Қолдану көрсеткіштері
Сәйкесінше микроорганизмдердің сезімтал штамдарынан туындаған инфекцияларды емдеу үшін:
- бактериемиямен қатар жүретін жағдайларын қоса, Streptococcus pneumonia, Pseudomonas aeruginosa, Klebsiella pneumonia немесе Enterobacter speciesтен туындаған пневмонияда (орташадан ауырлыққа дейін);
- Escherichia coli немесе Klebsiella pneumoniaeден туындаған, кез келген ауырлық дәрежесіндегі несеп шығару жолдарының инфекцияларында (асқынған және асқынбаған), сондай-ақ, осы микроорганизмдермен бактериемиямен қатар жүретін жағдайларды қоса, Proteus mirabilisтен туындаған жеңіл және орташа ауыр инфекцияларда;
- тері мен жұмсақ тіндердің Staphylococcus aureus (тек метициллин-сезімтал штаммдар) немесе Streptococcus pyogenesтен туындаған инфекцияларында;
- Echerichia coli, viridens тобының стрептококтарынан, Pseudomonas aeruginosa, Klebsiella pneumoniae, Enterobacter species немесе Bacteroides fragilisтен туындаған асқынған интраабдоминальді инфекцияларда (метронидазолмен бірге).
- нейтропениялық қызбасы бар пациенттердің эмпирикалық емінде. Ауыр инфекция қаупі жоғары пациенттерде (соның ішінде, анамнезінде жуырда бастан өткерген сүйек кемігінің трансплантациясы (аталған пациенттерде цефепиммен монотерапияның тиімділігін жақтайтын деректер жеткіліксіз; егер қажет болса, пациенттегі жекелей қауіп бейінін ескере отырып, аминогликозидтер немесе гликопептидтер тобының антибиотиктерімен біріктіріп емдеу ұсынылады), гипотониясы, гематологиялық қатерлі ісігі, ауыр немесе ұзаққа созылған нейтропениясы бар пациенттерде) – біріктірілген ем құрамында;
- балалардағы бактериялық менингитте;
Дәрілік препаратты тек, сезімтал бактериялардан туындаған инфекцияларды емдеу үшін пайдалану керек. Өсіріндісі мен сезімталдығы туралы ақпарат қолжетімді болса, препаратты сезімтал бактериялардан туындаған инфекцияларды ғана емдеу үшін пайдалану керек. Ондай ақпараттар жоқ болса, эмпирикалық емді таңдауға эпидемиологиялық мәліметтер ықпал етуі мүмкін.