daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Ақ Агент Жақпа 15 Г | БЕЛУПО, лекарства и косметика

Алматы қаласындағы Ақ Агент Жақпа 15 Г | БЕЛУПО, лекарства и косметика
Сипаттама:

Жартылай мөлдір бір текті ақ түсті жақпамай.

Өндіруші:

БЕЛУПО, лекарства и косметика

Өндіруші ел:

Республика Хорватия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: вазелин, вазелин майы.

Белсенді заттың дозасы:

15 г

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

1 г препараттың құрамында

белсенді заттар: бетаметазон дипропионаты 0,640 мг (0,500 мг бетаметазонға баламалы), гентамицин сульфаты 1,660 мг (1,000 мг гентамицин негізіне баламалы);

қосымша заттар: вазелин, вазелин майы.

Қолдану көрсеткіштері

˗ гентамицинге сезімтал микроорганизмдер туындатқан салдарлы инфекциямен асқынған жергілікті кортикостероидтық препараттарға сезімтал дерматоздардың қабыну көріністері кезінде немесе осындай инфекциялардың қосылу мүмкіндігіне күдік болғанда

Қарсы көрсеткіштер

˗ бетаметазонға, гентамицинге немесе препараттың кез келген қосымша заттарына, немесе ықтимал, басқа аминогликозидтерге және глюкокортикоидтарға аса жоғары сезімталдық

˗ вирустық инфекциялар, оның ішінде поствакциналық инфекциялар және желшешек

˗ тері туберкулезі және мерез

˗ терінің вирустық инфекциялары (қарапайым герпес, белдемелі герпес)

˗ розацеа және розацеа-тәрізді дерматит

˗ дерматомикоздар

˗ офтальмологиялық аурулар

˗ қан сарысуында уытты концентрацияларына жету қаупіне байланысты жүйелі аминогликозидтерді қатар қолдану

˗ бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

˗ бір жасқа дейінгі балалар

˗ жүктілік

Сақтық шаралары

Жақпамайды көзге, құлаққа және басқа да шырышты қабықтарға жақпаңыз. Ол окклюзиялық таңғыш астында пайдаланылмауы керек.

Жақпамайды бет терісіне жаққан кезде сақтық таныту қажет. Ұзақ мерзімді үздіксіз емнен немесе препараттың сіңуі және жүйелі абсорбциясы мүмкін болғандықтан препаратты терінің үлкен аумақтарына қолданудан аулақ болу керек.

Бұл жақпамай аяқтың төменгі бөлігіндегі жаралық және варикоздық ойықжараларды емдеу үшін пайдаланылмауы тиіс.

Өзара әрекеттесуі

Осы препараттың емдік әсерінің бәсеңдеуі мүмкін болғандықтан, басқа дерматологиялық препараттармен бірге қолдану ұсынылмайды.

Гентамицин амфотерицинмен В, гепаринмен, сульфадиазинмен, бета-лактамды антибиотиктермен (мысалы, цефалоспориндермен) өзара әрекеттеседі.

Арнайы нұсқаулар

Жақпамайды сақтықпен қолдану керек, себебі оның құрамына гентамицин кіреді. Антибиотикотерапияға адекватты емес жауап беру жағдайларын белгілеу және антибиотикотерапия қарсы көрсетілген жағдайларды анықтау керек.

Кортикостероидтарды жергілікті қолданғанда, препараттың жүйелі сіңуінің нәтижесі ретінде бүйрек үсті безі функциясының бәсеңдеуін қоса, жүйелі жағымсыз әсерлер туындауы мүмкін. Сәбилер мен балалар осы жағымсыз реакциялардың пайда болуына өте әлсіз.

Кортикостероидтарды жергілікті қолданғанда жүйелі сіңуі, әсіресе олардың әсер ету күшімен, емдеу мерзімдерінің ұлғаюымен, жағу беткейінің ауданымен, сондай-ақ тері қыртыстарында қолдану кезіндегі сияқты артады.

Гентамицинді енгізумен тері инфекцияларын емдеу аллергиялық реакциялардың даму қаупін тудырады. Гентамицин жанаспалы аллерген болып табылады, сенсибилизацияның туындау жиілігі өсу үрдісімен 1,4 %-ға жуық. Емдеу ұзақтығының ұлғаюымен аллергияның туындау қаупі артады. Неомицин және канамицин сияқты басқа аминогликозидтермен бірге гентамицин аллергендер тобына жатады. Гентамицинді жергілікті қолданудағы аллергиялық реакция болашақта гентамицинді және басқа аминогликозидтерді жүйелі енгізуді жүргізуге мүмкіндік бермейді.

Кейбір жағдайларда антибиотиктерді ұзақ мерзім немесе ауқымды қолдану патогенді микроорганизмдердің тұрақты нұсқаларының, оның ішінде зеңдердің қалыптасуына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, сондай-ақ терінің тітіркенуі, аллергиялық реакция пайда болғанда немесе суперинфекция дамығанда гентамицин енгізуді тоқтату және тиісті ем тағайындау керек.

Егер препарат дене беткейінің ауқымды жерлерінде, әсіресе ұзақ емдеу кезінде немесе тері зақымдалған болса, гентамицинді жергілікті қолданғандағы жүйелі абсорбциясы өсуі мүмкін. Бұл жағдайларда, әсіресе балаларда ерекше назар аудару қажет, өйткені гентамицинді жүйелі қолданғаннан кейінгі сияқты жағымсыз әсерлердің пайда болуы мүмкін.

Жүйелі абсорбция кезінде аминогликозидтердің нейробұлшықеттік тежегіш әсері болуы мүмкін, миастениясы, Паркинсон ауруы және бұлшықет әлсіздігімен қатар жүретін басқа да бұзылыстары бар пациенттерде немесе осындай тежегіш әсерге ие басқа дәрілік заттармен бірге ем алатындарда сақтық сақтау ұсынылады.

Жергілікті қолданылатын гентамицин грануляция және жаралардың жазылу үдерісін қиындатуы мүмкін және, әсіресе үлкен жараларды қайта емдеуде отоуыттылық, нефроуыттылық белгілерінің және вестибулярлық реакциялардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір жағдайларда гентамицинмен емдеу теріні тітіркендіреді (эритема, қышыну).

Көрудің бұзылуы

Кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолдану кезінде көрудің бұзылуы туралы хабарлануы мүмкін. Егер пациентте бұлыңғыр көру немесе көздің басқа да бұзылыстары сияқты симптомдар пайда болса, пациент кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті пайдаланғаннан кейін хабарланған катарактаны, глаукоманы немесе орталық серозды хориоретинопатия (CSCR) сияқты сирек кездесетін ауруларды қамтуы мүмкін себептерді бағалау үшін офтальмологқа жолдануы тиіс.

Педиатрияда қолдану

Препаратты балаларға 1 жастан бастап, сақтықпен және барынша қысқа мерзімге тағайындауға болады.

Ересектерден айырмашылығы, балалар экзогенді кортикостероидтарды қолдануға қатысты анағұрлым сезімтал. Кортикостероидтар жүйелі абсорбциясының жоғарылауына және балалардағы тері беткейінің ауданы мен дене салмағының арақатынасының үлкен мәніне байланысты гипоталамус-гипофиздік-бүйрекүсті безінің жүйесін бәсеңдетеді.

Жергілікті кортикостероидтармен емдеу кезінде балаларда гипоталамус-гипофиздік-бүйрекүсті безі осінің бәсеңдеуі, Кушинг синдромы, бойдың линиялық тежелуі, дене салмағы өсуінің тежелуі және бассүйекішілік гипертензия (гидроцефалия) оқиғалары тіркелген. Балаларда бүйрек үсті безі функциясының бәсеңдеу белгілері қан плазмасындағы кортизолдың төмен деңгейі және АКТГ (адренокортикотроптық гормон) стимулциялауға реакцияның жоқтығы болып табылады. Бассүйекішілік гипертензияның көріністеріне еңбектің ісуі, бас ауыруы және көру жүйкесінің екі жақты ісінуі жатады.

Жүктілік немесе лактация уақытында

Жүктілік кезінде препаратты қолдануға болмайды.

Емшек емізу кезеңінде Белогент препаратын қолдану қатаң көрсетілімдер бойынша мүмкін, бірақ бұл ретте препаратты емізер алдында сүт безінің терісіне қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне жағымсыз әсері туралы деректер жоқ.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Егер өзгеше көрсетілмесе, жақпамай ересектерде күніне бір немесе екі рет қолданылуы керек. Балаларда жақпамай күніне бір рет қолданылады. Жағдайы жақсарған кезде препаратты қолдану жиілігі төмендеуі мүмкін.

Қолдану тәсілі

Жақпамайды терінің зақымдалған бөлігіне ақырын ысқылап, жұқа қабатпен қолдану керек. Терінің өңделетін аумағы дене беткейінің жалпы ауданының 10%-нан аспауы тиіс.

Балаларда препаратты қолдануды ең қысқа уақытқа дейін және терінің шағын бөліктерінде азайту керек. Препаратты балаларда қолдану үлкен сақтықты талап етеді, өйткені ересектерде кортикостероидты препараттарды қолданумен салыстырғанда балаларда бұл заттардың тері арқылы сіңірілуі мүмкін. Бетаметазонның сіңу ықтималдығына байланысты, бұл препаратты окклюзиялық таңғышпен бірге қолдануға болмайды.

Енгізу жолы және тәсілі

Тек сыртқа қолдану үшін

Емдеу ұзақтығы

Препаратта гентамицин болуына байланысты ересектерде емдеу 7-10 күннен, ал балаларда 7 күннен аспауы тиіс. Тиісті клиникалық көрсетілімдер кезінде (кейбір дерматоздарда, күшті кортикостероидтарды қолдану қажеттілігі болмаса немесе гентамицинге сезімтал суперинфекция қоздырғыштары болмаған кезде) әсер ету күші төменірек кортикостероидпен немесе басқа антибиотиктермен монотерапия түрінде емдеуді жалғастыру керек.

Артық дозалану

Симптомдары

Жергілікті кортикостероидтарды шамадан тыс немесе ауқымды қолдану (созылмалы артық дозалану немесе шамадан артық пайдалану) гипоталамус-гипофиздік-бүйрекүсті безі функциясының бәсеңдеуін тудыруы мүмкін. Оған қоса, кортикостероидтарды шамадан тыс пайдалану Кушинг синдромының дамуына ықпал етуі мүмкін. Жергілікті антибиотиктерді артық немесе ауқымды қолдану жараның зеңдік колонизациясына немесе қоздырғыштың антибиотиктік-резистентті нұсқасының қалыптасуына әкелуі мүмкін.

Шұғыл емшаралар

Егер препарат кездейсоқ ішке немесе шамадан тыс дозада жергілікті қолданылса немесе тым ұзақ уақыт бойы қолданылса, тиісті симптоматикалық ем көрсетіледі.

Кортикостероидтар артылуының жедел симптомдар әдетте қайтымды.

Қажет болса электролиттік теңгерімсіздік белгілерін жою керек.

Созылмалы уыттылық жағдайында кортикостероидтарды баяу тоқтату ұсынылады. Сезімтал емес микроорганизмдер өскен жағдайда емдеу тоқтатылуы және тиісті ем тағайындалуы тиіс.

Жанама әсерлері

Бұл препаратты қолданғанда өте сирек жоғары сезімталдық реакциялары және тері түсінің өзгеру жағдайлары тіркелді.

Келесі жағымсыз реакциялар жергілікті кортикостероидтардың препараттарын қолданғанда, әсіресе окклюзиялық таңғыштармен біріктіргенде тіркелген.

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес):

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылу

- шымылдату сезімі, қышыну, тітіркену, құрғақтық, фолликулит, гипертрихоз, акне тәрізді бөртпе, гипопигментация, дерматит, розацеа-тәрізді (периоральді) дерматит, аллергиялық жанаспалы дерматит, тері мацерациясы, тері атрофиясы, стриялар мен тершеңдік.

Инфекциялар және инвазиялар

- терінің салдарлы инфекциялары

Көрудің бұзылуы

- бұлыңғыр көру

Шығарылу түрі

15 г немесе 30 г препараттан жарғақшаны тесуге арналған істігімен ішкі лак жабыны бар полиэтилен қалпақшамен жабылатын, жарғақшасы бар алюминий сықпаларға салынған.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Салмағы

15 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Алматы қаласындағы «ақ Агент жақпа 15 г» бағасының өзгеру диаграммасы

03006009001200150012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-05
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыақ Агент жақпа 15 г дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube