Құрамы
Бір құтының ішінде
белсенді зат – 1000.00 мг нистатин (100 000 ӘБ/мл белсенділігін ескере отырып есептелген),
қосымша заттар: Авицел CL 611, метилпарагидроксибензоат (Е 218), пропилпарагидроксибензоат (Е216), сусыз лимон қышқылы, натрий цитраты дигидраты, натрий бензоаты, микрокристалды целлюлоза РН 105, натрий кроскармеллозасы, натрий сахарині, сахароза, повидон (ПВП K30), аэросил 200, банан хош иістендіргіші, этил спирті 96 %.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Банан иісі бар сары түсті түйіршіктер.
Сумен сұйылтқаннан кейін банан иісі бар сары түсті суспензия түзіледі.
Шығарылу түрі және қаптамасы
түйіршіктен белгісі бар күңгірт шыныдан жасалған, алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы полипропилен қақпақпен тығындалған құтыларға салынады. Құтыға заттаңба жапсырылады.
1 құтыдан өлшеуіш пипеткамен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Дайындалған суспензияның сақтау мерзімі 10 күннен аспайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!