daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Дротаверин Ампуласы 40 Мг/2 Мл №10 | Химфарм АО

Алматы қаласындағы Дротаверин Ампуласы 40 Мг/2 Мл №10 | Химфарм АО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Сары-жасыл түсті мөлдір сұйықтық

Халықаралық атауы:

Дротаверин

Өндіруші:

Химфарм АО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

- натрий бисульфитіне жоғары сезімталдық - бүйректің немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі - жүректің ауыр жеткіліксіздігі (жүрек шығарымы төмендеу синдромында) - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Белсенді заттың дозасы:

40 мг/2 мл

Дәрілік түрі:

Инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/2 мл

Қаптамадағы саны:

20 шт

Аналогтары

Нұсқаулық

Құрамы

2 мл ерітіндің құрамында

белсенді зат - 40.0 мг дротаверин гидрохлориді

қосымша заттар: натрий метабисульфиті (100% затқа шаққанда), этанол 96% , инъекцияға арналған су

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Сары-жасыл түсті мөлдір сұйықтық

Қолдану көрсеткіштері

- өт шығару жолдарының аурулары кезіндегі тегіс бұлшықеттер түйілуінде: холецистолитиаз, холангиолитиаз, холецистит, перихолецистит, холангит, папиллит

- несеп шығару жолдарының тегіс бұлшықеттерінің түйілуінде: нефролитиаз, уретролитиаз, пиелит, цистит, қуық тенезмі

Қосымша емдеу ретінде (пациент таблетка қабылдай алмайтын кезде):

- асқазан-ішек тегіс бұлшықеттерінің түйілулерінде: асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасында, гастритте, кардия және қақпаның түйілуінде, энтерит, колит

- гинекологиялық ауруларда: дисменорея (ауыртатын етеккір)

Қарсы көрсеткіштер

- препараттың белсенді затына немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық

- натрий бисульфитіне жоғары сезімталдық

- бүйректің немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- жүректің ауыр жеткіліксіздігі (жүрек шығарымы төмендеу синдромында)

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Сақтық шаралары

Гипотензия кезінде препаратты жоғары сақтықтпен қолдануды талап етеді.

Препаратты венаның ішіне енгізгенде коллапс қаупіне байланысты науқас тек жатқан күйде болуы тиіс. Препараттың құрамына натрий метабисульфиті кіреді, ол сезімтал адамдарда, әсіресе анамнезінде бронх демікпесі немесе аллергиялық реакциялары бар адамдарда анафилаксиялық симптомдар және бронх түйілуін қоса, аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.

Натрий метабисульфитіне сезімталдығы жоғары пациенттерге инъекцияны енгізбеу керек.

Жүктілік кезінде препаратты қолдану ерекше сақтықты талап етеді.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Папаверин сияқты фосфодиэстераза ингибиторлары леводопаның паркинсонизмге қарсы әсерін төмендетеді. Сондықтан дротаверинді леводопамен бір мезгілде қолданғанда тремор мен сіреспе күшеюі мүмкін, сақ болу қажет. М-холиноблокаторларды қоса алғанда, басқа да спазмолитикалық дәрілермен: спазмолитикалық әсерінің өзара күшеюі.

Трициклді антидепрессанттармен, хинидинмен, прокаинамидпен бір мезгілде қолданғанда трициклді антидепрессанттардан, хинидиннен және прокаинамидтен туындайтын АҚ төмендеуі күшейеді.

Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолдану

Балалардың қатысуымен клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Клиникаға дейінгі зерттеулер, жүктілік ағымына, эмбрионалды дамуына, босану немесе босанғаннан кейінгі кезеңінде, тікелей немесе жанама теріс әсерлердің қандай да бір белгілерін көрсетпеді. Алайда препаратты ана мен балаға тағайындау тек пайда-қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін рұқсат етіледі.

Дротаверинді босану кезінде қолдануға болмайды.

Клиникалық зерттеулер деректері болмағандықтан емшек емізу кезеңінде препаратты тағайындау ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Терапевтік дозаларды парентеральді, әсіресе вена ішіне тағайындағанда, пациенттерге олардың автомобильді және басқа механизмдерді басқару сияқты ықтимал қауіпті әрекеттерден аулақ болу керектігі туралы ескерту керек.

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Ересектер: әдеттегі доза күніне 40-240 мг құрайды (1-3 рет қабылдауға бөлінген) бұлшықет ішіне.

Бүйректегі-тас немесе өттегі-тас ауруы кезінде өткір шаншуларды басу үшін: 40-80 мг вена ішіне.

Енгізу әдісі және жолы

Бұлшықет ішіне, вена ішіне

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: дротавериннің артық дозасы жүрек өткізгіштігінің және жүрек ырғағының бұзылуына әкелуі мүмкін, соның ішінде өлімге әкелуі мүмкін қарыншааралық блокадасы және жүректің тоқтауы.

Емі: артық дозаланғанда науқас мұқият бақылауда болуы және симптоматикалық және демеуші ем алуы тиіс, соның ішінде құсуды индукциялау және/немесе асқазанды шаю.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.

Артық дозалану

Жанама әсерлері

Сирек (≥ 1/10 000, < 1/1000)

– бас ауруы, бас айналуы, ұйқысыздық

- жүрек айнуы, қатты іш қату

- жүрек соғуының жиілеуі, артериялық қысымының төмендеуі

– аллергиялық реакциялар (ангионевроздық ісіну, есекжем, бөртпе, қышу).

- инъекция енгізілген жердегі реакциялар

Белгісіз

- инъекция түрінде ем қабылдаған пациенттерде өліммен аяқталатын және аяқталмайтын анафилаксиялық шок тіркелді

Шығарылу түрі

2 мл препараттан сындыру нүктесі немесе сақинасы бар, жарықтан қорғайтын шыныдан жасалған шприцпен толтырылатын ампулаларға құйылады.

Әрбір ампулаға заттаңба жапсырылады.

5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамамен қаптайды.

1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптаманы медициналық қолданылуы жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Медициналық қолданылуы жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтан ақпаратты қорапшаның сыртына жазуға рұқсат етіледі.

Дәрілік препараты бар қорапшаны картоннан жасалған қораптарға салады.

Пішінді ұяшықты қаптамаларды (қорапшаға салмай) медициналық қолданылуы жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картон қораптарға салуға рұқсат етіледі. Медициналық қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтар саны қаптамалар санына тең.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

2 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыдротаверин ампуласы 40 мг/2 мл №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube