Қолдану көрсеткіштері
Физионил 40 глюкозамен перитонеальді диализ жүргізудің барлық жағдайларында қолдануға ұсынылады, соның ішінде:
- бүйректің жедел немесе созылмалы жеткіліксіздігі
- айқын гипергидратация
- электролиттік теңгерімнің айқын бұзылулары
- анағұрлым талапқа сай емдік әдісті қолдану мүмкін болмаған кезде диализге ұшырайтын дәрілік заттармен улану.
Физиологиялық рН деңгейі бар бикарбонат/лактатқа негізделген перитонеальді диализге арналған Физионил 40 глюкозамен ерітінділері іште ауырсынуды немесе жайсыздықты туындататын лактаттың тек буферлік ерітіндісіне негізделген, рН төмен пациенттерге тағайындалады.