Показания к применению
- Д3 дәруменінің гиповитаминозы
- остеомаляция, остеопороз, рахит сияқты Д3 дәруменінің тапшылығынан туындаған ауруларды емдеу
- жүкті және бала емізетін әйелдерде Д3 дәруменінің тапшылығын емдеу
- Д3 дәруменінің гиповитаминозы
- остеомаляция, остеопороз, рахит сияқты Д3 дәруменінің тапшылығынан туындаған ауруларды емдеу
- жүкті және бала емізетін әйелдерде Д3 дәруменінің тапшылығын емдеу
- белсенді затқа немесе кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық
- Д гипервитаминозы
- несеп-тас ауыруы
- нефрокальциноз
- гиперкальциемияның және/немесе гиперкальциурияның (мысалы, миелома, сүйек тініндегі метастаздар немесе сүйек тінінің басқа қатерлі аурулары, бастапқы гиперпаратиреоидизм) дамуына әкелетін аурулар немесе жағдайлар
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
- 12 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Д дәруменін бүйрек функциясы бұзылған және бүйрек тастары бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Дәруменнің қандағы кальций және фосфаттар деңгейлеріне әсерін бақылау қажет. Жұмсақ тіндер кальцификациясының ықтимал қаупін ескеру керек. Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде кальциферол түріндегі Д дәрумені тиісінше метаболиздене алмайды, сондықтан мұндай пациенттерге Д дәруменінің басқа түрлерін қолдану керек.
Д3 дәруменін саркоидоздан немесе басқа да гранулематоздық аурулардан зардап шегетін пациенттерге тағайындағанда сақтық таныту керек, себебі Д дәруменінің белсенді формасына дейін метаболизм қаупі жоғарылайды. Мұндай пациенттерде қан сарысуындағы және несептегі кальций мөлшеріне мониторинг қажет.
Д дәруменімен емдеуді бастапқы гиперпаратироидизмді бүркемелеуге қабілетті. Осыған бейім пациенттерде қан сарысуындағы кальций деңгейін бақылау керек. Егер кальций деңгейі жоғарыласа, Д дәруменінің бастапқы гиперпаратироидизмді бүркемелеу қабілетін ескеру керек.
Ұзақ емдеу уақытында қан сарысуындағы кальций деңгейін және бүйрек функциясын (плазмалық креатинин деңгейін өлшеу жолымен) бақылау қажет. Мұндай мониторинг, әсіресе жүрек гликозидтерімен немесе несеп айдайтын препараттармен бірге ем алатын егде жастағы пациенттер үшін, сондай-ақ тастардың түзілуіне жоғары үрдісі бар пациенттер үшін маңызды. Гиперкальциурия (300 мг, 7.5 моль/24 сағ. асатын) немесе бүйрек функциясының бұзылуы белгілері жағдайында Д дәруменінің дозасын төмендету, не емді тоқтату керек.
Ауыз қуысында ұсақталатын Д3 дәруменін үлбірлер түрінде құрамында Д дәрумені бар басқа препараттармен тағайындағанда Д дәруменінің дозасын ескеру және тиісінше түзету керек.
Д3 дәруменін орнын толтыру немесе емдеу үшін тағайындағанда кальций деңгейін және оның жеке-жеке пациенттерде тамақпен алынуын ескеру керек.
Д дәруменіне сезімталдығы жоғары пациенттерде мониторинг талап етілуі мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Фенитоинды немесе барбитураттарды бір уақытта қолдану Д дәруменінің әсерін метаболизм жылдамдығының жоғарылау нәтижесінде азайтуы мүмкін.
Холестирамин сияқты ион алмасу шайырларын немесе парафин майы сияқты іш жүргізетін дәрілерді бір уақытта қабылдау Д дәруменінің асқазан-ішек абсорбциясын төмендетуі мүмкін.
Глюкокортикоидтарды бір уақытта қолдану Д дәруменінің әсерін төмендетуі мүмкін.
Құрамында дигиталис бар препаратармен немесе басқа жүрек гликозидтермен емдеу жағдайында Д дәруменін бір уақытта қолдану олардың уытты әсерін (аритмия) күшейтуі мүмкін. Қатаң дәрігерлік бақылау, сондай-ақ қан сарысуындағы кальций концентрациясына мониторинг және, қажет болса ЭКГ қажет.
Тиазидтік диуретиктер кальцийдің несеппен шығарылуын азайтады. Д дәруменінің көп мөлшерін диуретиктермен бірге қабылдау гиперкальциемияға әкелуі мүмкін. Кальцийдің несеппен шығарылуын азайтатын тиазидтік диуретиктермен бір уақытта емдеген жағдайда қан сарысуындағы кальций концентрациясына мониторинг жүргізу ұсынылады.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Ауыз қуысында ұстақталатын үлбірлер, Д3 дәрумені, 2000 ХБ 12 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Д3 дәруменін жүкті әйелдер үшін ұсынылған тұтынылуы тәулігіне 600 ХБ құрайды. Алайда, егер жүкті әйелде Д3 дәруменінің жеткіліксіздігі байқалса, анағұрлым жоғары доза талап етілуі мүмкін. Жүктілік уақытында әйелдер емдеуші дәрігердің нұсқауларына еруі тиіс, себебі Д3 дәруменіне қажеттілік оның жеткіліксіздігіне және емге деген реакцияға байланысты болуы мүмкін. Емдік дозаларда Д3 дәрумені адамда тератогенді әсер тудырмайды.
Д3 дәрумені және оның метаболиттері емшек сүтімен шығарылады. Сәбилерде бала емізетін аналардың дәруменді қабылдауынан туындаған артық дозалану байқалмады. Алайда, Д3 дәруменін емшектегі сәбилерге тағайындағанда бала емізетін аналарға тағайындалған Д3 дәруменінің дозасын ескеру керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
ДЕНЬВИТ D3 ИММУНО автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Дозалау режимі
Ересектер, егде жастағылар және жасөспірімдер үшін: күніне бір үлбір, дұрысы тамақтан кейін.
Д3 дәрумені ауыз қуысында ұсақталатын үлбірлер 12 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Пероральді қолдану үшін.
Жыртуға арналған қатпар-линяны шешу үшін пакетті құрғақ қолмен пункттелген линияның жанына қойыңыз. Пакетті линия бойымен абайлап айырыңыз және пакеттен үлбірді шығарып алыңыз. Үлбірді бірден тілге қойыңыз және ол ерігенше күтіңіз. Үлбір ерігеннен кейін сұйықтықпен немесе онсыз жұту керек.
Д3 дәрумені тапшылығының қаупі жоғары пациенттердің белгілі бір топтары анағұрлым жоғары дозаларды қажетсінуі мүмкін, мысалы:
• институционализацияланған немесе ұзақ уақытқа ауруханаға жатқызылған адамдар
• қара нәсілділер, әсіресе анағұрлым жоғары кеңдікте
• қорғағыш киімге немесе күннен қорғайтын кремді тұрақты пайдалануға байланысты инсоляциясы жеткіліксіз адамдар
• семіруден зардап шегетін адамдар
• диагностикаланған остеопорозы бар адамдар
• дәрілік препараттарды (мысалы, құрысуға қарсы препараттар, глюкокортикоидтар) қатар қабылдайтын адамдар
• мальабсорбциядан, оның ішінде ішектің қабыну ауруларынан және глютендік энтеропатиядан зардап шегетін адамдар
• Д дәруменінің тапшылығынан емделіп жүрген, демеуші ем қажет болатын адамдар
Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар
Д3 дәруменімен жедел және созылмалы артық дозаланудың ең ауыр салдары гиперкальциемия.
Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, полиурия, анорексия, әлсіздік, апатия, шөлдеу, іш қатуы, ұйқышылдық және бас айналуы. Созылмалы артық дозалану гиперкальциемия салдары ретінде қантамырлар мен ағзалар кальцинациясының дамуына әкелуі мүмкін.
Емі: Д3 дәруменін қабылдауды тоқтату және регидратация (су теңгерімін қалпына келтіру) жүргізу қажет.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Сұрақ туындаған жағдайда дәрілік препаратты қабылдамас бұрын кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.
1 үлбірден үш қабат ламинацияланған алюминий фольгадан жасалған пакетте.
10 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.