daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Антарис М №30 Таблеткалар | ТОО «Абди Ибрахим Глобал Фарм»

Алматы қаласындағы Антарис М №30 Таблеткалар | ТОО «Абди Ибрахим Глобал Фарм»
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында сызығы бар, ақ немесе ақ дерлік түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Өндіруші:

ТОО «Абди Ибрахим Глобал Фарм»

Өндіруші ел:

Казахстан

Белсенді ингредиент:

2.0 мг глимепирид, қосымша заттар: гидроксипропилцеллюлоза, магний немесе кальций стеараты, қабығы: гипромеллоза 2910, полиэтиленгликоль 6000, титанның қостотығы (Е 171) Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында сызығы бар, ақ немесе ақ дерлік түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Қаптамадағы саны:

30 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Инсулинге тәуелсіз қант диабетінен (2-тип) зардап шегетін науқастар үшін диетаға және дене жаттығуларына толықтыру ретінде:

- глимепиридпен немесе метформинмен монотерапия жеткілікті гликемиялық бақылауды қамтамасыз етпеген жағдайда

-  глимепиридпен және метформинмен біріктірілген емді алмастыруда 

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

- инсулинге тәуелді (1 тип) қант диабеті (мысалы, қант диабетімен ауыратын науқастардағы анамнезіндегі кетонемия), диабеттік кетонемия, диабеттік кома және коматоз алдындағы жай-күй, жедел немесе созылмалы метаболизмдік ацидоз

- осы препараттың қандай да бір қосымша заттарына немесе сульфонилмочевина туындыларына, сульфонамидтерге немесе бигуанидтерге белгілі жоғары сезімталдық

- бауыр функциясының бұзылуы ауыр немесе гемодиализде жүрген науқастар (ондай науқастарда қолдану тәжірибесі болмаған). Бауыр немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылуы жағдайларында қандағы глюкозаның тиісті бақылануын қамтамасыз ету үшін инсулинге көшу қажет.

- жүкті әйелдер немесе жүктілікті жоспарлаған әйелдер, бала емізу кезеңі

- лактоацидозға бейім науқастар, анамнезінде лактоацидозы, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының бұзылуы бар науқастар [мысалы, сарысудағы 1,5 мг/дл (ерлер) және 1,4 мг/дл (әйелдер) тең креатинин деңгейінің немесе креатининнің патологиялық клиренсінің негізінде болжанғандай] бұл кардиоваскулярлық коллапс (шок), миокардтың жедел инфарктісі және септицемия сияқты жағдайлардың салдары болуы мүмкін

- тамырішілік йодталған контрастылы дәрілерді пайдалануды қамтитын рентгенологиялық тексерулер [мысалы, венаішілік урография, венаішілік холангиография, ангиография және вена ішіне контрастылау арқылы компьютерлі томография (КТ)]. (Ондай тексерулер бүйрек функциясының жедел бұзылуына әкелуі мүмкін және осы препаратты қабылдаған науқастарда лактоацидозбен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан, осындай тексеруді жоспарлаған науқастарға бұл препаратты емшарадан 48 сағат бұрын уақытша тоқтату керек және бүйрек функциясы қалып шегінде қайта бағаланғаннан кейін ғана оны қолдануды қайта бастау керек). Бұдан басқа, препарат жедел симптомдары бар және бүйрек функциясының ықтимал бұзылуы бар (сусыздану, ауыр инфекция, шок) науқастарға қарсы көрсетілімді.

- ауыр инфекциялар, хирургиялық операциядан бұрын және одан кейінгі жағдай [бұл препаратты кез келген хирургиялық емшара жағдайында уақытша тоқтату керек (тамақ пен сұйықтықты қабылдау шектеулері жоқ кішігірім емшараларды қоспағанда), оны қолдану науқас пероральді тамақтануды қалпына келтіргенге дейін және бүйрек функциясы қайтадан қалыпты болып саналмайынша қайта басталмауы керек], ауыр жарақат

- нашар тамақтану, ашығу немесе әлсіреген науқастар, немесе гипофиз немесе бүйрекүстібез функциясының жеткіліксіздігі бар науқастар

- бауыр функциясының бұзылуы (бауыр функциясының бұзылуы бірнеше лактоацидоз жағдайларымен байланысты болғандықтан, әдетте, бауыр ауруының клиникалық және зертханалық көріністері бар науқастарға бұл дәрілік затты қолданудан аулау болу керек), өкпе инфарктісі, өкпе функциясының ауыр бұзылуы, гипоксемиямен болуы ықтимал басқа жағдайлар (жүрек немесе өкпе функциясының жеткіліксіздігі, таяуда өткерген миокард инфарктісі, шок), шамадан тыс алкоголь тұтыну, дегидратация, асқазан-ішек бұзылыстары, соның ішінде диарея және құсу

- дәрілік емді қажет ететін жүрек функциясының іркілістік жеткіліксіздігі, таяудағы миокард инфарктісі, ауыр кардиоваскулярлық коллапс немесе тыныс алудың бұзылуы

Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары

Сақтандырулар

- ауыр лактоацидоз немесе гипогликемия дамуы мүмкін.

- жүрек-қантамырлық өлім қаупінің жоғарылауы.

Пероральді гипогликемиялық дәрілер қолданудың бір ғана диетамен немесе диетаға қоса инсулинмен салыстырғанда, жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлімнің жоғарылауымен байланысты.

Айрықша сақтану шаралары

Емдеудің алғашқы аптасында, жоғары гипогликемия қаупіне орай, мұқият мониторинг қажет. Келесі жағдайлар немесе науқастар гипогликемияның жоғары қауіп тобына жатады:

- науқастың ынтымақтасуға құлықсыз немесе қабілетсіз  болуы (егде жастағы науқастарда бәрінен жиірек)

- нашар тамақтану, тамақты уақытымен ішпеу, ас ішу уақытын өткізіп алу

- дене жүктемесі мен көмірсуларды тұтыну арасындағы сәйкессіздік

- диетадағы өзгерістер

- алкоголь тұтыну, әсіресе, ас ішу уақытын өткізіп алумен біріккен

- бүйрек функциясының бұзылуы (бүйрек функциясы бұзылған науқастар осы дәрілік препараттың гипогликемиялық әсеріне ерекше сезімтал болуы мүмкін)

- препаратпен артық дозалану

- көмірсулар метаболизміне немесе гипогликемияның қарсы реттелісіне ықпалын тигізетін эндокриндік жүйенің кейбір компенсацияланбаған бұзылулары (мысалы, қалқаншабез функциясының бұзылуы және гипофиздің алдыңғы бөлігі функциясының жеткіліксіздігі немесе адренокортикальдік жеткіліксіздік)

- кейбір басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз). Гипогликемияның қауіп факторлары болғанда, қандай да бір ауру дамыған немесе науқастың өмір салты өзгерген әр жолы глимепирид дозасын немесе бүкіл емді түзету қажет болуы мүмкін. Организмнің адренергиялық қарсы реттелісін көріністейтін гипогликемия симптомдары егер гипогликемия біртіндеп дамыса, егде жастағы науқастарда, симпатикалық жүйке жүйесінің невропатиясында немесе β-блокаторлармен, клонидин, гуанетидин және басқа симпатолитик дәрілермен бір мезгілде ем жүргізілгенде аз білінуі немесе мүлде болмауы мүмкін.

Жалпы сақтану шаралары

Науқастарды Антарис М таблеткаларын сындырмай және шайнамай, бүтіндей жұту қажет екенінен, сондай-ақ, әсер етуші заттардың жекелеген жағдайларда организмнен нәжіспен бірге бастапқы таблеткаға ұқсас жұмсақ масса түрінде шығарылуы мүмкін екенінен де хабардар ету керек.

- Гипогликемия: басқа сульфонилмочевина препараттарымен тәжірибе бойынша алдын ала қабылданған бақылау шараларының бастапқы әрекетіне қарамастан, гипогликемияның қайталануы мүмкін екені белгілі. Демек, науқастар дәрігердің қатаң бақылауында болуы тиіс.

Гипогликемияның болжамды симптомдарына бас ауыру, жедел ашығу сезімі, жүрек айну, құсу, мәңгіру, сылбырлық, ұйқының бұзылуы, мазасыздық, озбырлық, зейін қоюдың төмендеуі, қырағылықтың кемуі және реакциялардың баяулауы, депрессия, сананың шатасуы, сөйлеудің бұзылуы, афазия, көрудің нашарлауы, тремор, парездер, сезімталдықтың нашарлауы, бас айналу, өзін-өзі бақылай алмау, делирий, церебральді конвульсиялар, естен тану, кома, үстірт дем алу және брадикардия жатады. Бұдан бөлек, қатты терлеу, жабысқақ тері, қатты үрейлену, тахикардия, гипертензия, жүректің қатты соғуын сезіну, стенокардия және жүрек аритмиялары сияқты адренергиялық қарсы реттеліс симптомдары болуы мүмкін.

Ауыр гипогликемия ұстамасының клиникалық көрінісі ми инсультін еске түсіруі мүмкін. Ауыр гипогликемия кідіріссіз емдеу мен дәрігерлік бақылауды, ал кейбір жағдайларда стационарда емделуді талап етеді. Гипогликемияны көмірсуларды (глюкоза немесе қант, мысалы: қант түйірі, қанты бар жеміс шырыны, қантты шай және т.б.) дереу қабылдаумен бірден дерлік басуға болады. Осы мақсатта науқастар өзімен, ең болмаса, 20 г қант алып жүруі тиіс. Науқастар мен олардың отбасы мүшелері гипогликемияның осындай қауіптілігі, симптомдары, емі мен қауіп факторлары туралы білу керек. Асқынуларға жол бермеу үшін қоршаған қауым көмегі қажет болуы мүмкін. Қандағы глюкозаны бақылау үшін жасанды қант алмастырғыштар тиімсіз.

- Лактоацидоз: осы дәрілік затпен емдеу кезінде организмде метформиннің жинақталу нәтижесінде туындауы мүмкін сирек, бірақ күрделі метаболизмдік асқыну. Лактоацидоз жағдайларының 50% шамасы өлімге ұшыратады. Лактоацидоз, қант диабетін қоса, бірқатар патофизиологиялық жай-күйлермен байланысты және тіндердің елеулі гипоперфузиясы мен гипоксемия орын алатын әр жолы дамуы мүмкін. Лактоацидоз қандағы жоғары лактат деңгейімен (> 5 ммоль/л), қандағы рН төмендеуімен, аниондар тапшылығының артуымен және лактат пен пируват арасындағы арақатынастың артуымен жүретін электролиттік теңгерім бұзылуымен сипатталады. Лактоацидозға метформин себеп болатын жағдайларда, метформиннің плазмалық деңгейі, әдетте, > 5µг/мл. Метформин гидрохлоридін қабылдайтын науқастарда тіркелген лактоацидоз жағдайларының жиілігі өте төмен (шамамен, 0,03 жағдай/1000 пациент-жыл, бұл орайда өліммен аяқталған жағдайлар саны шамамен 0,015 жағдай/1000 пациент/жыл құрайды). Тіркелген жағдайлар, ең алдымен, бүйрек функциясының елеулі жеткіліксіздігі бар диабетпен, соның ішінде, бүйрек ауруымен де, бүйрек гипоперфузиясымен де науқастарда көбінесе дәрілік немесе хирургиялық сипаттағы көптеген қатарлас қиындықтар болғанда және қатарлас көп дәрі-дәрмектік ем кезінде орын алған. Лактоацидоздың даму қаупі бүйрек функциясы бұзылуының ауырлық дәрежесінің артуымен және науқас жасының ұлғаюымен бірге арта түседі. Демек, лактоацидоз қаупін метформин қабылдайтын науқастарда бүйрек функциясын жүйелі бақылау мен осы препараттың ең төмен тиімді дозаларын пайдаланудың арқасында едәуір төмендетуге болады. Бұдан бөлек, гипоксемиямен немесе дегидратациямен ілесе жүретін жағдайларда Антарис М қолдануды дереу тоқтату қажет. Әдетте, бауыр функциясының бұзылуы организмнен лактаттың шығарылуын едәуір шектеу мүмкіндігіне байланысты, бауыр ауруының клиникалық немесе зертханалық белгілері бар науқастарға Антарис М тағайындалмау керек. Науқастарға, алкоголь метформин гидрохлоридінің лактат метаболизміне әсерін күшейтетіндіктен, Антарис М емі кезінде спиртті ішімдіктерді шамадан тыс тұтынудан (әрі жедел, әрі созылмалы) бас тарту қажеттілігін ескерту керек. Бұдан бөлек, тамырішілік контрастылы заттарды қолданумен кез келген тексерулерді өткізер алдында және кез келген хирургиялық араласулар алдында Антарис М қабылдауды уақытша тоқтату керек.

Лактоацидоз біртіндеп және нашар хал-ахуал, миалгиялар, респираторлық дистресс, ұйқышылдықтың артуы және спецификалық емес абдоминальдік дистресс сияқты тек бірыңғай спецификалық емес симптомдардың қатар жүруімен жиі дамиды. Айқынырақ білінген ацидозда гипотермия, гипотензия және төзімді брадиаритмия болуы мүмкін. Науқастар да, емдеуші дәрігер де бұл симптомдардың қаншалықты маңызды болуы мүмкін екенін түсінуі тиіс; науқастарға, егер оларда ондай симптомдар білінсе, дереу дәрігерді хабардар ету керектігі жөнінде нұсқау беру керек.

Лактоацидозды дәл анықтауға электролиттердің, кетондардың плазмалық деңгейлерінің, қан глюкозасының, қандағы рН, қандағы лактат деңгейлері мен метформин деңгейлерінің көрсеткіштері пайдалы болуы мүмкін. Егер науқас қандай да бір Антарис М дозасында тұрақтанған болса, онда метформинмен емнің басында жиі кездесетін асқазан-ішек симптомдарының бұл препаратпен байланысты болуы екіталай. Асқазан-ішек симптомдарының кешірек кезеңде дамуына лактоацидоз немесе басқа күрделі ауру себеп болуы мүмкін.

Антарис М қабылдайтын науқастарда аш қарындағы вена қанында лактаттың жоғарғы қалып шегінен асатын, бірақ 5 ммоль/л төмен плазмалық деңгейі міндетті түрде талассыз лактоацидозды көрсетпейді, оны нашар бақыланған қант диабеті немесе семіздік, қарқынды дене белсенділігі немесе талдауға алынған қан сынамасымен жұмыс істеу кезіндегі техникалық сипаттағы кінәраттар сияқты басқа механизмдермен түсіндіруге болады. Диабетпен ауыратын науқастың бәрінде кетоацидозсыз (кетонурия және кетонемия) метаболизмдік ацидоз бар кезде лактоацидоз болатынын жорамалдаған жөн.

Лактоацидоз стационарлық емдеуді талап ететін қатер шегіндегі медициналық жағдай болып табылады. Антарис М қабылдайтын науқастардағы лактоацидоз жағдайында оны қабылдауды дереу тоқтатып, тез арада жалпы демеу шараларына кірісу керек. Метформин гидрохлоридін диализбен шығаруға болатындықтан (жақсы гемодинамика жағдайларында 170 мл/мин дейінгі клиренсте), ацидозды түзету және жинақталған метформинді организмнен шығару үшін кідіртпей гемодиализ жасау ұсынылады. Ондай шаралар симптомдарды тез басуға және сауығуға алып келеді.

Диета және дене жаттығулары көмегімен, ал егер қажет болса, дене салмағын түсіру және жүйелі Антарис М қабылдау есебінен бір мезгілде қандағы глюкозаның тиісті деңгейін сақтап тұру қажет. Қандағы глюкозаның талапқа сай емес реттелетін деңгейінің клиникалық симптомдарына олигурия, шөлдеу, патологиялық қатты шөлдеу, құрғақ тері және басқалар жатады.

Антарис М еміне кірісе отырып, дәрігер науқасты препараттың болуы мүмкін жағымсыз және жағымды әсерлері туралы хабардар етуі тиіс. Науқастарға олардың диеталық ұсынымдарды қадағалауы мен жүйелі дене жаттығуларын жасауының маңызды екені туралы ақпарат берген жөн. Науқас ынтымақтастығының маңыздылығын атап өту керек.

Диабеттің бүкіл еміне жауап реакциясын ашқарынға қандағы глюкозаны және гликозилденген гемоглобин деңгейлерін оларды қалыпты деңгейлерге дейін төмендету мақсатында мезгіл-мезгіл өлшеу арқылы бақылап отыру керек. Дозаны бастапқы титрлеу кезінде емдік жауап реакциясын анықтау үшін аш қарындағы глюкоза деңгейін пайдалануға болады. Кейіннен глюкозаны да, гликозилденген гемоглобинді де бақылау керек. Гликозилденген гемоглобинді өлшеу глюкозаның ұзақ мерзімді бақылануын бағалауға ерекше пайдалы болуы мүмкін.

Егер науқасқа емді басқа дәрігер жүргізсе (мысалы, ауруханаға жатқызу, жазатайым оқиға, демалыс күні дәрігерге қаралу қажеттілігі және т.б.), онда науқас дәрігерге өзінің қант диабетімен ауыратынын және жүргізілген ем жөнінде мәлімдеу керек.

Айрықша стресс жағдайларында (мысалы, жарақат, хирургиялық операция, жоғары температурамен болатын инфекциялық ауру) қандағы глюкозаны реттеу бұзылуы мүмкін, ал метаболизмнің қажетті бақылануын қамтамасыз ету үшін уақытша инсулинге көшу қажет болуы мүмкін.

Антарис М тағайындауды ең төменгі дозадан бастау керек. Онымен емдеу қандағы және несептегі глюкоза деңгейіне жүйелі мониторинг өткізуді талап етеді. (Оның үстіне, гликозилденген гемоглобин деңгейін анықтау ұсынылады). Ем тиімділігін бағалау және, егер ол қанағаттанарлықсыз болса, науқасты бірден басқа емге көшіру керек.

Гипогликемия немесе гипергликемия нәтижесінде, әсіресе, емдеудің басында және емдегі өзгерістерден кейін, сондай-ақ препаратты жүйесіз қабылдағанда науқастың қырағылығы мен реакция шапшаңдығы нашарлауы мүмкін. Бұл автокөлік және жұмыс механизмдерін басқаруға қажетті қабілеттерге ықпал етуі мүмкін.

Бүйрек функциясының мониторингі: метформиннің, ең алдымен, бүйрек арқылы шығарылатыны белгілі; бүйрек функциясының нашарлауымен бірге метформиннің организмде жинақталу және лактоацидоздың даму қаупі артады. Демек, жас ерекшеліктік жоғарғы қалып шегінен асатын сарысудағы креатинин деңгейінде Антарис М қабылдауға болмайды. Егде жастағы науқастарға тиісті гликемиялық әсер көрсететін ең төмен дозаны таңдау үшін оның дозасын мұқият титрлеу қажет, өйткені жас ұлғаюымен бүйрек функциясы төмендейді. Егде жастағы науқастарда бүйрек функциясын жүйелі бақылап отыру керек, ал әдетте бұл дәрілік затты ең жоғары дозаға дейін титрлеуге болмайды. Антарис М емін бастамас бұрын әріқарай жылына кемінде бір рет бүйректің функциялық жағдайын тексеріп, функциясының қалыпты екенін растау керек. Бүйрек дисфункциясының даму қаупі бар науқастарға бүйрек функциясын жиірек бағалап, ол бұзылған жағдайда Антарис М тоқтатылу керек. Бүйрек функциясы төмендеуі мүмкін жағдайларда, мысалы, гипертензияға қарсы немесе диуретиктік ем басталғанда және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен емдеу басталғанда ерекше сақтық таныту керек..

Диабет тәрізді симптомдар: Антарис М 2 типті қант диабеті диагнозы бар науқастарға ғана тағайындалу керек. Диабет тәрізді симптомдармен (бүйрек диабеті, глюкоза метаболизмінің гериатриялық бұзылуы, қалқаншабез дисфункциясы және т.б.) қатар жүретін ауруларға, соның ішінде глюкоза жақпаушылығына және несепте глюкозаның болуына, диабеттен басқа жайттарға да көңіл бөлу керек.

Емдеу кезіндегі түзету: кейбір науқастарға диабетке қарсы пероральді дәрілер енді қажет болмауы мүмкін немесе дозасын азайту қажет болуы мүмкін. Уақыт өте келе көптеген науқастарда негізгі аурудың үдеуі және инфекцияның асқынуы салдарынан диабетке қарсы пероральді дәрілер тиімділігі төмендейді. Осылайша, доза мен қатарлас дәрілік ем туралы шешім ас ішуге, дене салмағының, қандағы глюкоза деңгейінің өзгеруіне, инфекциялық ауруға және т.б. қарай қабылдануы тиіс.

Гипоксия жағдайлары: шығу тегі кез келген кардиоваскулярлық коллапс (шок), жүрек функциясының жедел іркілістік жеткіліксіздігі, жедел миокард инфарктісі және гипоксемиямен сипатталатын басқа да жай-күйлер лактоацидозбен қатар жүреді және преренальді азотемияға себеп болуы мүмкін. Егер осы дәрімен емделіп жүрген науқастарда осындай жай-күйлер дамыса, препаратты бірден тоқтату керек.

В12 дәруменінің деңгейі: плазмадағы В12 дәруменінің бұрын қалыпты болған деңгейінің клиникалық көріністері болмаса да қалып шегінен төмен түсуі метформин қабылдаған науқастардың 7% шамасында байқалды. Бұл төмендеу В12 дәрумені-интринзинг фактор кешенінің В12 дәрумені сіңірілуіне әсер етуінен болуы ықтимал, бірақ ол анемиямен өте сирек қатар жүреді және аталған препаратты тоқтатқанда немесе В12 дәруменін тағайындағанда тез қайтымды. Антарис М қабылдайтын науқастарда гематологиялық параметрлерді жыл сайын анықтау және кез келген, айқын патологиялық өзгерістерді тиісті тексеру және емдеу ұсынылады. Кейбір адамдар (В12 дәруменінің немесе кальцийдің тұтынылуы немесе сіңірілуі жеткіліксіз) В12 дәрумені деңгейлерінің қалып шегінен төмен түсіп кетуіне бейім. Ондай науқастар үшін сарысудағы В12 дәрумені деңгейін жүйелі (әр 2-3 жыл сайын) өлшеу пайдалы болуы мүмкін.

Бұрын бақыланған диабеттік науқастың клиникалық жағдайының өзгеруі: метформин гидрохлориді таблеткаларының көмегімен бұрын жақсы бақыланған диабеттік науқас зертханалық көрсеткіштердің патологиялық өзгерісінде және клиникалық ауру жағдайында (әсіресе, шаршау, нақты емес және нашар анықталған ауру кезінде) кетоацидоз бен лактоацидозды жоққа шығару мақсатында тез арада тексерілуі тиіс. Тексеруге плазма электролиттері мен кетонды денелерін, қан глюкозасын және, егер көрсетілімді болса, қандағы рН, лактат, пируват және метформин деңгейлерін анықтау кіруі тиіс. Ацидоз түрлерінің кез келгені болған жағдайда Антарис М қабылдауды дереу тоқтатып, басқа да тиісті түзету шараларына кірісу керек.

Қан глюкозасы деңгейін бақылай алмау: диабетке қарсы қандай да бір режимде тұрақтанған науқас стресс әсеріне ұшыраса (мысалы, қызба, жарақат, инфекция немесе хирургиялық араласу), қандағы глюкоза деңгейінің бақылануын уақытша жоғалтуы мүмкін. Ондай жағдайларда Антарис М тоқтату және уақытша инсулин қолдану қажет болуы мүмкін. Метформин гидрохлориді мен сульфонилмочевинаны біріктіріп емдеу келесіде де сәтсіз болған жағдайда, инсулинмен ем жүргізуді қоса, емдік тұрғыдан баламалы басқа ем қажет болуы мүмкін. -

Жұмыс белсенділігінің спецификалық түрлері: биіктікте жұмыс істейтін және автокөлік басқаратын науқастарға, сирек кездессе де болуы мүмкін ауыр лактоацидоздың немесе күрделі, кешірек білінетін гипогликемияның дамуына орай сақтық таныту керек. Науқас пен оның отбасын ерекше жағдайларда лактоацидоз бен гипогликемияның даму қаупі туралы толық хабардар ету керек.

Глюкоза-6-фосфат-дегидрогеназа (Г6ФД) тапшылығынан зардап шегетін науқастарды сульфонилмочевина туындыларымен емдеу гемолиздік анемияға әкелуі мүмкін. Глимепирид сульфонилмочевина туындылары класына жататындықтан, Г6ФД тапшылығы бар науқастар жағдайында сақ болу керек; құрамында сульфонилмочевина жоқ баламалы ем қажет болуы мүмкін.

Зертханалық талдаулар

Гематологиялық көрсеткіштер (мысалы, гемоглобин немесе гематокрит және эритроциттер саны) мен бүйрек функциясына (плазмадағы креатинин) жылына бір реттен сиретпей мезгіл-мезгіл бақылау жүргізген жөн. Метформинмен ем кезінде мегалобластты анемияның сирек кездесетініне қарамастан, одан күдіктенгенде В12  дәрумені тапшылығының бар-жоғын анықтау керек.

Дәрілік затты шамадан тыс тұтыну және дәріге тәуелділік

Метформин гидрохлориді препаратының оны рекреативті препарат ретінде шамадан тыс тұтынылуына немесе тәуелділікке әкелуі мүмкін бастапқы және салдарлы фармакодинамикалық қасиеттері жоқ.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Глимепирид

Басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде тағайындаған немесе тоқтатқан уақытта глимепиридтің гипогликемиялық әсерінің қолайсыз күшеюі де, әлсіреуі де болуы мүмкін. Келесі өзара әрекеттесулерді ескеру керек:

- препарат Р450 2C9 (СҮР2C9) цитохромы көмегімен метаболизденеді, СҮР2C9 индукторларын (мысалы, рифампицин) немесе СҮР2C9 тежегіштерін (мысалы, флуконазол) бір мезгілде қолданған жағдайда ескерілу керек.

- Қандағы гипогликемиялық әсерін күшейтетін дәрілік заттар: инсулин және диабетке қарсы пероральді дәрілер, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД), АӨФ тежегіштері, аллопуринол, анаболикалық стероидтар, ерлердің жыныстық гормондары, хлорамфеникол, кумаринді антикоагулянттар, циклофосфамид, дизопирамид, фенфлурамин, фенирамидол, фибраттар, флуоксетин, гуанетидин, ифосфамид, МАО тежегіштері, миконазол, флуконазол, парааминосалицил қышқылы, пентоксифиллин (жоғары парентеральді дозалар), фенилбутазон, азапропазон, оксифенбутазон, пробенецид, хинолонды антибиотиктер, салицилаттар, сульфинпиразон, кларитромицин, сульфонамид, тетрациклиндер, тритоквалин, трофосфамид, симпатикалық жүйке жүйесінің тежегіштері.

- Қандағы гипогликемиялық әсерін әлсірететін дәрілік заттар: ацетазоламид, барбитураттар, кортикостероидтар, диазоксид, несеп айдағыштар, эпинефрин (адреналин) немесе басқа симпатомиметиктер, глюкагондар, іш жүргізетін дәрілер (ұзақ уақыт қолдану), никотин қышқылы (жоғары дозалар), эстрогендер, прогестагендер, фенотиазиндер, фенитоин, рифампицин, қалқаншабез гормондары, хлорпромазин, изониазид.

- Қандағы гипогликемиялық әсерді не күшейтетін, не әлсірететін дәрілік заттар: Н2-гистаминрецепторлар антагонистері, клонидин, резерпин.

- Бета-блокаторлар глюкоза жағымдылығын төмендетеді. Глюкоза жағымдылығының төмендеуі диабетпен ауыратын науқастарда метаболизмдік реттелісті өзгертуі мүмкін. Бета-блокаторлар гипогликемия қаупін (қарсы реттеліске қабілетсіздік салдарынан) арттыруы мүмкін.

- Гипогликемияның адренергиялық қарсы реттеліс көріністерін төмендететін немесе бөгейтін дәрілік заттар: симпатолитикалық дәрілер, мысалы, β-блокаторлар, клонидин, гуанетидин, резерпин.

- Жедел түрде де, созылмалы сипатта да алкоголь тұтыну осы препараттың қандағы гипогликемиялық әсерін болжанбайтын сипатта күшейтуі немесе әлсіретуі мүмкін.

- ангикоагулянттардың - кумарин туындыларының әсерін күшейтеді.

- Өт қышқылдары секвестранттары: колесевелам глимепиридпен байланысады және оның асқазан-ішек жолынан сіңуін төмендетеді. Глимепиридті колесевелам қабылдауға дейін, ең кемінде, 4 сағат бұрын қабылдау керек.

- Метформин

- Лактоацидоз келесі дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдағанда болуы мүмкін. Бұл дәрілік заттар бір мезгілде қолданылғанда, науқастарға қатаң мониторинг қажет: йодталған контрастылы заттар, нефроуыттылығы күшті антибиотиктер (гентамицин және т.б.). Жедел алкогольдік уыттану кезінде, әсіресе ашығу немесе тойып тамақтанбау жағдайында, бауыр уыттануы кезінде лактоацидоздың жоғары қаупі бар.

- Гипогликемиялық әсері келесі дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда артуы немесе әлсіреуі мүмкін. Бұл препараттар бір мезгілде қолданылған жағдайда науқастарды мұқият қадағалау және қандағы глюкоза деңгейін бақылау қажет:

- Гипогликемиялық әсерді күшейтетін препараттар: инсулин, сульфаниламидтер, сульфонилмочевина препараттары, альфа-гликозидаза тежегіштері (акарбоза), анаболикалық стероидтар, гуанетидин, салицилаттар (аспирин және т.б.), β-блокаторлар (пропранолол және басқа), МАО тежегіштері, ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері.

- Гипогликемиялық әсерді әлсірететін препараттар: эпинефрин, симпатомиметиктер, кортикостероидтар, қалқаншабез гормондары, эстрадиол, эстрогендер, пероральді контрацептивтік дәрілер, тиазид және басқа несеп айдағыштар, пиразинамид, изониазид, никотин қышқылы, фенотиазиндер, фенитоин, кальций өзекшелерінің блокаторлары, бета2-блокаторлар агонистері (сальбутамол, формотерол және т.б.).

- Катион-белсенді дәрілік заттар:   бүйректің өзекшелік секреция жолымен шығарылатын катион-белсенді дәрілік заттар (мысалы, амилорид, дигоксин, морфин, прокаинамид, хинидин, хинин, ранитидин, триамтерен, триметоприм және ванкомицин) теориялық тұрғыдан Антарис М препаратымен бүйректің жалпы тасымалдық өзекше жүйесі үшін бәсекелесу жолымен өзара әрекеттесуге қабілетті. Организмнен бүйректің проксимальді өзекшелерінің секреторлық жүйесі көмегімен шығарылатын катион-белсенді препараттарды қабылдаған жағдайда науқастарға мұқият мониторинг қамтамасыз етіп, метформин гидрохлоридінің және/немесе онымен өзара әрекеттесетін дәрілік заттың дозасын түзету керек.

- Басқа: метформиннің плазмалық ақуыздармен байланысы болымсыз, демек, плазма ақуыздарымен аса жақсы байланысатын сульфонилмочевинамен салыстырғанда, оның ақуыздармен жақсы байланысатын салицилаттар, сульфаниламидтер, хлорамфеникол және пробенецид сияқты препараттармен өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Өзара әрекеттесуі

Арнайы нұсқаулар

Балалар

Балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде препарат қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Есейе келе туындаған қант диабеті бар науқастарда зерттеулер (maturity-onset diabetes, MODY) жүргізілмеген.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының төмендеуіне байланысты, бұл препараттың дозасын науқастардың бүйрек функциясының және, егер қажет болса, бүйрек функциясына жүйелі мониторинг негізінде таңдау керек. Метформиннің көп бөлігінің бүйрек арқылы шығарылуы, ал глимепиридтің, ең алдымен, бүйрек арқылы шығарылуы белгілі. Бүйрек функциясының бұзылуы бар науқастарда препаратқа күрделі жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары болғандықтан, оны тек бүйрек функциясы қалыпты науқастарға қолдану керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Бұл препаратты жүктілік кезінде қабылдауға болмайды, өйткені жүкті әйелдерде лактоацидоз оңай дамиды. Жүкті науқас және жүктілікті жоспарлап жүрген науқас әйелдер бұл жөнінде өз емдеуші дәрігеріне мәлімдеуі тиіс. Ондай науқастарды инсулинге ауыстыру ұсынылады. Лактация кезеңінде әйелдерге Антарис М қолдануға болмайды.

Қажет болған жағдайда науқас әйелді инсулинге көшіру керек немесе ол бала емізуді тоқтатуы тиіс.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Науқастар автокөлік немесе жұмыс механизмдерін басқару кезінде сақтық шарасын қадағалау қажеттілігі ескертілуі керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Әдетте, Антарис М дозасы қандағы глюкоза деңгейіне байланысты тағайындалады. Метаболизмдік бақылауға қол жеткізу үшін емдеуді ең аз тиімді дозадан бастау ұсынылады.

Ең жоғары ұсынылатын доза күніне 8 мг глимепиридті және 2000 мг метформинді құрауы тиіс. Глимепиридтің 6 мг асатын күнделікті дозасы пациенттердің азында ғана барынша тиімді. Біріктірілген емнен осы препаратқа ауысқанда, қазіргі уақытта біріктіріліп қолданылатын глимепирид пен метформин гидрохлоридінің дозасы мен енгізу тәсіліне қарай қолдану керек.

Дозаны арттыру (титрлеу): тәуліктік доза 1 таблетка қадаммен титрленуі тиіс. Антарис М емінің емдеу курсы ұзаққа созылады.

Енгізу әдісі мен жолы

Антарис М таңертеңгі ас кезінде немесе негізгі тамақтанумен күніне 1 рет қабылдау керек. Антарис М шайнамай және ұсақтамай тұтас жұту керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: осы препарат құрамына глимепирид кіретініне байланысты, бұл препаратпен артық дозалану гипогликемияны туындатуы мүмкін.

Глимепиридпен артық дозалану анықталған бойда, бұл туралы бірден дәрігерге мәлімдеу қажет. Егер дәрігер артық дозалануды емдеу міндетіне әлі кіріспесе, науқас тез арада қант жеуі және, дұрысы, глюкоза түрінде қабылдауы тиіс.

Гипогликемияның естен танусыз немесе неврологиялық симптомдарсыз байқалатын жеңіл түрін глюкозаны пероральді қабылдау және препарат  дозасын және/немесе ас ішу режимін түзету көмегімен қарқынды емдеу керек. Қатаң мониторингті дәрігер науқастың қауіптен тыс екеніне көз жеткізгенше жалғастырған жөн.

Емдеу, бірінші кезекте, сіңірілуді болдырмауға бағытталады, бұл құстырудың, ал артынан, құрамында белсендірілген көмір (абсорбент) және натрий сульфаты (іш жүргізгіш) бар алкогольсіз ішімдік немесе су ішкізу көмегімен жүзеге асады. Препараттың барынша көп мөлшері сіңірілген жағдайда асқазанды шаю, сонан соң белсендірілген көмір мен натрий сульфатын қолдану керек.

Атап айтқанда, елеулі артық дозалану және естен тану немесе басқа да күрделі неврологиялық бұзылулар сияқты көріністері бар ауыр реакциялар қатер шегіндегі медициналық жағдайлар болып табылады және кідіріссіз емдеу мен ауруханаға жатқызуды талап етеді. Гипогликемиялық кома диагнозы қойылған немесе одан күдіктенген жағдайда, науқасқа глюкозаның концентрацияланған ерітіндісінің жылдам вена ішілік инъекциясын [мысалы, глюкозаның концентрацияланған 50%  ерітіндісінің немесе 40 мл 20% ерітіндісінің жылдам вена ішілік инъекциясы, артынан көбірек сұйылтылған (10%) глюкоза ерітіндісінің қандағы глюкоза концентрациясын 100 мг/дл жоғары деңгейде сақтап тұратын жылдамдықпен жасалатын үздіксіз инфузиясы] жасау керек. Балама ретінде ересектерге, мысалы, 0,5-1 м дозада вена  ішіне, тері астына немесе бұлшықет ішіне глюкагон енгізуге болады. Науқастарды кемінде 24-48 сағат  бойы қатаң бақылауда ұстау керек, өйткені айқын клиникалық сауығудан соң гипогликемия қайталануы мүмкін.

Атап айтқанда, сәбилер мен жасы кішкентай балалардағы глимепиридті кездейсоқ қабылдаудан болған гипогликемияны емдеу кезінде енгізілген глюкоза дозасын мұқият түзету, ал қандағы глюкоза деңгейін қатаң бақылап отыру керек.

Бұл препараттың құрамында метформин бар болғандықтан, лактоацидоз болуы мүмкін. Асқазанға метформин гидрохлориді 85 мг дейін түсіп кеткенде гипогликемия байқалмаған. Метформин жақсы гемодинамика жағдайларында 170 мл/мин дейінгі клиренс кезінде диализбен шығарылады. Демек, гемодиализ метформинмен артық дозалану күдігі бар науқастардың организмінен жинақталған дәрілік затты шығарудың ең тиімді емі болып табылады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Егер Сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, дәрігермен кеңесіңіз.

Артық дозалану

Жанама әсерлері

Глимепирид және метформин

Біріктірілімде не еркін біріктірілім, не бекітіліген түрінде қолдану әрбір қосылысты жеке қолданған кездегідей қауіпсіздік жөніндегі сол сипатттамалармен байланысты.

Глимепирид

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуі нәтижесінде ұзаққа созылатын гипогликемия байқалады. Болуы мүмкін симптомдар: бас ауыру, ашығу, жүрек айну, құсу, шаршау, ұйқышылдық, ұйқының бұзылуы, мазасыздық, озбырлық, зейін қоюдың бұзылуы, қырағылық пен реакциялар бұзылуы, депрессия, сананың шатасуы, сөйлеу бұзылыстары, афазия, көрудің бұзылуы, тремор, парездер, сенсорлық бұзылулар, бас айналу, шарасыздық, өзін-өзі бақылай алмау, психикалық бұзылыстар, церебральді құрысулар, ұйқышылдық және естен тану, оның ішінде кома, тыныс алудың бұзылуы және брадикардия. Сонымен қатар, тердің шығуы, жабысқақ тері, мазасыздық, тахикардия, гипертония, жүректің қағуы, стенокардия және жүрек аритмиясы сияқты адренергиялық контррегуляция белгілері болуы мүмкін.

Көру ағзасы тарапынан бұзылулар

Әсіресе емдеудің басында қандағы глюкоза деңгейінің өзгеруімен байланысты көрудің уақытша бұзылуы байқалуы мүмкін.   

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

- жүрек айну, құсу, қысымның жоғарылауы, іштің ауыруы және диарея.

Жекелеген жағдайларда гепатит, бауыр ферменті деңгейінің және / немесе холестаз және сарғаю артатыны байқалуы мүмкін, олар глимепиридті тоқтатқаннан кейін регрессияланатын өмірге қауіпті бауыр бұзылуларын үдетуі ықтимал.

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Сирек

- тромбопения және жекелеген жағдайларда лейкопения, гемолиздік анемия, эритроцитопения, гранулоцитопения, агранулоцитоз немесе панцитопения дамуы мүмкін.

Жалпы бұзылулар

Белгісіз

- аллергиялық және жалғаналлергиялық реакциялар (мысалы, қышыну, есекжем немесе бөртпе). Мұндай реакциялардың көпшілігі жеңіл түрде болады, бірақ демікпе және кейде шокқа дейін болатын артериялық қысымның төмендеуімен күрделі реакцияларға ұласуы мүмкін.

Метформин

Асқазан-ішек симптомдары

Өте жиі

- жүрек айну, құсу, диарея, іштің ауыруы, тәбеттің төмендеуі

Жиі

-металл дәмін сезу

Өте сирек

-лактоацитоз

-терінің аздап қызаруы

-плазмада В12 дәрумені сіңуінің төмендеуі

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлорид үлбірден және алюминий баспалы лакталған фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАнтарис м №30 таблеткалар дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube