daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Феброфид Капсулалары 50 Мг №20 | Polpharma S.A.

Алматы қаласындағы Феброфид Капсулалары 50 Мг №20 | Polpharma S.A.

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Ақ түсті қатты желатинді № 2 капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ

Халықаралық атауы:

Кетопрофен

Өндіруші:

Polpharma S.A.

Өндіруші ел:

Республика Польша

Белсенді ингредиент:

(100% затқа шаққанда), қосымша заттар: лактоза моногидраты, натрий лаурилсульфаты, коповидон (Коллидон VA-64), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, кальций стеараты желатинді капсулалардың құрамы: желатин, натрий лаурилсульфаты, макрогол 6000, мұзды сірке қышқылы, титанның қостотығы (Е 171) Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ түсті қатты желатинді № 2 капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ

Белсенді заттың дозасы:

50 мг

Дәрілік түрі:

Капсулалар 50 мг

Қаптамадағы саны:

20 шт

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Кетопрофеннің емдік көрсетілімдері кетопрофеннің қабынуға қарсы және ауырғанды басатын әсерімен, оған аса жоғары сезімталдық реакциясының туындау жиілігімен және осы топтың басқа препараттарымен салыстырғанда қолжетімділігімен шартталған

Препарат ересектер мен балалардың 15 жастан бастап қабылдауына арналған:

Ұзақ симптоматикалық ем үшін:

ревматоидтық артритті, шорбуынданатын спондилитті немесе Фиссингер-Леруа-Рейтер синдромы тектес синдромдарды және псориаздық артритті қоса, ревматизмнің созылмалы қабыну ауруларында

ауыру синдромымен жүретін, мүгедектікке шалдықтыратын артроздарда

Өршулерінің қысқа мерзімді симптоматикалық емі үшін:

жауырын-иық периартриті, тендинит, бурсит сияқты абартикулярлық ревматизм синдромдарында

Қарсы көрсеткіштер

кетопрофенге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

анамнезде бронх түйілуі, демікпе, ринит, есекжем сияқты аса жоғары сезімталдық реакцияларының немесе кетопрофенге, ацетилсалицил қышқылына немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарға өзге аллергиялық реакциялардың болуы. Ондай пациенттерде күрделі, сирек жағдайларда өлімге соқтыратын анафилаксиялық реакциялар байқалған.

жүректің ауыр жеткіліксіздігі

асқазан-ішек жолының өршу фазасындағы аурулары (гастрит, асқазанның ойық жара ауруы, анамнезде асқазан-ішектен қан кетудің болғаны көрсетілуі, ойық жаралардың түзілуі немесе тесілуі)

қан кетулер (асқазан-ішектен, цереброваскулярлық немесе басқа белсенді қан кетулер)

бауыр немесе бүйрек функцияларының айқын бұзылулары

24 аптадан асқан мерзімдегі жүктілік және бала емізу кезеңі

балалар мен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

тұқым қуалайтын галактоза жағымсыздығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Кетопрофенді циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) селективті тежегіштерін қоса, жүйелік ҚҚСП-мен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.

Жағымсыз әсерлерді симптомдарды бақылау үшін қажетті аса қысқа мерзім ішінде ең аз тиімді дозаны қолдану арқылы азайтуға болады ("Қолдану жөніндегі нұсқаулар" бөлімін және төменде көрсетілген "Асқазан-ішек жолына әсері", "Жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық жүйеге әсері"ақпаратын қараңыз).

Бронх демікпесі және созылмалы ринит, созылмалы синусит және/немесе мұрын полипозы бар пациенттерде ацетилсалицил қышқылына және басқа да ҚҚСП-ға аллергиялардың туындау қаупі жоғары. Кетопрофен оларда, әсіресе, ацетилсалицил қышқылына және басқа ҚҚСП-ға сезімталдығы жоғары адамдарда демікпе ұстамасын, бронх түйілуін тудыруы мүмкін.

Сақтық шаралары

Кетопрофенді циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) селективті тежегіштерін қоса, жүйелік ҚҚСП-мен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.

Жағымсыз әсерлерді симптомдарды бақылау үшін қажетті аса қысқа мерзім ішінде ең аз тиімді дозаны қолдану арқылы азайтуға болады ("Қолдану жөніндегі нұсқаулар" бөлімін және төменде көрсетілген "Асқазан-ішек жолына әсері", "Жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық жүйеге әсері"ақпаратын қараңыз).

Бронх демікпесі және созылмалы ринит, созылмалы синусит және/немесе мұрын полипозы бар пациенттерде ацетилсалицил қышқылына және басқа да ҚҚСП-ға аллергиялардың туындау қаупі жоғары. Кетопрофен оларда, әсіресе, ацетилсалицил қышқылына және басқа ҚҚСП-ға сезімталдығы жоғары адамдарда демікпе ұстамасын, бронх түйілуін тудыруы мүмкін.

Арнайы нұсқаулар

Препарат құрамында 177,100 мг лактоза моногидраты бар, сондықтан тұқым қуалайтын галактоза жағымсыздығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қарсы көрсетілімде. Препарат құрамында 4,800мг натрий лаурилсульфаты бар, сондықтан тұзсыз диета ұстанатын адамдарға тағайындағанда сақ болу керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Простагландиндер синтезінің тежелуі жүктіліктің дамуына және/немесе шарананың құрсақішілік дамуына айтарлықтай теріс әсер етуі мүмкін.

Препаратты жүктіліктің I триместрінде қабылдау кезіндегі жағымсыз реакциялар мен қауіптер

Эпидемиологиялық деректер жүктіліктің бастапқы мерзімінде ҚҚСП қолдану жүктіліктің өздігінен үзілуінің, жүрек және алдыңғы құрсақ қабырғасы ақаулары жиілігінің жоғарылауымен байланысты деп болжайды. ҚҚСП қолданғанда жүрек ақаулары дамуының абсолюттік қаупі 1%-дан аздан 1,5%-ға дейін жоғарылайды. Кетопрофенді қабылдаудың жағымсыз салдарларының қаупі препараттың дозасымен және жалпы қабылдау мерзімімен бірге арта түседі.

Одан өзге, белсенді органогенез кезеңінде простагландиндер синтезінің тежегіштерін қабылдаған кезде жүрек, ірі қантамырлар және құрсақ қуысы ағзалары ақауларының даму жиілігінің жоғарылағаны көрсетілген.

Препаратты жүктіліктің 12-ші аптасынан кейін жүктіліктің соңына дейін қабылдаудағы жағымсыз реакциялар мен қауіптер

Жүктіліктің 12-ші аптасынан бастап туған сәтке дейін простагландиндер синтезін тежейтін барлық ҚҚСП шарана бүйрегінің функционалдық зақымдануына алып келуі мүмкін:

- жүктіліктің 12-ші аптасынан бастап шарананың құрсақішілік диурезінің баяулауы басталуы, соның салдарынан қағанақ суының аз болуы (әдетте емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды) немесе ұзақ қолданудың жекелеген жағдайларында шарана маңының суы мүлдем болмауы мүмкін.

- босану кезінде немесе босанғаннан кейінгі бастапқы кезеңде балада ҚҚСП-ның шаранаға кейінгі немесе ұзақ әсер етуі салдарынан, кейіннен білінетін ауыр гиперкалиемия қаупімен бүйректің жедел жеткіліксіздігі (қайтымды немесе қайтымсыз) басталуы мүмкін.

Препаратты жүктіліктің 24-ші аптасынан кейін жүктіліктің соңына дейін қабылдаудағы жағымсыз реакциялар мен қауіптер

Препаратты жүктіліктің 24-ші аптасынан кейін қабылдағанда ҚҚСП шаранада жүрек-өкпе уыттылығы құбылысын (мерзімінен бұрын жабылған артериялық жол және өкпе гипертензиясы) туындатуы мүмкін. Артериялық жолдың тарылуы жүктіліктің 6-шы айында (жүктіліктің 24 аптасынан асқан мерімде) басталуы мүмкін және шаранада немесе жаңа туған нәрестеде жүректің оң жақтық жеткіліксіздігінің дамуына және тіпті шарананың құрсақішілік өліміне алып келуі мүмкін. Бұл қайтымсыз құбылыстың қаупі босану күні жақындаған сайын арта түседі. Артериялық жолдың жабылуы препаратты бір рет қабылдаудың салдарынан туындауы мүмкін.

Препаратты жүктіліктің соңында қабылдаған кезде жаңа туған нәресте мен ана үшін жағымсыз реакциялар мен қауіптер

- ана мен бала үшін қан кету уақытының ұзару қаупі (тіпті кетопрофеннің аз дозасын қабылдағаннан кейін де білінуі мүмкін антиагрегациялық әсердің нәтижесінде).

- босанудың баяулауы, толғақтың бәсеңдеуі, бұл жүктіліктің мерзімінен асып кетуіне және/немесе босанудың ұзаққа созылуына алып келуі мүмкін.

Қорытынды:

Аса қажеттілігі болмаса, препарат жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге немесе жүктіліктің алғашқы 5 айында (гестацияның 24 аптасы басталғанға дейін) тағайындалмауы тиіс. Ондай қажеттілік туындаған жағдайда қысқа мерзімді емді барынша ең төменгі дозасында тағайындау керек. Осы топтағы пациент әйелдерді ең дұрысы препаратпен ұзақ емдемеген.

Жүктіліктің 6-шы айының басынан бастап (гестацияның 24-ші аптасынан бастап) препаратты, тіпті бір рет қабылдаудың өзі қатаң қарсы көрсетілімде.

Жүктіліктің осы кезеңінде препаратты байқаусызда қабылдау, тіпті бір рет болса да, шарананың кардио-мониторингін, бүйректің жай-күйін, шарананың дамуын бағалауды және жүктілік мерзіміне, кетопрофеннің дозасы мен қабылдау ұзақтығына байланысты жаңа туған нәрестенің жай-күйін мониторингілеуді жүргізуге арналған көрсетілім болып табылады.

Фетальді мониторинг ұзақтығы кетопрофеннің қаннан жартылай шығарылу кезеңін ескеруі тиіс.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар емшек сүтіне енеді. Препаратты лактация кезеңінде қолдануға болмайды.

Кетопрофенді қолдану әйелдерде ұрпақ өрбіту функциясына теріс әсер етуі мүмкін және жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерде қолдану ұсынылмайды. Бала көтере алмай жүрген немесе бедеулікке қатысты тексеріліп жүрген әйелдерде, кетопрофенді қолдануды тоқтату керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бас айналуы, кеңістіктегі бағдарсыздық, ұйқышылдық туындаған жағдайда, көлік жүргізуге немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруға болмайды.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Бронх демікпесі және созылмалы ринит, созылмалы синусит және/немесе мұрын полипозы бар пациенттерде ацетилсалицил қышқылына және басқа да ҚҚСП-ға аллергиялардың туындау қаупі жоғары. Кетопрофен оларда, әсіресе, ацетилсалицил қышқылына және басқа ҚҚСП-ға сезімталдығы жоғары адамдарда демікпе ұстамасын, бронх түйілуін тудыруы мүмкін.

Артық дозалану

Кетопрофеннің 2,5 г дейінгі дозаларында артық дозалану жағдайлары анықталды.

Симптомдары: бас ауыруы, бас айналуы, енжарлық, ұйқышылдық, жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы, қан құсу, нәжістің қараюы, сананың бұзылуы, тыныстың тарылуы, құрысулар, бүйрек функциясының бұзылуы және бүйрек жеткіліксіздігі.

Емі: симптоматикалық, арнайы антидоты жоқ. Асқазанды шаю және белсендірілген көмірді қолдану көрсетілген. Бүйрек жеткіліксіздігі болған жағдайда айналымдағы кетопрофенді қаннан шығару үшін гемодиализ емшарасы ұсынылады.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажетті шаралар

Препараттың өткізіп алған дозасының орнын толтыру мақсатында екі есе дозасын қолданбау керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алу үшін жүгініңіз.

Жанама әсерлері

Жиі

жүрек айнуы, құсу, диспепсия, іш аумағының ауыруы

Жиі емес

бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық

ісінулер

іш қатуы, диарея, іштің кебуі, гастрит

тері бөртпесі, терінің қышынуы

қажу

Сирек

қан жоғалтумен байланысты анемия

парестезиялар

анық көрмеу

құлақтағы шуыл

демікпе ұстамалары

пептидтік ойық жара, стоматит, колит

гепатит, «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, гепатиттен туындаған бұзылулардың дамуы салдарынан билирубин концентрациясының жоғарылауы.

салмақ жоғарылауы

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

агранулоцитоз, тромбоцитопения, сүйек кемігінің жеткіліксіздігі, гемолиздік анемия, лейкопения

Квинке ісінуі, анафилаксиялық реакциялар (анафилаксиялық шокты қоса).

гиперкалиемия

бағдарсыздық, эмоционалдық орнықсыздық

асептикалық менингит, құрысулар, бас айналуы, дисгевзия

жүрек жеткіліксідігі

артериялық гипертензия, вазодилатация, васкулит (лейкоцитокластық васкулитті қоса)

бронх түйілуі (әсіресе, ҚҚСП-ға аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде), ринит

ойық жаралы колиттің немесе Крон ауруының өршуі, асқазан-ішектен қан кету, перфорация, панкреатит.

Тәулігіне 200 мг дозадағы пероральді кетопрофен нәжісте жасырын қанның пайда болуына түрткі болуы мүмкін, мұның ықтималдылығы дозасы мен емдеу ұзақтығы артқан сайын жоғарылай түседі

фотосенсибилизация, алопеция, есекжем, созылмалы есекжемнің өршуі, буллездік бөртпе, Стивенс-Джонсон синдромы мен Лайелл синдромын қоса.

организмде сұйықтық пен натрийдің іркілуі.

Шығарылу түрі

Ішінде препарат бар 10 капсула поливинилхлорид үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

Пішінді ұяшықты 2 қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге, картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Дәрілік препаратпен қорапшаларды картоннан жасалған қораптарға салады.

Пішінді ұяшықты қаптамаларды (қорапшаға салмай) медициналық қолдану жөніндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге, картоннан жасалған қораптарға салуға жол беріледі.

Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтар саны қаптамалардың санына қарай салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Алматы қаласындағы «феброфид капсулалары 50 мг №20» бағасының өзгеру диаграммасы

040080012001600200011-0216-0221-0226-0203-0308-0313-0318-0323-0328-032-047-0412-0417-0422-0427-042-057-0512-0517-0522-0527-051-066-0611-0616-0621-0626-061-076-07
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыфеброфид капсулалары 50 мг №20 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
1420

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 301

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Алматы:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

1721

1420

301

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашабойынша дәріханалардағы бағаларды салыстыруНұсқаулықСатып алу мәліметтеріАлматы қаласындағы «феброфид капсулалары 50 мг №20» бағасының өзгеру диаграммасы

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube