Показания к применению
- аллергиялық ринитті (оған қоса тұрақты аллергиялық ринит) және есекжемді симптоматикалық емдеу
- аллергиялық ринитті (оған қоса тұрақты аллергиялық ринит) және есекжемді симптоматикалық емдеу
- препараттың кез келген компоненттеріне, цетиризинге, гидроксизинге немесе пиперазин туындыларына жоғары сезімталдық
- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі (креатинин клиренсі 10 мл/мин кем)
- 6 жасқа дейінгі балалар
- галактоземия, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Қабықпен қапталған әр таблетканың құрамында лактоза бар, мұны сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, тұқым қуалайтын Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактозаның сіңірілмеу синдромы бар пациенттерге ескеру қажет.
Несеп іркілісі факторларына бейім пациенттерге аса сақтықпен қабылдау керек (мысалы, жұлын хордасының зақымдануы, қуық асты безінің гиперплазиясы), өйткені левоцетиризин несеп іркілуінің даму қаупін ұлғайтуы мүмкін.
Цетримактың қолдану кезінде алкогольді қабылдаудан аулақ болған жөн.
Эпилепсиясы бар пациенттерде және құрысу қаупі бар пациенттерде сақтық таныту керек, өйткені левоцетиризин құрысулардың өршуін туындатуы мүмкін.
Антигистаминдік дәрілер аллергиялық тері сынамаларына жауапты бәсеңдетеді, сынамалар жүргізу үшін ұзақтығы кемінде 3 күн шаю кезеңі талап етіледі.
Тіпті мұндай симптом емнің басында байқалмаса да, левоцетиризин қабылдауды тоқтатқанда қышыну байқалуы мүмкін. Симптомдар өздігінен жоғалуы мүмкін. Кейбір жағдайларда симптомдар қарқынды болуы мүмкін, емді жаңарту қажет болуы мүмкін, одан кейін симптомдар жоғалады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Цетримактың басқа препараттармен (соның ішінде СҮР3А4 индукторларымен) өзара әрекеттесу зерттеулері жүргізілген жоқ. Антипиринмен, жалған эфедринмен, циметидинмен, кетоконазолмен, эритромицинмен, азитромицинмен, глипизидпен және диазепаммен клиникалық маңызы бар жағымсыз өзара әрекеттесуі жоқ.
Цетиризин клиренсінің төмендеуі (16%) теофиллинді бірнеше рет енгізу (400 мг тәулігіне бір рет) кезінде байқалған; бұл ретте теофиллиннің фармакокинетикасы цетиризинді бір мезгілде енгізген кезде өзгермеген.
Ритонавирдің (600 мг тәулігіне екі рет) және цетиризиннің (10 мг тәулігіне) қайта дозаларымен зерттеулерде плазмадағы цетиризиннің концентрациясы шамамен 40% артқан, ал ритонавирдің фармакокинетикалық параметрлері (цетиризинмен бір мезгілде қолданған кезде) біршама өзгерген (-11%). Левоцетиризиннің сіңірілу деңгейі тамақ болса төмендемейді, дегенмен сіңірілу жылдамдығы төмендейді.
Сезімтал пациенттерде цетиризинді немесе левоцетиризинді және алкогольді немесе ОЖЖ бәсеңдететін басқа дәрілермен бір уақытта қолдану орталық жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін (назар аудару деңгейінің төмендеуі және өзін нашар сезіну).
Арнайы ескертулер
Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану
Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты сақтықпен қолдану керек.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлікті басқаратын және психомоторлық реакциялардың жылдамдығы мен қозғалыс реакцияларын талап ететін қызмет түрлерімен шұғылданатын тұлғаларға сақтықпен тағайындаған жөн.
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: ұсынылған тәуліктік доза 5 мг құрайды.
6-12 жас аралығындағы балалар: ұсынылған тәуліктік доза 5 мг құрайды.
Егде пациенттерге (бүйрек функциясы қалыпты болғанда) дозаны төмендету керек емес.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге енгізу кезеңділігін бүйрек функциясына сәйкес жеке белгілеген жөн. Төменде көрсетілген кестеде дозаның қажетті өзгерістері көрсетілген. Осы кестені пайдалану үшін пациентте креатинин клиренсін мл/мин (CLcr) бағалаған жөн. Қан сарысуының креатинин деңгейін (мг/дл) анықтағаннан кейін CLcr (мл/мин) мәнін келесі формуламен бағалауға болады:
Симптомдары: ересектерде ұйқышылдық, балаларда ұйқышылдықпен ауысатын алдымен қозу және мазасыздық болуы мүмкін.
Емі: Левоцетиризиннің арнайы антидоты жоқ.
Симптоматикалық және демеуші ем ұсынылған. Препаратты ішке қабылдағаннан кейін қысқа уақыттан кейін асқазанды шаюға болады. Левоцетиризин гемодиализ арқылы тиімді шығарылмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алыңыз
10 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада немесе 30 таблеткадан HDPE (тығыздылығы жоғары полиэтилен) жасалған контейнерде.
3 пішінді ұяшықты қаптамадан немесе 1 контейнерден қазақ және орыс тілдеріндегі медициналық қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от
Ваша выгода до: 646₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Алматы:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
2666₸
2020₸
646₸