Құрамы
Бір мл препараттың құрамында
белсенді зат - дорзоламид, 20.020 мг (дорзоламид гидрохлориді түрінде 22.269 мг),
қосымша заттар: бензалконий хлоридінің 50% ерітіндісі, маннитол, натрий цитраты, натрий гидроксидi, гидроксиэтилцеллюлоза, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Бөлшектерден бос дерлік, мөлдір, түссіз немесе түссіз дерлік ерітінді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 мл препараттан тамшылатқыш тығыны мен сақтандырғыш сақинамен жабдықталған бұрандалы қорғағыш қалпақшасы бар пластик құтыға салынады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.