Состав
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - 40.0 мг калий хлориді (100 % затқа шаққанда),
қосымша заттар - 0.1 М хлорсутек қышқылы немесе 0.1М натрий гидроксидінің ерітіндісі, инъекцияға арналған су

қант диабеті, ұзақ диарея, құсу аясында, кейбір диуретиктерді (тиазидтік, тиазид тәрізді, ілмектік) қолданғанда, глюкокортикостероидтармен, жүрек гликозидтерімен, гипотензиялық препараттармен емдегенде пайда болған гипокалиемияны емдеуде және профилактикасында
дигиталистік уыттануды емдеуде және профилактикасында
шығу тегі әртүрлі аритмияларда (электролиттік бұзылулармен және абсолютті немесе салыстырмалы гипокалиемиямен байланысты)
миокард инфарктісі бар пациенттерде аритмияның профилактикасында (жедел кезеңінде).
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
бүйректің жедел және созылмалы жеткіліксіздігі (олигурия, анурия, азотемия)
І-ІІ дәрежелі атриовентрикулярлы блокада кезінде сақтықпен қолдану керек.
Емделу кезеңінде қан сарысуындағы калий иондарының мөлшерін, электрокардиограмманы бақылау қажет, гипокалиемияны емдеген кезде қышқыл-негізді жағдайды бақылау керек.
Гипокалиемияның өліммен аяқталуға әкеп соғатынын ескерген жөн, ол тез пайда болуы және симптомсыз өтуі мүмкін.
Орын басушы емнің бастапқы сатысында глюкоза инфузиясы плазмадағы калий концентрациясының одан әрі төмендеуін туындатуы мүмкін.
Қант диабеті бар пациенттерге сақтықпен тағайындаған жөн.
Жүктілік кезінде қолдану қажет болса, ана үшін күтілетін пайдасы мен шаранаға потенциалды қаупін салыстыру керек.
Лактация кезеңінде емшек емізуді тоқтату туралы мәселені шешу керек.
Калий хлоридін балаларға қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Жүрек гликозидтері ерітінділерімен фармацевтикалық тұрғыдан үйлеседі (олардың жағымдылығын жақсартады). Аритмияға қарсы дәрілік заттардың теріс дромо- және батмотроптық әсерін күшейтеді.
Поляризациялаушы қоспалар құрамында (декстрозамен және инсулинмен біріктіріп) жүрек ырғағының миокард инфарктісінде, эктопиялық аритмияларда және жүрек гликозидтерімен артық дозаланғанда қалыпты болуына мүмкіндік береді.
Бета-адреноблокаторлар, циклоспорин, гепарин, калий жинақтаушы диуретиктер, калий препараттары, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері, қабынуға қарсы стероиды емес дәрілер гиперкалиемияның пайда болу қаупін арттырады. Хинидиннің әсерін, дизопирамидтің жағымсыз реакцияларын күшейтеді.
Арнайы сақтандырулар
Жүктілік немесе лактация кезінде
Қолдану тәжірибесінің жеткіліксіз болуына байланысты, жүкті әйелдерге тағайындалмайды. Лактация кезеңінде қолдану қажет болғанда емшек емізуді тоқтату жөніндегі мәселені шешкен жөн.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Болуы мүмкін жағымсыз реакцияларды ескеріп, көлік құралдарын басқарғанда және қимыл-қозғалыстың дәл үйлесімін қажет ететін жұмыстарды жасағанда сақ болу қажет.

Дозалау режимі
1 ампула (10 мл) 40 мг/мл калий хлориді ерітіндісінде 0,4 г калий хлориді бар. Изотониялық ерітінді алу үшін (алынған ерітіндінің концентрациясы 4 мг/мл), 50 мл 40 мг/мл калий хлориді ерітіндісін (2,0 г калий хлориді) инъекцияға арналған суда 10 есе (500 мл-ге дейін) сұйылтады және вена ішіне тамшылатып (минутына 20-30 тамшы) енгізеді.
Вена ішіне тамшылатып енгізу үшін ерітіндіні 500 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісіндегі немесе 5% декстроза ерітіндісіндегі (алынған калий хлориді ерітіндісінің концентрациясы 5 мг/мл) калий хлоридіне дейінгі (40 мг/мл калий хлориді 62,5 мл ерітіндісіне дейін) есеппен дайындауға болады.
Енгізу әдісі және жолы
Препарат тек стационар жағдайында ғана қолданылады. Вена ішіне тамшылатып енгізеді.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Симптомдары: гиперкалиемия (қан сарысуында калий иондары концентрацияларының 5,5 мэкв/л-ден астам жоғарылауы), білінуі мыналар болып табылады: бұлшықеттік гипотонус, аяқ-қолдардың парестезиялары, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің баяулауы, аритмиялар, жүректің тоқтап қалуы. Электрокардиограмманың ерте өзгерулері – V2-V4 кеуде бөліктерінде айқынырақ, төбесі үшкірленген және негізі тар биік Т тісшесі болады. Қан сарысуындағы калий иондарының концентрациясының 5,5-6,5 мэкв/л жоғарылауында білінеді.
Орташа гиперкалиемияда (қан сарысуындағы калий иондарының концентрациясы 6,5-8,0 мэкв/л) электрокардиографиялық белгілері мыналар болып табылады: Р тісшесі амплитудасының азаюы, РQ аралығының ұзаруы, QRS кешенінің кеңеюі, R тісшесі амплитудасының төмендеуі, қарыншалық экстрасистолия.
Гиперкалиемияның өте ауыр симптомдары – бұлшықеттің салдануы және жүректің тоқтап қалуы (электрокардиограммада өзгерулер – баяу немесе жылдамдатылған идиовентрикулярлы ырғақ, қарыншалар фибрилляциясы,
асистолия) қан сарысуындағы калий иондарының 9-14 мэкв/л концентрацияларында пайда болады.
Емі: ішке немесе вена ішіне – натрий хлоридінің ерітіндісі; вена ішіне - 300–500 мл декстроза ерітіндісі 1000 мл-дегі 10–20 ӘБ инсулинмен бірге; қажет болғанда - гемодиализ және перитонеальді диализ.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Өткізіп алғанның орнын толтыру үшін препараттың қосарлы дозасын қабылдамаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.

10 мл препараттан сындыру нүктесі немесе сындыру сақинасы бар, шприцпен толтырылатын бейтарап шыныдан жасалған ампулаларға құяды.
Әрбір ампулаға заттаңба жапсырылады.
5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға қаптайды.
1 немесе 2 пішінді қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Пішінді ұяшықты қаптамаларды (картон қорапшаға салынбаған) қораптық немесе гофрланған картон қорапқа салуға рұқсат етіледі. Қаптамалар саны бойынша әрбір қорапқа медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдерінде бекітілген нұсқаулықтар салынады.
25 оС -ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 оС -ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.