Қолдану көрсеткіштері
Қантамырлардың аурулары:
- шеткері қантамырлардың аурулары: Рейно ауруы, акроцианозбен және тамыр түйілулерімен қатар жүретін басқа аурулар, сондай-ақ артериялар окклюзиясы тудырған жай-күйлерде
- ми қантамырларының аурулары: ми қан айналымы бұзылуында (кешенді ем құрамында)
Ішкі ағзалардың түйілуін жою:
- асқазан-ішек аурулары: түрлі этиологиядағы гастроэнтериттер, әсіресе инфекциялық; инфекциялық және қабынбалы колиттер, тоқ ішектің функционалдық аурулары, тенезмдер, операциядан кейінгі метеоризм, холецистит, өт-тас ауруы, холецистэктомиядан кейінгі жағдай, Одди сфинктерінің дискинезиясы кезіндегі моториканың бұзылуы, асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруларында (кешенді ем құрамында)
- урологиялық синдромдар: қуық тенезмдері, несеп-тас ауруының қосымша емі (бүйрек шаншуы кезінде анальгетиктермен біріктіре отырып), зерттеудің аспаптық тәсілдеріне дайындық
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың белсенді немесе басқа компонентіне жоғары сезімталдық
- тыныс алудың, бүйректің немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
-декомпенсациялайтын жүрек жеткіліксіздігі, жедел миокард инфарктісі, жүрекше-қарынша блокадасы
- эпилепсия, спазмофилияның әр алуан түрлері
- таяуда өткерген инсульт
- анамнезіндегі соңғы 12 айдағы бас сүйек-ми жарақаты
- жүктілікте және лактация кезеңінде (салыстырылмалы қарсы көрсетілім)
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Мынадай дәрілермен біріктірілгенде сақтық таныту керек:
анестетиктермен және тыныштандырғыштармен (олардың әсерлері күшеюі мүмкін)
симпатомиметиктермен (жүрекше мен қарынша тахиаритмияларының қаупіне байланысты)
қандағы калий деңгейін төмендететін дәрілермен, хинидинмен (проаритмогендік әсерлердің жинақталу мүмкіндігіне байланысты)
оймақгүл препараттарымен (оймақгүл артық дозаланғанда аритмия қаупі артады)
-адреноблокаторлармен (хронотроптық әсерлердің қарама-қайшылығына байланысты (бета-блокаторларда теріс және бенцикланда оң) β-блокаторлардың дозасын өзгерту қажеттігі туындауы мүмкін)
кальций өзекшелері блокаторларымен және басқа да антигипертензивтік препараттармен (осы әсерлердің жинақталу мүмкіндігіне байланысты)
спазмофилияны күшейтетін жағымсыз реакциялары бар препараттармен (осы әсерлердің жинақталу мүмкіндігіне байланысты) ацетилсалицил қышқылы (тромбоциттер агрегациясы тежелуінің күшеюіне байланысты).
Арнайы ескертулер
Ұзақ емдеу кезінде зертханалық зерттеулерді ұдайы жүргізу (екі айда 1 реттен сирек емес) ұсынылады.
Галидордың әрбір 100 мг таблеткасының құрамында натрий крахмал гликоляты (А типі) түрінде натрий бар. Әрбір таблеткадағы натрий мөлшері 1 ммольден (23 мг) аз. Осылайша, препарат құрамында іс жүзінде натрий жоқ.
Педиатрияда қолданылуы
Оның балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы сенімді деректер болмағандықтан, препаратты балаларда қолдануға болмайды.
Жүктілік және лактация кезінде
Препаратты кеңінен пайдаланғанда эмбриоуытты әсерінің болмауына қарамастан препаратты жүктіліктің I триместрінде енгізуге болмайды. Нақты деректер болмағанда, препаратты емшек емізу кезінде қолдану мұқият талдауды талап етеді.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдеу курсының басында көлік құралдарын басқару және жоғары зейін қою мен психомоторлық реакция жылдамдығын талап ететін әлеуетті қауіпті қызмет түрлерімен айналысу ерекше сақтықты талап етеді.