daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Etoriax Таблеткалары 90 Мг №14 | КРКА, д.д., Ново место, АО

Алматы қаласындағы Etoriax Таблеткалары 90 Мг №14 | КРКА, д.д., Ново место, АО
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі беті сәл дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған және ойығы бар таблеткалар (30 мг дозасы үшін). Дөңгелек, сәл қоңырлау-сарғыш түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында ойығы және «60» өрнегі бар таблеткалар (60 мг дозасы үшін). Дөңгелек, екі беті дөңес, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында ойығы және «90» өрнегі бар таблеткалар (90 мг дозасы үшін). Дөңгелек пішінді, екі беті сәл дөңес, қоңырлау-қызыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында ойығы және сызығы бар таблеткалар (120 мг дозасы үшін).

Халықаралық атауы:

Эторикоксиб

Өндіруші:

КРКА, д.д., Ново место, АО

Өндіруші ел:

Словения

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: таблетканың ядросы: микрокристалды целлюлоза, кальций гидрофосфаты, натрий кроскармеллозасы, натрий стеарил фумараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы үлбірлі қабығы: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), макрогол 3000, тальк, темірдің сары тотығы (Е 172) (60 мг дозасы үшін), темірдің қызыл тотығы (Е 172) (90 мг және 120 мг дозасы үшін) Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы   Дөңгелек пішінді, екі беті сәл дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған және ойығы бар таблеткалар (30 мг дозасы үшін). Дөңгелек, сәл қоңырлау-сарғыш түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында ойығы және «60» өрнегі бар таблеткалар (60 мг дозасы үшін). Дөңгелек, екі беті дөңес, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында ойығы және «90» өрнегі бар таблеткалар (90 мг дозасы үшін). Дөңгелек пішінді, екі беті сәл дөңес, қоңырлау-қызыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында ойығы және сызығы бар таблеткалар (120 мг дозасы үшін).

Белсенді заттың дозасы:

90 мг

Қаптамадағы саны:

14 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Эториакс® ересектер мен 16 жастан асқан жасөспірімдерде остеоартриттің (ОА), ревматоидтық артриттің (РА), шорбуынданған спондилиттің, жедел подагралық артритпен байланысты ауыру мен қабынудың симптоматикалық емі үшін қолдануға арналған.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

өршу сатысындағы пептидтік ойық жара немесе асқазан-ішектен белсенді қан кету

ацетилсалицил қышқылын немесе циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) тежегіштерін қоса, ҚҚСП қолданғаннан кейін анамнезінде бронх түйілуі, жедел ринит, мұрын полиптері, ангионевроздық ісіну, есекжем немесе басқа да аллергиялық реакциялар дамыған пациенттер

жүктілік және лактация

бауыр функциясының ауыр бұзылулары (сарысуы альбумині <25 г/л немесе Чайлд–Пью шкаласы бойынша бағасы ≥10)

анықталған бүйректік креатинин клиренсі <30 мл/мин

балалар мен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

ішектің қабыну аурулары

жүректің іркілісті жеткіліксіздігі (NYHA II-IV)

бақыланбайтын тұрақты артериялық гипертензия 140/90 мм.сын.б. жоғары

жүректің анықталған ишемиялық ауруы, шеткері артериялардың аурулары және/немесе цереброваскулярлық ауру

Өзара әрекеттесуі

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулері

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Эторикоксибтің дозасы мен қолданылу ұзақтығын арттырған кезде жүрек-қантамыр асқынуларының қаупі жоғарылауы мүмкін болғандықтан, препаратты барынша қысқа уақыт мерзімінде ең төмен тиімді дозаларында қолдану керек. Әсіресе, остеоартриті бар пациенттерде ауырудың симптоматикалық емінің қажеттілігі мен жүргізілген емге жауапты мезгіл-мезгіл қайта қарастырып отыру керек.

Остеоартрит

Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 30 мг құрайды. Кейбір пациенттерде әсері жеткілікті болмағанда дозаны күніне бір рет 60 мг-ге дейін арттыру мәселесі қарастырылуы мүмкін. Әсері болмаған жағдайда, емдеудің басқа ықтимал әдістері жөніндегі мәселені қарастыру керек.

Ревматоидтық артрит

Ұсынылатын доза – тәулігіне бір рет 60 мг. Кейбір пациенттерде тәулігіне бір рет 90 мг дозаны қабылдау емдік әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Пациент клиникалық тұрақтанғаннан кейін дозаны тәулігіне бір рет 60 мг дейін төмендету қажет болуы мүмкін Әсері болмаған жағдайда, емдеудің басқа ықтимал әдістері жөніндегі мәселені қарастыру керек.

Шорбуынданатын спондилит

Ұсынылатын доза – тәулігіне бір рет 60 мг. Кейбір пациенттерде тәулігіне бір рет 90 мг дозаны қабылдау емдік әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Пациент клиникалық тұрақтанғаннан кейін дозаны тәулігіне бір рет 60 мг дейін төмендету қажет болуы мүмкін Әсері болмаған жағдайда, емдеудің басқа ықтимал әдістері жөніндегі мәселені қарастыру керек.

Жедел ауыру синдромын емдеу

Эторикоксибті тек қатты ауыру синдромы кезеңінде қолдану керек.

Жедел подагралық артрит

Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 120 мг құрайды. Жедел подагралық артрит үшін жүргізілген клиникалық сынақтарда эторикоксиб 8 күн бойы тағайындалды.

Хирургиялық стоматологиядағы операциядан кейінгі ауырсыну

Ұсынылатын дозасы ең көп дегенде 3 күн бойы тәулігіне бір рет 90 мг құрайды. Қажет болған жағдайда, кейбір пациенттер үшін Эториакс® препаратына қосымша операциядан кейінгі ауыруды басудың басқа әдістері қарастырылуы мүмкін.

Әрбір көрсетілім үшін ұсынылған дозасынан асатын дозаларының не қосымша тиімділігі жоқ, немесе зерттелмеген. Сәйкесінше:

- ОА кезіндегі дозасы тәулігіне 60 мг-дан аспауы тиіс

- РА және шорбуындаған спондилит кезіндегі дозасы тәулігіне 90 мг-ден аспауы тиіс

- жедел подагра кезіндегі дозасы тәулігіне 120 мг-ден аспауы тиіс, ал емдеу ең көп дегенде 8 күн бойы жүргізіледі;

- стоматологиялық операциядан кейін жедел ауыру кезіндегі доза тәулігіне 90 мг-ден аспауы тиіс, ал емдеу ең көп дегенде 3 күн бойы жүргізіледі.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Эторикоксибті балалар мен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде дозасын түзету қажет емес.

Басқа препараттар жағдайындағыдай, егде жастағы пациенттерде сақтық таныту керек.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Көрсетілімдеріне қарамастан, жеңіл бауыр дисфункциясы бар пациенттерде (Чайлд-Пью бойынша 5-6 балл) тәулігіне бір рет 60 мг дозадан аспауы керек. Орташа бауыр дисфункциясы бар пациенттерде (Чайлд-Пью бойынша 7-9 балл), көрсетілімдеріне қарамастан, тәулігіне бір рет 30 мг дозадан аспауы тиіс.

Клиникалық қолдану тәжірибесі, атап айтқанда, ауырлығы орташа бауыр функциясы бұзылған пациенттерде шектеулі, сондықтан сақтық таныту ұсынылады. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде клиникалық қолдану тәжірибесі жоқ (Чайлд-Пью бойынша ≥ 10 балл), сондықтан эторикоксиб мұндай пациенттерде қолдануға болмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Креатинин клиренсі ≥30 мл/мин пациенттер үшін препараттың дозасын түзету қажет емес. Креатинин клиренсі <30 мл/мин пациенттерде эторикоксибті қолдануға болмайды.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдауға арналған

Эториакс® препаратын ас ішуге байланыссыз ішке қабылдайды. Егер Эториакс® препаратын ас ішер алдында қабылдаса, әсер етуі тезірек басталады. Симптомдарды тез азайту қажет болған жағдайда ескерген жөн.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар  

Симптомдары

Клиникалық зерттеулерде эторикоксибті 500 мг дейінгі бір реттік дозасында қабылдау немесе 21 күн бойы тәулігіне 150 мг дейін бірнеше рет қабылдау елеулі уытты әсерлерді тудырмады. Эторикоксибпен жедел артық дозалану туралы хабарламалар алынды, алайда, көпшілік жағдайларда жағымсыз реакциялар туралы хабарланбаған. Жиі байқалатын жағымсыз әсерлер эторикоксиб қауіпсіздік бейінімен үйлесімді болды (мысалы, АІЖ тарапынан жағымсыз әсерлер, реноваскулярлы реакциялар).

Емі

Артық дозаланған жағдайда, стандартты демеуші емді жүргізген дұрыс, мысалы, сіңірілмеген препаратты асқазан-ішек жолынан шығаруға бағытталған шараларды қолдану, клиникалық жағдайды бақылауды жүзеге асыру, және қажет болған жағдайда, демеуші ем жүргізу керек.

Эторикоксиб гемодиализ кезінде шығарылмайды; перитонеальді диализде эторикоксибтің шығарылуы белгісіз.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар 

Эториакс® препаратын емдеуші дәрігердің ұсынымдарына сәйкес қабылдау маңызды. Егер сіз препаратты қабылдауды өткізіп алсаңыз, келесі таблеткасын әдеттегі уақытында қабылдаңыз. Өткізіп алған дозасының орнын толтыру мақсатында препараттың екі есе дозасын қабылдамаңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Бұл дәрілік препаратты қолдану жөнінде қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгіну керек.

Шығарылу түрі

7 таблеткадан бағдарлы полиамид/алюминий/поливинилхлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

Пішінді ұяшықты 2 немесе 4 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!    

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыEtoriax таблеткалары 90 мг №14 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube