daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Галотан Аэрозоль 250 Мл | Piramal Enterprises Limited

Алматы қаласындағы Галотан Аэрозоль 250 Мл | Piramal Enterprises Limited
Сипаттама:

Өзіне тән иісі бар, мөлдір, түссіз, ауыр, қозғалғыш, жанбайтын сұйықтық.

Халықаралық атауы:

Галотан

Өндіруші:

Piramal Enterprises Limited

Өндіруші ел:

Республика Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша зат – тимол 0.01%

Дәрілік түрі:

Ингаляциялық наркозға арналған сұйықтық, 250 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ересектер мен балаларда жалпы наркозды енгізу және демеу

Педиатриялық стоматологиялық анестезияда галотан тек медициналық мекемелерде қолданылуы керек.

Қарсы көрсеткіштер

құрамында фтор бар алифатикалық қосылыстарға аса жоғары сезімталдық.

сары ауру, гепатит, бауыр функциясының айқын бұзылулары

анамнезінде галотанды енгізгеннен кейін қызба немесе қалтырау

порфирия

Гравис миастениясы

гиперкапния (өздігінен желдетудегі пациенттерде)

анамнезінде наркозға галотанды қолданудан кейін сары ауру немесе қатерлі гипертермия пайда болған жағдайлар

бассүйекішілік жоғары қысым

плазмадағы катехоламиндер деңгейінің жоғарылауы (феохромоцитома)

жүрек ырғағының бұзылуы

операциялық аймақта эпинефринді (аритмия даму қаупі) қолдану қажеттігі

гипертиреоз

артериялық гипотензия

босану, жүктілік кезеңі (I триместр), босанудан кейінгі ерте кезең

галотанмен жалпы анестезиядан кейінгі кезең (3 ай)

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде стоматологиялық манипуляцияларды жүргізу (стационардан тыс жағдайларда)

Жүрек гликозидтерін қабылдайтын пациенттерде сақтықпен қолданған жөн.

Препарат қатерлі гипертермияға белгілі немесе күдікті генетикалық бейімділігі бар пациенттерге қарсы көрсетілген.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Галотан гепатоуытты болып табылады, өйткені ол бауырда бос радикалдарға айналады - майлардың асқын тотығуының бастамашылары, сонымен қатар биомакромолекулалармен ковалентті байланысатын метаболиттер (фторэтанол) түзеді. Гепатиттің жиілігі ересек науқастарда 10 000 наркозға 1 жағдай. Балаларда бауырдың зақымдануы әлдеқайда сирек дамиды.

Бұл бұлшықет босаңсуын тудырады, сондықтан оны миастениямен ауыратын науқастарда және/немесе аминогликозидті антибиотиктермен бір мезгілде қолданғанда сақтықпен қолдану керек. Анестезия кезінде ми тамырларында қан ағымының жоғарылауы және/немесе бассүйекішілік қысымның жоғарылауы мүмкін. Бұл әсерлер, әдетте, бассүйекішілік жаңа түзілімдер болған кезде айқынырақ болады. Көрсетілген әсерлерге қарсы тұру үшін нейрохирургияда біркелкі гипержелдету қолданылады.

Балаларда жүйесіз тахикардия даму қаупі бар.

Оны жүрек гликозидтерін қабылдау кезінде сақтықпен қолдану керек.

МАО тежегіштерімен емдеуді операциядан 2 апта бұрын тоқтату керек.

Леводопаны жалпы анестезия басталғанға дейін 6-8 сағат бұрын тоқтату керек.

Гинекологиялық операциялар кезінде галотан миометрий тонусының төмендеуіне және соның салдарынан қан кету қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыз.

Галотан миометрияны босаңсытады, сондықтан акушерлік тәжірибеде оны жатырдың босаңсуы көрсетілген жағдайларда ғана қолданады.

Созылмалы алкоголизммен ауыратын науқастар анестезияға үлкен дозаларды қажет етеді.

Анестезия басталған кезде бұлшықеттің жеткіліксіз босаңсуы кезінде, сондай-ақ дитилинді (суксаметонийді) қабылдауға жауап ретінде фасцикуляцийдің пайда болуы кезінде қатерлі гипертермия даму мүмкіндігін ескеру керек.

Наркоздағы пациенттің жағдайын бақылау тамыр соғысының жиілігін бақылау, қан қысымын бақылау (қолмен немесе автоматты түрде өлшеу, тікелей және тікелей емес әдістер), ЭКГ-ны үздіксіз тіркеуді, қандағы оттегінің мөлшерін бақылау (импульс оксиметрін немесе қан талдауымен терінің және шырышты қабаттардың түсін байқау), «өзек» пен дене бетінің температурасын бақылау, көз қарашығының реакциясын бақылау, диурез жылдамдығын бақылау, газдарға, электролит құрамына және қышқыл-негіз күйіне қан талдауын бақылау арқылы жүзеге асырылады.

Буландырғыштарда сақтауға болмайды; қайтадан қолданар алдында буландырғышты галотан қалдықтарынан және оның ыдырау өнімдерінен тазарту қажет. Тимол (тұрақтандыру үшін қолданылады) буланбайды, ерітіндіні сарғыш түске бояп, буландырғышта қалады, ол жақсы ериді және эфирмен шығарылады.

Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулық

Қатерлі гипертермия - бұл өте ауыр, көбінесе өліммен аяқталатын, анестезияның асқынуы, әсіресе балалар мен жасөспірімдерде. Клиникалық түрде бұл асқыну ауыр тахикардиямен, қан қысымының төмендеуімен, газ алмасудың бұзылуымен және баланың дене қызуының 40-42°С дейін күрт жоғарылауымен көрінеді. Қатерлі гипертермия мидің ісінуіне және өлімге тез әкелуі мүмкін.

Қатерлі гипертермия синдромы, әдетте, қатерлі гипертермияға тұқым қуалайтын бейімділігі бар адамдарда байқалады. Дене температурасы тез 42°C-ге дейін (!) және одан жоғары көтеріледі, жайылған рабдомиолиз пайда болады, ауыр ацидоз дамиды.

Кейбір пациенттерде бұлшықеттің зақымдануының алғашқы белгісі - интубация кезінде дамитын тризм болып табылады. Дене температурасының жоғарылауы бұл процесс жиырылғыш бұлшықет қызметінің нәтижесі болғанына қарамастан өте тез жүруі мүмкін.

Қатерлі гипертермияны дамытуға антидот ретінде дантроленді вена ішіне енгізу ұсынылады.

Балаларда қолдану

Галотанмен анестезия жүргізілетін балаларда жиі аритмия дамиды, осыған байланысты ЭКГ мәліметтерін, қан қысымын бақылау қажет. Өте сирек жағдайларда ингаляциялық наркозға арналған дәрі-дәрмектерді қолдану қан сарысуындағы калийдің жоғарылауын тудырады, бұл операциядан кейінгі кезеңде аритмияға және баланың өліміне әкелуі мүмкін. Бұл жағдай жасырын, сондай-ақ айқын жүйке-бұлшықет ауруы бар пациенттерде байқалды (атап айтқанда, Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы). Мұндай паценттерде бұлшықет патологиясы қан сарысуындағы креатинкиназа және миоглобинурия концентрациясының жоғарылауымен қатар жүрген. Суксаметонийді қолдану мұндай жағдайлардың көпшілігімен байланысты болған, бірақ барлығымен емес. Бұл пациенттерде бұлшықет қаттылығы, дене температурасының тез көтерілуі немесе көмірқышқыл газын өндірумен оттегіні қабылдаудың жоғарылауы сияқты белгілері бар қатерлі гипертермияның классикалық ағымы байқалмады. Гипокалиемияны анықтаған жағдайда қандағы калий деңгейін тез және қарқынды түзету ұсынылады, әрі жасырын жүйке-бұлшықет ауруы болуына пациенттің жағдайын одан әрі бағалау көрсетілген.

Өзара әрекеттесуі

Симпатомиметика және теофиллин аритмия қаупін арттырады. Сонымен қатар аритмия қаупі допаминомиметиктерді (мысалы, леводопа) қабылдап жүрген пациенттерге галотан берілсе жоғарылайды.

Галотанды ганглиоблокаторлармен, альфа және бета тежегіштерімен, антипсихотиктермен немесе кальций өзекшелерінің тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда айқын гипотензиялық әсер байқалуы мүмкін. Галотан тубокурариннің және басқа деполяризацияланбайтын миорелаксанттардың бұлшықет босаңсыту әсерін күшейтеді, сондықтан олардың дозаларын азайту керек.

Фенитоинді бір мезгілде қолданған кезде гепатоуыттылық қаупі артады. Аминогликозидтер, линкомицин, полимиксиндер жүйке-бұлшықет блокадасын күшейтеді (апноэ тудыруы мүмкін). Морфин мен хлорпромазин галотанның тыныс алуға тежегіш әсерін күшейтеді. Галотан окситоцинмен бірге артериялық гипотензияның дамуына, синустық брадикардияға және босану кезінде анасында қалыптан тыс атриовентрикулярлық ритмге әкелуі мүмкін. Галотан жатырдың жиырылуын тудыратын дәрілерге сезімталдығын төмендетеді (қастауыш алкалоидтары, окситоцин). МАО тежегіштерімен бірге артериялық қысымның жоғарылауы және галотанның уытты әсерінің күшеюі қаупі артады. Галотанды наркоз кезінде операциядан бұрын тимололдың бета- адреноблокаторын көзге тамызатын дәрілер түрінде қолдану гипотензия мен брадикардияны тудыруы мүмкін. Суксаметоний қатерлі гипертермияның даму ықтималдығын арттырады.

Кетамин жартылай шығарылу кезеңін арттырады, метилдопа, азоттың шала тотығы, морфин, фенотиазиндер жалпы анестезияның әсерін арттырады.

Суксаметоний қатерлі гипертермияның даму ықтималдығын арттырады, ксантин аритмияның даму ықтималдығын арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Жүктіліктің алғашқы триместрінде, босану кезінде және босанудан кейінгі ерте кезеңде қолдануға болмайды. Жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде өмірлік көрсетілімдеріне қарай және қатаң бақылаумен ғана қолданылуы мүмкін. Галотан препаратымен ингаляциялық наркоз жүргізгеннен кейін емшекпен емізуді 24 сағатқа тоқтата тұрған жөн.

Препараттың көлік құралын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Пациентке Галотан препаратымен ингаляциялық наркоз жасалған күні пациенттерге көлікті басқаруға, машиналармен және механизмдермен қызмет көрсетуге, биік жерде жұмыс жасауға т.б. анастезиядан кейін 24 сағат бойы болмайды.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

Галотан ингаляциялық наркозға арналған. Тиісті дозалау режиміне калибрленген буландырғыш арқылы жетеді. Галотан азоттың шала тотығы мен оттегінің қоспасында, ауа және оттегі және/немесе таза оттегімен қоспасында қолданылуы мүмкін, ізбесттік адсорбермен үйлеседі.

Ересектер

Индукция

Наркозға енгізу үшін 8 л/мин ағыс жылдамдықпен галотанды 0,5 к %. (оттегімен) концентрациясында беруден бастайды, содан кейін галотан буының концентрациясын қоспада біртіндеп 0,5 – 3 к. %. дейін арттырады.

Ересектерге демеуші концентрация ретінде, әдеттегідей, 0,5 - 1,5 к. %. жеткілікті.

Балалар

Индукция кезінде, балаларға 0,5 - 2,0 к. % концентрация қажет болады.

Егде жастағылар

Егде жастағы пациенттерге галотанның аз дозасы қажет етіледі, бірақ актуальді дозасы пациенттің физикалық жай-күйіне негізделеді.

Наркоздың хирургиялық сатысына әдетте 4-6 минуттан соң жетеді.

Ересектерге арналған ең төменгі альвеолярлық концентрациясы (ЕАК) оттегімен қоспасында 0,77 к. %, құрайды, азоттың шала тотығымен қоспасында - 0,3 к. %. 6 айға дейінгі балаларға арналған галотанның ЕАК оттегімен қоспасында – 1,08 к. %; 10 жасқа дейін –0,92 к. %; 70 жастан асқандарға –0,64 к. %.

Премедикация үшін морфинді емес, кезбе жүйке орталығын (n.vagus) азырақ қоздыратын промедолды қолданған дұрыс.

Кезбе жүйкенің қозуымен байланысты жағымсыз әсерлерді болдырмау үшін (брадикардия, аритмия) пациентке анестезияға дейін атропин немесе метоциний йодиді енгізіледі. Премедикация үшін морфинді емес, кезбе жүйкенің орталығын азырақ қоздыратын тримеперидинді қолданған дұрыс.

Сақтау шарттары

Қараңғы жерде, 25оС-ден төмен температурада, қақпағы тығыз жабылған құтыда сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

250 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыГалотан аэрозоль 250 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube