daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы 50 Мг №1 Еріткіші Бар Актилизе Ұнтағы | Берингер Ингельхайм Фарма

Алматы қаласындағы 50 Мг №1 Еріткіші Бар Актилизе Ұнтағы | Берингер Ингельхайм Фарма
Сипаттама:

Лиофилизацияланған ұнтақ Иіссіз дерлік ақ немесе бозғылт-сары масса. Еріткіш Мөлдір түссіз сұйықтық Қалпына келтірілген ерітінді Мөлдір түссіз дерлік немесе бозғылт-сары ерітінді

Халықаралық атауы:

Алтеплаза

Өндіруші:

Берингер Ингельхайм Фарма

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Белсенді ингредиент:

Сондай-ақ иммунологиялық емес механизмнен болатын аса жоғары сезімталдық реакциялары даму қаупі бар. Ангионевроздық ісіну Актилизе® препаратын қолданудағы аса жоғары сезімталдық реакцияларының жиірек тіркелетіні болып табылады. Бұл қауіп жедел ишемиялық инсульт көрсетілімі бойынша қолданғанда және/немесе (ангиотензин өзгертуші фермент) АӨФ тежегіштерімен қатар емдегенде жоғарылауы мүмкін («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз). Бұрын кез келген тіркелген көрсетілім бойынша ем қабылдаған пациенттер инфузия кезінде және одан кейін 24 сағат бойы ангионевроздық ісінуге қатысты бақылауда болуы тиіс. Аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциясы (мысалы, ангионевроздық ісіну) пайда болған кезде инфузияны тоқтатып, дереу тиісті емдеуді бастау керек. Оған интубация кіруі мүмкін. Қан кету Ауыр қан кету пайда болған жағдайда, әсіресе церебральді фибринолитикалық терапия дереу тоқтатылуы тиіс және гепаринді қатар енгізу дереу тоқтатылуы тиіс. Жалпы алғанда, жартылай шығарылудың қысқа кезеңіне және жүйелі ұю факторларына ең аз әсер етуге байланысты орнын басатын коагуляциялық емнің қажеті жоқ. Қан кететін пациенттердің көпшілігінде тромболиздік және антикоагулянттық терапияны тоқтату, айналымдағы қан көлемін толықтыру және қан кетуді тоқтату бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Егер қан кету басталғанға дейін 4 сағат ішінде гепарин қолданылса, протаминді қолданудың орындылығы туралы мәселені қарастырған жөн. Сирек жағдайларда, жоғарыда көрсетілген консервативті шаралар тиімсіз болған кезде, қан кету жалғасады, қан препараттарын қолдану көрсетілуі мүмкін. Криопреципитатты, жаңа мұздатылған плазма мен тромбоциттерді трансфузиялық енгізу әрбір енгізуден кейін қайта айқындалатын клиникалық және зертханалық көрсеткіштерге сәйкес тағайындалуы мүмкін. Криопреципитат инфузиясын фибриноген концентрациясы 1г/л жеткенге дейін жүргізген жөн. Антифибринолитикалық дәрілерді қолдану мүмкіндігін қарастыруға болады. Бассүйекішілік қан құйылу қаупі егде пациенттерде артуы мүмкін, сондықтан осы пациенттерде пайда-қауіп арақатынасын мұқият бағалау қажет. Басқа тромболитиктерді пайдаланғандағыдай, болжамды пайда мен ықтимал қауіп дәрежесін мынадай жағдайларда мұқият бағалау керек: Жақында жасалған бұлшықетішілік инъекция немесе биопсия, ірі тамырлар пункциясы, реанимация кезіндегі жүрекке массаж сияқты жақында болған шағын араласулар. Қан кету қаупі жоғары болатын қарсы көрсетілімдердің «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімінде айтылмаған жағдайлар. Пероральді антикоагулянттық ем қабылдайтын пациенттер Егер дозалау режимі немесе антикоагулянттарды соңғы қабылдаудан кейінгі уақыт қан ұю жүйесіне клиникалық мәнді әсерін тигізбейтін дәрілік заттардың антикоагулянттық белсенділігіне тиісті тестілер көмегімен антикоагулянттармен емдеудің қалдық тиімділігін растауға мүмкіндік бермесе (мысалы, К дәрумені антагонистері үшін ХҚҚ <1,3 немесе басқа пероральді антикоагулянттарға арналған өзге де тиісті тестілер жоғарғы қалып шектерінде болса), Актилизе® қолдануды қарастыруға болады. Жедел миокард инфарктісін және өкпе артериясының жедел ауқымды тромбоэмболиясын емдеу кезінде келесі ерекше ескертулер мен сақтық шараларын қосымша есте ұстаған жөн: Бассүйекішілік қан кету қаупінің жоғарылауына байланысты Актилизе® 100 мг-нан асатын дозада қолдануға болмайды. Сондықтан «Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімінде сипатталған Актилизе® дозалау режимін сақтау маңызды. Систолалық артериялық қысымы >160 мм с.б. болатын пациенттерде («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз) және миішілік қан кету қаупі артуы мүмкін егде жастағы пациенттерде болжамды пайда және ықтимал қауіп дәрежесін мұқият бағалау керек. Емдік пайдасы егде жастағы пациенттерде де оң болғандықтан, қауіп пен пайданы бағалау сақтықпен жүргізілуі тиіс. IIb/IIIa гликопротеин антагонистері IIB/IIIa гликопротеин антагонисттерін бір мезгілде қабылдау қан кету қаупін арттырады. Жедел миокард инфарктісін емдегенде келесі ерекше қосымша сақтануларды және сақтық шараларын ескеру керек: Аритмия Коронарлық тромболизис реперфузияға байланысты аритмияға әкелуі мүмкін. Реперфузиялық аритмия жүрек тоқтауына әкелуі мүмкін, өмір үшін қауіпті болуы мүмкін және стандартты антиаритмиялық ем әдісін пайдалануды талап етуі мүмкін. Тромбоэмболия Тромболитиктерді қолдану жүректің сол жақ бөлігіндегі тромбы бар пациенттерде тромбоэмболиялық асқынулар, мысалы митральді стеноз немесе жыпылықтағыш артимия қаупін ұлғайтуы мүмкін. Жедел ишемиялық инсультті емдеуде келесі айрықша сақтандырулар және алдын ала сақтану шаралары қосымша ескерілу керек Қолдану кезіндегі ерекше сақтық шаралары Жүргізілген емге жауапкершілік оқып-үйренуден өткен және қарқынды неврологиялық көмек көрсету біліктері мен тәжірибесі бар емдеуші дәрігерге жүктеледі. Қолданылу көрсетілімдері расталу үшін диагностикалық емшаралар тиісті үлгіде жүргізілуі тиіс («Қолданылуы» бөлімін қараңыз). Арнайы ескертулер/пайда-қауіп төмендеген жағдайлар Бассүйекішілік қан құйылулар жедел ишемиялық инсультті емдегенде (жалпы өлімнің қандай да бір артуынсыз және жалпы өлім жағдайының және ауыр мүгедектіктің бәрін бірге алғанда қандай да бір елеулі артуынсыз, пациенттердің 15%-на дейін, яғни Ранкин шкаласы бойынша модификацияланған көрсеткіш [mRS] 5 және 6) негізгі жағымсыз реакциялар болып табылады. Жедел ишемиялық инсульт бар пациенттерде Актилизе® қолдану, осы препаратты басқа көрсетілімдер бойынша пайдаланумен салыстырғанда, жоғары бассүйекішілік қан құйылу қаупінің байқалуымен қатар жүреді, өйткені қан кету көбінесе некроздық аумақта жүреді. Бұл келесі жағдайларда ерекше ескерілу керек: «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімінде аталған барлық жағдайлар және жалпы жоғары қан кету қаупімен сипатталатын барлық жағдайлар емдеудің инсульт симптомдарының даму уақытынан кеш басталуы клиникалық әсерін төмендетеді. Осылайша, Актилизе® енгізуді кейінге қалдыруға болмайды. бұрын ацетилсалицил қышқылымен ем жүргізілген пациенттерде, әсіресе, егер Актилизе® қолдану кешірек мерзімдерде басталса, миішілік қан құйылу қаупі жоғары болуы мүмкін. егде жастағы пациенттерде (80 жастан үлкен) аяқталуы жасырақ пациенттермен салыстырғанда емге байланыссыз жағымсыз болуы мүмкін. Сондай-ақ оларда тромболизис жүргізгендегі немесе тромболизис жүргізілмеген пациенттердегі жеңілдеу инсульттермен салыстырғанда оларда тромболизис жүргізген жағдайда ми ішіне қан құйылудың толық басымырақ қаупіне байланысты ауырлығы басым инсульттер туындау ықтималдығы жоғары. Қолда бар деректер Актилизе® препаратының әсері жас пациенттермен салыстырғанда 80 жастан асқан пациенттерде аз екенін айғақтаса да, Актилизе® нақты пациент үшін пайда-қауіпті бағалау негізінде 80 жастан асқан пациенттерде қолдануға болады. Егде жастағы пациенттер жалпы денсаулық жағдайын, сондай-ақ неврологиялық статусын ескерумен өте мұқият таңдалуы тиіс. Емнің пайдасы бұрын инсульт өткерген пациенттерде немесе бақыланбайтын қант диабеті болғанда төмендейді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін де қараңыз), осылайша, мұндай пациенттерде пайда-қауіп арақатынасы, бәрібір оң күйде қалса да, қолайлылығы азырақ болып саналады. Ауырлық дәрежесі жеңіл инсульт алған пациенттерде қауіптер күтілетін әсерден асып түседі («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Өте ауыр инсультті өткерген пациенттерде миішілік қан құйылу және өліммен аяқталу қаупі едәуір жоғары («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз) Ауқымды инфарктілер алған пациенттерде жайсыз аяқталу, соның ішінде миішілік айқын қан құйылу және өліммен аяқталу қаупі жоғары болады. Ондай жағдайларда ем жүргізу қаупі мен пайдасын мұқият таразылау керек. Инсульт өткерген пациенттерде емдеу нәтижесінің қолайлы болу ықтималдығы симптомдар білінуінен емдеу басталғанға дейінгі уақыттың артуымен, жас ұлғаюымен, сондай-ақ инсульттің ауырлық дәрежесінің артуына қарай және қандағы глюкоза деңгейі жоғарылағанда азаяды, сонымен қатар, қабілеттіліктің күрделі бұзылулары және өліммен аяқталу немесе симптоматикалық елеулі бассүйекішілік қан кетулер емдеуге байланыссыз артады. Емдеу бастысы төмендегілерге негізделген пайда/қаупінің жағымсыз арақатынасына байланысты симптомдар пайда болғаннан кейін 4,5 сағат кешігіп басталмауы тиіс: • емнің оң әсері уақыт өте келе төмендейді • көбіне ацетилсалицил қышқылымен осының алдында емделген пациенттерде өлім жағдайы артады • симптоматикалық қан кетулердің жоғары қаупі Артериялық қысымды бақылау Емдеу кезінде және ол аяқталған соң 24 сағат бойы артериялық қысымға (АҚ) мониторинг жасау қажет, систолалық АҚ с. б. > 180 мм немесе диастолалық АҚ с. б. > 105 мм көтерілгенде вена ішіне гипертензияға қарсы препараттар қолдану ұсынылады. Басқа да айрықша көрсетілімдер Ишемиялық аумақ реперфузиясы инфаркт аймағында ми ісінуіне әкелуі мүмкін. Жоғары геморрагия қаупіне орай, тромбоциттер агрегациясы тежегіштерін қолдануды алтеплаза көмегімен тромболизис жүргізуден кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде бастауға болмайды. Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі Жедел миокард инфарктісінде әдетте қолданылатын басқа дәрілік препараттармен Актилизе® өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеу жүргізілмеген. Қан ұюына/тромбоциттер функциясына әсер ететін препараттар Кумарин туындыларын, пероральді антикоагулянттарды, тромбоциттер агрегациясы тежегіштерін, фракцияланбаған гепаринді, төмен молекулярлық гепаринді немесе қан ұюына әсер ететін препараттарды (Актилизе® препаратымен ем басталғанға дейін, емдеу кезінде немесе ем басталғаннан кейін алғашқы 24 сағат ішінде) қолданған жағдайда қан кету қаупі артады («Қолдану жөніндегі нұсқаулар», «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімдерін қараңыз). АӨФ тежегіштері АӨФ тежегіштерімен қатар емдеу аса жоғары сезімталдық реакциясының қаупін арттыруы мүмкін («Қолдану бойынша ұсыныстар», «Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары» бөлімдерін қараңыз). IIB/IIIa гликопротеин антагонисттерін қатар қолдану қан кету қаупін арттырады.

Белсенді заттың дозасы:

50 мг

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Жедел миокард инфарктісінің тромболизистік емі:

- 90 минуттық (жеделдетілген) дозалау режимі («Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімін қараңыз): симптомдар пайда болғаннан кейін емдеуді 6 сағат ішінде бастауға болатын пациенттер үшін

- 3 сағаттық дозалау режимі («Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімін қараңыз): диагноз нақты расталған жағдайда симптомдар пайда болғаннан кейін емдеуді 6-12 сағаттан соң бастауға болатын пациенттер үшін.

Актилизе® препаратын қолдану жедел миокард инфарктісі бар пациенттерде 30 күн ішінде өлім жағдайының қысқаруына әкелетіні дәлелденді.

Қарсы көрсеткіштер

Алтеплазаға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

Препаратты жедел миокард инфарктісін, өкпе артериясының жедел ауқымды тромбоэмболиясын және жедел ишемиялық инсультті емдеу үшін қолданған жағдайда келесі қарсы көрсетілімдер бар:

Актилизе® төмендегідей қан кету қаупі жоғары болған жағдайда қарсы көрсетілген:

қазіргі уақытта немесе алдыңғы 6 ай ішінде қан ұюының елеулі бұзылуы

анамнездегі геморрагиялық диатез

тиімді пероральді антикоагулянттармен бір мезгілде емдеу (мысалы, натрий варфаринімен ХҚҚ > 1.3) (халықаралық қалыптасқан қатынас) («Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары» бөлімін қараңыз)

қазіргі уақытта немесе жақында күрделі немесе қауіпті қан кету

қазіргі уақытта немесе анамнезінде бассүйекішілік қан құйылу

субарахноидальды қан кетуге күдік немесе аневризмамен байланысты субарахноидальды қан кетуден кейінгі жағдай

анамнездегі орталық жүйке жүйесінің аурулары (мысалы, жаңа түзілімдер, аневризма, миға немесе жұлынға хирургиялық араласу)

жарақаттық жүрек-өкпе реанимациясы, алдыңғы 10 күн ішіндегі босану; сығылмайтын қан тамырларының жақында жасалған пункциясы (мысалы, бұғана асты немесе жарма венасы)

ауыр бақыланбайтын артериялық гипертензия

бактериялық эндокардит, перикардит

жедел панкреатит

соңғы 3 ай ішінде асқазанның немесе он екі елі ішектің расталған ойық жара ауруы, өңеш веналарының варикозды кеңеюі, артериялардың аневризмасы, артериялардың/веналардың даму ақаулары

қан кетудің даму қаупі жоғары жаңа түзілімдер

бауырдың күрделі аурулары, оның ішінде бауыр жеткіліксіздігі, цирроз, порталдық гипертензия (өңеш венасының варикозды кеңеюін қоса) және белсенді гепатит;

ауқымды хирургиялық араласу немесе соңғы 3 айдағы үлкен жарақат

Жедел миокард инфарктісіне қосымша қарсы көрсетілімдер:

геморрагиялық инсульт немесе анамнездегі этиологиясы белгісіз инсульт;

4,5 сағат ішіндегі ағымдық жедел ишемиялық инсультті қоспағанда, соңғы 6 ай ішінде ишемиялық инсульт немесе транзиторлық ишемиялық шабуылдар (ТИШ);

Өкпе артериясының жедел ауқымды тромбоэмболиясына қосымша қарсы көрсетілімдер:

геморрагиялық инсульт немесе анамнездегі этиологиясы белгісіз инсульт

4,5 сағат ішіндегі ағымдық жедел ишемиялық инсультті қоспағанда, соңғы 6 ай ішінде ишемиялық инсульт немесе транзиторлық ишемиялық шабуылдар (ТИШ).

Жедел ишемиялық инсульт кезіндегі қосымша қарсы көрсетілімдер:

ишемиялық инсульт симптомдарының инфузия басталғанға дейін 4,5 сағат бұрын басталуы немесе басталу уақыты белгісіз және 4,5 сағат бұрын болуы ықтимал симптомдар;

аздаған неврологиялық жеткіліксіздік немесе инфузия басталғанға дейін тез жақсаратын симптомдар;

клиникалық деректер негізінде (мысалы, NIHSS > 25) және/немесе тиісті визуализация әдістерінің нәтижелері бойынша ауыр ағымды инсульт;

инсульт кезіндегі құрысулар;

КТ-сканерлеумен расталған бассүйекішілік қан құйылу (БІҚ) белгілері;

КТ сканерлеу деректері қалыпты деңгейде болса да, кету симптомдары;

алдыңғы 48 сағат ішінде гепаринді енгізу және зертханалық қалыпты диапазонның жоғарғы шегінен жоғары тромбопластиндік уақыт;

анамнезінде инсульт және қатарлас қант диабеті бар пациенттер;

алдыңғы 3 ай ішінде бастан өткерген инсульт жөніндегі мәліметтер;

100 000/мм3-ден аз тромбоциттер саны;

с.б. 185 мм жоғары систолалық артериялық қысым немесе с.б. 110 мм жоғары диастолалық артериялық қысым немесе артериялық қысымды осы шектерге дейін төмендетуге арналған қарқынды ем (венаішілік фармакотерапия) қолдану қажеттілігі;

қандағы глюкозаның <50 мг/дл немесе > 400 мг/дл (< 2,8 мМ немесе > 22,2 мМ) деңгейі.

Балалар мен жасөспірімдерде қолдану

Актилизе® препараты 16 жасқа толмаған жедел инсультті емдеуге қолданылмайды (16 жастағы жасөспірімдерде қолдану үшін «Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары» бөлімін қараңыз).

Өзара әрекеттесуі

Жедел миокард инфарктісінде әдетте қолданылатын басқа дәрілік препараттармен Актилизе® өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеу жүргізілмеген.

Қан ұюына/тромбоциттер функциясына әсер ететін препараттар

Кумарин туындыларын, пероральді антикоагулянттарды, тромбоциттер агрегациясы тежегіштерін, фракцияланбаған гепаринді, төмен молекулярлық гепаринді немесе қан ұюына әсер ететін препараттарды (Актилизе® препаратымен ем басталғанға дейін, емдеу кезінде немесе ем басталғаннан кейін алғашқы 24 сағат ішінде) қолданған жағдайда қан кету қаупі артады («Қолдану жөніндегі нұсқаулар», «Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімдерін қараңыз).

АӨФ тежегіштері

АӨФ тежегіштерімен қатар емдеу аса жоғары сезімталдық реакциясының қаупін арттыруы мүмкін («Қолдану бойынша ұсыныстар», «Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары» бөлімдерін қараңыз).

IIB/IIIa гликопротеин антагонисттерін қатар қолдану қан кету қаупін арттырады.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Актилизе® препаратын қолдану жедел миокард инфарктісі бар пациенттерде 30 күн ішінде өлім жағдайының қысқаруына әкелетіні дәлелденді.

Шығарылу түрі

Алюминий/пластик қайырмалы қақпақпен бұрап жабылған, бромбутил эластомерінен жасалған тығынмен тығындалған, ішінде 50 мг алтеплаза бар І типті түссіз шыныдан жасалған 1 құты, алюминий/пластик қайырмалы қақпақпен бұрап жабылған, хлорбутил/ каучук тығынмен тығындалған, ішінде 50 мл еріткіші бар І типті түссіз шыныдан жасалған 1 құты және пластик пакетке қапталған, 1 және 2 құтының ішіндегісін араластыруға арналған акрилонитрилбутадиенстирол канюля медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ○С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Дайындалған ерітіндіні тоңазытқышта 24 сағат; ал 25ºС-ден аспайтын температурада – 8 сағатқа дейін сақтауға болады.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға болады50 мг №1 еріткіші бар Актилизе ұнтағы дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube