daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Cereglia Капсулалары 400 Мг №30 | АО Киевский витаминный завод

Алматы қаласындағы Cereglia Капсулалары 400 Мг №30 | АО Киевский витаминный завод
Сипаттама:

Ашық сары-қоңыр түсті, мөлдір емес, жиекті, сопақша пішінді желатинді жұмсақ капсулалар. Капсула ішіндегісі – мөлдір түссіз немесе аздап сарғыштау тұтқыр сұйықтық.

Халықаралық атауы:

Холин альфосцераты

Өндіруші:

АО Киевский витаминный завод

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: тазартылған су, глицерин, капсула қабығы: желатин, сұйық сорбит, ішінара дегидратацияланған, глицерин, титанның қос тотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), натрий метилпарагидроксибензоаты (Е 219), натрий пропилпарагидроксибензоаты (Е 217).

Белсенді заттың дозасы:

400 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- мидың дегенеративті-инволюциялық психоорганикалық синдромында немесе цереброваскулярлық жеткіліксіздіктің екіншілік салдарларында, яғни егде жастағы адамдардағы ақыл -ой қызметінің біріншілік және салдарлы бұзылуы, ол жадының бұзылуымен, сананың шатасуымен, бағдарсыздықпен, мотивацияның және бастамашылдықтың төмендеуімен, концентрацияға қабілеттіліктің төмендеуімен;

- эмоционалды және мінез-құлық саласындағы өзгерістер: эмоционалды тұрақсыздық, ашуланшақтық, қоршаған ортаға немқұрайлы қараумен;

- егде жастағы адамдарда жалған депрессиямен сипатталады.

Қарсы көрсеткіштер

- дәрілік затқа немесе оның компоненттеріне белгілі аса жоғары сезімталдық

- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық

- психосоматикалық синдромы бар пациенттер, ауыр психомоторлық қозу кезінде

- жүктілік немесе емшек емізу кезеңінде.

Өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен препараттың өзара байланысуының клиникалық мәні анықталмаған.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Дәрілік затты тек ересектер ғана қолдану керек.

Тәулігіне 1 капсуладан 2 немесе 3 рет қолдану керек.

Емдеу ұзақтығын дәрігер жекелей анықтайды.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Жүрек айнуымен, мазасыздықпен, қозумен, ұйқысыздықпен байқалуы мүмкін Цереглиа дәрілік заты артық дозаланған кезде препарат дозасын азайту керек. Симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі

Лакталған баспалы алюминий фольгадан немесе мөлдір емес түрлі түсті поливинилдихлоридті қыртысы бар поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан.

1 немесе 3 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыCereglia капсулалары 400 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube