daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Алматы қаласындағы Аминокапрон Қышқылы Контейнер Полипропилен 5% 100 Мл | ТОО «НУР-МАЙ ФАРМАЦИЯ»

Алматы қаласындағы Аминокапрон Қышқылы Контейнер Полипропилен 5% 100 Мл | ТОО «НУР-МАЙ ФАРМАЦИЯ»

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Мөлдір түссіз ерітінді.

Международное наименование:

Аминокапрон қышқылы Дәрілік түрі, дозасы Инфузияға арналған ерітінді 5%

Производитель:

ТОО «НУР-МАЙ ФАРМАЦИЯ»

Страна производитель:

Казахстан

Действующее вещество:

қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Мөлдір түссіз ерітінді.

Дозировка активного вещества:

5%

Количество в упаковке:

1 шт
...loading

Инструкция

Показания к применению

қан кетулер (гиперфибринолиз, гипо- және афибриногенемия);

қанның және тіндердің фибринолитикалық белсенділігінің жоғарылауымен қатар жүретін хирургиялық операцияларда және патологиялық үдерістерде

геморрагиялық синдромы бар ішкі ағзалар ауруларында

плацента мезгілінен ерте ажырағанда, асқынған абортта

консервацияланған қанды көп құйғанда болатын салдарлық гипофибриногенемияның алдын алу үшін

Противопоказания

препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

тромбоздарға және эмболияларға бейімділік

гиперкоагуляция (тромбтың түзілуі, тромбоэмболия)

ми қан айналымының бұзылуы

қанның қантамырішілік диффузды ұюы салдарынан болатын коагулопатия (ДТҰ синдромы)

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде клиникалық деректер болмағандықтан)

жүктілік, лактация кезеңі

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Сақтықпен қолдану керек:

артериялық гипотензияда

жүректің клапандық ақауларында

этиологиясы анықталмаған несеп шығару жолдарының жоғарғы бөліктерінен қан кетуде (интраренальді обструкция қаупіне байланысты, ол шумақтық капиллярлар тромбозына немесе бүйрек түбекшесі мен несепағар саңылауында ұйынды түзілуіне байланысты; мұндай жағдайда күтілетін пайда ықтимал қаупінен асып түскенде ғана қолданылуы мүмкін)

субарахноидальді қан құйылуда

бауыр жеткіліксіздігінде

созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Аминокапрон қышқылын глюкоза, гидролизаттар, сондай-ақ шоққа қарсы ерітінділерімен біріктіре қолдануға болады. Антикоагулянттармен (тікелей, тікелей емес) бір мезгілде қолданғанда, олар препараттың коагуляциялық әсерін төмендетеді.

Арнайы ескертулер

Препаратты тағайындағанда қан құрамындағы фибриноген концентрациясы мен қанның ұю уақытын бақылау арқылы жүргізу керек. Препаратты, әсіресе науқастарда миокард инфаркті және бауыр жеткіліксіздігінен кейін коагулограмма бақылауымен қолдану ұсынылады.

Жоғары дозаларда жылдам енгізген кезде артериялық гипотензия, брадикардия және жүрек ырғағы бұзылуының дамуы мүмкін.

Сирек жағдайларда, ұзақ қолданудан кейін, рабдомиолиз типті қаңқа бұлшықеттерінің зақымдануы сипатталған. Клиникалық көріністері орташа миалгия және бұлшықет әлсіздігінен бастап рабдомиолизбен, миоглобинурия және жедел бүйрек жеткіліксіздігімен ауыр проксимальді миопатияға дейін түрленуі мүмкін. Аминокапрон қышқылын ұзақ қабылдап жүрген пациенттерде сарысулық креатинин фосфокиназаны (КФК) бақылап отыру ұсынылады. Егер КФК артуының үдеуі байқалса, препаратты қолдану тоқтатылуы тиіс. Миопатия туындаған кезде миокард зақымдануының мүмкіндігін ескеру қажет.

Аминокапрон қышқылын қолдану тромбоциттер функциясын зерттеудің нәтижелерін өзгертуі мүмкін.

Аминокапрон қышқылы 5 % дозада тиісінше мл 9.0 мг натрий бар. Бұл натрий қабылдауды шектейтін диетасы бар пациенттер қолданған кезде ескерілуі тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізу немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Препарат стационарлық жағдайда қолдануға арналған, сондықтан препараттың назар аудару қабілетіне ықпал етуі бойынша зерттеу жүргізілмеді.

Взаимодействие

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Алғашқы сағат ішінде 80-100 мл (4-5 г) енгізу керек, содан кейін қажет болған жағдайда, қан кету толық тоқтағанша, әрбір сағат сайын 20 мл (1 г) енгізеді, бірақ 8 сағаттан асырмайды. Ересектер үшін ең жоғары тәуліктік доза – 600 мл (30 г).

Енгізу әдісі және жолы

Аминокапрон қышқылы вена ішіне, тамшылатып енгізіледі. Препаратты пациенттің 1 кг дене салмағына шаққанда 1 мл 5% аминокапрон қышқылы есебінен, минутына 50-60 тамшы жылдамдықпен енгізеді.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Қан кету ұзаққа созылғанда немесе қайталанғанда препаратты 4 сағаттан кейін енгізеді.

Емдеу ұзақтығы

Аминокапрон қышқылын қолдану ұзақтығы аурудың клиникалық көрінісіне байланысты.

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Симптомдары: артериялық қысымның төмендеуі, құрысулар, жедел бүйрек жеткіліксіздігі.

Емі: препарат енгізуді тоқтату, симптоматикалық ем.

Ауыр жағдайларда гемодиализ немесе перитонеальді диализ тағайындалады.

Тоқтату симптомдары қаупінің барын көрсету

Егер КФК үдемелі ұлғаюы байқалса, препаратты қолдану тоқтатылуы тиіс.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін дәрігерге жүгіну бару керек. В/і енгізуге арналған. Препаратты тек маман енгізу керек. Препаратты артерия ішіне енгізуден немесе қоршаған тіндерге түсуден аулақ болу керек.

Побочные действия

Жиі:

бас ауыруы, әлсіздік, енгізген жердегі реакциялар, ауыру және некроз, артериялық гипотензия, іштің ауыруы, диарея, жүрек айнуы, құсу, бас айналуы, мұрын бітелуі, құлақ шулауы.

Сирек:

аллергиялық/анафилактоидты реакциялар, анафилаксиялық шок, брадикардия, агранулоцитоз, коагуляцияның бұзылуы, бұлшықет әлсіздігі, миалгия, ентігу, қышыну, бөртпе, нашар көру, жас ағу

Өте сирек:

шеткері ишемия, креатинфосфокиназаның ұлғаюы, миозит, сананың шатасуы, сандырақтау, елестеу, бассүйекішілік гипертензия, инсульт, естен тану, өкпе артериясының тромбоэмболиясы

Белгісіз:

тромбоз, лейкопения, тромбоцитопения, миопатия, рабдомиолиз, қан сарысуындағы мочевина деңгейінің ұлғаюы, бүйрек жеткіліксіздігі

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК ШЖҚ

Форма выпуска

100 мл препараттан бір немесе екі порты бар полипропилен контейнерлерге құяды. Контейнерлерді медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картоннан жасалған топтық қорапқа салады.

Условия хранения

Жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Объем

100 мл

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

...loading

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкааминокапрон қышқылы контейнер полипропилен 5% 100 мл онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация
...loading

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube