daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Цефтриаксон Бөтелкесі 1 Г №1 | ПАО Биосинтез

Алматы қаласындағы Цефтриаксон Бөтелкесі 1 Г №1 | ПАО Биосинтез

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ақ түстен сарғыш реңді ақ түске дейінгі ұнтақ.

Халықаралық атауы:

Цефтриаксон

Өндіруші:

ПАО Биосинтез

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді ингредиент:

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ түстен сарғыш реңді ақ түске дейінгі ұнтақ.

Белсенді заттың дозасы:

1 г

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Препарат ересектер мен балаларда қолдануға көрсетілген.

Цефтриаксонға сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық-қабыну аурулар:

- ауруханадан тыс (ауруханалық емес) пневмония

- ауруханаішілік пневмония

- жедел ортаңғы отит

- құрсақ қуысы ағзаларының инфекциялары

- кіші жамбас ағзаларының инфекциялары

- сүйектердің және буындардың инфекциялары

- терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары

- несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары (пиелонефритті қоса)

- соз

- мерез

- бактериялық менингит

- бактериялық эндокардит

Препарат мыналарда қолданылуы мүмкін:

- ересектерде өршу сатысындағы өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларын (ӨСОА) емдеу үшін

- кең таралған Лайм боррелиозын емдеу үшін (ересектерде және 15-күндік жаңа туған нәрестелерді қоса, балаларда аурудың ерте (II) және кеш (III) сатыларында)

- хирургиялық араласым аймағында инфекциялардың операция алдындағы профилактикасы үшін

- шамамен бактериялық сипаттағы нейтропениясы бар науқастарда қызба жағдайларында

- жоғарыда берілген инфекциялардың кез келгенімен байланысты немесе шамамен байланысты болуы мүмкін, бактериемиясы бар пациенттерге енгізгенде цефтриаксонды, егер қоздырғыштардың ықтимал ауқымы оның бактерияларға қарсы белсенділігі ауқымына жатпаса, бактерияларға қарсы басқа дәрілермен бірге қолдануға болады. Мұндайда бактерияларға қарсы дәрілерді тиісінше пайдалану жөніндегі нұсқауларды ескеру қажет

Қарсы көрсеткіштер

- цефтриаксонға немесе басқа цефалоспориндерге аса жоғары сезімталдық

- анамнезде бактерияларға қарсы бета-лактамдық кез келген басқа препараттарға (пенициллиндерге, монобактамдарға, карбапенемдерге) ауыр аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, анафилаксиялық реакциялар)

- етеккірден кейінгі 41 аптаға дейінгі шала туылған нәрестелер (гестациялық жасы + хронологиялық жасы)

- мерзіміне жетіп туылған нәрестелер (өмірінің 28 күніне дейін):

а) гипербилирубинемия, сарғаю, гипоальбуминемия немесе ацидоз, билирубиннің байланысуы бұзылуы мүмкін жағдайлар бар болғанда*

б) егер цефтриаксонның кальций тұздарының преципитаттарының түзілу қаупіне байланысты, олардың кальций немесе құрамында кальций бар ерітінділерді вена ішіне енгізу қажет болса (немесе қажет етілуі мүмкін).

*Іn vitro зерттеулер цефтриаксон билирубинді оның сарысулық альбуминмен байланысынан ығыстырып шығаруы мүмкін екендігін, ол осы пациенттерде билирубинді энцефалопатияның қаупін арттыратындығын көрсетті.

Лидокаинды еріткіш ретінде пайдаланғанда цефтриаксонның алынған ерітіндісін вена ішіне енгізуге қолдануға болмайды!

Лидокаинды еріткіш ретінде пайдаланғанда ерітіндіні бұлшықет ішіне енгізер алдында пациентте лидокаинды қолдануға қарсы көрсетілімдерінің бар-жоқтығын анықтап алған жөн (лидокаин дәрілік затының медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығындағы ақпаратты қарау керек).

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Cақтықпен

- бүйрек және/немесе бауыр функциясының жеткіліксіздігі

- ойық жаралы колит, бактерияларға қарсы дәрілік заттарды қолданумен байланысты энтерит немесе колит

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Бактериостатикалық антибиотиктер цефтриаксонның бактерицидтік әсерін төмендетеді.

Іn vitro хлорамфениколмен антагонизмі.

Құрамында кальций бар ерітінділермен (соның ішінде Хартман және Рингер ерітіндісі), цефтриаксонның кальций тұздарының шөгінділерінің түзілу қаупіне байланысты, фармацевтикалық тұрғыдан үйлеспейді. Вена ішіне енгізу жүйесінің белгілі бір біреуін пайдаланғанда шөгінді түзілуі мүмкін. Мұндайда цефтриаксон және құрамында кальций бар ерітінділер, егер инфузиялық желілер құю аралықтарында үйлесімді сұйықтықпен мұқият жуып-шайылса, бірінен кейін бірі енгізілуі мүмкін. Осы тәсілді жаңа туған нәрестелерге, цефтриаксонның кальций тұздарының шөгу қаупі жоғары болғандықтан, пайдалануға болмайды!

Сондай-ақ препарат амсакринмен, ванкомицинмен, флуконазолмен фармацевтикалық тұрғыдан үйлеспейді. Цефалоспориндермен бірге қолданғанда аминогликозидтердің нефроуыттылығы потенциалды түрде артуы мүмкін. Мұндай жағдайларда бүйрек функцияларын және аминогликозидтің концентрациясын ұдайы бақылап отыру қажет.

Цефтриаксонның құрамында N-метилтиотетразольді топтар болмайды, сондықтан этанолмен өзара әрекеттескенде кейбір цефалоспориндерге тән болатын дисульфирам тәрізді реакциялардың дамуына әкелмейді.

«Ілмектік» диуретиктермен және басқа да нефроуытты дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда бүйрек функциясының нашарлауы байқалған жоқ.

Пробенецидпен бір мезгілде енгізу цефтриаксонның бөлініп шығуын төмендетпейді.

Цефтриаксонды қабылдап жүрген пациенттерде Кумбс тестісінің жалғаноң нәтижелері, галактоземияның жалғаноң нәтижелері алынуы мүмкін. Несептегі глюкозаны анықтаудың ферментативтік емес әдістері жалғаноң нәтижелер беруі мүмкін, содықтан цефтриаксонмен емдеу кезінде глюкозурия деңгейін анықтау үшін ферментативтік әдістер пайдаланылуы тиіс.

Арнайы ескертулер

Цефтриаксонға күрделі және кенеттен өлімге әкеп соғатын аса жоғары сезімталдық реакциялары жөнінде мәлімдемелер түскен. Аса жоғары сезімталдықтық ауыр реакциялары дамыған жағдайда цефтриаксонмен емдеуді дереу тоқтатқан және адекватты емдік шаралар жүргізуді бастаған жөн. Емдеуді бастар алдында пациенттің анамнезінде цефтриаксонға, басқа да цефалоспориндерге немесе басқа да бета-лактамдарға ауыр аса жоғары сезімталдық реакцияларының бар-жоқтығын анықтап алу керек. Цефтриаксонды анамнезінде басқа бета-лактамды препараттарға ауыр емес аса жоғары сезімталдық реакциялары бар пациенттерге сақтықпен қолданған жөн.

Бүйрек және бауыр функцияларының ауыр жеткіліксіздігі біріккенде, сондай-ақ гемодилизде жүрген пациенттерде плазмадағы препарат концентрациясын ұдайы анықтап отыру керек.

Егер сізде бауыр немесе бүйрек аурулары болса, препаратты қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен сөйлесіңіз («Жағымсыз реакциялар» бөлімін қараңыз).

Ұзақ мерзімді емдеу кезінде перифериялық қан, бауыр мен бүйректің функционалды жағдайының көрсеткіштерін үнемі тексеріп отыру қажет.

Сирек жағдайларда өт қалтасына УДЗ жүргізгенде қарайған жерлер (цефтриаксонның кальций тұздары) байқалады, олар емдеуді тоқтатқаннан кейін жойылады. Өт жолының ықтимал ауруын көрсететін симптомдар немесе белгілер дамыған кезде, немесе "сладж-феноменнің" УДЗ белгілері бар болған жағдайда препарат енгізуді тоқтату ұсынылады.

Препаратты қолданғанда, сірә, өт жолдарының обструкциясы салдарынан дамитын панкреатиттің сирек жағдайлары сипатталған. Көптеген пациенттерде өт жолдарының бітелу қаупінің факторлары болды (препаратпен бұдан бұрын емдегенде, қатар жүретін ауыр аурулар, толық парентеральді қоректендіру); мұндайда цефтриаксонның өт жолдарында преципитаттардың түзілуе ықпал ету рөлін жоққа шығаруға болмайды.

Бактерияларға қарсы басқа препараттарды қолданған кездегі сияқты, цефтриаксонмен емдеген кезде Clostridium difficile (C. difficile) әсерінен туындаған диарея жағдайлары тіркелді. C. difficile әсерінен туындаған диареяға күдіктенгенде немесе ол айғақталғанда ағымдағы С. difficile-ге бағытталмаған антибиотиктермен емдеуді тоқтату қажет етілуі мүмкін. Клиникалық көрсетілімдерге сәйкес сұйықтықтар және электролиттер, ақуыздар енгізілетін қатар жүргізілетін ем, С. difficile-ге қатысты антибиотиктермен емдеу, хирургиялық емдеу тағайындалуы тиіс. Перистальтиканы тежейтін препараттарды тағайындамаған жөн.

Препаратты қолданған кезде протромбинді уақыттың өзгеруінің сирек жағдайлары сипатталған. К дәрумені тапшы болатын (синтезінің бұзылуы, тамақтанудың бұзылуы) пациенттерде протромбинді уақытты бақылау және емдеуді бастағанға дейін немесе емдеу кезінде протромбинді уақыт артқан кезде К дәруменін (аптасына 10 мг) тағайындау қажет болуы мүмкін.

Жаңа туған нәрестелердің өкпесі мен бүйрегінде цефтриаксон-кальцийдің преципитаттарының жиналуы нәтижесінде фатальді реакция жағдайларының болғаны сипатталған. Пациенттердің басқа да жас топтарында цефтриаксонның вена ішіне енгізуге арналған құрамында кальций бар ерітінділерімен өзара әрекеттесуінің теориялық тұрғыдан ықтималдылығы бар, сондықтан цефтриаксон құрамында кальций бар ерітінділермен (соның ішінде парентеральді тамақтандыруға арналған) араластырылмауы тиіс, сондай-ақ бір мезгілде, соның ішінде әртүрлі аймақтарға инфузияға арналған бөлек қолжетімді әдістер арқылы енгізілмеуі тиіс. Цефтриаксонмен емдеген кезде Кумбс сынамасына, галактоземия сынамасына, несептегі глюкозаны анықтағанда жалғаноң нәтижелер білінуі мүмкін (глюкозурияны ферменттік әдіспен ғана анықтау ұсынылады).

Спирохеталардан туындаған инфекциясы бар кейбір пациенттерде цефтриаксонмен емдегеннен кейін Яриш-Герксгеймер реакциясы пайда болуы мүмкін (JHR). Реакция әдетте өз бетінше жүреді немесе симптоматикалық еммен тоқтатылуы мүмкін. Реакция пайда болған жағдайда антибиотикпен емдеуді тоқтатпау керек.

Педиатрияда қолдану

Препарат балаларда қолдануға арналған.

Жүктілік және лактация кезеңі

Цефтриаксон плацентарлық бөгет арқылы өтеді, емшек сүтіне енеді.

Жүктіліктің алғашқы триместірінде цефтриаксон, егер ана үшін болжамды пайдасы шарана үшін потенциалды қаупінен басым болса ғана, қолданылуы мүмкін.

Цефтриаксон емшек сүтіне төмен концентрацияларда түседі, емдік дозаларда емшек еміп жүрген балаларға ешқандай ықпалын тигізбейді. Мұндайда диарея қаупін және шырышты қабықтардың зеңдік инфекцияларын жоққа шығаруға болмайды, сондай-ақ сенсибилизация ықтималдылығын ескерген жөн. Бала үшін емшек емізудің артықшылықтарын және әйел үшін емдеудің пайдасын ескере отырып, емшек емізуді тоқтату немесе цефтриаксонмен емдеуді тоқтату/тоқтата тұру мәселесін шешу қажет.

Препарат еркектердің және әйелдердің ұрпақ өрбіту функциясына жағымсыз ықпалын тигізбейді.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқару және зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың жылдамдығын қажет ететін потенциалды қауіпті қызмет түрлерімен айналысу қабілетіне препараттың ықпалына қатысты зерттеулер жүргізілген жоқ. Емделу кезінде цефтриаксонның жүйке жүйесіне жағымсыз ықпалын (бас айналу, құрысулар болуы мүмкін) ескеріп, пациенттер автокөлікті және күрделі механизмдерді басқарған кезде оны сақтықпен қолдануы тиіс.

Өзара әрекеттесуі

Шығарылу түрі

Резеңке тығынмен тұмшаланып тығындалған, алюминий қалпақшамен немесе біріктірілген қалпақшамен қаусырылған, сыйымдылығы 10 мл шыны құтыларға белсенді заттан салынған.

Ішінде препараты бар 1 құты медициналық қолдану жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Ішінде препараты бар 50 құты медициналық қолдану жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың қосымша тең санымен бірге картоннан жасалған (бөлімдері бар немесе жоқ) қорапқа салынған (стационарлар үшін).

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЦефтриаксон бөтелкесі 1 г №1 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
4.38/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
16 бағалау
1
star
1
2
star
1
3
star
1
4
star
1
5
star
12
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
empty star
4 Декабря 2023
Комментарий: Может быть, это только у меня так, но качество товара оставляет желать лучшего, плохо растворяется, остаются комочки.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
17 Октября 2023
Комментарий: Самый лучший и недорогой антибиотик, всегда беру его, правда сейчас их продают строго по рецепту.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
5 Сентября 2023
Комментарий: Очень хороший антибиотик, получил его без задержек, благодарю за качественное обслуживание!
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
empty star
empty star
13 Января 2023
Недостатки: Ни о чём, не рекомендую!
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
6 Января 2023
Достоинства: Легко и эффективно справляется с ангиной. У нас частая и тяжелая ангина, и врач всегда назначает именно этот препарат. Трехдневный курс не успевает навредить другим органам.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
19 Декабря 2022
Достоинства: Цена.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
17 Декабря 2022
Достоинства: Замечательный антибиотик, только им и спасаемся.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
15 Октября 2022
Достоинства: Отличный антибиотик широкого спектра действия. Заказывала для лечения собаки.
empty star
filled star
empty star
empty star
empty star
empty star
28 Февраля 2022
Недостатки: Специально заказала препарат российского производства, использовала его месяц, а результата ноль, проверено на себе. Разочарована.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
11 Февраля 2022
Достоинства: Препарат работает отлично, результаты впечатляют.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
9 Февраля 2022
Недостатки: Довольно болезненные уколы.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
6 Февраля 2022
Достоинства: Лекарство очень действенное. Результаты заметны, даже не ожидал, что хроническое состояние можно вылечить.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
6 Февраля 2022
Достоинства: Лечусь уже два месяца от разных хронических заболеваний, которые у меня уже 40 лет, к радости, некоторые удалось победить благодаря этому препарату, с другими еще предстоит бороться. Как же здорово, что наука развивается и у нас есть шанс излечиться от недугов, которые мешают полноценно работать и радоваться жизни.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
6 Февраля 2022
Комментарий: Очень широкий спектр действия. Обязательно проконсультируйтесь с вашим врачом перед покупкой, так как то, что отлично подходит одному, может не подойти другому. Я довольна результатами.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
31 Января 2022
Достоинства: Лекарство действенное.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
16 Января 2022
Достоинства: Высокая эффективность.

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube