daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Фурадонин Таблеткалары 50 Мг №10 | Борисовский ЗМП

Алматы қаласындағы Фурадонин Таблеткалары 50 Мг №10 | Борисовский ЗМП
Сипаттама:

Жалпақ цилиндр пішінді сары немесе жасылдау-сарғыш түсті ойығы бар таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Нитрофурантоин

Өндіруші:

Борисовский ЗМП

Өндіруші ел:

Республика Беларусь

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, кальций стеараты, картоп крахмалы. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Жалпақ цилиндр пішінді сары немесе жасылдау-сарғыш түсті ойығы бар таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

50 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Несеп шығару жолдарының бактериялық инфекциялары: жедел асқынбаған инфекциялар, ауыр асқынбаған қайталанатын инфекциялар, несеп шығару жолдарының инфекцияларының профилактикасы, оның ішінде асқынбаған созылмалы аурулар кезінде және урологиялық операциялар немесе қарап-тексерулер кезінде (цистоскопия, несеп шығару жолдарының катетерлеуі және т.б.).

Қарсы көрсеткіштер

- нитрофурантоинге, нитрофуран туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- анурия

- олигурия

- бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 45 мл/мин аз)

- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

- порфирия

- неврит немесе полинейропатия

- өкпе фиброзы

- II-III сатыдағы жүректің созылмалы жеткіліксіздігі

- бауыр циррозы, созылмалы гепатит

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (қауіпсіздік және тиімділік бойынша деректердің болмауына байланысты)

Өзара әрекеттесуі

Антацидтер мен адсорбенттер нитрофурантоиннің сіңуін төмендетеді.

Подаграға қарсы дәрілер (пробенецид және сульфинпиразон) тиімділікті төмендетеді және нитрофурантоиннің уыттылық қаупін арттырады.

In vitro нитрофурантоин хинолон тобының (налидикс қышқылы, фторхинолондар) препараттарының бактерияға қарсы әсерін әлсіретеді. Бұл препараттарды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.

Нитрофурантоиннің бактерияға қарсы әсері сілтілі ортада азаяды, сондықтан нитрофурантоинді несептің рН жоғарылататын препараттармен (натрий гидрогенкарбонаты) біріктіру ұсынылмайды.

Емдеу кезінде алкогольдік ішімдіктерді ішуге болмайды, өйткені жағымсыз реакциялар күшеюі мүмкін.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Тамақтану кезінде көп мөлшерде сумен ішіп қабылдау керек.

Жедел асқынбаған инфекция: ересектер - 7 күн ішінде күніне 2 рет 100 мг.

Аурудың симптомдары инфекцияны емдеу басталғанға дейін жойылуы мүмкін және препаратты қолдануды тоқтатқан кезде ауру қайтадан өршуі мүмкін.

Ауыр созылмалы қайталанатын инфекция: ересектер үшін - 7 күн ішінде күніне 3-4 рет 100 мг. Егер жүрек айнуы пайда болса, дозаны азайту немесе қабылдауды тоқтату керек.

Несеп шығару жолдарының инфекцияларының профилактикасы, оның ішінде асқынбаған созылмалы аурулар кезінде және урологиялық операциялар немесе қарап-тексерулер кезінде (цистоскопия, несеп шығару жолдарының катетерлеуі және т.б.): ересектерге - түнде 100 мг.

12 жастан бастап балаларға несеп шығару жолдарының жедел асқынбаған инфекциясында ересектерге арналған дозаларды қолдануға болады.

Енгізу әдісі мен жолы

Тамақтану кезінде көп мөлшерде сумен ішіп қабылдау керек.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, бас ауыруы, бас айналуы. Жүйке жүйесі тарапынан қан плазмасындағы нитрофурантоин концентрациясының жоғарылағанын көрсетеді. Полиневриттің дамуы нитрофурантоин мен оның метаболиттерінің жинақталуының салдары болып табылады, сондықтан бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында полиневриттің даму қаупі артады.

Емі: несептегі нитрофурантоиннің бөлінуіне ықпал ету үшін сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдау қажет. Жедел артық дозаланғанда асқазанды шаюға болады. Нитрофурантоинді диализ арқылы жоюға болады. Спецификалық антидоты жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну ұсынылады

Шығарылу түрі

10 таблеткадан қағаз және картон негізінде біріктірілген материалдан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға салынады.

Медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тиісті санымен бірге пішінді ұяшықсыз қаптамалар (қорапшаға салмай) гофрленген картоннан жасалған қорапқа салынады.

Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтар саны қаптама санына сәйкес болуы тиіс.

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден немесе пластификацияланбаған ПВХ үлбірінен және алюминий фольга немесе біріктірілген материал негізінде алюминий фольгадан немесе икемді қаптамадан пішінді ұяшықты қаптамаға.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыФурадонин таблеткалары 50 мг №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube