Қолдану көрсеткіштері
Дексафлокс стероидтарға сезімтал қабыну процестерін, сондай-ақ бактериялық көз инфекциясын емдеу үшін қолданылады
- пальпебральді және бульбарлы конъюнктиваның, аллергиялық конъюнктивит сияқты мөлдір қабықтың және көз алмасының алдыңғы сегментінің қабыну жағдайлары, қызғылт безеулер, беткейлік нүктелік кератит, белдемелі герпес, ирит, циклит және ісіну мен қабынуды азайтатын кейбір инфекциялық конъюнктивиттер
- созылмалы алдыңғы увеит
- химиялық, радиациялық немесе термиялық күю немесе бөгде заттардың енуі нәтижесінде мөлдір қабықтың зақымдануы
- көз жарақаттары мен хирургиялық араласудан кейін, операциядан кейінгі
катаракта, трабекулэктомия және рефракциялық хирургия кезінде бактериялық инфекцияны емдеу және профилактикасы.