Показания к применению
Ирбедрин:
ересектердегі эссенциальді артериялық гипертензияны емдеуде
гипертензияға қарсы дәрілік ем құрамында, артериялық гипертензия кезіндегі бүйрек зақымдануларын және 2 типті қант диабетін емдеуде қолданылады

Ирбедрин:
ересектердегі эссенциальді артериялық гипертензияны емдеуде
гипертензияға қарсы дәрілік ем құрамында, артериялық гипертензия кезіндегі бүйрек зақымдануларын және 2 типті қант диабетін емдеуде қолданылады
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктіліктің екінші және үшінші триместрлері
- Ирбедрин препаратын және құрамында алискирен бар дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды (ШСЖ <60 мл / мин / 1,73 м2)
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
Диуретиктер және басқа да гипотензиялық дәрілік заттар
Ирбесартанды басқа гипотензиялық дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда гипотензиялық әсері күшеюі мүмкін. Ирбесартанның β-блокаторлармен, әсері ұзаққа созылатын кальций өзектерінің блокаторларымен және тиазидтік диуретиктермен біріктірілген емі қауіпсіз болып табылады. Мұның алдында жоғары дозадағы диуретиктермен емдеу аясында Ирбедрин препаратымен емдеуді бастағанда айналымдағы қан көлемі төмендеуі мүмкін, сондай-ақ артериялық гипотензияның даму қаупі бар.
Калий қоспалары және калий жинақтайтын диуретиктер
РААЖ-ға ықпал ететін препараттарды қолданудың клиникалық тәжірибесі Ирбедрин препаратын калий жинақтайтын диуретиктермен, құрамында калий бар препараттармен және электролиттік ерітінділермен, немесе қан сарысуында калий деңгейін арттыруға қабілетті басқа дәрілік заттармен (мысалы, гепарин) бір мезгілде пайдаланғанда қан сарысуындағы калий концентрациясы артуы мүмкін екендігін айғақтайды. Осындай біріктірілімді қолдану ұсынылмайды.
Литий препараттары
АӨФ тежегіштерін литий препараттарымен бір мезгілде қолданғанда қан плазмасында литий концентрациясының қайтымды жоғарылағаны және оның уытты әсері туралы мәлімделді. Осындай әсерлер литий препараттарын ирбесартанмен біріктіріп қолданғанда өте сирек білінді. Ирбедрин препаратын литий препараттарымен бірге пайдалану ұсынылмайды. Осындай біріктірілімді пайдалану қажет болғанда қан плазмасындағы литий деңгейін мұқият бақылау керек.
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД)
ҚҚСД-мен (мысалы, 2 типті циклооксигеназаның селективті тежегіштері, ацетилсалицил қышқылы (тәулігіне 3 г-ден көбірек) және селективті емес ҚҚСД) бір мезгілде пайдаланғанда АРБ-ның гипотензиялық әсері төмендеуі мүмкін.
АӨФ тежегіштері жағдайындағы сияқты, АРБ және ҚҚСД біріктіріп қолданғанда бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігінің ықтимал дамуын қоса, бүйрек функциясы бұзылуларының туындау қаупі жоғарылауы мүмкін, әсіресе бүйрек функциясының бұзылулары бұрыннан бар пациенттерде сонымен қатар қан сарысуындағы калий концентрациясы артуы мүмкін. Осындай біріктірілімдерді әсіресе егде жастағы пациенттерде абайлап пайдалану керек. Осындай біріктірілген ем қабылдап жүрген пациенттерде емдеудің бастапқы кезеңінде және кейіннен емдеу үдерісінде бүйрек функциясын бақылау керек, сондай-ақ пациенттер сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін қолдануы тиіс.
Ирбесартанның өзара әрекеттесулері туралы қосымша ақпарат
Клиникалық зерттеулерде гидрохлоротиазид ирбесартанның фармакокинетикасына әсер еткен жоқ. Ирбесартан көбінесе CYP2C9 арқылы метаболизденеді және аз дәрежеде глюкуронизацияға ұшырайды. Ирбесартанды және варфаринді (CYP2C9 арқылы метаболизденетін дәрілік зат) бір мезгілде қолданғанда елеулі фармакокинетикалық немесе фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ. Ирбесартанның фармакокинетикасына рифампицин сияқты CYP2C9 индукторларының ықпалы зерттелген жоқ. Дигоксиннің фармакокинетикасы оны ирбесартанмен бір мезгілде қолданғанда өзгерген жоқ.
10 таблеткадан поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
1 және 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе самовывоза, доступна оплата заказа: • На сайте или в приложении Daribar с помощью карты, Apple Pay, Google Pay, • На кассе в аптеке с помощью Kaspi QR, карты или наличными — при оплате рецептурных товаров. При выборе доставки, доступна оплата заказа: • На сайте или в приложении Daribar с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астана, Актау, Актобе, Атырау, Караганда, Кокшетау, Костанай, Кызылорда, Павлодар, Петропавловск, Рудный, Семей, Талдыкорган, Тараз, Туркестан, Уральск, Усть-Каменогорск, Шымкент, Экибастуз по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Условия доставки Choco уточняйте у поддержки.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.