daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Интазол Суспензиясы 200 Мг / 5 Мл 10 Мл | Линкольн Фармасьютикал Лтд

Алматы қаласындағы Интазол Суспензиясы 200 Мг / 5 Мл 10 Мл | Линкольн Фармасьютикал Лтд
Сипаттама:

Хош иісті және тәтті дәмі бар ақ түсті суспензия.

Халықаралық атауы:

Албендазол

Өндіруші:

Линкольн Фармасьютикал Лтд

Өндіруші ел:

Республика Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: ксантан шайыры, сахароза, 70% сорбитол ерітіндісі (кристалданбайтын), метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, сусыз лимон қышқылы, натрий бензоаты, натрий кроскармеллозасы (натрий карбоксиметилцеллюлоза), полисорбат-80 (твин-80), натрий цитраты, анис эссенциясы, тазартылған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Хош иісті және тәтті дәмі бар ақ түсті суспензия.

Белсенді заттың дозасы:

200мг/5мл

Қаптамадағы саны:

1 шт.

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ішек инфекциялары және Larva Migrans тері синдромы

- энтеробиоз

- анкилостомидоз және некатороз

- аскаридоз

- трихоцефалез

- стронгилоидоз

- трихинеллез

- тениоз

- балалардағы лямблиоз

Жүйелік гельминттік инфекциялар

- Echinococcusgranulosus туындататын кистоздық эхонококкоз (операция жасауға болмайтын патология жағдайында)

- операциялық араласуға дейін

- операциядан кейінгі кезеңде, операция алдында емдеу курсы өте қысқа болғанда немесе тіршілікке қабілетті кисталар табылғанда; немесе операция кезінде іргелес аймақтарға таралған жағдайда

- диагностикалық немесе емдік мақсатта тері арқылы жүргізілетін киста дренажынан кейін)

- Echinococcus multilocularis granulosus туындататын альвеолярлық эхинококкоз (операция жасауға болмайтын патология жағдайында, әсіресе жергілікті және таралған метастазалар; паллиативті хирургиялық араласудан кейін, радикалды хирургия немесе бауыр трансплантациясынан кейін)

- Taenia solium туындатқан нейроцистициркоз (жалғыз немесе көп цисталар бар болған жағдайда немесе мидың паренхиматоздық тінінің гранулематоздық зақымдануында)

- арахноидальді немесе қарыншаішілік цисталар

- шоқ тәріздес цисталар

- Capillaria philippinensis туындатқан ішектің нематодозы

- Trichinella spiralis және T. Pseudospiralis туындатқан трихинеллез

Қарсы көрсеткіштер

- альбендазолға және дәрілік заттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- көздің торлы қабығының патологиясы

- тиімді контрацептивтерді қолданбайтын репродуктивті жастағы әйелдер

- жүктілік және лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балалар

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Ерте жүктілік кезінде Интазолды қабылдауды болдырмау үшін бала тууға қабілетті жастағы әйелдер емді жүктілікке теріс тесттен кейін жүргізуі керек. Ем барысында және жүйелік гельминтоз кезінде препаратты қабылдау аяқталғаннан кейін бір ай бойы контрацепция шараларын қолдану керек.

Ем процессінде препаратты қабылдау аясында гепатиттің даму жағдайлары анықталған.

Интазолды қабылдауды тоқтатқан соң қалпына түсетін бауыр энзимдерінің деңгейі әлсіз немесе орташа жоғарылауы мүмкін. Бауыр функциясы көрсеткіштерін анықтау әр емдеу циклының алдында және емдеу барысында әр екі апта сайын жүргізілуі тиіс. Егер трансаминазалар көрсеткіштері екі есе және одан астам ұлғаятын болса, Интазолды тоқтату керек. Бауыр функциясының көрсеткіштері тұрақтанғанда емдеу қайталанады.

Интазол лейкоциттердің жалпы санының қайтымды қалыпты төмендеуін туындатуы мүмкін. Қан талдаулары әрбір 28 күндік цикл барысында әр емдеу циклының алдында және әр екі апта сайын жасалуы тиіс. Лейкопения дамыған кезде препаратты тоқтатқан жөн. Қысқа емдеу курсының барысында шеткері қанды (5-7 күнде бір рет) және аминотрансферазаларды осы мерзімде бақылау қажет.

Қажет болған жағдайда нейроцистициркозы бар пациенттер стероидтар мен антиконвульсанттар кіретін кешенді ем алуы қажет. Көз аурулары кезінде емдеудің алдында көз торқабығын зерттеу қажет. Көз цистицеркозында ауыр асқынулар (торқабығының қабаттануы) мен соқырлықтың даму мүмкіндігіне байланысты паразиттерге қарсы емді қолдануға болмайды.

Балаларда қолдану

Нейроцистицеркоз кезінде мидағы паразиттердің өлуінен туындаған қабыну реакциясы салдарынан неврологиялық симптомдар (құрысулар, интракраниальді қысымның жоғарылауы және фокальды симптомдар)

Контрацепция

Репродуктивті жастағы әйелдер ем кезінде және емді тоқтатқаннан кейін 6 ай ішінде тиімді контрацепцияны қолдануы керек. Индазолды жүктілік кезінде потенциалды пайда шарана үшін ықтимал қауіптен асқан жағдайда ғана және қолайлы балама терапия болмаған жағдайда ғана қолдану керек.

Лактация

Препарат емшек сүтімен шығарылады, сондықтан емізетін әйелдерге тағайындау кезінде абай болу керек.

Қосымша заттар

Бензой қышқылы терінің, көздің және шырышты қабықтардың тітіркенуін, альбуминнің ығысуына байланысты қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауын, жаңа туған нәрестелерде сарғаю қаупін арттырып, ядролық сарғаюды тудыруы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Суспензияны тамақтану кезінде немесе тамақтанудан кейін сумен ішіп, қабылдауға болады. Іш жүргізетін препараттарды және арнайы диетаны қолданудың қажеті жоқ. Емді отбасының барлық мүшелеріне бір мезгілде жүргізу ұсынылады. Дозаны гельминт түріне және науқастың дене салмағына қарай жеке белгілейді.

Ішек нематодозаларын емдеу

Аскаридоз, трихоцефалез (қылдырықбас)

Интазолды ересектерге және 12 жастан асқан балаларға 400 мг (10 мл суспензия) дозада тәулігіне бір рет тамақтанғаннан кейін, 6-12 жастағы балаларға – 200 мг (5 мл суспензия) дозада бір рет тағайындайды, қажет болса 3 аптадан кейін қайталайды. Арнайы дайындық пен диета қажет емес.

Энтеробиоз (үшкір құрт)

Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға препаратты 400 мг дозада (10 мл суспензия), 6 жастан асқан 12 жасқа дейінгі балаларға дене салмағының 1 кг/5 мг-ден бір рет тағайындаған жеткілікті. Диетаның қажеті жоқ. 14 күннен кейін емдеу курсын сол дозада сол режимде қайталау керек.

Стронгилоидоз (ішек угрицасы)

Препаратты ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 400 мг (10 мл суспензия), 6 жастан асқан 12 жасқа дейінгі балаларға дене салмағының 1 кг/ 10 мг дозада бір рет 3 күнге тағайындайды. 1 аптадан кейін сол дозада емдеу циклын қайталау ұсынылады.

Анкилостомидоз (домалақ құрттар)

Препарат дозасы стронгилоидозды емдеген кездегі дозамен бірдей. Бір күндік емдеу кезінде тиімділігі 85% құрайды, ал курс 2-3 күнге созылған кезде артады.

Тіндік нематодоздарды емдеу

Трихинеллез

Трихинеллезды стандартты емдеу сызбасы жоқ. Ем инвазия мерзімін, оның клиникалық белгілерін, сондай-ақ науқас жағдайының ауырлығын ескере отырып жеке жүргізіледі. Интазолды 6 жастан асқан 12 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне дене салмағының 1 кг/10 мг дозада, ересектер мен 12 жастан асқан балаларға (дене салмағы 60 кг астам болса) орташа доза 400 мг дозада 7-10 күн бойы тамақтанудан кейін тәулігіне 2 рет қабылдау (20 мл суспензия) тағайындалады. Ауыр инвазияда және ағзалық зақымдануда (миокардит, пневмонит, менингоэнцефалит) сондай-ақ глюкокортикостероидтар мен симптоматикалық дәрілер тағайындалады. Емдеу тиімділігі клиникалық, зертханалық және аспаптық көрсеткіштер бойынша (температураны тұрақтандыру, бұлшықет ауыруының тоқтауы, ісінудің жоғалуы, электрокардиограмманың тұрақтануы, өкпенің физикальді және рентгенологиялық белгілерінің жоғалуы, неврологиялық симптоматиканың регрессиясы, қан эозинофилиясының төмендеуі және т.б.) бағаланады.

Тіндік цестодоздарды емдеу

Кистоздық эхинококкоз

Эхинококкозды емдеу әдетте операциялық. Химиотерапия киста жарылған немесе организмге таралған кезде, операциядан кейінгі кезеңде операция жасалу кезінде кистаның тұтастығы бұзылып таралу қауіптілігі болғанда, сондай-ақ шағын көлемді (3-5 см көп емес) кисталардан көптеген зақымдану болған жағдайда жүргізіледі. Рецидивке қарсы емді операциядан кейін шағын көлемді паразиттердің орналасқан жерін басқаша орналасқан жерін жою мүмкін болмаған кезде жасау ұсынылады. Ірі кисталарды емдеу препараттың тиімсіз болуына және препарат әсерімен киста тұтастығының бұзылуы салдарынан болатын асқынуларға байланысты мақсатсыз.

Препаратты тағайындамас бұрын қанның клиникалық талдауы, қанның биохимиялық зерттеуі (бауыр-бүйрек кешені) қажет. Ем қалыпты зертханалық көрсеткіштер кезінде жүргізіледі.

Интазолды ересектер мен 12 жастан асқан балаларға (салмағы 60 кг астам болса) күніне 2 рет 400 мг дозада (10 мл суспензия), 6-12 жастағы балаларға тамақтанудан кейін, 10 мг/кг/тәу 2-3 қабылдауға тағайындайды. Емдеу курсының ұзақтығы - 4 апта.

Емдеу процессінде әр 5-7 күн сайын қан және аминотрансферазаларды зерттеу жүргізіледі. Лейкоциттер 3,0х109/л төмен болғанда және аминотрансферазалар деңгейі 5-6 есе артқанда көрсеткіштер қалпына келгенге немесе елеулі жақсарғанға дейін емді тоқтата тұру керек. Үдемелі лейкопения және гиперферментемия жағдайында препаратты тоқтату қажет. Ем барысында және уытты белгілер жағдайында гепатопротекторларды тағайындаудың тиімділігі төмен, препаратты қолдануды тоқтату керек. Эхинококкозды емдеу көп курстық. Интазолды 2 апта үзіліспен - 1 ай тағайындайды. Клиникалық айқын инвазия формаларын емдеу ұзақтығы (киста бар болса) – 12-18 ай.

Емдеу тиімділігі аспаптық бақылау және арнайы антиденелер титрінің динамикасын бақылау кезінде бағаланады. Препаратты тағайындауға дұрыс анықталған көрсеткіштер болған кезде және доза мен курстық емдеу режимін сақтау кезінде сауығу байқалады.

Альвеолярлық эхинококкоз

Альвеолярлық эхинококкозды операция жасап емдейді. Химиотерапия қосымша құрал болып табылады. Интразол дозасы мен оны тағайындау режимі кистоздық эхинококкозды емдегендегідей болады. Курстық емдеудің ұзақтығы науқастың жағдайымен және препаратты көтере алушылығымен анықталады. Толық айығу тек қана Интазолды қолданған кезде жүзеге аспайды.

Лямблиоз

Салмағы 60 кг асқан ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 400 мг (10 мл суспензия) 3 тәулік бойы тәулігіне 1 рет немесе салмағы 60 кг кем, 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға 5-7 күн тәулігіне 1 рет 10-15 мг/кг тағайындайды.

Ең жоғарғы тәуліктік доза – дене салмағы 60 кг және одан да жоғары науқасқа 400 мг (20 мл суспензия), 60 кг-нан төмен салмақтағы науқасқа –15 мг/кг.

Егде пациенттер

65 жастан асқан пациенттерде қолдану тәжірибесі шектеулі. Дозаны түзетудің қажеті жоқ, дегенмен бауыр функциясы бұзылған пациенттерге тағайындаған кезде сақ болған жөн.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Албендазолдың және оның бастапқы метаболиті - албендазол сульфоксидінің шығарылуы елеусіз болғандықтан, бүйрек патологиясының бүйрек клиренсіне әсер ету ықтималдығы екіталай. Дегенмен бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге Интазолды тағайындаған кезде бүйрек функциясына мониторинг жүргізу қажет.

Бауыр жеткіліксіздігі

Албендазол бастапқы метаболит - албендазол сульфоксидіне дейін бауыр метаболизмі арқылы жылдам метаболизденетін болғандықтан, бауыр функциясының бұзылуы албендазол сульфоксидінің фармакокинетикасына елеулі әсер етеді. Бауыр тесттері көрсеткіштері (трансаминазалар) бұзылған пациенттер Интазол препараты тағайындалғанға дейін мұқият тексерілуі тиіс, бауыр белсенділігінің көрсеткіштері елеулі артқан немесе қанның формалық элементтері айқын төмендеген жағдайда Интазолды қолдануға болмайды.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі

Препаратты төсемі бар бұрандалы металл қақпақшамен тығындалған және алғашқы ашылуы бақыланатын сыйымдылығы 20 мл пластик янтарь түстес құтыға салады. Құтыға өздігінен жабысатын қағаз заттаңбаны жабыстырады.

1 құтыдан дозалауға арналған және 2.5 мл, 5 мл және 10 мл-ден бөліктерге бөлінген өлшеуіш пластмасса стақанмен және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Сақтау шарттары

Түпнұсқа қаптамада температурасы 30 °С аспайтын жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

Түпнұсқа қаптамада температурасы 30 °С аспайтын жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Сақтау шарттары

Түпнұсқа қаптамада температурасы 30 °С аспайтын жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

10 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыИнтазол суспензиясы 200 мг / 5 мл 10 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
1560

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 449

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Алматы:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

2009

1560

449

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтері

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube