромының даму қаупі болуы мүмкін. Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі Дене салмағы 10 мг/кг дозадағы Актемра® препараты мен аптасына бір рет 10-25 мг дозадағы метотрексатты мезгілде бір рет енгізу метотрексат экспозициясына клиникалық тұрғыдан маңызды әсер етпеген. Ревматоидтық артриті бар пациенттерде Актемра® препаратының клиренсіне метотрексаттың, қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың немесе глюкокортикостероидтардың әсер ететіні анықталған жоқ. Алып жасушалы артерииті бар пациенттерде глюкокортикостероидтардың жинақталатын дозалары Актемра® препаратының экспозициясына әсер етпеген. ИЛ-6 сияқты, созылмалы қабынуды стимуляциялайтын цитокиндердің әсерінен CYP450 жүйесінің «бауыр» ферменттерінің экспрессиясы бәсеңдейді. Сол себепті, цитокиндердің әсерін тежейтін дәрілермен, мысалы, Актемра® препаратымен ем жүргізгенде, CYP450 изоферменттерінің экспрессиясы бұзылуы мүмкін. ИЛ-6 CYP1A2, CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттерінің экспрессиясының төмендеуін туғызады. Актемра® препаратын қолдану аталған изоферменттердің экспрессиясын қалыпқа түсіреді. Ревматоидты артриті бар пациенттерде тоцилизумабты бір рет енгізгеннен кейін 1 аптадан соң симвастатин (CYP3A4 субстраты) концентрациясы 57%-ға төмендеген. Тоцилизумабпен емдеу курсының басында немесе емдеуді тоқтатқаннан кейін, CYP450 3A4, 1A2 немесе 2C9 изоферменттерінің қатысуымен метаболизденетін дәрілік заттардың (мысалы, метилпреднизолон, дексаметазон (ішке қабылдауға арналған глюкокортикоидтарды тоқтату синдромының дамуы мүмкіндігімен), аторвастатин, кальций өзекшелерінің блокаторлары, теофиллин, варфарин, фенитоин, циклоспорин немесе бензодиазепиндер) жекелей таңдалған дозаларын қабылдап жүрген пациенттерді мұқият қадағалау керек, өйткені, аталған препараттардың емдік әсерін қамтамасыз ету үшін, олардың дозаларын арттыру қажет болуы мүмкін. Тоцилизумабтың жартылай шығарылуы кезеңінің ұзақтығын ескерсек, оның CYP450 изоферменттері белсенділігіне әсері емдеу тоқтатылғаннан кейін бірнеше апта бойы сақталуы мүмкін. Арнайы ескертулер Педиатрияда қолдану Жаңа туған нәрестелер мен 1 жасқа толмаған балаларда Актемра® препаратының тері астына енгізуге арналған дәрілік түрінің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ. Препараттың дозасын тек, уақыт өте келе пациенттің дене салмағы тұрақты түрде өзгерген жағдайда ғана өзгертуге болады. Егде жастағы пациенттер >65 жас шамасындағы егде жастағы пациенттерде дозасын түзету қажет емес. Бүйрек функциясының бұзылуы Бүйрек функциясының жеңіл және орташа дәрежелі жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозасын түзету қажет емес. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Актемра® препаратының қолданылуы зерттелмеген. Ондай пациенттерде бүйрек функциясын мұқият бақылау керек. Бауыр функциясының бұзылуы Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде Актемра® препаратының қолданылуы зерттелген жоқ. Ұрпақ өрбітуге қабілетті әйелдер Ұрпақ өрбітуге қабілетті әйелдер емделу кезінде және емдеу аяқталғаннан кейін 3 ай бойы контрацепцияның тиімді құралдарын пайдалануы тиіс. Жүктілік немесе лактация кезінде Негізді клиникалық қажеттілігі болмаса, Актемра® препаратын жүктілік кезінде қолданбаған дұрыс. Тоцилизумабтың адамда емшек сүтімен шығарылатын-шығарылмайтындығы белгісіз. Емшек емізуді жалғастыру/тоқтату немесе Актемра® препаратымен емдеуді жалғастыру/тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде, емшек емудің бала үшін пайдасы мен емдеудің анасы үшін пайдасын ескеру керек. Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Актемра® препараты көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне елеусіз әсер береді.

Белсенді заттың дозасы:

162 мг/0.9 мл

Қаптамадағы саны:

4 шт.

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Актемра® препараты метотрексатпен (МТ) біріктіріліп келесілерді:

бұрын МТ емін қабылдамаған ересек пациенттерде ауыр, белсенді және үдемелі ревматоидтық артритті емдеу үшін

осының алдындағы ауруды модификациялайтын, ревматизмге қарсы препараттармен (АМРҚП) емге клиникалық жауабы жеткіліксіз болған немесе АМРҚП біреуі немесе бірнешеуі немесе ісік некрозы факторының (ІНФ) антагонистері жақпайтын ересек пациенттердегі белсенділігі орташа немесе жоғары дәрежеге дейінгі РА емдеу үшін қолданылады.

Ондай пациенттерде МТ жақпайтын немесе МТ емін жалғастыру талапқа сай келмейтін жағдайларда, Актемра® препаратын монотерапия ретінде тағайындауға болады.

Рентгенологиялық деректерге сәйкес, Актемра® препаратын метотрексатпен біріктіріп қолдану буындар деструкциясының үдеуін тежейтіндігі және олардың функциясын жақсартатыны көрсетілді.

Актемра® препараты 1 жас шамасындағы және одан үлкен, белсенді жүйелі ювенильді идиопатиялық артриті бар, осының алдында қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен және жүйелі кортикостероидтармен емге жауабы талапқа сай болмаған пациенттерді емдеуге арналған. Актемра® препаратын монотерапия ретінде (МТ жақпайтын жағдайда немесе МТ емі мақсатқа сай болмағанда) немесе МТ-пен біріктіріп тағайындауға болады.

Метотрексатпен біріктірілген Актемра® препараты 2 жастағы және одан үлкен, осының алдындағы МТ еміне жауабы талапқа сай болмаған пациенттерде полиартикулярлық ювенильді идиопатиялық артритті (оң немесе теріс ревматоидтық факторды және жайылған олигоартритті) емдеуге арналған.

МТ жақпайтын жағдайда немесе МТ емін жалғастыру мақсатқа сай болмағанда, Актемра® препаратын монотерапия ретінде тағайындауға болады.

Актемра® препараты ересек пациенттерде алып жасушалы артериитті емдеуге арналған.

Қарсы көрсеткіштер

белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

белсенді сатыдағы ауыр инфекциялар.

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Актемра® препаратының тері астына енгізуге арналған дәрілік түрі вена ішіне енгізуге арналмаған.

Актемра® препаратының тері астына енгізуге арналған дәрілік түрі жүйелі ювенильді идиопатиялық артриті бар, дене салмағы 10 кг аз балаларды емдеуге арналмаған.

Инфекциялар

Иммунодепрессанттарды, соның ішінде, Актемра® препаратын қабылдаған пациенттерде, ауыр, кейде өлімге соқтырған инфекциялар дамыған жағдайлар туралы хабарланды.

Туберкулез

Басқа биологиялық препараттарды тағайындағандағы сияқты, Актемра® препаратымен емдеуді бастар алдында, РА, жЮИА немесе пЮИА пациенттер туберкулездің жасырын түріне қатысты тексеруден өтуі тиіс. Актемра препаратымен емдеуді бастар алдында жасырын ТБ бар пациенттерге микобактерияға қарсы емнің стандартты курсын жүргізу керек.

Вирустық инфекциялардың реактивациясы

Ревматоидтық артриті бар, биологиялық препараттармен ем қабылдаған пациенттерде вирустық инфекцияның (мысалы, вирустық В гепатитінің) реактивациясы жағдайлары туралы хабарланды.

Дивертикулиттің асқынулары

РА бар пациенттерде Актемра препаратын қолданғанда дивертикулиттің асқынулары сияқты, дивертикул тесілген жағдайлар туралы жиі хабарланбады.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Актемра® препаратын қолдану аясында анафилаксияны қоса, аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары дамыған жағдайлар туралы хабарланды.

Бауырдың белсенді ауруы және бауыр функциясының бұзылуы

Актемра® препаратымен, әсіресе метотрексатпен бір мезгілде емдеу, бауыр трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауымен астасуы мүмкін, сондықтан, препаратты бауырдың белсенді ауруы немесе бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге тағайындағанда сақтық таныту керек.

Гепатоуыттылық

Актемра® препаратымен емдеу кезінде бауыр трансаминазалары белсенділігінің транзиторлық немесе интермиттирленетін жеңіл және орташа жоғарылауы туралы хабарланды.

Актемра® препаратын қолданғанда бауырдың жедел жеткіліксіздігін, гепатит пен сарғаюды қоса, дәрі индукциялаған бауыр зақымдануы жағдайлары байқалды.

Гематологиялық бұзылулар

Тоцилизумабты метотрексатпен біріктіріп қолданғанда нейтрофилдер мен тромбоциттер санының азайғаны білінді. Бұрын ісік некрозы факторы антагонистерімен ем қабылдаған пациенттерде нейтропенияның даму қаупі жоғарылауы мүмкін.

Липидтер алмасуының көрсеткіштері

Актемра® препаратымен ем қабылдаған пациенттерде, липидтер алмасуы көрсеткіштерінің, соның ішінде жалпы холестериннің, тығыздығы төмен липопротеиндердің, тығыздығы жоғары липопротеиндердің және триглицеридтердің жоғарылағаны байқалды.

Неврологиялық бұзылыстар

Қазіргі уақытта Актемра® препаратының орталық жүйке жүйесінің миелинсіздендіретін ауруларын тудыруға қабілеттілігі белгісіз.

Қатерлі жаңа түзілімдер

Ревматоидтық артриті бар пациенттерде қатерлі жаңа түзілім қаупі жоғары. Иммуномодуляциялайтын препараттар қатерлі жаңа түзілімдердің даму қаупін арттыруы мүмкін.

Вакцинация

Тірі және әлсіретілген тірі вакциналармен иммунизациялауды Актемра® препаратымен емдеуді бір мезгілде жүргізбеу керек, өйткені, мұндай біріктірілімнің клиникалық қауіпсіздігі анықталмаған.

Жүрек-қантамырлық асқынулар қаупі

Ревматоидты артриті бар пациенттерде жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі жоғары.

Ісік некрозы факторының (ІНФ) антагонистерімен біріктірілімі

Актемра® препаратының ІНФ антагонистерімен немесе ревматоидтық артритті емдеуге арналған басқа биологиялық препараттармен қолданылу тәжірибесі жоқ.

Алып жасушалы артериит

Жедел қайталануларды емдеу үшін Актемра® препаратын монотерапия ретінде тағайындамау керек, өйткені препаратты бұл жағдайда қолданудың тиімділігі анықталмаған.

Жүйелі ювенильді идиопатиялық артрит (жЮИА)

жЮИА бар пациенттерде өмірге қауіп төндіретін ауыр жағдай макрофагтардың белсенуі синдромының даму қаупі болуы мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Дене салмағы 10 мг/кг дозадағы Актемра® препараты мен аптасына бір рет 10-25 мг дозадағы метотрексатты мезгілде бір рет енгізу метотрексат экспозициясына клиникалық тұрғыдан маңызды әсер етпеген.

Ревматоидтық артриті бар пациенттерде Актемра® препаратының клиренсіне метотрексаттың, қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың немесе глюкокортикостероидтардың әсер ететіні анықталған жоқ. Алып жасушалы артерииті бар пациенттерде глюкокортикостероидтардың жинақталатын дозалары Актемра® препаратының экспозициясына әсер етпеген.

ИЛ-6 сияқты, созылмалы қабынуды стимуляциялайтын цитокиндердің әсерінен CYP450 жүйесінің «бауыр» ферменттерінің экспрессиясы бәсеңдейді. Сол себепті, цитокиндердің әсерін тежейтін дәрілермен, мысалы, Актемра® препаратымен ем жүргізгенде, CYP450 изоферменттерінің экспрессиясы бұзылуы мүмкін.

ИЛ-6 CYP1A2, CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттерінің экспрессиясының төмендеуін туғызады. Актемра® препаратын қолдану аталған изоферменттердің экспрессиясын қалыпқа түсіреді.

Ревматоидты артриті бар пациенттерде тоцилизумабты бір рет енгізгеннен кейін 1 аптадан соң симвастатин (CYP3A4 субстраты) концентрациясы 57%-ға төмендеген.

Тоцилизумабпен емдеу курсының басында немесе емдеуді тоқтатқаннан кейін, CYP450 3A4, 1A2 немесе 2C9 изоферменттерінің қатысуымен метаболизденетін дәрілік заттардың (мысалы, метилпреднизолон, дексаметазон (ішке қабылдауға арналған глюкокортикоидтарды тоқтату синдромының дамуы мүмкіндігімен), аторвастатин, кальций өзекшелерінің блокаторлары, теофиллин, варфарин, фенитоин, циклоспорин немесе бензодиазепиндер) жекелей таңдалған дозаларын қабылдап жүрген пациенттерді мұқият қадағалау керек, өйткені, аталған препараттардың емдік әсерін қамтамасыз ету үшін, олардың дозаларын арттыру қажет болуы мүмкін. Тоцилизумабтың жартылай шығарылуы кезеңінің ұзақтығын ескерсек, оның CYP450 изоферменттері белсенділігіне әсері емдеу тоқтатылғаннан кейін бірнеше апта бойы сақталуы мүмкін.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Жаңа туған нәрестелер мен 1 жасқа толмаған балаларда Актемра® препаратының тері астына енгізуге арналған дәрілік түрінің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ.

Препараттың дозасын тек, уақыт өте келе пациенттің дене салмағы тұрақты түрде өзгерген жағдайда ғана өзгертуге болады.

Егде жастағы пациенттер

>65 жас шамасындағы егде жастағы пациенттерде дозасын түзету қажет емес.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясының жеңіл және орташа дәрежелі жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозасын түзету қажет емес. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Актемра® препаратының қолданылуы зерттелмеген. Ондай пациенттерде бүйрек функциясын мұқият бақылау керек.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде Актемра® препаратының қолданылуы зерттелген жоқ.

Ұрпақ өрбітуге қабілетті әйелдер

Ұрпақ өрбітуге қабілетті әйелдер емделу кезінде және емдеу аяқталғаннан кейін 3 ай бойы контрацепцияның тиімді құралдарын пайдалануы тиіс.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Негізді клиникалық қажеттілігі болмаса, Актемра® препаратын жүктілік кезінде қолданбаған дұрыс.

Тоцилизумабтың адамда емшек сүтімен шығарылатын-шығарылмайтындығы белгісіз. Емшек емізуді жалғастыру/тоқтату немесе Актемра® препаратымен емдеуді жалғастыру/тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде, емшек емудің бала үшін пайдасы мен емдеудің анасы үшін пайдасын ескеру керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Актемра® препараты көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне елеусіз әсер береді.

Өзара әрекеттесуі

Дене салмағы 10 мг/кг дозадағы Актемра® препараты мен аптасына бір рет 10-25 мг дозадағы метотрексатты мезгілде бір рет енгізу метотрексат экспозициясына клиникалық тұрғыдан маңызды әсер етпеген.

Ревматоидтық артриті бар пациенттерде Актемра® препаратының клиренсіне метотрексаттың, қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың немесе глюкокортикостероидтардың әсер ететіні анықталған жоқ. Алып жасушалы артерииті бар пациенттерде глюкокортикостероидтардың жинақталатын дозалары Актемра® препаратының экспозициясына әсер етпеген.

ИЛ-6 сияқты, созылмалы қабынуды стимуляциялайтын цитокиндердің әсерінен CYP450 жүйесінің «бауыр» ферменттерінің экспрессиясы бәсеңдейді. Сол себепті, цитокиндердің әсерін тежейтін дәрілермен, мысалы, Актемра® препаратымен ем жүргізгенде, CYP450 изоферменттерінің экспрессиясы бұзылуы мүмкін.

ИЛ-6 CYP1A2, CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттерінің экспрессиясының төмендеуін туғызады. Актемра® препаратын қолдану аталған изоферменттердің экспрессиясын қалыпқа түсіреді.

Ревматоидты артриті бар пациенттерде тоцилизумабты бір рет енгізгеннен кейін 1 аптадан соң симвастатин (CYP3A4 субстраты) концентрациясы 57%-ға төмендеген.

Тоцилизумабпен емдеу курсының басында немесе емдеуді тоқтатқаннан кейін, CYP450 3A4, 1A2 немесе 2C9 изоферменттерінің қатысуымен метаболизденетін дәрілік заттардың (мысалы, метилпреднизолон, дексаметазон (ішке қабылдауға арналған глюкокортикоидтарды тоқтату синдромының дамуы мүмкіндігімен), аторвастатин, кальций өзекшелерінің блокаторлары, теофиллин, варфарин, фенитоин, циклоспорин немесе бензодиазепиндер) жекелей таңдалған дозаларын қабылдап жүрген пациенттерді мұқият қадағалау керек, өйткені, аталған препараттардың емдік әсерін қамтамасыз ету үшін, олардың дозаларын арттыру қажет болуы мүмкін. Тоцилизумабтың жартылай шығарылуы кезеңінің ұзақтығын ескерсек, оның CYP450 изоферменттері белсенділігіне әсері емдеу тоқтатылғаннан кейін бірнеше апта бойы сақталуы мүмкін.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Жаңа туған нәрестелер мен 1 жасқа толмаған балаларда Актемра® препаратының тері астына енгізуге арналған дәрілік түрінің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ.

Препараттың дозасын тек, уақыт өте келе пациенттің дене салмағы тұрақты түрде өзгерген жағдайда ғана өзгертуге болады.

Егде жастағы пациенттер

>65 жас шамасындағы егде жастағы пациенттерде дозасын түзету қажет емес.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясының жеңіл және орташа дәрежелі жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозасын түзету қажет емес. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Актемра® препаратының қолданылуы зерттелмеген. Ондай пациенттерде бүйрек функциясын мұқият бақылау керек.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде Актемра® препаратының қолданылуы зерттелген жоқ.

Ұрпақ өрбітуге қабілетті әйелдер

Ұрпақ өрбітуге қабілетті әйелдер емделу кезінде және емдеу аяқталғаннан кейін 3 ай бойы контрацепцияның тиімді құралдарын пайдалануы тиіс.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Негізді клиникалық қажеттілігі болмаса, Актемра® препаратын жүктілік кезінде қолданбаған дұрыс.

Тоцилизумабтың адамда емшек сүтімен шығарылатын-шығарылмайтындығы белгісіз. Емшек емізуді жалғастыру/тоқтату немесе Актемра® препаратымен емдеуді жалғастыру/тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде, емшек емудің бала үшін пайдасы мен емдеудің анасы үшін пайдасын ескеру керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Актемра® препараты көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне елеусіз әсер береді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ревматоидтық артрит

Препараттың тері астына енгізу үшін ұсынылатын дозасы аптасына бір рет 162 мг құрайды.

Алып жасушалы артериит

Препараттың тері астына енгізу үшін глюкокортикостероидтармен біріктірілімде, соңғылардың дозасының біртіндеп төмендетілуімен ұсынылатын дозасы аптасына бір рет 162 мг құрайды.

Жүйелі ювенильді идиопатиялық артрит

Препараттың ұсынылатын дозасы 1 жастан асқан, дене салмағы ≥30 кг пациенттер үшін аптасына 1 рет тері астына 162 мг немесе дене салмағы 30 кг аз пациенттер үшін 2 аптада 1 рет 162 мг құрайды.

Актемра® препаратын тері астына енгізу кезінде пациенттердің ең аз дене салмағы 10 кг құрауы тиіс.

Полиартикулярлық ювенильді идиопатиялық артрит

Препараттың ұсынылатын дозасы 2 жастан асқан, дене салмағы ≥30 кг пациенттер үшін 2 аптада 1 рет тері астына 162 мг немесе дене салмағы 30 кг аз пациенттер үшін 3 аптада 1 рет 162 мг құрайды.

Енгізу әдісі және жолы

Актемра® препараты тері астына енгізуге арналған.

Пациенттер Актемра® препаратының инъекциясын, инъекцияларды жүзеге асырудың қажетті техникасын тиісінше үйренуден өткеннен кейін, дәрігердің рұқсатымен ғана өз бетінше енгізуіне болады. Шприц-түбектің ішіндегісін (0.9 мл) түгелімен тері астына енгізу керек. Әр ретте теріастылық инъекциялардың орындарын өзгертіп отыру (іш тұсы, сан және иық) ұсынылады, препаратты меңдерге, тыртықтарға, көгерген жерлерге немесе терісі нәзік немесе қатты, қызарған, тығызданған зақымданулары бар бөліктерге енгізуге болмайды.

Шприц-түбекті сілкуге болмайды.

Актемра препараты инеге арналған қорғағыш құрылғымен жасақталған бір реттік шприц-түбек түрінде жеткізіледі. Шприц-түбекті тоңазытқыштан шығарғаннан кейін, инъекция жүргізер алдында ерітінді бөлме температурасына (18 °С – 25 °С) дейін жылуы үшін 25-30 минут күте тұру қажет. Шприц-түбекті сілкімеу керек. Иненің қорғағыш қалпақшасын алып тастағаннан кейін инъекцияны 5 минут ішінде жүргізу қажет; керісінше жағдайда ерітінді кеуіп қалуы және иненің тесігін бітеп тастауы мүмкін. Егер шприц-түбек қалпақшасын алып тастағаннан кейін 5 минут ішінде пайдаланылмаса, шприцті үшкір құралдарды утилизациялауға арналған контейнерге тастау қажет, және оның орнына жаңа шприц-түбекті пайдалану керек.

Егер инені енгізгеннен кейін шприцтің поршенін түсіру мүмкін болмаса, шприцті үшкір құралдарды утилизациялауға арналған контейнерге тастау және жаңа шприц-түбекті дайындау қажет.

Ерітінді бұлыңғырланған немесе препараттың ішінде көзге көрінетін бөгде бөлшектер болған, түсі өзгерген (ерітінді түссізден ашық-сары түске дейін болуы тиіс) немесе шприц-түбектің кез келген бөлшегінде зақымдану белгілері болған жағдайда, шприц-түбекті пайдалануға болмайды.

Утилизация

Дәрілік препараттың кез келген пайдаланылмаған мөлшерін утилизациялау керек.

Емдеу ұзақтығы

Алып жасушалы артериит

Алып жасушалы артериит ағымы созылмалы сипатта болатындықтан, 52 аптадан соң емдеуді жалғастыру аурудың белсенділігін ескере отырып, дәрігердің шешімімен, сондай-ақ, пациенттің келісімімен жүргізілуі тиіс.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Актемра® препаратымен артық дозалану жөніндегі қолжетімді деректер шектеулі. Көптеген миеломасы бар пациентте 40 мг/кг дозадағы препараттың байқаусызда артық дозалануының бір жағдайы мәлімденген. Жағымсыз реакциялар байқалмаған.

Сонымен қатар, препаратты 28 мг/кг дейінгі дозада бір рет қабылдаған дені сау еріктілерде ауыр жағымсыз реакциялар білінбеген, алайда дозасын төмендетуді қажет ететін нейтропения байқалған.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар

Ревматоидты артрит және алып жасушалы артериит

Егер пациент Актемра® препаратының апта сайынғы теріастылық инъекциясын енгізуді жоспарланған күннен кейінгі 7 күн ішінде жіберіп алса, келесі дозасы кесте бойынша енгізіледі. Егер пациент 2 аптада 1 рет дозалау режимі кезінде Актемра® препаратының теріастылық инъекциясын енгізуді жіберіп алса, және бұл жағдайда дозасын жіберіп алған сәттен бері 7 күннен аз уақыт өтсе, пациент препараттың жіберіліп алған дозасын дереу енгізуі, ал келесі дозасын – кестеге сәйкес енгізуі тиіс.

Жүйелі ювенильді идиопатиялық артрит

Егер пациент Актемра® препаратының апта сайынғы теріастылық инъекциясын енгізуді жоспарланған күннен кейінгі 7 күн ішінде жіберіп алса, келесі дозасы кесте бойынша енгізіледі. Егер пациент 2 аптада 1 рет дозалау режимі кезінде Актемра® препаратының теріастылық инъекциясын енгізуді жіберіп алса, және бұл жағдайда дозасын жіберіп алған сәттен бері 7 күннен аз уақыт өтсе, пациент препараттың жіберіліп алған дозасын дереу енгізуі, ал келесі дозасын – кестеге сәйкес енгізуі тиіс.

Полиартикулярлы ювенильді идиопатиялық артрит

Егер пациент Актемра® препаратының теріастылық инъекциясын енгізуді жоспарланған күннен кейінгі 7 күн ішінде жіберіп алса, ол өткізілген дозаны барынша ертерек енгізіп, келесі дозасы - кесте бойынша енгізіледі. Егер пациент теріастылық инъекцияны енгізуді жіберіп алса және дозасын жіберіп алған сәттен бастап 7 күннен көп уақыт өтсе, не болмаса пациент келесі инекцияның күніне сенімсіз болса, онда ол дәрігерге немесе фармацевтке бару керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін хабарласу бойынша ұсынымдар

Препаратты қолдану бойынша сұрақтар болған жағдайда емдеуші дәрігерге жүгініңіз.

Шығарылу түрі

Корпусы 1 типті (ЕФ) түссіз шыныдан жасалған, бір жағы бутилкаучуктен жасалып, фторполимермен ламинатталған поршеньмен жабылатын, және екінші жағында инъекцияға арналған, кіріктірілген инесі бар, полиизопреннен (инесі жағы) және полипропиленнен жасалған қалпақшамен жабылған бір реттік шприц-түбектерге 0.9 мл ерітіндіден құйылған.

Кіріктірілген инесі бар шприц-түбек қорғағыш корпусқа салынған.

4 шприц-түбек қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Тоңазытқышта (2 °С – 8 °С) сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды. Тоңазытқыштан шығарғаннан кейін шприц-түбекті 30 °С-ден аспайтын температурада 2 аптаға дейін сақтауға болады.

Шприц-түбект(ерд)і жарық пен ылғалдан қорғау үшін картон қорапшасында сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Тоңазытқышта (2 °С – 8 °С) сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды. Тоңазытқыштан шығарғаннан кейін шприц-түбекті 30 °С-ден аспайтын температурада 2 аптаға дейін сақтауға болады.

Шприц-түбект(ерд)і жарық пен ылғалдан қорғау үшін картон қорапшасында сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

0.9 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАктемра шприц-түтік 162 мг/0,9 мл №4 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube