Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 1,25 мг рамиприл
қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, желатинделген крахмал (крахмал 1500), натрий стеарилфумараты
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сопақша пішінді, ойығы бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі жалпақ таблеткалар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ламинацияланған полиамидті/алюминий/поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 таблеткадан салынады.
Пішінді ұяшықты 4 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!