daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Фармадипин Ішуге Арналған Тамшылар 2% 25 Мл | Фармак ПАО

Алматы қаласындағы Фармадипин Ішуге Арналған Тамшылар 2% 25 Мл | Фармак ПАО
Сипаттама:

Мөлдір сары немесе жасылдау-сары түсті, спирттің әлсіз иісі бар тұтқыр сұйықтық.

Халықаралық атауы:

Нифедипин

Өндіруші:

Фармак ПАО

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: полиэтиленгликоль 400, этанол (96 %). Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Мөлдір сары немесе жасылдау-сары түсті, спирттің әлсіз иісі бар тұтқыр сұйықтық.

Белсенді заттың дозасы:

2%

Дәрілік түрі:

2%, ішуге арналған тамшылар, 5 мл және 25 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

артериялық гипертензия (гипертензиялық криздерді емдеу мақсатында)

Қарсы көрсеткіштер

нифедипинге, басқа дигидропиридиндерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

жедел миокард инфарктісі (алғашқы 4 апта ішінде)

кардиогендік шок

ауыр аорталық және митральді стеноз

тұрақсыз стенокардия

стенокардия ұстамаларын емдеу, миокард инфарктісінің салдарлық профилактикасы үшін пайдалануға болмайды

жүрек функциясының декомпенсацияланған жеткіліксіздігі

артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым (АҚ) 90 мм сын. бағ. төмен)

қарыншалық тахикардиялар QRS кешенінің кеңеюімен

синустық түйіннің әлсіздігі синдромы

Вольф-Паркинсон-Уайт (WPW) синдромы, Лаун-Генонг-Левайн (LGL) синдромы

II және III дәрежелі AV-блокада

порфирия

проктоколэктомиядан кейін анықталған илеостома

рифампицинмен бір мезгілде қабылдауға болмайды

жүктілік

бала емізу кезеңі

18 жасқа дейінгі балалар

Арнайы нұсқаулар

Айқын артериялық гипотензия (систолалық қысым 90 мм сын. бағ.төмен), жүрек функциясының айқын жеткіліксіздігі кезінде Фармадипин® препаратын сақтықпен қолдану керек.

Обструкциялық симптомдардың туындау мүмкіндігіне байланысты, асқазан-ішек жолының қатты тарылуы бар пациенттерге Фармадипин® препаратын қолданғанда сақ болу қажет. Аса сирек жағдайда, безоарлар туындауы мүмкін, олар хирургиялық араласуды қажет етуі мүмкін.

Бірен-саран жағдайларда, анамнезінде асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар болмаған жағдайда, обструкциялық симптомдар сипатталған.

Фармадипин® препаратын мықын-ішек резервуары (проктоколэктомиядан кейінгі илеостомамен) бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Фармадипин® препаратын қолдану барийлі контрастылы затты  пайдаланып жүргізілген рентген зерттеуі кезінде жалған оң нәтижелердің алынуына әкеп соқтыруы мүмкін (мысалы, толтырылу ақаулары полип ретінде интерпретацияланады).

Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттер мұқият мониторингілеуді,  ал ауыр жағдайларда – дозаны төмендетуді қажет етеді.

Нифедипин Р450 3А4 цитохромы жүйесі арқылы метаболизденеді, осыған байланысты, осы ферменттер жүйесін тежейтін немесе индукциялайтын препараттар нифедипиннің «алғаш өтуін» немесе клиренсін өзгертуі мүмкін.

Р450 3А4 цитохромы жүйесінің әлсіз немесе орташа тежегіштері болып табылатын және нифедипиннің плазмадағы концентрациясының артуына алып келуі мүмкін препараттарға: макролидтік антибиотиктер (мысалы, эритромицин), анти-АИТВ протеаза тежегіштері (мысалы, ритонавир), азолдық антимикотиктер (мысалы, кетоконазол), антидепрессанттар нефазодон және флуоксетин, хинупристин/дальфопристин, вальпрой қышқылы, циметидин жатады.

Фармадипин® препаратын аталған препараттармен бірге қолданғанда, артериялық қысымды бақылау және қажет болған жағдайда, нифедипиннің дозасын төмендету туралы мәселені қарастыру қажет.

Жекелеген in vitro эксперименттер кальций антагонистерін, атап айтқанда, нифедипинді қолдану мен сперматозоидтардың қайтымды биохимиялық өзгерістері арасында, соңғысының ұрықтануға қабілеттілігін нашарлатады, өзара байланысты анықтаған. Егер in vitro ұрықтануға әрекеттенулер сәтсіз болып шықса, басқа түсіндірмелері болмаса, кальций антагонистерін, мысалы, нифедипинді, осы құбылыстың ықтимал себебі ретінде қарастыруға болады.

Егер, нифедипиннің алдыңғы қолданылуы мен ишемиялық ауыру арасында байланыс болуы мүмкін болса, препаратты қолданбау керек. Стенокардиясы бар пациенттерде ұстамалар жиірек туындауы мүмкін, ал олардың ұзақтығы мен қарқындылығы, әсіресе, емдеудің басында жоғарылауы мүмкін.

Әсер етуші заты нифедипин болып табылатын дәрілік заттарды тұрақты стенокардияның жедел ұстамасы бар пациенттерге қолданбайды.

Препаратты гемодиализдегі пациенттерге, қатерлі артериялық гипертензия немесе гиповолемия кезінде айрықша сақтықпен тағайындау керек, өйткені, қантамырлардың кеңеюі оларда артериялық қысымның елеулі төмендеуін туғызуы мүмкін. Нифедипинді қант диабетіне шалдыққан науқастарға қолдану емді түзетуді қажет етуі мүмкін.

Қосымша заттар

Бұл дәрілік заттың құрамында аздаған мөлшерде, бір дозасында 100 мг-ден аз этанол (алкоголь) бар.

Педиатрияда қолдану

Препаратты балаларды (18 жасқа дейінгі) емдеу үшін қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Нифедипин емшек сүтіне өтеді, сондықтан препаратты қолданған кезде бала емізуді тоқтату керек.

Препараттың көлік және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолданғанда жоғары зейін қоюды (автокөлік жүргізу, механизмдерді басқару және т.б.) қажет ететін қауіпті қызмет түрлерінен бас тарту керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Фармадипин® препаратын гипертониялық кризді емдеу үшін шұғыл көмек беру препараты ретінде қолданады.

Препараттың бұл дәрілік түрін курстық қабылдау үшін қолдану ұсынылмайды.

Гипертензияға қарсы емдеу курсын жүргізу қажет болса, препарат пен дәрілік түрін дәрігер таңдайды.

Артериялық қысым кенеттен және елеулі жоғарылағанда ересектерге арналған бастапқы бір реттік дозасы 3-5 тамшы (2-3,35 мг) құрайды, егде жастағы адамдар үшін – 3 тамшыдан асырмай (2 мг) тіл астына немесе кепкен нан немесе қант кесегіне тамызып, ауызда барынша ұзағырақ ұстау керек. Тиімділігі жеткіліксіз болса, дозасын біртіндеп клиникалық маңызды әсеріне дейін арттыруға болады. Ары қарай артериялық қысым жоғарылаған жағдайларда дәл осы дозасын бағдарға алу қажет. Қажет болса (АҚ 190/100 мм сын. бағ. – 220/110 мм сын. бағ. дейін жоғарылауы) бір реттік дозасын жекелеген жағдайларда біртіндеп 10-15 тамшыға дейін (6,7-10 мг) науқастағы АҚ көрсеткіштерінің жекелей өзгерістерін ескере отырып арттыруға болады.

Жекелеген науқастардың Фармадипин® препаратына жеке сезімталдығын ескеру қажет. Мұндай жағдайларда дозасын, 3 тамшыдан бастап және клиникалық әсерге жеткенше біртіндеп 2-3 тамшыға (1,34-2 мг) арттыра отырып, жеке таңдайды.

Препараттың бастапқы дозасын арттыру артериялық қысымның күрт төмендеуіне алып келуі мүмкін!

Енгізу әдісі мен жолы

Ішуге арналған тамшы түріндегі Фармадипин® препаратын ішке қабылдайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Нифедипинмен жедел уыттанудың симптомдары: сананың комаға дейінгі бұзылуы, артериялық қысымның төмендеуі, тахикардия/брадикардия, гипергликемия, метаболизмдік ацидоз, гипоксия, өкпенің ісінуімен қатар жүретін кардиогендік шок.

Емі. Шұғыл көмек көрсету шаралары ең алдымен препаратты организмнен шығаруға және тұрақты  гемодинамиканы қалпына келтіруге бағытталуы тиіс.

Пероральді қолданғаннан кейін асқазанды толығымен босату, қажет болған жағдайда – жіңішке ішекті шаюмен біріктіру ұсынылады.

Препаратты организмнен шығару әсіресе, баяу босап шығатын нифедипин препараттарымен уыттану жағдайларында, әсер етуші заттың сіңірілуін болдырмау үшін, жіңішке ішекті қоса, айтарлықтай толық жүргізілуі тиіс.

Нифедипин үшін қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесінің жоғарылығы және таралу көлемінің салыстырмалы түрде кішігірім болуы тән болғандықтан, гемодиализ тиімсіз, алайда, плазмаферез жүргізу ұсынылады.

Брадикардияны бета-симпатомиметиктермен басуға болады. Жүрек ырғағының өмірге қауіп төндіретін баяулауы кезінде ырғақтың жасанды жетекшісін қолдану ұсынылады.

Кардиогендік шок және вазодилатация салдарынан туындаған гипотензияны кальций препараттарымен жоюға болады (10-20 мл 10 % кальций хлориді немесе глюконаты ерітіндісін вена ішіне баяу енгізеді, сосын қажет болса қайталайды). Осының салдарынан кальцийдің сарысулық деңгейлері қалыптың жоғарғы шегіне жетуі немесе біраз жоғарылауы мүмкін. Егер кальцийді енгізудің тиімділігі жеткіліксіз болса, допамин немесе норадреналин сияқты симптоматиктерді қолдану талапқа сай болып табылады. Бұл препараттардың дозалары қол жеткізілген емдік әсерін ескере отырып  таңдалады.

Сұйықтықты қосымша енгізуге аса сақтықпен қарау керек, өйткені бұл жүрекке артық күш түсу қаупін арттырады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Артық дозалану

Шығарылу түрі

5 мл препараттан құтыларға арналған, алғаш ашылуы бақыланатын, тамшылатқыштары бар полиэтилен қақпақтармен тығындалған қоңыр шыныдан жасалған құтыларға құяды. Немесе 25 мл препараттан тамшылатқыш-тығындармен тығындалған және бұралатын қақпақтары бар жарықтан қорғайтын шыныдан жасалған құтыларда немесе 25 мл-ден құтыларға арналған, алғаш ашылуы бақыланатын, тамшылатқыштары бар полиэтилен қақпақтармен тығындалған қоңыр шыныдан жасалған құтыларға құяды. Құтыларға өздігінен желімденетін заттаңбалар жапсырылады. Әр құтыны медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Құтыны ашқаннан кейін сақтау мерзімі 28 тәулік.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

25 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыФармадипин ішуге арналған тамшылар 2% 25 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube