daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Диферелин Бөтелкелер 0,1 Мг №7 | Ипсен Фарма Биотек

Алматы қаласындағы Диферелин Бөтелкелер 0,1 Мг №7 | Ипсен Фарма Биотек

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Іс жүзінде ақ жентектелген ұнтақ. Қалпына келтірілген ерітінді – түссіз мөлдір ерітінді, іс жүзінде бөлшектерден бос.

Халықаралық атауы:

Трипторелин

Өндіруші:

Ипсен Фарма Биотек

Өндіруші ел:

Французская Республика

Белсенді ингредиент:

қосымша зат - маннитол. Еріткіштің құрамында: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.

Белсенді заттың дозасы:

0,1 мг

Қаптамадағы саны:

7 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- әйелдер бедеулігінде: in vitro ұрықтандыру және одан кейін эмбрионды ауыстырып салу мақсатында овуляция үшін жасанды жағдай жасау үшін гонадотропиндермен бірге (аМГ– адамның менопаузалық гонадотропині, ФСГ – фолликул стимуляциялайтын гормон, АХГ – адамның хориондық гонадотропині) кешенді емдеу.

Қарсы көрсеткіштер

- Трипторелиннің әсер етуші затына, оның компоненттеріне, гонадотропин-рилизинг гормонының басқа аналогтарына аса жоғары сезімталдық

- жүктілік, лактация кезеңі

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Индукцияланатын овуляция нақты және тұрақты биологиялық және клиникалық бақылаумен қатаң медициналық бақылауда болуы тиіс: плазма эстрогенін жиі бағалау және ультрасонография.

Егер аналық бездің жауабы шамадан тыс болса, гонадотропин инъекциясын тоқтату арқылы стимуляциялауды тоқтату ұсынылады.

Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде трипторелин сау еріктілердегі 3-5 сағатпен салыстырғанда орташа жартылай шығарылу кезеңі 7-8 сағатты құрайды. Бұл ұзақ әсер етуіне қарамастан, трипторелин эмбрионды ауыстырып салу кезінде қанда болмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесу туралы хабарланған жоқ.

Арнайы ескертулер

Сирек жағдайларда ГнРГ агонистерімен емдеу бұрын белгісіз болған гипофиздің гонадотрофтық аденомасының бар екендігін анықтауы мүмкін. Мұндай пациенттерде кенеттен бас ауыруымен, құсумен, көрудің бұзылуымен және офтальмоплегиямен сипатталатын гипофиз апоплексиясы көрініс беруі мүмкін.

Трипторелин сияқты ГнРГ агонистерімен ем қабылдайтын пациенттерде депрессияның (оның ішінде ауыр) даму қаупі жоғары. Пациенттерге депрессияның ықтимал дамуы туралы хабарлау керек және депрессия дамыған жағдайда тиісті терапияны алу керек. Депрессиямен ауыратыны белгілі пациенттер терапия кезінде мұқият бақылауда болуы керек.

Диферелин® 0,1 мг құрамында бір дозада 1 ммольден (23 мг) аз натрий бар, яғни іс жүзінде препарат «натрийсіз».

Әйелдер бедеулігі

Диферелин® 0,1 мг тағайындалғанға дейін пациенттің жүктілігін болдырмау керек.

ГнРГ агонистерін қолдану алты айлық емдеу кезеңі ішінде СТМТ-ның айына орта есеппен 1%-ға төмендеуін туындатуы мүмкін. СТМТ-ның әрбір 10%-ға төмендеуі сыну қаупінің екі немесе үш есе артуына әкеледі.

Остеопороз анықталған немесе остеопороздың даму қаупі факторлары бар пациенттер туралы нақты деректер жоқ (мысалы, алкогольді ұзақ уақыт тұтыну, темекі шегу, СТМТ төмендететін препараттармен ұзақ мерзімді терапия, мысалы, құрысуларға қарсы препараттар немесе кортикостероидтар, остеопороздың отбасылық анамнезі, тойып тамақтанбау, мысалы, невроз анорексиясы). Осы пациенттерде СТМТ -ның төмендеуі неғұрлым қауіпті болуы мүмкін болғандықтан, "пайда/қауіп" арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін трипторелинмен емдеу мүмкіндігі жеке қарастырылуы тиіс. СТМТ жоғалтылуына қарсы әрекет ету мақсатындағы қосымша шаралар туралы мәселені қарастыру керек.

Трипторелинді гонадотропиндермен біріктіріп инъекциялау жолымен индукцияланған фолликулдардың жетілуі кейбір бейім пациенттерде, әсіресе аналық бездердің поликистозды ауруы жағдайларында едәуір артуы мүмкін. Басқа ГнГР аналогтарымен емдеу сияқты, гонадотропиндермен бірге трипторелинді қолданумен байланысты аналық бездердің гиперстимуляция синдромы туралы хабарламалар болды.

Трипторелин-гонадотропин астасуына аналық бездің жауабы бірдей дозада әртүрлі пациенттерде және белгілі бір жағдайларда бір циклден екіншісіне сол пациентте әртүрлі болуы мүмкін.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Диферелин® 0,1 мг тағайындалғанға дейін пациенттің жүктілігін болдырмау керек.

Трипторелин жүктілік кезінде пайдаланылмауы тиіс, өйткені жүктілік кезінде ГнРГ агонистерін пайдалану аборттың теориялық қаупімен  немесе ұрық дамуындағы ауытқуымен байланысты. Ем бастағанға дейін ұрпақ өрбіту әлеуеті әйелдер жүктіліктің бар-жоғын анықтау үшін мұқият тексерілуі тиіс. Емделу кезінде және етеккір қайта келгенше контрацепцияның гормондық емес әдістерін пайдаланған жөн.

Лактация

Трипторелинді бала емізу кезінде пайдаланбау тиіс.

Фертильділік

Триторелинді ұрықтандыруды емдеу үшін қолданар алдында жүктілікті болдырмау керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автомобильді басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне Диферелин® 0,1 мг ықпалына ешқандай зерттеулер жүргізілген жоқ. Дегенмен, емдеудің жағымсыз әсерлері болып табылатын, немесе негізгі аурудың нәтижесі болып табылатын бас айналу, ұйқышылдық және көру  бұзылыстары нәтижесінде автомобильді басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілеті нашарлауы мүмкін.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Әйелдер бедеулігі: гонадотропиндермен бірге.

Диферелин® 0,1 мг тері астына етеккір циклінің 2 күнінен бастап енгізіледі (аналық бездің стимуляциясын бір мезгілде бастай отырып) және емдеуді адамның хориондық гонадотропинін жоспарланған енгізуден бір күн бұрын аяқтайды.

Енгізу әдісі және жолы

Тері астына

Емдеу ұзақтығы

Орташа алғанда, Диферелин®емдеу курсы 10-12 күнді құрайды.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Артық дозаланғанда симптоматикалық ем қолданылады.

Шығарылу түрі

Лиофилизат сары түсті полипропилен қақпағы бар алюминий қалпақшаларымен қаусырылған, галогенбутилден жасалған тығындармен тығындалған, 1 типті түссіз шыныдан жасалған құтыларға салынады.

Көлемі 2 мл 1 типті түссіз шыныдан жасалған ампулаларға 1 мл еріткіштен салынады.

7 құтыдан және еріткіші бар 7 ампуладан пластикалық контейнерге салынады.

1 контейнерден мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыДиферелин бөтелкелер 0,1 мг №7 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading
14105

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 1619

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Алматы:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

15724

14105

1619

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтері

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube