Қолдану көрсеткіштері
- атопиялық дерматит, ихтиоз және псориаз сияқты дерматоздардың белгілі бір типтерінде терінің құрғауын қосымша емдеу
- тері жабынының аздаған аумағын қамтыған беткейлік күйіктерді қосымша емдеу
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың қандай да бір компонентіне жоғары сезімталдық
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Қатысы жоқ.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеген. Арнайы ескертулер
Жұтуға болмайды.
Инфекция түскен жарақатқа немесе окклюзиялық таңғыштың астынан жағуға болмайды.
Препараттың құрамында пропилпарагидроксибензоат бар және ол терінің аллергиялық реакцияларын (кейін білінуі мүмкін) туғызуы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезінде
Жүктілік
Дексерил® препаратын жүкті әйелдерде пайдалануға болады, өйткені глицериннің, ақ жұмсақ парафиннің, сұйық парафиннің, препараттың жүйелік әсері шамалы.
Лактация
Дексерил® лактация кезеңінде пайдалануға болады, бірақ препаратты бала емізу кезеңінде емшек терісіне қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат механизмдерді жүргізу және басқару қабілетіне әсер етпейді немесе әлсіз әсер етеді.