Қолдану көрсеткіштері
ДП 18 жастан асқан ересектерде қолдануға арналған
фолий қышқылының тапшылығы
жүктіліктің I триместрінде шарананың жүйке түтігі ақаулары дамуының профилактикасы
ДП 18 жастан асқан ересектерде қолдануға арналған
фолий қышқылының тапшылығы
жүктіліктің I триместрінде шарананың жүйке түтігі ақаулары дамуының профилактикасы
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
пернициозды анемия
қатерлі жаңа түзілімдер
кобаламин тапшылығы
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Гиповитаминоз профилактикасы үшін теңестірілген тамақтану дұрыс болады. Фолий қышқылына бай өнімдер – жасыл көкөністер (салат, шпинат), қызанақ, сәбіз, жаңа алынған бауыр, бұршақ тұқымдастар, қызылша, жұмыртқа, ірімшік, жаңғақтар, дәнді дақылдар.
Фолий қышқылын В12 тапшылығын (пернициозды), нормоцитарлы және апластикалық анемияны емдеу үшін, сондай-ақ рефрактерлік анемиясын емдеуге қолданылмайды. Пернициозды (В12 тапшылығы) анемия кезінде фолий қышқылы гематологиялық көрсеткіштерді жақсарта отырып, неврологиялық асқынуларды бүркемелейді. Пернициозды анемия жоққа шығарылғанша, фолий қышқылын тәулігіне 0,1 мг асатын дозаларда тағайындау ұсынылмайды (мыналардан басқада – жүктілік және лактация кезеңі).
Гемодиализда жүрген пациенттер фолий қышқылының жоғары мөлшерін қажет ететінін ескеру керек.
Емдеу кезінде антацидтерді фолий қышқылын қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң, колестираминді - фолий қышқылын қабылдаудан 4-6 сағат бұрын немесе одан кейін 1 сағат өткен соң қабылған дұрыс.
Антибиотиктердің плазма және эритроциттердің фолий қышқылы концентрациясына микробиологиялық баға беру нәтижелерін бұрмалауы (жалғандығы белгілі төмендетілген көрсеткіштер беруі) мүмкін екендігін ескерген жөн. Фолий қышқылының жоғары дозаларын қолданғанда, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы емделгенде B12 дәрумені концентрациясы төмендеуі мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Фенитоиннің әсерін (оның дозасын арттыруды қажет етеді) төмендетеді.
Анальгетиктер (ұзақ емдеу), құрысуға қарсы препараттар (соның ішінде фенитоин мен карбамазепин), эстрогендер, пероральді контрацептивтер фолий қышқылына қажеттілікті ұлғайтады.
Антацидтер, колестирамин, сульфонамидтер (соның ішінде, сульфасалазин) фолий қышқылының сіңірілуін төмендетеді.
Метотрексат, пириметамин, триамтерен, триметоприм дигидрофолатредуктазаны тежейді және фолий қышқылының әсерін төмендетеді (бұл препараттарды қолданатын пациенттерге оның орнына кальций фолинатын тағайындау керек).
Хлорамфениколмен, неомицинмен, полимиксиндермен, тетрациклиндермен бір мезгілде қолданғанда фолий қышқылының сіңуі төмендейді.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолданылмайды
Жүктілік немесе лактация кезінде
Фолий қышқылы жүктілікке дайындық кезеңінде (жоспарланған жүктілік сәтіне дейін 1-3 ай бұрын) және жүкті болудан кейінгі алғашқы бірнеше аптада (I триместр) қажет.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат айырықша зейін қою мен жылдам реакцияны (автомобиль және басқа да көлік құралдарын басқару, қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу, диспетчер мен оператордың жұмысы және т.б.) талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін атқаруға әсер етпейді.

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
3, 9 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 221₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Алматы:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
1201₸
980₸
221₸