daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы БоксГрипал Ұнтағы 10 Г №12 | Вива Фарм ТОО

Алматы қаласындағы БоксГрипал Ұнтағы 10 Г №12 | Вива Фарм ТОО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ақ немесе ақ дерлік түске дейінгі лимон иісі бар ұнтақ, жұмсақ кесектері болуына жол беріледі. Дайындалған ерітіндінің симаттамасы. Түссіз немесе сарғыштау лимон иісі бар мөлдір немесе бозаңданатын ерітінді.

Өндіруші:

Вива Фарм ТОО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лимон қышқылы, лимон хош иістендіргіші, хинолинді сары бояғыш (Е104), сахароза, калий ацесульфамы. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ немесе ақ дерлік түске дейінгі лимон иісі бар ұнтақ, жұмсақ кесектері болуына жол беріледі. Дайындалған ерітіндінің симаттамасы. Түссіз немесе сарғыштау лимон иісі бар мөлдір немесе бозаңданатын ерітінді.

Белсенді заттың дозасы:

10 г

Дәрілік түрі:

Iшке қабылдау үшiн ерiтiндi дайындауға арналған ұнтақ, 10.0 г

Қаптамадағы саны:

12 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

жоғары температурамен, қалтыраумен, бас ауырумен, бұлшықеттің ауыруымен, риниттің симптомдарымен (мұрынның бітелуі, тұмау, түшкіру) қатар жүретін жедел респираторлық вирус инфекцияларында, тұмауда қысқа мерзімді симптоматикалық ем жүргізу ретінде

Қарсы көрсеткіштер

препараттың жеке компоненттеріне жоғары сезімталдық

моноаминооксидаза (МАО) тежегіштерімен және МАО тоқтатқаннан кейін 2 апта бойы бірге қолдану

бета-блокаторлармен бір уақытта қолдану

қан жүйесінің күрделі аурулары

гипертиреоз

жабық бұрышты глаукома

трициклды антидепрессанттармен бір уақытта қолдану

алкоголизм

артериялық гипертензия

бауырдың, бүйректің, жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр аурулары

несептің іркілуімен қуық асты безінің гиперплазиясы

қуықтың обструкциясы

асқазан қақпасы мен он екі елі ішектің бітелуі (пилородуаденальді обструкция)

қант диабеті

өкпе аурулары, соның ішінде бронх демікпесі

эпилепсия

глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа ферментінің тапшылығы

тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі

жүктілік және лактация кезеңі

18 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Ұсынылған дозаларын арттыру және препаратты қатарынан 3 күннен артық қолдану ұсынылмайды, егер симптомдар басылмаса, препаратты қабылдауды тоқтату және дәрігерге қаралу керек.

Бауырдың уытты зақымдануына жол бермеу үшін препаратты алкоголь ішімдіктерін қолданумен және құрамында парацетамолы бар басқа препараттармен, деконгестанттармен, суық тию мен тұмау симптомдарын жеңілдетуге арналған басқа препараттармен біріктірмеген дұрыс. Фенилэфриннің тамырды тарылтатын әсерінің ықтимал байқалуына байланысты жүрек-қантамыр аурулары бар 70 жастан асқан тұлғаларда препаратты пайдаланған кезде сақ болған жөн. Сондай-ақ, фэнилэфрин спортшыларда допинг бақылауын жүргізгенде жалған оң нәтиже беруі мүмкін.

Артық дозалану қаупіне байланысты препаратты бауыр, бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде пайдаланған кезде сақ болған жөн.

Жүрек-қантамыр жүйесінің, бауыр, бүйрек аурулары, қуықасты безінің гипертрофиясы, бар пациенттерге, егде жастағы тұлғаларға препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

МАО тежегіштерінің, тыныштандыратын препараттардың, этанолдың әсерін күшейтеді.

Парацетамолдың гепатоуытты әсерінің қаупі барбитураттарды, дифенинді, карбамазепинді, рифампицинді, изониазидті, зидовудинді және бауырдың микросомалық ферменттерінің басқа индукторларын бір уақытта тағайындаған кезде артады. Антидепрессанттар, паркинсонға қарсы дәрілер, психозға қарсы дәрілер, фенотиазинді туындылар – несептің іркілуінің, ауыздың құрғауының, іш қатудың даму қаупін арттырады. Глюкокортикоидтар көзішілік қысымның көтерілуінің даму қаупін арттырады.

Парацетамолды қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) бір уақытта қолдану ҚҚСП тарапынан бүйрекке жағымсыз реакциялардың даму қаупін арттырады.

Парацетамолдың сіңірілу жылдамдығы метоклопрамидпен және домперидонмен бір уақытта қолданған кезде артуы мүмкін және холестираминмен бірге қолданған кезде азаяды. Ұзақ уақыт бойы тұрақты қолданған кезде парацетамол варфариннің және басқа кумариндердің антикоагулянтты әсерін күшейтеді және қан кету қаупін арттырады, сирек қолданған кезде елеулі әсер етпейді.

Фенилэфрин моноаминооксидаза тежегіштерін, альфа- және бета- блокаторларды, фенотиазиндік типті антигистаминдік дәрілерді, бронхты кеңейтетін симпатомиметикалық дәрілерді, трициклды антидепрессанттарды, гуанетидинді немесе атропинді, Rauwolfia және Digitalis тобының алкалоидтарын, индометацинді, метилдопаны, теофиллинді, ОЖЖ қызметін күшейтетін басқа дәрілерді бір уақытта тағайындаған кезде жағымсыз реакцияларды туындатуы мүмкін. Окситоксикалық препараттармен өзара әрекеттескен кезде фенилэфриннің жоғары тамырды тарылтатын әсері, сирек жағдайда жалпы анестезияның дәрілерімен біріктірілімде пайдаланған кезде аритмияның дамуы туралы хабарланған. Қастауыш алкалоидтары препараттарын вена ішіне қолданатын науқастарда қан қысымының күрт жоғарылау қаупі де бар. Фенирамин тыныштандыратын дәрілердің, этанолдың, моноаминооксидаза тежегіштерінің, трициклдық антидепрессанттардың, барбитураттардың, транквилизаторлардың, есірткілік препараттардың, Паркинсон ауруы кезінде қолданылатын дәрілердің әсерін күшейтеді. Фенирамин антикоагулянттардың әсерін бәсеңдетеді және прогестеронмен, резерпинмен және тиазидтік диуретиктермен өзара әрекеттеседі. Контрацептивтік препараттар ішке қолданғанда фенираминнің антигистаминдік әсерін төмендетуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Препараттың құрамына сахароза кіреді, осыған байланысты препарат қант диабетімен, туа біткен фруктозаны көтере алмаушылығымен ауыратындарға және глюкоза-галактоза мальабсорбциясымен және сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігімен ауыратындарға қарсы көрсетілген.

Препараттағы калий мөлшері бір реттік дозада 1 ммольден (39 мг) аз, бұл калийден бос препарат болып саналады.

Зақымдалған пакеттерден препаратты пайдаланбаған жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препарат жүктілік және лактация кезеңінде ұсынылмайды.

Жүктілік және емшек емізу кезінде препараттың қауіпсіздігін бағалау бойынша арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелері

Препарат ұйқышылдықты туындатуы мүмкін. Емдеу кезінде автомобильді немесе зейін қою мен психомоторлық реакциялардың жоғары жылдамдығын талап ететін басқа механизмдерді басқару кезінде сақ болған жөн.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Пакеттің ішіндегісін 1 стақан (200-250 мл) қайнаған ыстық суда ерітеді. Ыстық күйінде қолданады. Қайталанатын дозасын әр 4-6 сағат сайын (24 сағат ішінде 3 дозадан көп емес) қабылдауға болады.

БоксГрипал® тәуліктің кез-келген мезгілінде қолдануға болады, бірақ препаратты түнге қарай ұйықтар алдында қабылдау ең жақсы тиімділік береді. Егер препаратты қабылдауды бастағаннан кейін 3 күн ішінде симптомдардың жеңілдеуі байқалмаса, дәрігерге қаралу қажет.

Қолдану тәсілі және жолы

Ішке қабылдау үшін.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар

7,5-10 г парацетамолды ересектерде және балаларда дене салмағының 150-200 мг/кг ішке қабылдау некрозды туындата отырып, бауырдың жасушаларына жедел уытты әсерді туындатады. Сезімтал пациенттерде, мысалы, алкогольді шектен тыс пайдаланған кезде немесе глутатионның мөлшері төмен пациенттерде парацетамолдың уытты әсері тіпті төмен дозаларда да мүмкін. Плазмадағы концентрациясы 4 сағ. кейін 200 мкг/мл, 8 сағ. кейін 100 мкг/мл, ал 15 сағ. кейін 50 мкг/мл бауыр комасының нәтижесінде өліммен аяқталатын бауырдың зақымдануына әкеледі. Гепатоуыттылығы тікелей плазмадағы концентрациясымен байланысты.

Симптомдары

Бірінші фазасы: жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, анорексия, дімкәстік.

Екінші фазасы: субъективті жақсару, бауырдың ұлғаюы, трансаминазалар мөлшерінің артуы, билирубин деңгейінің жоғарылауы, протромбин уақытының артуы.

Үшінші фазасы: трансаминазалар мөлшерінің елеулі артуы, сарғаю, гипогликемия, бауыр комасы.

Фенираминнің және фенилэфриннің бар болуына байланысты симптомдар: ұйқышылдық, содан соң қозу, әсіресе балаларда, көрудің бұзылуы, жүрек айнуы, құсу, бас ауыруы, қанайналымының бұзылуы, кома, құрысулар, артериялық гипертензия және брадикардия.

Емі

Улануға күдік болған кезде тиімді ем дереу басталуы тиіс. Мынадай шараларды қабылдау қажет: әрі қарай белсендендірілген көмірді енгізумен артық дозаланудың алғашқы сағаттарында асқазанды шаю. N-ацетилцистеинді пероральді енгізу. Антидотты пероральді енгізу мүмкін болмаған жағдайда (мысалы, қатты құсуға, сананың шатасуына байланысты) оны вена ішіне енгізуге болады. Плазмадағы парацетамолдың концентрациясын препаратты қабылдағаннан кейін кем дегенде 4 сағ. соң бақылауды өлшеген жөн. Тыныс алу мен қанайналымды (адреналинді пайдалануға болмайды!) бақылауды іске асыру қажет. Құрысулар кезінде диазепамды қолдануға болады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Дәрілік препаратты қолдану тәсілі түсініксіз болса, медицина қызметкерінің кеңесіне жүгінуді ұсынамыз.

Шығарылу түрі

10 г препараттан көп қабатты ламинацияланған полимер материалдан жасалған пакеттерге салынады.

8 немесе 10 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыБоксГрипал ұнтағы 10 Г №12 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
1520

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 200

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Алматы:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

1720

1520

200

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтері

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube